МАЗМҰНЫ
Кіріспе. 5
1. Технологиялық бөлім. 7
1.1. Батбақтың жіктелуі және құбырларды төсеу әдістері. 7
1.2. Батбақты құрғату. 8
1.3. Торфты шоғырдың орнықтылығы 10
1.4. Үйілген топырақта құбырды төсеу. 20
1.5. Батбақ бетіне құбырды төсеу. 22 1.6. Траншеяда құбырды төсеу. 23
1.7. Қоршаған ортаны қорғау. 28
1.8. Техника қауіпсіздігі. 28
2. Есеп бөлімі. 30
2.1. Гидравликалық есеп. 30
2.2. Механикалық есеп. 35
Қорытынды. 41
Қолданылған әдебиеттер. 43
КІРІСПЕ
Магистральды газ құбыры негізінің бірі бір немесе екі, кейде тігіс саны көп, табиғи және жасанды өткелдерден өтетін, бітеу арматурасымен және басқа желілік құрылыстармен қамтылған газ құбыры.
Жұмыстық қысымына байланысты магистральды газ құбырлары үш топқа бөлінеді.
1) жоғары қысымды ( 25 кгс/см2 жоғары);
2) орташа қысымды (12 ден 25 кгс/см2 дейін);
3) төмен қысымды ( 12 кгс/см2 дейін).
Барлық магистральды құбырлар І топқа жатады, ІІ және ІІІ топтағы газ құбырлары көпшілік жағдайда І топтағы магистральды газ құбырының жеткізуші тармағы болып есептеледі.
Пайдалануда қауіпсіздікті және беріктік жұмыс дәрежесін қамтамасыз етуге байланысты магистральды газ құбырлары 4 категориялы аймаққа бөлінеді.
І категориялы аймақта қабырға қалыңдығы жоғары құбырдан салынады. Беріктікге тексергенде 0,75 – ге тең жұмыс күшінің коэффициентімен тексереді. Газ құбырының жұмыс қысымына байланысты дәнекерленген жері физикалық әдіс және 1,25 – ге тең беріктік коэффициентімен алдыңғы гидравликалық сынау бойынша 100% сенімді болуы керек.
ІІ категориялы аймаққа да І категориялы аймаққа қойылған талаптар қойылады, бірақ беріктікге соңғы гидравликалық сынау жүргізілмейді.
ІІІ категориялы аймақта 0,9 – ға тең жұмыс күшінің коэффициентімен беріктікге сыналады, барлық дәнекерленген жерінің физикалық әдісбен бақылау сапасы талап етілмейді.
ІV категориялы аймақта да 0,9 – ға тең коэффициентбен беріктікге сыналады, бірақ физикалық әдісбен бақылау барлық дәнекерленген жерінің 10 % ғана қанағаттандырса болады.
Курстық жұмыс / 42 бет