«Marco Polo» қонақ үй қызметінің ерекшеліктері

«Marco Polo» қонақ үй қызметінің ерекшеліктері туралы қазақша реферат

 «Marco Polo» — дәл Жерорта теңізінің бойында, 300 метр қашықтықта созылып жатқан бес жұлдызды қонақ үй. Отельде 534 номер, 1223 жатын орын, барлығы 7 мейрамхана, оның ішінде 6 А-ля карт мейрамханалары, түрлі барлар, 8 теннис корттары, 2 салон, 1900 шаршы метрді қамтып жатқан бессейн кешені бар. Өзімнің осы қонақ үйде тәжірибеден өту барысында қонақ үйде қызмет көрсету деңгейі өте жоғары екендігін байқадым. Туристерді, алдымен, арнайы гид және транспорт Анталия әуежайынан қарсы алады. Әуежайдан қонақ үйге дейінгі екі сағат уақытта гид ауа-райы, валюта курсы, жергілікті байланыс операторы, алдағы маршрут, сондай-ақ қала туралы біршама мәліметтер беріп өтеді. Туриттер қонақ үйге жеткізілген соң оларды «Guest Relations» бөлімінің қызметкерлері қарсы алады. Сол мезетте қонақтарға номер кілті беріліп, bell boy-дың көмегімен бөлмеге орналастырады. Енді туристтерді қызыққа толы екі апталық рахат күтіп тұр. Бұл уақыт ішінде аниматорлардың көмегімен қойылған түрлі ойындар-сауық кештері, қызықты концерттік қойылымдар, «Түрік түні», би кештері, таңғажайып экскурсиялар, су спорты, гала кеш кез келген туристте естен кетпес әсер қалдырады.

Қонақ үй туристерге тамақтандырудың кең спекторын паш етеді. Мұнда ең шебер деген аспазшылардың әзірлеген түрік, қытай, итальян, мексикан ұлттарының тағамдарынан дәм тата аласыз. Қосымшада берілген  кестелерде қонақ үй бөлмелері, мейрамхана және бар жайлы мағлұматтар көрсетілген.

Бар және дәмханалар тізімі:

  • · Blue Bar (Pool Bar)
  • · Snack Bar
  • · Moonlight Beach Bar & Disco
  • · Cafe El Turco
  • · Olympos Bistro
  • · Irish Pub
  • · Subway Disco
  • · Lobi Bar
  • · Sport Bar

«Marco Polo» клубы басқармасы бірнеше бөлімшелерге жіктелген. Мысалы, Guest Relations, Reception, мейрамхана, анимация, Water Sport, Housekeeping, техника, кадр бөлімі және т.б. Әр бөлімшеде жауапты тұлға болады. Оның қол астында бірнеше менджерлер жұмыс атқарады.

Клубтың басты мақсаты – қонақтарға ұмытылмас демалыс тарту ету. Бұл жоғарыда аталған бөлімшелердің қарқынды жұмыс атқаруының нәтижесінде ғана қолжетімді болып табылады.