Бетховен- бұл әлем мәдениетінің ең ірі құбылыстардың бірі. Философиялық тереңдіктен, демократиялық бағыттаудан, жаңашылдықтың батылдығынан өткен ғасырларда Еуропаның музыкалық өнерінде Бетховенге келетін ешкім жоқ.
Революционерлік заманның ерлігі мен драматизмі, ұлттардың ұлы жандануы
Бетховеннің шығармашылығында сақталып қалған.Алдыңғы қатарлы адамдарға үнделген оның музыкасы феодалдық аристократияның эстетикасына батыл шақыру болды.
Бетховеннің көзқарасы, дүние танымы, XVIII және XIX ғасырларда алдыңғы қатардағы орталарға таралған, революциялық қозғалыстың әсерінен құрылды. Революцияның неміс негізінде көрінуі сияқты, Германияда буржуазиялық- демократиялық Ағарту құрылды. Социалдық езгі мен деспотизмге қарсы наразылық неміс философиясының, әдебиетінің, поэзиясының, татры мен музыкасының бағытын белгіледі.
XVIII және XIX ғасырлардың шекарасындағы Германияның ұлттық қозғалысының өнерінде Бетховеннің шығармашылығы ең қорытындалған және көркемдік жетілген көрінісі.
Франциядағы үлкен қоғамдық төңкеріліс Бетховенге үлкен әсер етті.Бұл кемеңгер композитор өзінің титандық табиғатына және дарындылығының құрылымына сай заманда туған. Сирек кездесетін шығармашылық күшпен және эмоционалдық өткірлікпен өз заманының айбындығы мен қызулығын, оның толқынды драматизмін, алып халықтың қуанышы мен қайғысын дәріптеді.Бүгінгі күнге дейін Бетховеннің өнері- азаматтық ерлік сезімінің көркемдік көрінісі.
Ең көркем бетховендік шығармалар өнердің ерлік- драматикалық желісіне жатады. Оның эстетикасының негізгі белгісі күрес пен жеңіс тақарыбын бейнелеудегі, жалпы адамдық өмірдің демократиялық бастауын дәріптеудегі, еркіндікке деген талпынысты бейнелеудегі шығармаларда анық іске асады. «Героическая», Бесінші, Тоғызыншы симфониялар, «Кариолан», «Эгмонт», «Леонора» увертюралары, «Патетическая соната», «Аппасионата»- осы шығармарлар Бетховенге әлемдік қадірлеу әкелді. Бетховеннің музыкасы өзінің әсерлілігімен, трагедиялық күшімен, орасан зор көлемділігімен ерекшеленеді.
Бетховен музыкасының әлемі таң қаларлық әр түрлі.Оның өнерінде басқа маңызды жақтар да бар, ең алдымен бұл оның ішіне салынған интеллектуалдық бастаудың тереңдігі мен күрделілігі.
Феодалдық бұғаудан босаған жаңа адамның психологиясы Бетховенде тек қана конфликтік- трагедиялық желіс арқылы емес, өскелең рухты ой сферасы арқылы ашылады.
Оның кейіпкері тасқынды батылдық пен құмарлыққа ие бола тұра, бай және шебер дамыған интеллектке үлестірілген. Ол тек күрескер ғана емес, сонымен қатар ойшы; әрекетпен қатар оған қадалған ойлану тән. Бетховенге дейін ешбір зайырлы композитор ондай философиялық тереңдік пен ойдың көлемділігіне жетпеген. Бетховенда шын өмірді дәріптеумен қатар космостық әлемнің айбындылығы араласады. Бетховеннің музыкасында өмір өзінің бүкіл әртүрлілігінде көрінеді- қызулы әуесқойлық және қол үзүші армандаушылық, театралды драматикалық патетика және лирикалық сыр, табиғат көріністері мен тұрмыстық оқиғалар…
Өзінің басқа ізашарларының ортасында Бетховен, өнерде психологиялық бастаумен байланысатын бейненің жекелеуімен ерекшеленеді.
Ол өзін сословиенің өкілі сияқты емес, ішкі жан- дүниесі бай, революциядан кейінгі, жаңа қоғамның адамы сияқты сезінді. Бетховен өзінің кейіпкерін осындай рухта түсіндіреді. Ол әрқашан маңызды және жалғыз ғана, оның өмірінің әр беті- бағынышсыз рухани байлық. Тіпті бір- біріне жақын әуендер бетховендік музыкада бай өзгешеліктерге иеленіп, әрбіреуі бірегей болып қабылданады.
Оның әрбір опусы- көркем күтпегендік.
Мүмкін, әр бейненің қайталанбас мәнін ашудағы өшпейтін ынта бетховендік стильдің жағдайын қиындататын шығар.
Бетховен туралы бір жағынан музыкада классицистік дәуірді аяқтаушы және бір жағынан «романтикалық ғасырға» жол ашушы композитор дейді.Бетховен теңдессіз дара. Сонымен қатар, оның кейпінің әр алуандылығын белгілі стилистік категориялар қамти алмайтындай,ол көп қырлы.
Бетховен бүкіл шығармашылық жолының бойында өзінің өнерінің мәнерлі шекараларын үздіксіз кеңейтіп, сонымен ізашарларын, замандастарын және өзінің ереректегі жетістіктерін артта қалдырып отырды.
Ешбір сонатасын фортепианолық музыка саласында композитор стилін бейнелейтіндей етіп бөліп шығаруға болмайды. Ешқандай шығармасы оның симфониялық сферадағы ізденістерін типтемейді.Кейде Бетховен бір жылда бір- біріне қарама- қарсы шығармаларды жарыққа шығарып, олардың ортақ белгілерін көру өте қиын.
Бүкіл шығармашылық жолының бойында композитордың стилі өмірді шыншыл іске асырудың ізденісінің нәтижесінде қалыптасты. Ақиқаттың қуатты қамтуы, ой мен сезімді берудегі байлық пен динамика, сұлулықты жаңаша түсіну көп қырлы өзіндік және солмайтын көркемдік формалар «бетховендік стиль» түсінігімен талдап қорытуға болады.
Серовтың анықтамасы бойынша, Бетховен сұлулықты жоғары идеялық көрініс ретінде түсінетін.
Бетховен бүкіл сәндік және шартты- идиллиялықты қабыл алмады.
Оның музыкасында XVIII ғасырдан бөлінбейтін таңдаулы орнаментика ғана жоғалмайды. Музыкалық тілдің салмақтылығы мен симметриясы, ритмиканың саздылығы, дыбыстаудың камералық мөлдірлігі- бұл Бетховеннің барлық ізашарларына тән стилдік ерекшеліктері де оның музыкалық сөзінен ығыстырып шығарады. Бетховеннің әсемдікті туралы түсінігі сезімнің ерекше ашақтығын талап етті. Ол жаңа интонацияларды іздеді- динамикалық және дамылсыз, кенет және жігерлі. Музыкасының дыбыстауы мазмұндылыққа, қоюлыққа, драматикалық қарама-қарсыққа жеті; оның тақырыбы бұрын болмаған ықшамдықты, қатал қарапайымдылықты иемденді.
Өзіне тән өзінділік, батылдылық пен жаңашылдығына қарамастан Бетховеннің музыкасы өткен мәдениет пен ойдың классицистік құрылымымен байланысты.
XVIII ғасырдың бірнеше көркем буынды қамтитын алдыңғы қатарлы мектептері, бетховендік шығармашылықты дайындады. Кейбіреулері оның шығармашылығында қорытынды мен аяқталған формула алды;басқалардың ықпалы жаңа өзіндік түсінілуінде байқалады.
Бетховеннің шығармашылығы Германия мен Австрияның өнерімен тығыз байланысты.
Алдымен онда XVIII ғасырдың вендік классицизмімен мирасқорлық сезіледі. Бекер емес Бетховен бұл мектептің соңғы өкілі болып тарихқа кірді.Ол ізашарлары- Моцарт пен Гайдн- салған жолдан бастады. Бетховенмен глюктік музыкалық драманың ерліктік- трагедиялық бейнелердің құрылыс да терең қабылданды.Дәл солай айқын, Бетховен Гендельдің мұрагері болып қабылданады. Мақтанышты, ашық- ерлікті гендельдік ораторияларының бейнелері жаңа өмірін аспаптық негізде Бетховеннің сонаталары мен симфонияларында бастады. Бетховенді мирасқор жіптер Германияның хордық және органдық мектептерде дамыған музыкалық өнеріндің философтік- меңзеуші салаларымен байланыстырады. Бахтың философтік лирикасының ықпалы бетховендік музыкада терең және сөзсіз, Бетховеннің Бірінші сонатасынан Тоғызыншы симфониясына дейін және соңғы жылдарда жазылған квартеттерде көрінеді.
Протестандық хоралдар мен дәстүрлі тұрмыстық неміс өлеңдері, демократиялық зингшпиль мен вендік көшелік серенадалар- бұлар және басқа көптеген ұлттық өнердің түрлері бетховендік шығармашылықта өздігінше іске асады. Оларда тарихи пайда болған шаруалық әуенділік пен заманға сай қалалық фольклордың интонациялары білінеді. Германия мен Австрияның мәдениетіндегі ұлттықтың барлығы Бетховеннің сонаталық- симфониялық шығармашылығында іске асты.
Көп қырлы данышпанның қалыптасуына басқа мемлекеттердің өнерлері де өз үлестерін қотһсты, әсірісе Францияның.
XIX ғасырдың кеменгер симфонистінің ой өрісі өткен ғасырдың өмірге бейім музыкалық ағындарын қамтыды. Бірақ Бетховеннің музыкалық әсемдкке деген түсінігі, бұл бастауларды жаңа соны формаларға ыңғайлап, оларды шығармалар контекстінде білу оңай емес.
Дәл солай, ойдың классицистік құрылымы Бетховеннің шығармашылығында, Глюк, Моцарт, Гайднның білдіру стиліне ұқсамайтын, жаңа түрге енеді. Бұл- басқа шеберлерде прототипі жоқ, тек ерекше, бетховендік классицизмнің түр. Бетховеннің алғашқыдан соңғы шығармаларына дейін олйлаудың саралығы мен орындылығы, форманың монументтілігі мен жуйелілігі, тұтастың бөлімдерінің арасындағы тепе- теңдік тән, бұлар жалпы өнерде классицизмнің ерекше белгілері. Ол- классицистік сонаталылық әбден орынды болған, ойлаудың формасы негігі болған, музыкалық ойдың ішкі логикасы сыртқы, сезімтал- әсерлі бастауынан басым болған ХІХ ғасырдың соңғы композиторы. Эмоциялардың сыр ағытуы болып қабылданған Бетховеннің музыкасы расында виртуозды, табанды байланысқан логикалық фундаментте құралған.
Бетховенді ойдың классицистік құрылыммен байланыстыратын тағы бір принципті маңызды жай- бұл оның шығармашылығын тән гармоникалың дүние тану.
Бетховендік музыкада сезімдер құрылымы Ағарту ғасырының композиторларынан өзгеше. Рухтың тепе-теңдік, тыныштық шақтары онда басым емес. Сезімнің жоғарғы қызуы, энергияның таудай қуаты, қызулы қозғалмалылық идиллиялық «пасторальдық» моменттерді ығыстырады. Бірақ сонымен қатар, ХVІІІ ғасырдың классицист- композиторларда сияқты қоршаған ортамен гармонияда болу сезімі- бетховендік эстетиканың маңызды бөлігі. Олар титандық күрес, үлкен қиыншылықтарды жеңіп шыққан рухани күштің шегіне жеткен қызу нәтижесінде пайда болады. Өмірді батыр орнықтыру, жеңіп шығу мақтанышы сияқты Бетховенде адам мен әлем арасындағы гармония сезімі туады. Оның өнері «романтикалық ғасырдың» келуімен пайда болған сенім, күш, өмір қуанышымен рақаттануға толы.
Бетховен Музыкаллық классицизм заманын аяқтап, келешек ғасырға жол ашты. Оның музыкасы замандастары мен кейінгі ұрпақтар жазғанның бәрінен жоғары тұр, кейде кейінгі уақыттың іздулерімен үндеседі.