Лизинг

Лизинг туралы қазақша реферат

ҚР АК мүлік жалдау (аренда) туралы жалпы ережелерінен кейін лизингке арналған нормалар көзделген (565-572-б.) Бұл кездейсоқтық емес шығар деп есептейміз. Бүның себебі қазіргі нарықтық инфрақұрылымда лизинг қатынастарының маңызы өте жоғары болып келетінінде сияқты. Х.А.Рахманқұловтың бағалауы бойынша лизинг КСРО-да болған материалдық игіліктерді үлестірудің (таратудың) жоспарлы жүйесіне балама болуы мүмкін. Ал негізінен онда белгілі артықшылықтар бар, тұтынушы жабдықтарды алдын ала көп қаражаттарды жұмсамай-ақ ала алады.

Лизингтің тағы да бір артықшылығы бар, пайдалануға алынған жабдықтар үшін мерзімді төлемдердің кезегі (төлеу сәті) әдетте жабдықтар нақты пайдалануға берілгеннен кейін келеді.

5 шілде, 2000 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Қаржылық лизинг туралы» Заңында қаржы лизинг инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады. Экономиканы көтеру үшін инвестициялардың маңызы бірнеше рет Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаев айтып өткен инвестициялық қызметтің тиісті заңнамалық негізі қалыптасқан. Жоғарыда көрсетілген заң оны елеулі толықтырады.