Мазмұны
Кіріспе ………..1 – 3
I тарау
Мағжанның лирикасы ………..4 –9
II тарау
Мағжанның әдеби-танымдық эстетикасы…….
2.1. «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ» ……. 10 – 14
2.2. «Күңіреніп ойлағанда алаш жайын» …. 15 – 20
2.3. Мағжантану жүріп өткен жол ……… 21 – 27
2.4 Мағжан Жұмабаев туралы ……… 28 – 31
Қорытынды …………. 32 – 33
Пайдаланған әдебиет тертізімі…………. 34
Кіріспе
Әдетте Абайды философ ақын,
Мағжанды лирик ақын дейміз.
Абай ақылдың ақыны да,
Мағжан сезімнің ақыны
(С.Мұқанов).
Ұлылар ешкімге ұқсамайды, олардың әрқайсысы өзінше өзгеше. Қахақтың екі ұлы ақынының өзгешеліктері де осы жақтарында жатыр. Абайда ой басым болса, Мағжанда сезім басым. Абай әлеуметтік лириканы шыңға шығарса, Мағжан адам жанының сиқырлы сезімдерін жырлауда алдына жан салмады.
Махаббат — әлем поэзиясында мәңгілік тақырыптардың бірі болса, қазақ поэзиясында Абай арқылы жаңаша жаңғырды. Ол жырлаған «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты қлеңдері мазаббат сезімдерін асқақ гимнге айналдырып жіберді. Ал табиғатынан лирик М.Жұмабаевтың шығармашылығында да махаббат тақырыбы айрықша орынға ие. Мағжанды өз кезінде ақын ретінде танытқан да осы махаббат жайлы өлеңдері болатын. Бұл турасында кезінде Ж.Аймауытов «Ақын махаббатқа сенеді: жүрегі сезеді, махаббатсыз өмірде мағына бар деп білмейді. «Көңілді ашатын, жалынды басатын, жалғыздыққа, зарыққанда, талыққанда жүрекке ем болатын жалғыз ғана махаббат, адам шын сүйсе, махаббат – жүректі жаралайтын тікенек! Жар сүйсу жүрек жазылады, сүймесе өледі, махаббат – бір тәтті у, дүниенің у-шуы жүрекке махаббаттай күшті әсер бере алмайды», міне ақынның махаббатына көзқарасы. Бірақ махаббатты мәңгі деп ұқпайды. Кейде махаббат тез сөніп қалуға мүмкін деп қарайды» (Мағжан Жұмабаев Шығармалары. А., 1989, 421-бет) – деп жазған болатын. Бұл жолдарды Жүсіппек Мағжанның
«Махаббат – ьір тікенек,
Жүрекке барып қадалар.
Бақытсыз ғой бұл жүрек,
Тамшылап одан қан ағар.
Тез жазылмақ бүл жара,
Бал тілімен сүйсы жар.
Сүймесе жүрек, дариға,
Өлер жүрек, қансырар.
Махаббат – бір тәтті у,
Ішер жүрек, болар мас.
Дүниедегі у мен шу,
Мас жүректі оятпас» (сонда, 144-бет)
Деген шумақтарын оқып отырып жазған сияқты. Содан соң «Суйген анық» атты өлеңіндегі сезімнің, яғни махаббаттың да өзгеретіндігін жырлаған.
«Алдағаным жоқ,
Арбағаным жоқ,
Сен сөзіме, сұлу қыз!
Тап сол сағат Сүйгенім хақ,
Куә мынау көп жұлдыз!» —
деген жолдарды меңзеп отырғандай.
Махаббат – деп жырлаған ақын үшін махаббаттан қүшті нәрсе жоқ. Өмірлегі ең қымбат, ең асыл – махаббат. Ол оны тақ пен тәжге де, дүниенің бар байлығына да айырбастамайды. Өйткені Шын ғашық болудан артық бақыт жоқ. Сүйгенімен ләззатты шақты бірге көру – адам ғұмырының жұлдызды шағы, өміріне нәр беретін, әр беретін бақытты шағы. Сондықтан да ақын:
«Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!
Жылы, тәтті у тарады қаныма.
Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін
Патша тағы, бүкіл дүние малына», —
Деп жырлайды. Сезімді бұлайша асқақтата жырлау бұрын-соңды қазақ поэзиясында кездесе бермейтін. Мағжан Абайдың «Айтты сәлем, Қаламқас» «саған құрбан мал мен бас»деген ойларды ары қарай дамыта, тереңдете алып кетіп, махаббаттың сиқырлы сезімінің құдірет күшін жан дүниесімен жайып салады. Абай: «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» десе, Мағжан махаббатсыз көп күндерден адамның ең асыл сезімі патшалық құрған бір күнді артық санайды. Өйткені адам – сезіммен адам. Сүйіспеншілік сезімдерінсіз адамдардан адамдық істер күтуге болмайды. Махаббат – адам өмірінің мәні. Ақын тағы бірде ғашығыңды:
«Жалындап күйіп,
Бір ғана сүйіп,
Өлсең де болмай ма?» —
Деп, сауал тастай жырлайды. Өйткені адамды адам қып тұрған – махаббат. Ақынды ақын қылатын да – махаббат. Гүл болмаса, бұлбұлдың сайрамайтындығы сияқты, ғашық болмаған ақын да жырлай алмайды. Шын сүйген ақын ғана шабыттанып, шын жырлай біледі. Сондықтан да ақын тағы бірде өзін гүлден гүлді қуалап ұшатын қөбелекке теңейді(«Жас сұлуға»).
Сүйіспеншілік – Мағжан поэзиясының өзегі, қаны, жаны, бүлкілдеп соғып тұрған жүрегі. Оның «Сүй, жан сәулем», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Шолпан», «N-ға», «Сүйгенім анық», «Хор сипатты қарындас», «Жас сұлуға», «Сәуле», «Гүлсім ханымға», «3-ға», «Жұлдызды – жүзік, айды – алқа қып берейін», т.б. өлеңдерінде адам жанының сүйгеніне деген не бір тылсым сырлары әсем өрнек тапқан. Осы өлеңдердің қай-қайсысы болса да өзінше бір әлем; бір бірін қайталамайды.Шетінен самалдай соғып, жібектей желпіп, жүректі тербетіп, ғажап бір күйге бөлейді.