Жоспары:
1. Мәдениет ұғымы.
2. Мәдениет түрлері.
3. Өркениет ұғымы.
Мәдениет – адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т.б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Неғұрлым тар мағынасында, әдетте, материалдық (техника, өндірістік, тәжірибе, материалдық қазыналар) және рухани (ғылым, өнер мен әдебиет, философия, мораль, ағарту және т.б.). мәдениет, сондай-ақ саяси мәдениет (қоғам, тап, топ, индивид қызметінің жеке адамның қоғамдық қатынастарын өзгерту субъектісі ретіндегі әлеуметтік дамуының шамасын сипаттайтын мақсаттары, құралдары, нәтижелері) жөнінде айтылады.
Мәдениет – қоғамдық экономикалық формациялардың алмасуына байланысты дамитын тарихи құбылыс. Рухани мәдениетті материалдық негізінен айырып алып, оны «таңдаулылардың» рухани өнімі деп түсіндіретін қате мәдениет теорияларына қарама-қарсы жаңа ілім материалдық игіліктер жасау процесін рухани мәдениет дамуының негізі және бастауы ретінде қарастырады. Материалдық жағдайларға тәуелді болатын рухани мәдениет өзінің материалдық негізінің ізінше өзінен-өзі өзгермейді, қайта біршама дербестігімен сипатталады (түрлі халықтар мәдениетінің дамуындағы сабақтастық, өзара ықпалы және т.б.).
Қоғамды дамушы жүйе ретінде талдау үшін мәдениетті философиялық талдау контекстінде де қарастыру керек. Мәдениет философиялық талдаудың пәні ретінде оның басқада әлеуметтік гуманитарлық білімдердің пәні аралық байланыс тұрғысынан қарастырумен ерешеленеді. Мәдениетті философиялық тұрғыдан талдауда өркениетті де қарастырамыз. Мәдениет пен өркениеттің арақатынасының концептуалды негіздерін О.Шпенглер, А.Тойнби, К.Ясперс, Х.Ортега-и-Гассет өңдеген болатын. Мәдениеттің феноменалдығын анықтаудың жалпы философиялық өлшемдері мыналар:Анықтылығы /сырттай және іштей/, мәдениеттің әлеуметтік функциялалары, типологиясы, қозғаушы күштері, мәдениет пен идеологияның диалектикасы, мәдениет пен шығармашылықтың диалектикасы, мәдениет пен демократияның диалектикасы, мәдениет пен білім берудің диалектикасы, мәдениеттегі ұлттық және интернациональдық, руханилық және интеллигенттілік, өзіндік сана мен өзіндік бақылаудың диалектикасы т.б.
Философия мәдениетті бірлікте және алуан түрлі формада қарастырады, мысалы материалдық және рухани мәдениет «бұқаралық және элитарлық мәдениет», дәстүрлік және жаңашылдық мәдениет. Көркемдік мәдениеттегі ең маңыздысы — шығармашылық мәселесі, оның мәні және оның жүзеге асырылу тәсілдері.
Өркениет әлеуметтік мәдени құрылым ретінде оны мәдениетпен байланысты философиялық тұрғыдан талданады. Қазіргі замандағы адамзат тіршілілігінің өркениеттік негіздері мынадай мәселелермен үздіксіз байланыста, олар: адам және техника, адам және ғылыми практикалық қызмет нәтижелері, адам және қоғам, дәстүрлік құндылықтар және олардың өзгеруі.
Эстетикалық мәдениет — өзінің көпқабаттылығымен сипатталатын күрделі құрылым. Қандай да болмасын қоғамның эстетикалық мәдениетінің іргелмері дамуы әлеуметтік прогрестің маңызды белгісі болып табылады. Өз консерватизмімен ерекшеленетін кейбір дәстүрлі мәдениеттердің өмір сүруінің өзі тоқырау белгісін көрсетеді. Мұндай мәдениеттер, әдетте, декоративті формаларды, қолөнер бұйымдарын, ғұрыптық, көркем безендіруді және т.б. кеңейтілген түрінде емес, жай ғана қайта өндіріп қоюмен шектеледі. Мәдениеттеануда соңғы жылдары мәдениеттің белгілі бір құбылысы мен көріністерін рухани немесе материалдық мәдениет салаларына жатқызу өлшемі неде деген мәселеге байланысты пікірталас толастамай келеді. Біздің ойымызша, эстетикалық мәдениет саласы өз құрамына материалдық мәдениетке де, рухани мәдениетке де қатысты нәрселерді енгізеді. Бұл мағынада эстетикалық мәдениеттің универсалдылығы айдан анық.
Эстетикалық мәдениет қабаттары көп жағдайда субъектінің рухани күш-жігерін пайдалану негізінде де, әрекеттің практикалық тәжірибесін, шеберлігін игеру нәтижесінде де құралады. Оның үстіне эстетикалық құндылықтарды қалыптастыру құралдарды, құрылғыларды және т.б. қолдануды талап етуі мүмкін. Адам өнері мен талантты шығарма тудыру сәтінде не нәрсенің мәнді роль атқаратынын білу маңызды. Бұл үшін дарындылық пен эстетикалық сұңғалылық қажет екендігі анық Алайда, эстетикалық мәдениет құбылысының рухани немесе материалдық мәдениет саласына жататындығын анықтағанда, ең алдымен, бұл құбылыстың бір рет табылған шешімді немесе шаблонды қайта көшіру емес, әсіресе оның қаншалықты мөлшерде нағыз шығармашылықты білдіретіндігіне көңіл аудару қажет.
Өнер адамзат өмірқабының ең ертедегі формаларының бірі болып табылады. Алайда бүгінде өмірдің дәстүрлі түсінігі қайта қарастыруды қажет етеді. Өйткені өнер еңбектің, моральдың, діннің қызмет етуін қамтамасыз ететін әрекет түрлерінен жоғары тұрады. Сондықтан-да ең алдымен өердің нені білдіретінін ұғынып алу қажет.
Жекелеген ғылымдар мен рухани, практикалық әрекет салалары әлемнің әр түрлі қырларын игереді, тұлғаның белгілі бір қырлары қалыптасуына жағдай жасайды және соған сәйкес белгілі бір мәдени құндылықтар қалыптастырады. Өнер болса, ол әлемді өз тұрғысында қабылдау кепілі, адамзаттың өмірлік тәжірибесі мен мәдениеті тұтастығын сақтаушы.
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрінісі өнер кейпіне енетін әсемдік болып табылады. Әсемдік – бұл «адам әлемі» туралы ұғымдардың бірі, өмірдің бүкіл күрделілігі мен тереңдігін қамтитын оның анықтамалыраның бірі. Тек нақты өмірді ғана емес, әсіресе тарихтың өтпелі кезеңдерінде өзі тудырған өмірлік әлем шеңберінен шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмірді де қамтиды.
Асқақтық – бұл өзінің ерекше мағыналылығымен және құдіреттілігімен өзгешеленген әсемдікті сипаттайтын эстетикалық категория. Сондықтан да кейбір асқақ құбылыстар формалары өзінің сыртқы ұсқынсыздығына қарамастан шаттанудың, ерекше танданудың қоздырушы сезімдерін оятады. Әлемнің шексіздігі мен мәнділігі, табиғат пен адамның ішкі күш-қуатының құдіреті, әлемді игерудің шексіз мүмкіндіктері – мұның барлығын асқақтықты бейнелейді.
Егер әсемдік пен асқақтық эстетикалық құндылықтар бйнелері болса, онда тұрпайылық пен таяздық оның антиполдтары болып табылады. Жиіркеніштілік – асқақтықтың үнемі сыртқы сұлулығы бола бермейтін секілді, бұл да кейде сыртқы сұлулығы болатынына қарамастан антиқұндылықты білдіреді.
Белгілі бір ұлттық эстетикалық мәдениеттің бірте-бірте қалыптасуы ғасырлар бойына созылатын ұзақ үрдіс. Алайда бұл мәдениеттің қалыптасуы оның көптеген белгісіз жаратушыларының эстетикалық әрекеті нәтижесі екендігін ескеруіміз қажет. Тұрмыстық қатынастың эстетикалық элементтерінің, ұлттық әдет-ғұрыптармен қатар көркем шығармашылықтың кейбір салаларының негізін қалаушылардың атын біз атай алмаймыз.
Халықтар мен ұлттардың әстетикалық санасы қоғамда қалыптасқан эстетикалық көзқарастар, арнайы дәстүрлер негізінде құралады. Жалпы мәдениет сияқты эстетикалық мәдениет те қоғамның белгілі бір тарихи кезеңімен байланыстырылады. Тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде әрбір ұлт, әлеуметтік топ өзінің эстетикалық мәдениетін, әсемдік туралы өз көзқарасы мен ұғымдарын қалыптастырады. Адамдар кейпінде, олардың қатынастарында, киімінде, заттарында, тілі мен өнер туындыларында эстетикалық мәдениет ерекшеліктері, принциптері аңғарылады және олардың экономикалық даму деңгейі мен тағы басқа алғышарттарының ұлттың тарихи тағдыры туындайды. Сондықтан әрбір халық өз ерекшелігі мен күш-жігеріне орай әлемдік мәдениет қазынасына өз үлесін қосады.
Мәдениет терминімен өте тығыз байланыста өркениет ұғымы орын алады. Өркениет – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Жаңа заманғы философиялық тұжырымдамаларда өркениет ұғымы бүкіл дүние жүзінің тарихыи процеске талдау жасау тұрғысынан түсіндіріледі. Француз ағартушылары парасат пен әділеттілікке негізделген қоғамды өркениеттік қоғам деп атап, сол арқылы тұтастықты, қоғамдық үйлесімділікті қамтамасыз ететін факторлардың маңызын атап көрсетті. Ал Кантта мәдениет, Н.Я.Данилевскийдің, Шпенглердің тұжырымдамаларында өркениет ұғымы қарсы қойылады. Мысалы, Шпенглер органикалық-өмірлік құбылыстардың шыңы ретінде мәдениетті техникалық- механикалық элементтердің жиынтығы түріндегі өркениетке қарсы қояды. Осыған байланысты өркениетті олар қоғамның құлдырауы мен құрып кетуінің көрсеткіші ретінде қарастырады. Тойнби өркениетті зерттеу объектісі ретіндегі тарихтың бөліп қаралатын белгілі-бір кезеңі деп қорытты. Бір өркениеттің басқасынан шектеулі әрбір кезеңнің өзіндік даралығын анықтайды. Өркениет типтерінің антогонистік характерінің ашылуы дүниежүзілік тарихи қозғалыстың заңды сатылары ретінде қоғамдық-экономикалық формацияларға талдау жасау жөніндегі таптық көзқараспен байланысты.