Ұйымның стратегиялық мақсаты ұйымның қызметін жетілдіру және қызығушы жақтардың пайдасын қамтамасыз ету үшін үрдістерді ұдайы жақсарту болып табылады.
Үрдістерді ұдайы жақсартып отырудың екі негізгі жолы бар:
— бар үрдістерді жақсарту және қайта қарау немесе жаңа үрдістерді енгізуге әкелетін жұмыстағы олқылық жобалары, оларды жан-жанқты топтар жүзеге асырады;
— бар үрдістер негізінде қызметкерлермен өткізілетін кезеңді ұдайы жақсарту қызметі.
Жұмыстағы олқылық жобалар үрдістердің қайта жобалануын қарастырады және келесілерді қамтиды: мақсаттарды анықтау және оларды жақсарту бойынша жобаның қысқаша сипаты; бар үрдістердің және өзгерулерді жүзеге асыру мүмкіндігінің талдауы; үрдістерді жақсартуды жоспарлау және анықтау; жақсартуды енгізу; үрдісті жақсартудың валидациясы мен верификациясы; қол жеткізген жақсару үрдісінің бағасы. Жұмыстың олқылық жобасы тиімділік және нәтижелік әдіспен басқарылады. Өзгертулер енгізілгеннен кейін жобаның жаңа жоспары тұрақты менеджмент үрдісінің негізі болып саналады.
Ұйымның болашағын қамтамасыз ету және қызығушы жақтарды қанағаттандыру үшін басшылыққа қызметкерлерді өнім сипаттамасы мен қызмет үрдістерінің көрсеткіштерін жақсарту мүмкіндігін белсенді іздеуге тартатын мәдениетті ортаны білу қажет.
Ұйым қызметкерлері үрдістерді ұдайы жақсарту бойынша идеялардың ең жақсы жеткізушілері болып табылады және жұмысшы топтарға жиі қатысады. Үрдістерді кезеңді ұдайы жақсарту бойынша қызметті оның кейінгі салдарын түсіну үшін басқару қажет. Қызметкерлерді тарту мақсатымен өкілеттіліктері бөлінетін, ұйым өзінің қызметін қай аймақта жақсарта алатынын анықтау бойынша жауапкершілікті өздеріне алатын ортаны құру қажет. Мұны ұйым қызметкерлерінің алдында мәселені қою көмегімен қол жеткізуге болады, сонымен қатар бәсекелестердің қол жеткізгені мен жақсы тәжірибені салыстыру; жақсартуға қол жеткізгенін дәлелдеу және сый беру; ұсыныстардың көрнекілігі. Қызметкерлерді тарту және жақсарту бойынша қызмет туралы мәлімет алу үшін басшылыққа келесі шараларды қарастыру қажет: шағын топтарды құрып, олардың ішінен басшы ны тағайындау; қызметкерлерге жұмыс кеңістігін басқарып, оны жақсартуға рұқсат ету; білімді жоғарлату, тәжірибе жинау және қызметкерлердің әдеттерін жетілдіру. Тартылған қызметкерлерді өкілеттілікпен, техникалық және жақсарумен байланысты өзгерулер үшін қажетті ресурстармен қолдау керек.
Жоғары басшылыққа қызметті жақсарту бойынша құрылымын қамтамасыз ету үшін өнімнің өмірлік циклінің үрдістеріне, басқа да қызметтердің қосымша үрдістеріне қолдануға болатын үнемі жақсарту үрдісін анықтау және енгізу керек. Үнемі жақсартудың мұндай үрдісін кәсіпорынның ішкі нәтижелілігі мен тиімділігін жақсарту құралы ретінде, сонымен қатар тұтынушы мен басқа қызығушы жақтың қанағаттылығын арттыру үшін қолдану керек.
Басшылық бар үрдістерден ажырамайтын, біртіндеп жалғастыру қызметінің жақсаруына, сонымен қатар кәсіпорын мен қызығушы жақтың максималды пайда алуына мүмкіндіктер туғызуға қолдау көрсету керек. Жақсарту үрдісін қолдауға арналған кіріс деректерінің мысалдары валидация деректерінен, үрдіс нәтижелерінен, сынақтардан, өзіндік бағалаудан, өнім сипттамаларынан, қызмет көрсетулерден, қызығушы жақтың кері байланысы мен талаптарынан, кәсіпорын жұмысшыларының тәжірибесінен, қаржы деретерінен алынған мағлұматтардан тұрады.
Басшылық үрдіс немесе өнімге енгізілген өзгертулердің мақұлданғанын, басымдылық бойынша таратылғанын, жоспарланғанын, материалдық-техникалық қолдау алғанын және қызығушы жақтың талаптарын қанағаттау мақсатына басқарылуын, сонымен қатар кәсіпорынның мүмкіншілігін шамадан асырылмауын қамтамасыз ету керек.
«Қарашығанақ» кен орнында ЫМЖ-ны жақсарту бойынша шараларды жоспарлау, әзірлеу және өткізу үшін сапа облысындағы және қоршаған ортаны қорғау саясаты қолданылады, сапа облысындағы мақсаттар, мақсатты және жоспарлы экологиялық көрсеткіштер анықталады, ішкі аудит нәтижелері, деректер анализі қолданылады, түзету және ескерту жұмыстары жүргізіледі, сонымен қатар басшылық тарапынан алынған анализ қолданылады. «Қарашығанақ» кен орнының даму стратегиясында ЫМЖ сапасы және Кәсіпорынды қоршаған ортаны қорғауды қалыптастыру үрдісіне елеулі орын бөлінеді.