Аспап жасайтын болаттардың қаттылығы, тохуға төзімділігі, беріктігі мен жылуға төзімділігі жоғары болуы керек. Бұл болаттардан кескіш аспаптар, соғу штамптары жәек өлшеу аспаптары жасалады.
Кескіш аспаптар жасайтын аз легірленген болаттар. Кесу барысында кескіш аспаптың кесу қыры 500…9000С — қа дейін қызады. Аз легірленген аспаптық болаттардың жылуға төзімділігі 3000С-тан аспайды. Тез кескіш болаттар жоғары легірленген аспаптық болаттарға жатады. Негізгі элементі- вольфрам. Тез кескіш болаттардың көп тараған маркаларына Р18, Р12, Р6М3Ф2, Р18Ф2, Р9К5, Р12Ф3, Р18Ф2К5, Р4, Р7Т маркалы болаттар жатады. Р әрпі «рапид»-«жылдам» деген сөзден алынған. Тез кескіш болаттар кесу қасиетіне байланысты үш топқа жктеледі: қалыпты өнімділікті, көтеріңкі өнімділікті, өнімділігі төмен топқа бөлінеді. Қалыпты өнімділікті болаттарға Р18, Р9, Р18Ф2, Р6М3Ф2 маркалары жатады. Өнімділігі төмен болаттардың жылуға төзімділігі 6000С-ке дейін болады. Бұл болаттарға Р4, Р7Т маркалары жатады. Бұл болаттардың жоғары кескіш қасиеттері термиялық өңдеуден, яғни шынықтыру мен босаңдатудан кейін пайда болады. Бұлар құрылымы бойынша ледебуритті класқа жатады. Тез кескіш болаттардың жылу өткізгіштігі өте төмен, сондықтан оларды қыздыру сатылы түрде жүргізіледі: аспапты әуелі 500…6000С температуралары тұзды астауда, сосын температурасы 8000С-қа дейін қыздырады(4-сурет). Шынықтырылғаннан кейін болаттың құрылымы мартенситтен және қалдық аустениттен тұрады.
Штамп аспаптарын жасауға арналған легірленген болаттар.
Бұл болаттардың қаттылығы мен тозуға төзімділігі жоғары болады. Суықтай штамптау штамптарын жасауға қолданылатын болаттар жоғарыда айтылған қасиеттерден басқа, термиялық өңдеуде аз деформациялануы қажет, өйткені онда штамптың көлемі өзгереді. Штамп жасау үшін Х, Х9, 9ХС, Х12М, ШХ15, ХВ2, Х12Ф, ХГ3СВ қолданылады. Егер штампқа соққы күштері әсер ететін болса, онда штамптар жасауға 4ХС4, 4ХВС, 5ХНМ, 5ХГМ маркалы болаттар қолданылады. Бұл болаттардың тұтқырлығы жоғары. Егер штамптар тозу мен қысым жағдайында жұмыс істесе, онда штамптары Х12, Х12Ф, ХГ3СВ болаттарынан жасайды. Өлшеуіш аспап өз пішіні мен өлшемін ұзақ уақыт сақтауы, беріктігі, қаттылығы, тозуға төзімділігі жоғары және сызықша ұлғаю коэффиценті төмен болуы керек.