Ұйымның «Қызметкерлер туралы» ережесінде кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру мәселелері, қызметкерлердің еңбекақысы, демалыс беру тәртібі, қызметкерлер мен басшылықтың құқықтары мен міндеттері, жұмыс режимі көрсетіледі.
«Қызметкерлер туралы» ереже ұжымның жалпы жиналысында талқыланады, оған заң кеңесшісі бұрыштама соғады, басшының орынбасары қол қояды және кәсіпорын директоры бекітеді. «Қызметкерлер туралы» ереже ұжымдық еңбек шарттарын жасауға негіз болады.
«Қызметкерлер туралы» ереже кейде ішкі еңбек тәртібі ережесінің орнына да жүреді.
Үлгі
____________________________
(кәсіпорын атауы) |
«БЕКІТЕМІН» Директор ____________ ______________ (қолы) (аты-жөні) 2007 жылғы «____»__________ |
Қызметкерлер туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы ереже кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын белгiлейдi.
1.2. Кәсiпорын қызметкерлерiнiң келiciм-шартта, жарғыда, ұжымдық шартта, осы ережеде реттелмеген еңбек шарттары Қазақстан Республикасының еңбек жөнiндегi заң актiлерiмен белгiленедi.
1.3. Кәсiпорында мамандардың мынадай санаттары болады:
кәсiпорынның жұмыскері – кәсiпорынмен еңбек қатынасында тұрған тұлға;
кәсiпорынның басшы қызметкерi – директор тағайындаған қызметкер;
кәсiпорын қызметкерi – кәсiпорынның директоры лауазымға тағайындаған маман;
кәсiпорынның басқа да жұмысшылары мен қызметкерлерi – кәсiпорынның директоры тағайындаған басшы қызметкерлерiнен басқа кәсiпорынның барлық жұмысшылары мен қызметкерлерi.
1.4. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi: кәсiпорынның директоры, оның орынбасарлары, бас бухгалтер болып табылады.
2. Жұмысқа қабылдау
2.1. Басшы қызметiне жұмысқа қабылданатын азаматтармен шарт жарғыда белгiленген мерзiмге, ал кәсiпорынның қызметкерлерiмен – 1 (бір) жылға дейiнгi мерзiмге жасалады.
2.2. Еңбек шарты лауазымын, жұмыс орнын, еңбектегi құқықтық қатынастар пайда болған күнi және лауазымдық жалақысының мөлшерi көрсетiлiп, жазбаша түрде толтырылады.
2.3. Еңбек шартын мына жағдайда: құрылтайшылардың шешiмi бойынша басшы қызметкерлердiң шартын жаңа мерзiмге, екi жақты келiсiм бойынша кәсiпорын қызметкерлерiнiң еңбек шартын созуға болады.
2.4. Құқықтық қатынастардың пайда болатын және еңбек шартының жасалу күнi еңбек шартында келiсiлген мерзiм болып табылады.
2.5. Еңбек шартын жасау кезiнде жұмысқа қабылданып отырған қызметкердiң сол лауазымға сәйкестігін бақылау үшiн сынақ мерзiмi белгiленедi.
2.6. Сынақ мерзiмi басшы қызметкер үшiн де, қатардағы қызметкер үшiн де 3 айдан аспауға тиic, ал басқа жұмысшылар мен қызметкерлер үшiн — 2 ай болады. Қызметкер ауырып қалса немесе басқа себептi жағдаймен жұмыста болмаса, онда ол кезең сынақ мерзiмiне енбейдi.
Жұмысының нәтижесi кәсiпорынды қанағаттандырмаса, қызметкер жұмыстан босатылады.
3. Құқықтары мен мiндеттерi
3.1. Кәсiпорын қызметкерлерi ҚР заң актiлерiнде, құрылтай құжаттарында белгiленген демалыс, әлеуметтiк сақтандыру мен әлеуметтiк қамтамасыз ету және жұмыс режимiне қатысты барлық құқықтарды пайдалана алады.
3.2. Кәсiпорын қызметкерлерi белгiленген уақытта кәсiпорын басшыларына кiрiп, өз жұмыстарына байланысты мәселелердi айтуға құқылы.
3.3. Кәсiпорын әкiмшiлiгi ұжымдық шартта көзделген шаралардың орындалуы туралы еңбек ұжымы кеңесiнiң алдында есеп бередi.
3.4. Қызметкердi жұмысқа алғаннан кейiн оның басшылары қызметкердi құрылтай құжаттарымен, ережелерiмен, еңбек шартымен және iшкi еңбек тәртiбiмен, лауазымдық нұсқаулықпен таныстыруға тиic.
3.5. Кәсiпорын қызметкерi:
— ҚР қолданылып жүрген заң актiлерiн бұзбауға, кәсiпорынның iшкi еңбек тәртiбiн қатаң сақтауға, тиiстi басшылардың өкiмдерiн орындауға;
— кәсiпорынға немесе оның қаржысы мен мүлкiне зиян келтiретiн әрекеттердi жасамауға міндетті.
3.6. Әкiмшiлiктiң қызметкерден еңбек шартында көрсетiлмеген жұмыстарды талап етуге құқығы жоқ.
4. Жұмыс уақыты және демалыс
4.1. Кәсiпорын қызметкерлерi үшiн жұмыс аптасының, жұмыс күнiнiң және жұмыс уақытының ұзақтығы, сонымен бiрге демалыс күндерi және мереке күндерi ҚР заң актiлерiмен, кәсiпорынның iшкi еңбек тәртiбi туралы ережемен белгiленедi.
4.2. Ерекше жағдайларда кәсiпорын директорының немесе оның орынбасарының өкiмiмен қызметкер жедел жұмыстарды орындау үшiн жұмыс күнінің белгіленген уақытынан тыс мерзімге, сонымен бiрге өтемақы төлеген жағдайда мереке күндерi және демалыс күндерi жұмысқа шақырылуы мүмкiн.
4.3. Кәсiпорын өз қызметкерлерi үшiн икемдi жұмыс уақытын енгiзе алады, оның нормативтiк негiзi жұмыс уақытының жиынтық есебi болып табылады.
5. Демалыстар
5.1. Кәсiпорынның қызметкерлерi бiр жыл iшiнде 30 күнтiзбелiк күнге созылатын, жалақысы сақталатын еңбек демалысын ала алады.
5.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi еңбек шартын жасаған кезде ұзақтығы әрбiр нақты жағдайға байланысты белгiленген жыл сайынғы демалысты пайдаланады. Бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы 18 күнтiзбелiк күннен кем болмауға тиiс.
5.3. Кәсiпорын қызметкерiнiң жылдық демалысты алу құқығы егер еңбек шартында өзгеше айтылмаса, еңбек қатынастары пайда болған күннен кейін 12 ай өткен соң мүмкін болады.
5.4. Жыл сайынғы демалыс уақыты алдын-ала белгiленген кесте бойынша берiлуге тиiс. Егер қызметкердiң демалыс алған уақыты кәсiпорынның жұмысына зиян тигiзетiн болса, онда қызметкердiң келiсiмiмен демалыс басқа уақытқа жылжытылады.
5.5. Жоспарлы демалыс уақытының басқа мерзiмге ауысқаны туралы қызметкерге 30 күн бұрын хабарлау қажет.
5.6. Пайдаланылмаған демалыс қызметкердiң келесi жылғы демалысына қосылып берiлуi мүмкiн, бiрақ жыл бойы демалыс алмаған қызметкер қажет болған жағдайда кейiнге қалдырылған демалыстың есебiнен ұзақтығы 12 күнтiзбелiк күнге демалыс алуға құқығы бар.
5.7. Жыл сайынғы еңбек демалысын екi жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады, сонымен бiрге 2 жыл пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы төлеуге де болмайды.
Екi жылғы еңбек демалысын қосып алып, демалыста жүрген кезде жұмыс орнында сақталатын орташа жалақының мөлшерiн анықтау тәртiбi кәсiпорынның iшкi тәртiбi туралы ережеде көрсетiледi.
5.8. Өндiрiстiк маңызды себептерге байланысты кәсiпорынның басшысын немесе қызметкерiн оның келiсiмi бойынша демалыстан шақырып алуға болады. Бұл туралы шешiмдi кәсiпорынның директоры немесе оның орынбасары қабылдайды.
Қызметкердiң жеке басындағы немесе отбасындағы жекелеген жағдайларға байланысты кәсiпорын оған жалақысы сақталмайтын демалыс бере алады.
6. Iссапарға жiберу, уақытша iссапарға жiберу және жаңа жұмыс орнына ауыстыру
6.1. Кәсiпорынның қызметкерi өз келiсiмi бойынша басқа жұмыс орнына белгiлi бiр мерзiмге, 1 айдан 6 айға дейiнгi мерзiм шегiнде iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
Iссапарға уақытша жiберiлгендер үшiн еңбек шартын өзгертудiң қажетi жоқ. Егер кәсiпорын тиiстi үй-жай беретiн болса, онда қызметкер iссапарға жiберiлген жерге отбасымен бiрге баруға құқылы.
Қызметкердi басқа жұмысқа ауыстыру қызметкердiң келiсiмiмен ғана жүзеге асырылады және қажет болған жағдайда кәсiпорын басшысының келiсiмi бойынша ауыстырылады.
Еңбек шартына енгiзiлетiн тиiстi өзгерiстер екi тараптың келiсiмiмен жазбаша түрде ресiмделедi.
7. Жалақы, әлеуметтiк сақтандыру және өтемақылар
7.1. Кәсiпорындағы қызметкерге кәсiпорынның өзi қызметкермен келiсе отырып белгiлеген мерзiмдi ақы, кесiмдi ақы немесе еңбекақы жүйесiнiң басқа түрi бойынша жалақы төлейдi.
7.2. Әрбiр қызметкердiң жалақысы оның жұмысының нәтижелерiне байланысты белгiленедi және ол белгiлi бiр жоғарғы мөлшермен шектелмейдi.
7.3. Кәсiпорын еңбекақы жүйесiне қосымша ретiнде жекелеген кезеңдерге жұмыстың нәтижесi үшiн үстемақы материалдық ынталандыру және сыйақы, сыйлықақы белгiлеуi мүмкiн.
7.4. Басшы қызметкерлерге және қызметкерлерге штаттық кесте бойынша олардың атқаратын қызметiне байланысты жалақы белгiленедi.
Бiлiктiлiгi мен жұмыс тәжiрибесiнiң, сонымен бiрге қол жеткен табыстары үшiн кәciпорын директорының жекелеген қызметкерлерге дербес жалақы төлеуге құқығы бар.
7.5. Кәсiпорынның қызметкерi жәрдемақылар мен әлеуметтiк сақтандыру бойынша жеңiлдiктердi пайдалана алады.
7.6. Iссапарға жiберiлген қызметкердiң сол уақыт немесе кезең iшiнде негiзгi жұмыс орнындағы негiзгi жалақысы сақталады.
7.7. Қызметкердi жұмыстан босатқан кезде оған тиiстi барлық төлем сомалары сол жұмыстан босатылған күнi төленуге тиiс.
8. Көтермелеу шаралары мен тәртiптiк шаралар
8.1. Кәсiпорын қызметкерлерiн көтермелеу шаралары:
— алғыс айту;
— бағалы сыйлықтармен, ақшалай сыйлықақылармен марапаттау;
— лауазымдық жалақыны көтеру және дербес үстемеақы белгiлеу;
— лауазымын көтеру болып табылады.
8.2. Кәсiпорын қызметкерлерiне қолданылатын тәртiптiк шаралар:
— ескерту;
— сөгiс;
— тәртiп бұзуына немесе кәсiпорын жұмысын дұрыс орындамағаны үшiн еңбек шартында көрсетiлген мерзiмнен бұрын қызметтен босату болып табылады.
9. Жұмыстан босату
9.1. Кәсiпорынның басшы қызметкерлерi мемлекеттік басқару органының келісімі негiзiнде шығарылған директордың бұйрығы бойынша жұмыстан босатылады.
9.2. Кәсiпорынның басқа қызметкерлерi директордың бұйрығы арқылы жұмыстан шығарылады.
9.3. Кәсiпорын қызметкерi мынадай жағдайларда жұмыстан босатылуы мүмкiн: еңбек шарты (келiсiмiнiң) мерзiмiнiң аяқталуына байланысты және еңбек шартының мерзiмi бiткенге дейiн, яғни мерзiмiнен бұрын жұмыстан шығарылуы мүмкiн.
9.4. Еңбек шартының мерзiмi бітпей жұмыстан шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкiн:
— қызметкер атқарып келген лауазымның қысқаруына байланысты қызметкердi басқа лауазымға ауыстыруға лауазымдық қызметтердi бөлуде белгiленген қызмет шеңберіне оның бiлiмiнiң сәйкес келмеуi және тәжiрибесiнiң аздығы себеп болады;
— атқарып отырған қызметiне қызметкердің сәйкессiздiгi;
— кәсiпорын жұмысына лайықсыз әрекет жасауына байланысты;
— өзара келiсiм бойынша.
9.5. 2 айдан астам уақыт бойына жұмысқа қабiлетсiз болған жағдайда, кәсiпорын өзiнiң бастамасымен қызметкермен жасалған еңбек шартын бұзуға құқылы.
9.6. Жұмыстан босатылатыны туралы қызметкерге 1 ай бұрын жазбаша түрде ескертiледi. Егер қызметкер өз қалауы бойынша өтiнiш берiп, жұмыстан шығарылатын болса, онда ескертудiң қажетi жоқ.
9.7. Қызметкердi жұмыстан шығарған кезде оған атқарған лауазымы, кәсiпорында iстеген мерзiмi, лауазымдық жалақысы және үстеме ақысы, сонымен бiрге басқа жерге жұмысқа тұруға қажеттi басқа да ақпараттар туралы анықтама берiледi.
Басшының орынбасары __________ _____________
(қолы) (аты-жөні)
Бұрыштама