Ғашықтық жырлар ішінде ең сүйіктілерінің бірі-«Қыз Жібек» (көлемі үш мың жылдан артық). Жырдағы басым тақырып махаббат, жастардың азаттық аңсары. Дегенмен, «Қыз Жібек» көп ретте қаһармандық эпикалық дәстүрдің өрнегін танытып отырады. Төлегеннің әкесі Базарбайдың елін, байлығын мадақтау Жағалбайлы елінің мекені деп Ақ Теңіз бен Қара Теңіз көлдерін атау әсірелеу, қиял желісі. Базарбай зарығып жүріп, сексен жасқа келгенде Төлегенді көріпті. Жігіттің сымбат, келбеті де ерекше әсерленіп суреттеледі.
Төлеген деп қойыпты ұлдың атын,
Құдай артық жаратқан оның затын,
Баланы сипат қылып айтып болмас.
Көрген жан ақынынан бір танатын.
Мазмұнды жанды сурет Жібектің сұлулығымен қатар кербездігін, ұяты күштілігін, зеректігін, тәкәппәрлығын көп қырлы етіп көрсетеді. Бұл айтқанымызды мына жолдар растаса керек.
Кер маралдай керіліп,
Сари маңдай еріліп,
Тәңірі берген екі аяқ,
Бір басарға ерініп…
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ырғысып,
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Тау суындай құлтылдап
Сүмбілдей жылтылдап,
Буындары бұлтылдап,
Мықындары былқылдап,
Айдынды туған Қыз Жібек,
Отауға қарап жөнеді.
Осындағы теңеме, балама сөздердің бәрі де ескі эпикалық поэзияның қорынан ауысқан, көне өмірдің ерекшелігіне сәйкес туған кестелер екені көрініп тұр. Бірақ, осы дәстүрлі бояу бейнелер Жібектің қайталанбас тұлғасын нақтылауға жараған. Демек, бұл арада эпикалық әсірелеулер сұлу қыздың сырт кескінін емес, ішкі толқындарын да алуға себеп болған. Бұл кезеңі келгенде эпикалық қайталама теңдеулердің тірі суретке айналып, мінезді талдауға қызмет ете алатындығын көрсетеді. Жаопы қазақтаң эпикалық поэзиясында жазба әдебиеттің талабына еркін жұмсалуға лайық, мейлінше әсем, сәнді тіркестер мен баламалар өте көп. «Үлкен теңіздер мен көлдерлің беті бөлінгенімен түбі тереңде тұтасып жататын секілді эпос та жазба әдебиеттің де көп белгілері ұласып, ұштасады,- деп белгілі ғалым Рахманқұл Бердібай әділ бағасын берген. Р.Бердібай. (Эпос ел қазынасы) Жазба әдебиетке тән белгілердің біразы «Қыз Жібек» жырынан табылғандай.
Басқа халықтар сияқты, қазақ елі де көне заманнан бері сұлулық пен әсемдікті айрықша ардақтай білген. Оны сөз өнерімен қастерлеген. Көрік пен келбеттің, шынайы сұлулық пен табиғи әсемдіктің тамаша үлгісі «Қыз Жібек» жырындағы көш сүретінен аңғарылады. Қыз Жібекті іздеп келе жатқан Төлегеннің талай көшке жетіп, қыз дидары мен қылығына көз салған тұстарында қаншама көркемдік таным жатқанын көруге болады. Мысалы:
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады,
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сәулесі бетінде,
Бұралып кетіп барады,
Перінің қызы секілді.
Бұл сипаттаудағы әсем де ажарлы суреттер эстетикалық әсер туғызатыны сөзсіз.
Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай бұлысып,
Алтынды қанша қолға алып,
Әбжыландай толғанып,
Бұралып кетіп барады,
Жын соққандай теңселіп,
дегендегі сөз баяулары нақты портрет жасауға қажетті қимыл мен детальдарды аңғартады. Он бір көштен өткен Төлеген:
Орта бойлы дембемеше,
Алтын шыны кеседей,
Екі көздің шарасы,
Бейіште жанған шамшырақ
Көзінің гауһар қарасы
Туған айдай иілген.
Екі қастық арасы
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы
Сондай-ақ боп туар-ау,
Адамзаттың баласы,-
дегенде сөз бояуы кірігіп, ажарлы ару портреті көлеңдейді. Бұдан да асқан сұлу бар ма екен деген ой қылаң бере бастағанда жаңа бір көшке жетеді. Жыр әуені өз тыңдаушысын әсемдік пен сұлулықтың буына әбден жығып алған соң, әсірелеудің биік шегіне жетеді де кілт бұрылады. Бұдан әрі суреттеу қиындап, сөз бояуы таусыла бастаған шақта көркемдік қулыққа көшеді. Тыңдаушысын тәнті еткен ақын енді өзінің поэтикалық мүмкіндігінің азайып қалғанын сезген соң, көш алдындағы келбетті бәйбішені, яғни Жібектің анасын суреттеуден басқа амалы қалмайды. Салдығы мен серілігі қыздардан асып түсетіндігін жыр өрнегіне қосып өріп, әсемдікті ардақтау, одан ләззат алу сезімен эстетикалық танымға айналдырады.
Осындай ажарлы көрініс пен шынайы әсемдіктің әр алуан құбылысын түсіне білген оқушы енді өз қиялына ерік беріп, Қыз Жібектің сұлулығын көңіл көзінен өткізеді. Бір ғажабы- жырда Қыз Жібектің бейнесі жасалмайды. Ақынның осалдығынан емес, қиял жүзіндегі сұлулықтың әсері күшті екендігін ескергендіктен туған көркемдік тәсіл. Сондықтан тыңдаушысы, оқушы өзінің көркемдік танымында әсемдік пен сұлулықтың келісті ажарын енді өзі кестелейді.
(Т.Кәкішов Қазақ әдебиеті сынының тарихы.
Алматы, Санат, 1994. 7-9 бет.
1887 жылғы Мұсабай жырау нұсқасында Орта жүз бен Кіші жүз барымталасып жау болып, Жайықтың арғы жағындағы Шыбық судың бойын жайлаған Қыпшақ деген ел Орта жүз Базарбайдың 550 жылқысын тартып алады. Базарбай 200 кісі қуғынға жібермекші болады. Қыпшақ елінде Алшынбай деген бай бар екен, оның алты ұлы бір қызы бар екен. Қызының аты Жібек. Кетіп бара жатқанда, күйменің терезесінен оны Төлеген көріп қап, ғашық болады.
1990 жылғы Жүсіпбекқожа Шайхысламұлының нұсқасында жыршы біраз толғап келіп, дін мұсылман заманында Кіші жүз ішінде Жағалбайлы елі бар, олар ақ теңізді жайлап, жаз жайлауды Қара теңізді қоныс қылған екен. Жағалбайлы елінде, Базар деген байдың үш қатынынан тоғыз ұлы оба ауруынан қайтыс болған соң, Базарбай тағы алты қатын алыпты, оның ең кішісі толғатып, аман есен бір ұл туған екен. Оның аты Төлеген деп қойылыпты. Іле-шала бір ұл туып, атын Сансызбай деп қояды. Міне, көріп отырсыздар екі жырдың басталуы, осылай екі түрлі болып келіп, 1887 жылғы басылымда Төлеген 200 жігітпен Қыпшақ еліне аттанады. Жібек көшпен бірге кетіп бара жатқан Қаршыға ақын Төлегенді мақтап жыр нөсерін төгеді. Төлеген де жырлап Қаршығаға жауап береді. Одан кейін Төлеген мен Жібек айтысып, жыршы Қыз Жібектің нақты бейнесін суреттеп береді. 1900 жылғы басылымда саудагер Төлегенге Ақ Жайық жақта сұлу Қыз Жібек деген бар, соны іздеп шық деген ақыл-кеңес береді. Сөйтіп анасы батасын беріп, Төлеген Қыз Жібектің ауылына аттанады. Төлеген қасына 200 емес 10 жігіт қосшы, 15 жігіт басшы алып, жолда келе жатқанын Сырлыбайдың бас жылқышысы Қаршыға естіп, алдынан шығады. Төлеген кетіп бара жатқан көшті аралап, Қыз Жібекке жолығады. 1887 жылғы басылымда Төлеген 550 жылқысын Алшынбайға беріп, Қыз Жібектен рұқсат алып, келе жатқанда, 60 жігіт нөкері бар, Бекежан Төлегенді өлтіреді. 1900 жылғы басылымда: Қаршыға мен Төлеген көшті аралап, әрең дегенде Қыз Жібекке жолығады, үш ай жатып, қалыңдық ойнап, еліне қайтпақ болады.
Егерде, Төлеген бұл жырда аман-есен келіп, Базарбайға болған жайтты айтса, 1887 жылғы басылымда : Төлеген үйіне жетпейді жолда Бекежан тосып жүріп өлтіреді. Төлеген өлгелі жатқанда ұшып бара жатқан бес қаздан Сансызбай деген інісіне сәлем айтады.
1900 жылғы басылымда Төлеген елінен қайта аттанарда Сансызбай інісіне ақыл айтып, Шеге ақынды қасына ертіп, Жайыққа аттанады. Сөйтіп, Жібекке келе жатқанда, Бекежан тосып жүріп өлтіреді. Бекежанның Жібекке, Төлегеннің өлгенін естіртуі, екі басылымда да бірдей. Сөйтіп Жібектің алты ағасы Бекежанды өлтіріп, Төлегеннің кегін алады.
Мұсабай жырау нұсқасында Қорен хан Жібектің алты ағасымен келісіп Жібекті алғалы жатқанда, Сансызбай мен Шеге алып қашқалы жатқанын біліп қойып ұрыс салып, Сансызбай оны жеңіп, Жібекті алып мұратына жетеді.
1900 жылғы Жүсіпбекқожа версиясында Сансызбай алты қаздан Төлегеннің өлгенін естіп, ағасының сүйегін іздеп шығады. Жолда бір қойшыға кезігіп, Жібекті қалмақтың ханы Қореннің алғалы жатқанын естиді. Жібек қалмақтың Сандалкөк деген атын мініп Сансызбай, Шеге үшеуі қашып шығады. Соңынан қуып жеткен қалмақпен жекпе-жек шыққан Сансызбай Қоренді өлтіреді.
Мінекей, жырдағы қысқаша ерекшеліктер туралы айтатын болсақ, ол-осындай. Жырдың мазмұны жағынан алғанда 1900 жалға басылым, біршама толық жырланған. Және осы басылым кейінгі жарларға арқау болған ба дейміз. Сөзіміз нақты болу үшін енді жырдың стилі мен тіліне жүгініп көрейік. Жырда көркемдегіш құралдардың барлық үлгілері кездеседі. Айталық айқындау (эпитет) заттың, құбылысының айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз «Қыз Жібек» жырында болсын, басқа жырларда болсын, ең бір көп кездесетін түрі.
Мұсабай жырау нұсқасында:
…Бидай өңді нұр жүзді (8), күмістен қоңырау-тақтырап, Жібектен жабу жаптырып… Сексен қыз нөкерге, Алтыннан сая көтертіп…(9)
Сарайшықта арай бар, Сары орамал орай бар (15), үстіндегі ақ сауыт, Қан қылмай-ақ шешерсің (20). Сондай сұлу Жібекті Қорен алмақ болады (30). Үрдің мен қосылып (33), Үр жігіт ол қылып, Алтын домбыра қолға алды (33), Таудан аққан қара қан (47), Қозы жауыран оқ алды (46), жеті қабат жер астына кетеді (45), Шашақты қара ту алып (43), бұл арада шашақты ту- таңбалы бейне (эмблема). Алты қанат орданы (37), Темірден келіп киіпсің, көк арбаға мініпсің (29). Жетім құлан бізде бар, Төлеген киген ақ сауыт (23). Ақ сырық мылтық қолға алды (21), Мінген аты көк еді (20), Ақ балдақ қылыш байлаған (18), Ақ күймеге енгізіп (17), Ал жағын көрің мен бе едім (9)? Ақ жұлынғы мойында (9), Астынды ер сатып алады (9).
1900 жылғы басылым, Ж.Шайхысламұлының нұсқасы:
«Жаратты бір қаракөк тұлпар атты (56), Мұрындығы сары жез, Шытырма көйлек етінде (60), Астын шашбау шашында, Алтынды кемзол жейдеше (82), Көзінің гауһар қарасы (62), Қара жорға мінгені, қара торқа кигені (63), Ақ бетінде кіршік жоқ (63), Қызыл алтын сандығы (64), Тұлпардан туған көк жорға ат (64), Ақ маңдайы жарқылдап (65), Алмас қылыш сартылдап (65), Тігейін алтын сарайды (67), Оймақ ауыз, күлім көз (69), Ақ орда болды кіргенің (72), Асыл киім киінді (76), Көк бұйралы тұлпар бар (85), Алтын балдақ, ақ семсер, Аш белеңі ілгейсің (85), Бадана көзді кіреуке (85), Тоғыз қабат ақ сауыт (85), Алтынды сауыт көбесі (85), Шұбалған шаңға жолықты (86), Алтанды сауыт, шөже көз (92), құс қонбас құла жапанда, Жайықтың суы лай-ақ (100), Қынабы алтын қырқарың (109). Осы келтірілген мысалдардың бәрі айқындау болып тұр.
Мұсабай жырау нұсқасына қарағанда, Жүсіпбек Шайхысламұлының нұсқасында айшықтаудың түрі өте көп кездеседі. Мұның бір себебі, жырдың кейбір мазмұн желісінің қосынды болуы, екіншіден кейінгі жыршының сөз қолданысының шыңдала түскенінен деп түсінуге болады. Теңеу сүреттеп отырған құбылысты не затты, екінші балама затқа, не құбылысқа теңеп салыстыру. Жырдың екі нұсқасында да молынан кездеседі. Мұсабай жырау нұсқасы:
Оймақтай аузы бүрілген (8), Жібектің ауылын, әулиедей көреді (11). Таудан аққан бұлақтай, Төлеген деген бір дауыс, алынды барып құлаққа-ай (13), Бір шыбындай жаныңды, мұнша неге қинадың? (34), Саз балшықтай илейді (14), Жұлдыздай аты жылтылдап (43), Торғайдай мойнын жұлайын (45).
Жүсіпқожа нұсқасынан мысал:
Көзінің ағы мен қарасындай (51), Қосақтап қойдай бағып тұр (56), Танадай көзі жарқылдап (60), Туған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып (60), Туған айдай иіліп (63), Сыйға тартқан күмістей(63), Айдың көлдің қуындай, Патшаның алтын тонындай, әп-зәйзәм суындай (63), Сары алтынның буындай (63), Сымға тартқан күмістей (64), Асылдай боп есіліп (64), Сүмбідей боп жарады (64). Нұрдай болып шешіліп (64), Ор қояндай секірді (65), Ұршықтай саны бұлтылдап (65), Шапшақ тастай жылтылдап (65), Құйындай шаңы бұрқылдап (65), Тау суындай сыңқылдап (66), Бал шекердей сөзі бар (68), Наурыздың ақша қарындай (69), Ақ тауықтың қанындай (68), Жазы түскен сағымдай (68), Ай балтаның сабындай (68), Нар бураның санындай (68), Бұқардың гауһар тасындай (68), Халқын малдай бағады (69), Ағыным судай ағады (69), Ұсталар соққан кетпендей (69), Жұртым қойдай қағады (70), Болғанда айдай әлем, күндей күлем (72), Қояндай қарғып түседі (76), Кер маралдай керіліп (70), Жүйрік аттай ойқастап (76), Құнан қойдай бой тастап (76), Тау суындай құлтылдап (76), Ор қояндай ырғысып (76), Атқан оқтай жылысып (76), Сары майдай еріліп, Бейінете самал ескендей, Сүмбілдей жылтылдап, балқып толады, Өңірде шайтан көшкендей, қой ішінде марқадай, Қаршыға ілген үйректей, Аш күзендей бүгіліп, Бірдей болып үгіліп, қой тоғындай қорғасын, қамшы судай шашады, су сепкендей басылды, Тай құнандай тебіскен, Ботасы өлген түйедей зарла Жібек, Ішінен судай тынады, Қызылға соққан қырандай, Арық қойдай тырысып, Бітіпті хор қызындай саған келбет, Торға түскен тұйғындай пенде болып, көңілі ғарыптардың судай тасты, Малдай мойнын созады, Майпаңдап қаздай баяулап.
Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек- дейді академик З.Қабдолов. Олай болса, ауыз әдебиетінде, астарын тіл оралымдарын құбылтуға жатады. Зат пен құбылысты астарлап келтіріп бкріп тұрады. Осындай тәсілдің бір түрі құбылту. Құбылыстың түрлері көп, әдеби тіліміздегі ең толымды, көре жылыұшырайтыны ауыстыру (метафора).
1987 жылғы басылымнан мысал алсақ.
Үстіндегі ақ сауыт, қан қылмай-ақ шешерсің, Қорамсаққа қол қойып, Іші күйгір жорғаға астындағы көзіңді салсаңшы, Сіз темір де, біз көнір, Ерітпекке келемін, Ханнан келген жаушымын, Жібекке келген даушымен, Тілге шешен жорға екен, келгеніңді білдіріп құлағына саламын, Мен бір жатқан айдаһар, Мен айтайын ит қалмақ, Қалмақ қайда, бұл қасқыр, кейін тастап жөнеді.
1900 жылғы басылымнан мысал.
Өзі жорға жануар құс қанатты, көзі оттай жанады, ? сом алтын, Қыз Жібектің дидары , қо,ам көлдің құрағы, суырылып озған пирағым, көлге біткен құрағым, қабырғамда қанатым, жауға барсам жарығым, жетегімде жан атым, Артымдағы құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім, От болып жанған көңілім, Қанатымда қияғым, Табанымда тұяғым, жылжымас жерден ауырым.
Академик жазушы М. Әуезов Жырың тілі де өте шебер: Тамаша бейне, өрнек нақышқа бай дегені көрегендікпен айтылған. Алматы Қазмемкөркемәдеббас) Жырдың бастауының өзі: Мен сөйлейін жарандар, Ал, тыңдаңыз жарандар деп кесуі, жұртты өзіне қаратудың, селт еткізудің тәсілі. Айтушыдан, тыңдаушының мықты болсынның? Тәсілі. Немесе Осы екен –деп Қыз Жібек , Бұл екен- деп, Қыз Жібек -деп келуі де, жырға ерекше күй беріп, әрлендіріп, ырғаққа, әуенге күш салмай, айтушы тек қана желіп отырады. Айта берсе тіпті көп.
Еліне бі саудагер келді дейді,
Бұлардың әбден жайын білді-дейді
Дейді,-дейді-деп аяқталуы да бір заңдылыққа бағынып тұр.
Немесе:
-Асуда аск бесе,-дейді,
Аса бір соққан жел,-дейд деген жер жолыда сәтте шыққан жаршаның жырлау стилі болып табылады. 1900 жылғы нұсқада негізінде мағынасы бас араб, парсы сөздері жиі кездеседі. Жыршы шынында да молда болғанға ұқсайды, оның үстіне құран-кәрімді жатқа білген, үлкен оқымысты, сауатты адам болғандығы байқалады. Әуелгіде жыр былайша басталады.
Дін мұсылман аманда,
Еіші жүздің ішінде,
Жағалбайлы елі бар,
Жағалбайлының мекені.
Ақ теңіз деген көл бар-деп оқиғаның болған жерінен, ру жер аттарынан хабар береді. Сол сияқты жырдың бірыңғай қаратпа сөзден басталып, елді өзіне таратып, оқиға кімге байланысты айтылатынын күні бұрын хбардар ету жыршының өзіндік стилі болу керек.
Жырда орыс тілінен енген сөздер де кездеседі, 1887 жылғы басылымда,
Повозкалы күймемен,
Парлатып жорға жіктіріп
Келмеді менің шеніме
Шекарасына көшіп
Кем жатқан салдатты,
-А солдаттар, солдаттар
Көп солдатты шулатып.
1900 жылғы басылымда:
Шаһизада кісі еді
Кісі бойы кіреует
Фірәукімен белдіктеп
Отырмын формасына қайран қалып.
1957 жылғы басылымда: Черное море деген орыс сөзі кездеседі. Жырдағы соғыс кезінде пайдаланатын құралдардың кейбіреулерін атап өткенді жөн көрдік. Көк сауыт, алтынды кебені, қозы жауларын жебе, қарамсақ, садақ, кірістен, қорамға мылтық бұның бір түрі берен мылытық болса, 1887 жылғы басылымда ақ сарық мылтықтың түрі кездеседі.
Қорыта келегнде Қыз Жібек жырының стилі мен тілі туралы айтарымыз осындай. Бір байқағанымыз, қай басылымда болсын жыршының өзіндік стилі сақталған. Жырдың әр түрлі басылымын алудағы мақсатымыз жырдың қай түрі көркем екендігін айқындау еді. 1900 жылғы басылымы өте көркем 1957, 1959 жылғы басылымдар осы нұсқаның негізін сақтаған.
Қазақ әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Бұл тіркес айтатын деген ойға айрықша әр, мәнерлік береді. Фразеологизмдер көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелеудің дайын құралы. Фразеологизмдер алуан түолі болғанымен оларға ортақ қасиет тұжырымдылық. Аз сөзге көп мағына сыйдыру ауыз әдебиеті тіліне тән қасиеттердің бірі.
Айтмұхамет Тұрышев 1998 жылы Қазақ тілі мен әдебиеті жұрналына жарияланған Қыз Жібек жырындағы фразеологизмдердің қолдануы деген мақаласында тұрақты тіркестердің троптың мынадай түрлері кездесетінін айтып, бірнеше топқа бөледі. Олар төмендегіндей:
Метоформа көркем әдебиетте көп жұмсалатын мәнерлі тілдік құралдың бірі. Көркі раушандығы , Алтауы бірдей бөрі еді. Тәуелдік жалғаудың бір жағындағы метаформа. Жауға барсам жарағым, Қабырғам, қанатым, Артымдағы құйрығым, Жетегімде жан атым. Қолғанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім.
Қарға жүнді қаттасым, Үйрек жүнді оттасым, Жалғыз інім баырым. Алтынды сүйек Төлеген, Атаңа лағмет алпыс ит, Тілсіз мақұлық жануар, Ит қарақшы, сол сықылды мүсінді, қылғын бауыр.
Теңеу. Теңеуде біріне-бірінің ұқсастығы бар екі зат салыстырылады. Бұл да көркемдеуші тілдік құралдың бір түрі. Және де теңеу жалпы көркемдеуіш құралдың қай түрі болсын жырда өте көп, біз бәрін келтіріп жатпаймыз. Толған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып, Буралып кетіп барады, Туған айдай иілген екі қастың арасы.
Эпипеп те-ойды бейнелі түрде мәнерлеп жеткізудің кең тарағантәсілі. Тоқтатып алып қалам деп, шыбын жанын қинадым.
Эвфемизм- зат, құбылыс,, оқиғаны тікелей айту қолайсыз, дөрекі көрініс оларды сыпайы сөздермен алмастырып айтвп жеткізу. Тілімізде эвфемизм болып келетін фпазеологизмдер баршылық. Қай іске талап қылмады, жер бесікке кіргенше адамзаттың баласы, Төлеген мырза, шырағым…, Айналацын күйеужан….
Стильдік фигуралар-ойды бейнелі, тартымды жеткізудің, шешен сөйлеудің тәсілдері.бҰлар жай тіркестердеде,тұрақты тіркестен де болады.
Гипорбола- бір затты асыра, әсірелей суреттеу.Алдына жылапкелген соң, Ат үстінен Төлеген көтеріп алды…Қабырғасы сөгіліп…Солқылдайды қара жер… Ұршықтай саны бұлтылдап.., Құйындай шаңы бұржырап, Төрт тұяқтан шыққан от, Жеті Қырдан асқанда, Қолтығынан аққан тер Төгіледі сылтылдап..,Дүржауһар сырғасын, Көтере алмай тұр құлағы, Күндейбалқып, көзінен ағып қанды жас, қайғыменен қан жұтып, Сауырынан аққан тер.., көктен құйған тамшыдай, Борбайынанан тамшылап, Үй орындай бір жерді, Төңкеретастап келеді, Нан пісіп тұрған деміне, Оттай қойлап жанасың , Тоғыз қабат сауыттың сегізінен өтеді, Қызыл қанға бояды қара қара жерді.
Литота. Белі нәзік талап тұр, Тартқан сымнан жіңішке, Үзіліп кетпей неғып тұр, Аш кезеңдей бергіліп, Бордай болып үгіліп, Тұлпардан қалған тұяғым, Алақаны тозады.
Синекдоха. Қанғырып өскен бір қу бас, Қу бауыр қия алмай, Сүйретңп барып ал тауы, Қу кәпірдің кеміне.
Қайталау. Бұл ойды дәл, оның беру үшін сөзді не сөз тіркесін қайталап қолдану. Өлкенің көркі тал болар, өзеннің көркі жар болар, Жігіттің көркі мал болар, қанаты бүтін тұлпар жоқ. Сары ағаш кескен сайын құм болады, заманы жылдан жылға сұм болады.
Перифраз. Бұл қарапайым жай сөз орнына бейнелі сөз тіркесін қолдану. Жақсының бал тамады тіл жағынан. Қыз бібек жырындағы фрозеологизмдердің қолданылуы.