Қытай философиясы

Біздің жыл санауымыздан бұрын VIII—VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан-ды. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б.ж.с.д. 207ж.-б.д.220 ж.). Зерттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б.ж.с.д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі.

4. Атаулар мектебі.

5. Заңгерлер мектебі.

6. Күш пен жол мектебі (дао цзя).

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б.ж.с.д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

Инь және Ян — әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі — диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам — бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б.ж.с.д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар – тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» — біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол — алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.

Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі сегіз тармаққа бөлініп кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы мектебі. Бұл екі бағыт та Конфуцийдің шәкірттері Мэн жэне Сюньнің аттарымен аталады. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге түсірумен ғана айналыспаған, сонымен қатар, жаңа ойлармен толықтырьш отырған.

Мысалы, «адамның табиғаты тек жақсылықтан жаратылған» деген қағида Мэн-цзы философиясының негізгі өзегі болып табылады.

Сюнь-цзы Конфуций іліміне материалистік нышан енгізген. Әлемнің негізі материалдық күш (ци) және оның екі түрі болады (инь жэне ян). Әлем өзінің табиғи заңдылықтары арқылы өмір сүреді, көк тәңірі — әлемнің құрамдас бөлігі ғана, оны зерттеп, сырын ұқса адамдардың мақсат-мүдделеріне пайдалануға болады, Бақытты, бақытсыз болу, сау немесе ауру, бай немесе қайыршы болу адамдардын өзіне ғана байланысты. Бұл тұжырым Абайдың ауруды жаратқан Құдай, бірақ нақты адамды ауру қылған Құдай емес; байлық кедейлікті жаратқан Құдай: бірақ белгілі бір адамды бай немесе кедей қылған Құдай емес, адамның бақытты яки бақытсыз болмағы өзінен дейтін ойымен үндесіп жатыр.

Тек тәрбиелеу жұмысы арқылы адамгершілікке баулып, адамның ежелгі табиғатын өзгертуге болады. Өмір бойы өзін-өзі жетілдіруте құлшыну — адамдық парыз. Қытай қоғамдық өмірінде Сюнь-цзы философиясы да көрнекті орын алған. Әсіресе, оның мемлекеттік басқару ісін жетілдіру жөніндегі тұжырымдары күні бүгінге дейін өз манызын жоймақ емес, өйткені, бұл мәселеде бірінші кезекте халықтың мақсат-мүддесін ойлау керек, мемлекеттік іс-шараларды мейірбандықпен жүзеге асыру керек деген қағидалар шынымен де қандай болмасын ілімнің құнын арттыратыны сөзсіз.

Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?

Моизм мектебінің негізін салушы Мо Дидің (б.ж.с.д. 479-391 ж.) баса көңіл аударған негізгі мәселесі әлеуметтік ахлақ болып табылады. Бұл мектептің ілімі Конфуцийге мүлдем қайшы келетін. Өйткені, оның негізінде дерексізденген жалпы сүйіспеншілік жататын. Теориялық іспен айналысу — бос уақыт өткізумен бірдей. Адамдарға керегі нақтылы дене еңбегі, оның пайдалы нәтижесін, өмір үйлесімділігін көкке тән жігер реттеп тұрады-мыс. Кейіннен Мо Дидің ізбасарлары таным мәселелеріне көңіл бөліп, ұстаздарының қош көрмеген онтологиялық сұрақтарға жауап іздеген көрінеді.

Атаулар мектебі заттар мен құбылыстардың тілде бейнелену сәйкестілігіне баса назар аударды. (Мұндай мәселе Еуропалық философияда, яғни ортағасырлық схоластикада ондаған ғасырдан кейін ғана қарастырылған — автор).

Ал, заңгерлер мектебіне келетін болсақ, онда оның назары саяси-әлеуметтік мәселелерге ауып, мемлекет пен құқықтың шығу төркінін, олардың мәнін, мақсаттылық қызметін зерттеуді қолға алған. Бұл орайда, Конфуций ілімін өткір сынға алып, өздерінің көзқарастарын жасақтаған. Бұл мектеп Хань династиясының кезеңіне сай қалыптасқан деп білеміз. Оның іргетасын қалаушылардың бірі Шан Ян: «Кім ақылды болса, ол заң шығарады, ал кім ақымақ болса, ол заңмен шектеледі. Қабілетті тәртіпті өзгертеді, ал, қабілетсіз тәртіп арқылы шырмалады. Тәртіпке шырмалған адаммен іскерлік туралы, ал заңмен шектелген адаммен өзгерістер туралы әңгімелеудің жөні жоқ» депті.

Заңгерлер мектебі тәртіп (ли), жақсылық (дэ), адамгершілік, инсандық (жэнь) категорияларын қалыптастырып, дамытқан. Дао (жол) заттар мен құбылыстардың даму тәртібін белгілейді. Олардың мазмұны қатып қалған күйде болмайды, керісінше өзгеріп отырады. Бұл орайда Инь және Янның бірлігі арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдағы тәртіп дегеніміз кемшіліктерді сырттай мойындау. Мұның орнына билеуші мен қоғамның арақатынасын қайтадан реттеу керек. Билеуші заң (фа) немесе өкім (мин) шығарады, алайда олар қоғамның терең қатпарларына жетпейді (увэй). Себебі олар тек марапаттау мен жазалау жүйелеріне байланысты ғана шығарылған.

Егер заң (фа) мен өкім (мин) өзгертіліп отырса, онда адамдардың да іс-әрекеті заман талабына сай өзгеріп отыруы тиіс. Өйткені, билеушінің орны көк тәңірінің қолдауымен белгіленген…

Заңгерлер мектебінің негізгі фәлсафалық тұжырымы «жаңа заманға ескі киім кигізуте болмайды» дегенге келіп саяды. Жаңа заман талаптарына сай жаңа заңдар шығарылуы тиіс. Жаңа тарихи шындық үшін басқарудың соны тәсілдері қажет. Конфуцийлік ілімнің нұсқауына ерік ескі тәртіпке қарайлай берудің пайдасы жоқ. Алайда, осы пікірдің авторы Хань Фэй, Цинь императоры Шихуанның оны қатты мойындап, қалған басқа мектептерге тиым салғанына қарамастан, өз атымен байланысты қалыптасқан қатыгез басқару тәсілінің салдарына шыдамай өзіне-өзі қол салған дейді, көне деректер.

Конфуцнй іліміне қарсы шыққан тағы да бір атаулы философиялық мектептің ілімі даосизм деп аталады. Даоның қазақшасы «жол» деген сөз.

Бұл ілімнің негізін қалаушы б.ж.с.д. VI ғасырда өмір сүрген Лао-цзы. Бұл «кәрі ұстаз» деген ұғымды білдіретін лақап ат. Ал шын аты-Ли Эр. Көне Қытай ескерткіштерінде аты аңызға айналған Лао-цзы б.ж.с.д. 604 жылы туылған деген мағлұмат бар. Бірақ көптеген Қытай зерттеушілерінің өздерібұл мағлұматтың шындығына күмән келтіреді. Лао-цзы 160-200 жыл ғұмыр кешкен деген де мәлімет бар. Ол патша сарайында тарихшы, мұрағат меңгерушісі болып қызмет атқарған. Қартайып қалған кезінде Конфуциймен кездесіп сұхбаттасқан да екен. Лао-цзы өзінің ілімінде, негізінен алғанда, үш қағидаға сүйенеді, олар — дао, дэ, у-вэй. Дао — әлемдегі заттар мен құбылыстардың сапасы мен қасиеттері. Дао тек дэ арқылы белгілі болуы мүмкін. У-вэй қағидасы әрекетсіздікті білдіреді. Ол — даоға кереғар қағида. Дао — өмірдің қайнар көзі, белсенділіктің үлгісі. «Дао» — заттардың өмір сүру заңы «цимен» бірігіп, әлемнің түпнегізін құрайды. Әлемде барлығы қозғалыста болады, олар үнемі өзгеріп отырады, тіпті, осы өзгерістердің нәтижесінде заттар мен құбылыстар өздерінің қарама-қарсылығына айналып отырады. Айталық, суық жылиды, сұйық қатады, жақсылық жамандыққа айналады, т.т. Сайып келгенде, әділеттілік жеңеді, әлсіздер күшіне енеді, дейді Лао-цзы. Ол үстем таптың өктемдігіне қарсы болды, шектен шыққан ысырапшылдықты жоюға, алғашқы қауымдық өмірге қайта оралуға шақырды.

Әрине, заманындағы ғылыми танымның даму дәрежесінің төмендігіне байланысты даосизм анайы материалистік сипатта болды. Бұл ілімде алғашқы диалектикалық ой-пікірлер бой көрсеткенімен дәуір ауқымынан шығандап шыға алмады. Біздің эрамызға жақын дәуірде ежелгі Қытай жерінде қоғамдық даму тоқырауға ұшыраған еді. Үстем таптардың өзара қырқысқандары, бірнеше мемлекетке бөлінген Қытайдағы орын алған патшааралық соғыстар еңбекші халықты әбден күйзелткен болатын. Осындай жағдайларда Лао-цзы ілімі діни-мистикалық сарынға бой ұрып, бірнеше тармақтарға бөлініп кетті. Алайда, Лао-цзыдын өз басын қатты қадыр тұтқандықтан, қытайлықтар әлі күнге дейін оның аруағын сыйлап, бас иеді, жерленген зиратына мінажат етеді.

Философия — (грек. сүйемін, даналық, тікелей мағынасы даналықты сүю) — әлемнің, дүниенің, қоғамның және ойлау жүйесінің ортақ заңдылықтары туралы ғылым. Ой дамуы адамзат қоғамының қай кезеңінде де болған. Әсіресе көне Шығыс өркениеттерінде. Бірақ дін мен мифологиядан өзгеше дүниетаным ретінде ол Ежелгі Грекияда қалыптасты.

Болмыс — бүкіл әлемнің тұтастығын, дүние мен адамның бірлігін, тіршіліктің мәнісін білдіретін философиялық категория.

Миф — бұл ұғымға үш түрлі мағына беріледі: 1) көне аңыз, әңгіме; 2) мифошығармашылық (миф тудыру), мифологиялық космогенез. Әлемнің хаостан жаралуы. 3) тарихи — мәдени шартталған айрықша сана күйі., ол — адамзаттың рухани мәдениетінің алғашқы бітімі.

Дін (араб.- сенім, наным, латынша- сенім, құдайшыл, табыну) — дүниетаным не дүниені қабылдау, сондай-ақ Жаратушының барлығына сену негізіне сәйкес өзін — өзі ұстау.

Анимизм (лат.апіта — рух, жан) — заттық дүние құбылыстарының жандылығын білдіретін термин. Бұл терминді ғылыми қолданысқа ағылшын этнографы және мәдени антропологы Э.Б Тайлор (1832- 1917) енгізген. Оның пікірінше А. кейінгі дамыған діндерге апаратын баспалдақ есебінде болады. Табиғи құбылыстар да қасиетті мағынаға ие болады, олардың рухы және иесі бар делінеді.

Фетишизм — (франц.тұмар, қасиетті күш бар зат) — көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну. Фетиштер арқылы рухани киелі күштер әрекет етеді, қамқорлық көрсетіп, қорғап қоршайды деген түсінік алғашқы адамзаттың мифологиялық — синкреттік санасына сай туындаған болатын. Ф. ретінде әрбір затты қарастыруға болады, тек ол үшін сол затқа өзіндік күш — қуат берілсе болғаны. Ф. элементтерін бүкіл дүние жүзіндегі мәдениеттерден кездестіруге болады. Тотем (солт — америк. Аджибе тайпасының тілінен аударғанда — тек, ата) — белгілі бір тайпаның немесе этникалық топтың шыққан тегі, арғы атасы деп қарастырылатын өсімдік, жануар, зат немесе табиғат құбылысы. Терминді ғылыми айналымға ағылшын жиџанкезі Дж. Лонг енгізген.

Ведалар (санскр.- білім) — үнді әдебиетінің ең көне (2 ғ. соңы — б.з.д. 1 ғ. басындағы мыңжылдықтар) діни және философиялық мұралары. В. әнұрандар мен құрбандық шалу формулаларынан (Ригведа, Самоведа, Яджурведа, Атохорведа), теологиялық трактаттардан (брахмандар мен упанишадтардан) тұрады. Ежелгі Үндістанның мәдени- әлеуметтік өмірі туралы көптеген деректер ала аламыз. Ведаларда Құдай мен адамның арасындағы үйлесімділіктің маңызы дәріптеледі.

Брахманизм — ежелгі Үндістанда ведашылдықтың негізінде пайда болып, оны алмастырған діни — философиялық жүйе. Б.- абсолютті шындық, мәңгі руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнәрсе де жоқ, олай болса, бізді қоршаған ортаның мәні де осы. Б.- да о дүниемен салыстырғанда адам өмірінің өткінші екендігі және оның мәнсіздігі туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегі тағдыры оның бұл дүниелік ғұмырындағы адамгершілік іс- әрекеттеріне байланысты. Брахмандарды құрметтеу, күншіл болмау, адамның өзін — өзі ұстай білуі, мейірімді болу, т.б. қасиеттер қоғамның әр мүшесінің өз орнын табуына мүмкіндік беретін басты шарттар болып саналады. Бұл «карма» түсінігінде түйінделген. Карма — дегеніміз әрбір адамның тіршілікте жасаған іс-әрекеттері мен оның салдарының жиынтығы, осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады.

Буддизм — ежелгі Үндістанда б.з.б. 6-5 ғғ. пайда болған діни — философиялық ілім. Негізін салушы Сиддхарта Гаутама Шакья Муни, кшатрийлер варнасына жататын ханзада, өмір ләззаттары мен нәсіпқұмарлықтан бас тартып, Буддаға (тура мағ. көзі ашылған, түсінген) айналған. Ол — өзінің көзқарастарын «Бенарес уағыздары» атты еңбегінде жүйелі түрде баяндап берді. Адамдар танымға, білімге бастайтын дұрыс жолға түсулері қажет. Бұл жол- тармақтары көп, сегіз салалы жол. Олар: адал сенім, әділ шешім, шындық сөз, шындық өмір, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу және адамның өз бойындағы қасиеттерін үнемі байыту болып табылады. Б. бойынша, өмірдің азаптары жайындағы қасиетті шындық мынадай: өмірге келу — азап, жақсы көрген адамыңнан айрылысу — азап, көздеген мақсатыңа жете алмау — азап. Осы азаптардан құтылудың басты жолы — сегіз салалы қасиетті өмір жолын таңдап алу, жеке өзін азат ету. Карма және жанның қайтадан басқаға ауысуы принциптері бойынша, адам азаптардан о дүниеде де құтыла алмайды. Адамдар төрт қағиданы мүлтіксіз орындауы тиіс: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездікке жол бермеу, ізгілік пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершілік қасиеттерді батыл қолдау. Бұл жағдайда адамдар бақытты нирвана қалпына түсе алады. Нирванада адам карма зандарынан босатылып, өзімен — өзі тұрақты келісімділікке келе алады. Б.Үндістан жерінде қалыптасқанымен, кейін Оңтүстік Азияның көптеген елдерінде басты діни жүйеге айналды.

Дао (қыт. жол) — қытай философиясының ең басты ұғымы. Д- бүкіл әлемнің, әрбір заттың даму заңдылығы, ғарыштық үйлесімділік пен қуаттың жарқын бейнесі. Бір өзі бар абсолютке тең, бүкіл тірліктің негізі, әрбір бастаманың басы. Д.- әрбір қайталанбас сәттің нәрі. Д. Сезім арқылы тануға көнбейді, ол барлық жерде және еш жерде емес, түрсіз және ныспысыз. Заттар әлемі Д. Арқылы жасалып, өмір заңына бағынады, яғни өткінші: барлық заттар ұлы айналымда болады, кейіннен шегіне жетіп, қайтадан өзінің қайнар көзі Д- ға қайтып, содан жаңадан туылады. Авторлығы Лао Цзыға телінетін Дао-Дэ-Цзин (Дао және Дэ туралы кітап) заманынан бері Д. туралы түсініктемелердің өзі бес мың томға жуық болды.

Лао Цзы бойынша, Д.- мәңгілік, негізсіздік, қуыс сынды онтологиялық қасиеттері бар мейлінше кең шынайылық. Бірақ қанша тіл жетпес, түсініктен тыс болса да, ол Дэ арқылы көрінеді. Дэ дегеніміз — ізгілік, әділдік, асыл қуат. Дэ Даоның этикалық көрінісі ретінде адамның қоғаммен, табиғатпен және өз-өзімен қарым- қатынасын табиғи жолмен түзеуге бағытталған. Осы заңдылықтар бойынша, Дао мен Дэ «цзы жэнь» — табиғилық және «у- вэй» — әрекеттенбеу қағидаларын ұстанады. Демек, Д. Ғылыми ілімнен гөрі рәсімге ұқсайды. Бірақ қытайлықтар түсінігінше, Д. Рәсімге де, ырымға да жатпайды. Адамдар ақылгөйліктен бас тартып, әрбір заттың немесе құбылыстың табиғи болмысын таба білуге тиіс.

Индуизм — әлемдегі ең ірі діндердің бірі. И. негізі карма заңына сәйкес жанның істеген ісінің оң не терістігіне сәйкес өлгеннен кейін жаңа түрге айналатындығы туралы ілім. И. діні бойынша, адам өзінің болашақ өмірін белгілі бір кастасы арқылы белгілейді. Әрбір үндіс сол кастаға сай, уағызды қатаң ұстануға тиісті. Осы арқылы о дүниеге барғанда қоғамда жоғарғы дәрежеде болуы мүмкін. И. — де біртекті догма да, әдет- ғұрыптық негіз де шіркеулік ұйым да жоқ. Табыну, культтік ғұрып храмдарда, жергілікті не үй альтарында, қасиетті жерлерде жасалады.

Ригведа — үнді мәдениетінің ең көне діни және әдеби ескерткіші. Ғалымдардың айтуы бойынша, оның жырлары б.з.б 15-6 ғғ.шамасында келген. Егер Веда үндіарийлердің қасиетті білім жинағы болса, Ригведа — жырлар жинағы. Бұл жинаққа сол заман білімінің құдайлар, жын, ғарыш, ритуал, әлеуметтік құрылым, этикалық құндылықтардың бүкіл жиынтығы кірген бірақ Ригведа құдайларды жырлауға арналған мінәжат ескерткіші болғандықтан, оның авторлары тәңірлерді арийлер жағына шақырумен болған. Олардың міндетіне Тәңірлерді мадақтау, олардың батырлығы мен қасиеттілігін жырлау, құрбандық қабылдауға шақыру, арийлер үшін көмек сұрап жалбарыну сияқты көптеген әрекеттер кірген. Бұл арада Құдай мен оған жалбарынушының арасындағы айырбас ахуалы тән. Мифология мен ритуал жағынан Ригведада Авестамен ұқсастық көп.

Сансара (айналып оралу, иірім) — үнді философиясы мен дінінің негізгі концепцияларының бірі. Сансара бойынша тіршіліктің түрлерінің бәрі бір-бірімен тығыз байланысты және бір- біріне айналу мүмкіншілігіне ие. Үнемі өзгеріске ұшырап отыратын әлемде заттардың негізі, мәні ешқашан жойылмайды, тек бір түрден екінші түрге ұдайы өтіп отырады. Сансара концепциясы бойынша, өлім өмірге қарсы қойылған зауал емес, өлім — өмірдің басқа түрлеріне өту жолы.

Синкретизм (біріктіру) — «жігі ашылмаған», біте қайнасқан сөз тіркесінің синонимі болып табылатын бұл ұғым қандай да болсын құбылыстың жетілмеген дамымаған, өзара жіктеле қоймаған бастапқы күйін білдіреді. Бұл ұғым көбінде алғашқы қауымдық немесе архаикалық мәдени кезеңге байланысты көп қолданылады. Өйткені дәл сол мәдени кезеңде мәдениет салаларының жіктелмегендігін байқаймыз. Синкретизмнің мәнін миф, мифологиялық сана өте жақсы анықтайды. Мифтердегі субъект — объектілік қатынастардың жоқтығы, жеке тұлғалық бастаманың көрінбеуі, адамның өзін айналасын қоршаған әлемнен бөліп-жарып қарамауы, т.б. Синкретизм көріністері болып табылады. Архаикалық мәдениеттегі ғылымдардың, өнер түрлері мен наным сенімдердің жіктелінбеген бастапқы біртұтастық күйі архаикалық мәдениеттің синкреттік сипатын танытады. Сондықтан да мәдениет тарихында зерттеушілер алғашқы қоғамдық синкретизм деген үлкен кезеңді айқындайды. Адамзат дамуының бұл сатысында өмір өзінің іріктелмегендігімен, біртұтастығымен бір-бірімен етене тығыс байланыстылығымен сипатталады. Сол мәдени кезеңнің адамдарының дүние танымындағы синкретизм көріністерін алғашқы наным-сенім түрлерінен: фетишизм, анмизм, тотемизм т.б. айқын көруге болады.

Конфуцийшілдік — діни философиялық ілім. Б.з.б. 6ғ Қытайда пайда болған, Конфуцийшілдік негізін қалаушы — Конфуций (Кун — цзы). Бұл ілімін негізіне сүйенсек, адамдар «бекзат» және «төмен» болып екіге бөлінеді. Конфуцийшілдік ілімі бойынша, ел басы болып, қызметші қызметші болып, әке әке болып, бала бала болып өмір сүруі керек. Кіші үлкенін айтқанын екі етпей тындауы керек, төмен сатыда тұрған өзінен жоғары тұрғанға бағынуы керек.

Ян мен Инь — дәстүрлі қытай мифологиясының џәм философиясының басты космологиялық түсініктері. Ян — аспани дүниеге сілтесе, Инь — жердегі әлем. Бұларды қосарланған болмысы және жұп жазбауы бұкіл әлемдік процестердің, адам өмірінің, таза танымның және есті әрекеттердің мәнісін түсіндіреді. Ян мен Инь дүниені тәртіптеуші күш ретінде көрінеді. Сонымен қатар Инь менен Янге төмендегідей сипаттар тән: әйелдік және еркектік, қараңғы және жарық, суық және жылы, жұмсақ және қатты, нұсқа беруші және нұсқа қабылдаушы, туушы және тудырушы. Бірте бірте бұл сипаттар субстанциялық қағида тудырушы ци ұғымына ауысады. Ян мен Инь — жеңіл аспани және ауыр жер және оның нақты өзгеруін тану арқылы әлемдік болмыстың оқиғалық нұсқасындағы жалпымен қатар жалқыда қабылдау мүмкіндігі туралы ұғым аса маңызды еді. Осы қағидаға Қытайдың ең беделді көне кітабы Ицзин құрылған. Барлық әлемдік даму Ян мен Инь қарым қатынасына туындайтын оқиғалар алмасуынан тұрады. Символикалық түрде Ян тұтас горизонтальды, ал Инь үзік сызық ретінде бейнеленді. Олардың жұптары 64 гексаграмға біріктіріледі. Ян мен Инь байланысты жарық және көлеңке сызықтар арқылы қытайлықтар өзінің қазіргісімен болашағын тануға талпынған. Себебі Ян мен Инь космоспен адамзаттын барлық нүктесіне кірігулі болғандықтан адам денесіндегі белгілі байланысы белгілі әрекетке жетелеп, өмірлік күш — циньге әсерін тигізу арқылы денсаулық пен психологияға ықпал еткен. Дүниетанымның қос нұсқалығы, әлемдік тірлікті қарама қайшы күштердің қарым қатынасы ретінде қабылдауы қытай философиясының ерекшелігін құрап оның саяси әлеуметтік, этикалық және ритуалдық болмысына әсер етеді. Бірақ көріпкелдік мәселесіндегі Ицзинның өте үлкен беделділігі Ян мен Инь ерекше аналитикалық мүмкіндігіне нұсқайды.

Дионис мәдениеті — ежелгі грек мифологиясы бойынша жердің құнарлығы мен мол жемісіне қатысты өсімдіктердің тәңірі болып есептелетін Дионис құрметіне өткізілетін мейрам, соның тарихымен байланысты мәдиниет.

1) Дионис — грек мифологиясы бойынша Зевстың баласы. Крит-микен дәуірінде (б.з.б 8 — 6 ғғ) елдегі демостар. Д.-қа өсімдік тәңірі деп табынған. Класикалық дәуірде Д. аты Дельфада, Аполлонмен қатар Афинада кеңінен жайылды. Д.-тың тағы бір грекше аты Вакх, ал Бахус оның латынша аты. Д.-ң құрметіне өткізілетін мейрам Вакханалия деп аталған.

2) Дионисия — Ежелгі грекияда Дионис құдайдың құрметіне өткізілетін мейрам. Афинада б.з.б. 6 — 4ғғ Д.-ң құрметіне «Ұлы немесе қалалық Дионис» өткізілген, ақындар айтысқан, хор орындалған. Көне дәуір өнерінде Дионис бейнесі мүсінделген көптеген ескерткіштер сақталған. Орта ғасыр кітаптарының иллюстрацияларында Дионис молшылықтың бейнесінде суреттелген. Қайта Өрлеу дәуірінің өнерінде Дионис бейнесінде қуаныш, шаттық бейнеленеді. Дионис мәдениетінің сюжетіне 15ғ А.Дюрер, А. Монтень, Аю Альтдорфер, Х. Бальдунг Грин, Тициан, Д. Романо, П. Да Картона, П. Рубенс, Я. Йорданс, Н. Пуссен өз шығармаларында орын берген. Дионис мәдениеті әсіресе бейнелеу өнерінде, живописьте қарқынды дамыды. Дионис мәдениеті барокко бағытына ерекше көңіл бөлді. Микеланджелоның «Вакх» статуясы, осы тақрыпта 19ғ И. Даннекер, Б Торвальдсен, т.б. үздік шығармалар берді. 19 — 20ғғ Дионис мәдениеті музыка өнерінде көрініс тапты. К. Дербюсси «Дионис». Ж. Массен «Вакх» опрасын жазды. Дионис мәдениеті — әлемдік өнердің барлық жанрына үлкен орнын бар мәдениеттің арналы саласы.

Дуализм (екі жақты) — материалдық және рухани мәдениетті екі қарама — қарсы, бірақ негізі мәдени элементте бір — бірімен тығыз байланыста болады деп қарастыратын ілім, яғни мәдениет дуализмі.

Катарсис (тазару) — адамның рухани жан және тән саулығының үндестігі барлық элементтер мен қуаттың бірлігінде екенін көрсететін ұғым. Катарсис ұғымы көне грек философиясынан алынып, қәзірде эстетикада кеңінен қолданыс тапқан. Көне гректер медициналық тазарту, емдеу арқылы денсаулықтағы бұзылған үндестік қалпына келеді деп таныған. Поэзия мен музыкада да Катарсис өзінің қасиетті әсерімен адамның рухы мен жанын тазартады. Катарсиске тән қасиет музыкада барын Пифагор ілімін дамытушылар айтса, Аристотель трагедия арқылы берілетін үрей мен қайғыдан да әсерлі нәтиже туатыны айтқан. Катарсистің көрінісіне өз еңбектерінде Платон, Әл-Фараби, К.А. Иасауи, Лессинг, Абай, т.б. ұлылар тоқталып өткен.

Космогония (дүние, әлем ғарыш) — астрономия ғылымының үлкен бір бөлігі, космостық объектілер мен жүйесін зерттейтін арнаулы саласы. Дүниенің пайда болуы туралы көне таным дін мен мифте аныз болып айтылады және оны әлемнен сырт тұрған жаратқан күштің иесі туралы айтылады.

Космос (ғарыш, әлем) — Ежелгі грек философиясында әлемнің әсем ұйымдасқан жүйе ретінде тұтас бүтіндігін көрсететін термин. Космос қәзіргі таңда әлемді айқындаудың синонимі ретінде қолданылады. Жақын космос жер мен оның кеністігін қарастырса, алыс космос жұлдыздар әлемі мен галактиканы қамтиды.

Құран (дауыстап оқу, жатқа айту) — барлық мұсылмандардың ең басты қасиетті кітабы. Құран 114 сүреден тұрады. Мұхаммедтің 610-632 жж. аралығында Мекке мен Мединеде пайғамбарлық аяндары түрінде айтылан уағыздарының жинағы. Аспаннан Алла тағаланың жіберуімен бірнеше рет түскен аяндар негізінде жазылған. Барлық мұсылмандардың қасиетті кітабы болғандықтан, Құранның мұсылман әлеміндегі орны ерекше. Құранды әлемдік мәдениеттегі ең негізгі кітаптың бірі ретінде адамзат қоғамы мойындап отыр. Логос (ұғым, ой, сана) — көне грек философиясында бәріне ортақ заңдылық, рухани бастау, әлемдік сана, абсолютті идея.

Мид Маргарет (1901-1978) — американ антропологы, есімі архаикалық мәдениеттер формасын зерттеулері және мәдени антрапология саласындағы жұмыстары арқылы белгілі. «Мәдениет пен тұлға» мәселесін 3 бағытта дамытты: балаларды әлеуметтендіру, сексуалдық рөлдердің мәдени мәні, тұлғаның әлеуметтік және мәдени өлшемі мәселелерін зерттеу. Мид зерттеулерін теориялық тұжырымы мынандай: мәдени норма өлшемдерін «Қарабайыр өркениеті» дихотомиясынан бас тартуға дейін релятивтендіру; ғылымды тек әртүрлі, оның ішінде діни де ақиқаттарды тану процесі деп қарайтын неоканттық гносеологиялық үлгі; нақты мәдениеттегі қоғамдық сананың сипаты сол мәдениет үшін маңызды ұғымдармен жиынтығымен анықталады деп танитын философиялық симантика. Мид мәдениет тарихында мәдениеттің 3 түрлі типін ажыратады: баларлары ата-бабаларынан үйренетін посфигуративті; балалар да, үлкендерде оз теңдес, қөатарластарынан үйренетін конфигуртивті; үлкендер өз балаларынанда үйренетін крефигуративті. Мидтің теориялық және мәдениет танушылық зеттеулері оның әлемдік «ниеттестік мәдениеті» утопиялық жобасын қалыптастыарды. Ең алдымен адамзаттың симатикалық тұтастығы жасалуы, яғни жазудың универсалды жүйесі жасалуы, содан соң бір тіл жасалып шығарылуы керек. Жаңа мәдениетте бірге күн кешудің, өмір сүрудің өлшемі отбасына үлкен, бірақ рулық қауымдастықтан өмір сүруін алқалы жиыншылдық, ұжымшылдық пен жеке адамдық либералды құндылықтардың үйлесімі қамтамасыз етуі керек.

Политеизм (көп құдай) — көп құдайшылдық, пұтшылдық, көптеген құдайларға табыну. Политеизм архаикалық қоғамдарда рухтарға, перілерге табыну негізінде пайда болды. Политеизмде тылсым дүние құдайлардың иерархиясы ретінде көрініс табады. Әрбір құдайдың жеке билігі, өз атауы, кескін-келбеті бар. Олар қоғам мен табиғаттың белгілі бір саласына үстемдік етеді. Пантеонның басында жоғары Құдай немесе бірнеше құдайлар тұрады. Политеизм басқа халықтардың құдайларын танудан бас тартайды. Политеизм ритуалында храмдар маңына топтасқан абыздар рөл атқарады. Ежелгі түркілерде мысырлықтардың, гректердің, римдіктердің сол сияқты Үнді мен Жапонияның діндері осындай сипатта.

Сопылық дүниетаным — исламда 13 — 9ғғ пайда болған діни-мистикалық ілім. Сопылық ілімнің ислам әлемінде кең таралуы Джами, Руми Әл-Фараби, әл-Ғазали, Хағиз, О. Хайям секілді исламның классикалық кезеңінің ойшылдарына баланысты. Сопылық ілім адамды жетілдірудің жеке-дара діни-мистикалық жүйесі болғасын онда эзотерикалық сипат басым. Сопылық жолға түсу алдымен ұстаз табудан басталады. Кейін ұстаздың бақылауымен мүрит психофизикалық жаттығуларға көшіп сопылық танымын ілімдік негіздерін ұғынуға көшеді. Сопылық жолға түскендер танымның 3 сатысынан өтеді: шариатты тану, тарихатқа түсу, хақиқатқа жетіп, фана болу. Орта Азияға кең тараған Қожа Ахмет Иассауидің ілімі бойынша, сопылықтың 4 ші сатысы бар, ол — мағрифатқа жету. Христиан дінімен салыстырғанда, исламның Құдайы тұлғасыз болғандықтан сопылықта микрокосм макрокосмда жоғалады. Әл — Халладж, әл-Бистамилар өздерін Хақпен теңеген. Бірақ сопылық тұрғысынан фана — буддизмдегідей жолдың ақыры емес, адам жанының мәңгілік ғұмырға көшуі. Сопылық жолының өзге діндермен ұқсастығы оның көп мәдени ықпалдан өтуін айғақтап, көптеген философиялық және танымдық сауалдар туындатады. Қазіргі арап ғалымдар Еуропадағы көптеген рыцарлық, масондық христиан философтарын Еуропалық сопылық дәстүрге жатқызады. Орта Азия мен Қазақстанда орта ғасырдан бері сопылықтың Иасауи және нақышбандиалар бағыты таралған.

Фома Аквинский — (1225-1274) — италияндық діни ойшыл. Католикалық шіркеудің ең ірі ойшылы. Дегдар отбасынан шықса да, ол ата-анасының қарсылығына қарамастан, доминикалық діни ұйымға кіреді. Париждегі Сенжак монастырында, кейін Париж университетінде дәріс береді. Италияға қайтып Рим Папасының сарайында болады. Сол жылдар ол Аристотельдің философиясын тереңдетіп, өз ілімінің негізіне айналдырады. 1269 жылы Парижге қайтып оралып, Құдай тану қосындысы жұмысын жалғастырады. 1274 жылы Неапольдан Лионға шіркеулік кеңеске бара жатып қайтыс болады. Философия қарама қайшылыққа ұрынған шағында, оның көмекке дінді шақыруы қажет. Фома Аквинский — теоретикалық теологияның негізін қалаушы. Фома Аквинский ілімінің негізіне құдайды қойып, бірте-бірте періште мен адамдарға түсіп, шіркеу мен мистика арқылы болашақ өмір іліміне көтеріледі. 1879 жылы Папа Лео 13 католикалық унтер мен сименариялардағы сабақ берудің тым төмен дәрежесіне таң қалып, Фома Аквинский зерттеуді оқу бағдарламасының міндетті шартына айналдырады. Міне сол кезде ғана Мерьсе неотомистік ілім ашып, оны кейінгі шәкірттері томизмді жаңаша ағымдар — феноменология мен экзистенциализммен біріктіруге тырысқан.

Ренессанс, Қайта Өрлеу — Батыс Еуропа мәдениетінің даму кезеңі (14-16ғғ). Антиктік идеалдар мен құндылықтарды жаңғырту және орта ғасырлық мұрадан арылу ретінде қалыптасы. Алдымен Италияда кейіннен Еуропаның басқа аймақтарынан таралды. Зайырлы мәденниеттің рөлі артады. Бұл дәірдің мәдениеті гуманизм құндылықтарына негізделеді. Сондықтан бұл дәуір қайраткерлерін гуманистер деп атайды. Оның өкілдері осы дәуір мәдениетіне ой еркіндкгі мен сыни көз карасты енгізді. Ренессанс дүние танымы антропоорталық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы — адам, ал Құдай — барлық заттардың бастауы. Қоғам- адамдар әрекетінің нәтижесі. Бұл дәуір адамның өзіндік санасы өзін таныту, өз куш, қабілетін сезіну ретінде корініс табады. Сондықтан мұнда «алыптар» аталған ірі тұлғалар: Леонарда да Винчи , Тициан, Петрарка, Сервантес, Пико делла Мирандолла, Бэкон, Кампанелло, Эразм, т.б. өмір сүрді. Тән сүлулығына адамға деген қызғушылық қайта жанғырады. Өнерде адамы қуанышы мен бақыты талап-тілектері мен құштарлықтары бейнеленеді. Өнерде антиктік адам идеялы, сұлулықты үйлесімділік пен өлшем ретінде түсіну қайта жанғырды.

Реформация (қайта құру түзеті) — римдік католиктік шіркеудің монополиясында, христиан діни ілімін Папа билігі тұрғысынан түсіндіруге қасы бағытталған Солтүстік және Орталық Еуропадағы 16ғ діни — қоғамдық қозғалыс Реформацияның көсемдері және негізін салушылар — М. Лютер мен Ж. Кальвин. Реформацияның нәтижесі христан дінінің жаңа тармағы — протестантизмнің пайда болуы. Протестантизмнің римдік-котоликтік шіркеуден бөлінуін Папа тағы заңды түрде мойындады. Протестантизмде шіркеу осы дүниелік институтқа, ал Інжілді білу оның діни негізіне айналады. Зұлымдық — діни надандықтың синонимі, олҚұдай сөзін білмеудің салдары. Дүниені Құдай сөзін халыққа түсінікті тілде уағыздау арқылы түзетуге болады.

Иррационализм (лат.нтаіюпаііз- ақылға қонымсыз, санадан тыс) — табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық қағида. И. Ағымын ұстанған ғалымдар К. Ясперс, К.Юнг және тағы басқаларМәдениеттің табиғаты, оның ерекшелігі туралы иррационалистік таным Ницще, Бергсондардың «өмір философиясында», Ясперс, Сартр сияқты экзистенциалистердің еңбектерінде қалыптасты.

Ноосфера, ақыл-парасат сферасы — биосфера дамуындағы, адамның рухани шығармашылығы шешуші мағынаға ие болатын ерекше кезең.Бұл ұғымды 20ғ. 20ж. француз философы Э. Леруа енгізді. Араға ондаған жыл салып, Н. Теориясы Вернадский мен Тейяр де Шарденнің бір кезде іс жүзінде жасалған жұмыстарында өз дамуын тапты. Екі ғалым да дүниетанудың бастау тұсы- Адам, өйткені адамның пайда болуы ғарыштың заттық эволюция процесімен байланысты дегенді негізге алады. Олар адамның пайда болуын сананың қуатты концентрациясымен, оның өз- өзімен тұйықталуымен байланыстырады, өйткені мұндай қалып дүниеден адамды ерекшелендіретін жеке тұлғаның негізінің пайда болуына бастайды деп есептейді. Бүкіл адамзат бірыңғай тұлғаға біріккенде Н- ның жасалуы аяқталады. Бірақ эволюция әрі қарай жалғаса, жүре береді. Вернадскийдің пайымдауынша, ол дегеніңіз- планета мен жер айналысы кеңістігінің жаңа қабаттарын қамти отырып саналы түзілуі, ал Шарденнің пікірінше, Н.- нің бұдан арғы эволюциясы адамзаттың Құдаймен қосылуымен қорытындыланатын сапалы өзгерістерге әкеледі. Екі теорияның елеулі ұқсастықтарымен бірге айырмашылықтары да бар: Вернадский ғылыми білімнің пайда болуы мен дамуын тіршілік иесі эволюцияның негізгі векторы деп танып, жоғары бағалады.

Трансцендентальдық (лат.тілінде — аттап кетушілік, межеден асып кетушілік) Канттың тәжірибеден алынбаса да тәжірибеге ықпал жасайтын о баста есте бар нәрсені белгілейтін философиялық ұғым; трансцендентальдықтың түрлеріне кеңістік пен уақыт, себептілік, қажеттілік сияқты басқа да категориялар жатады.

Феномен (грек тілінде-келіп көрінетін, құбылыс). Философияда санада болатын субьективтік және сезім тәжірибелері арқылы ұғынуға болатын құбылыс. Сирек әдеттегіден тыс, төтенше құбылыс.

Императив (лат.тілінде — бұйрық , әмірші, жарлық). Кесімді императив — этикада. Кантта о баста ақылға берілген, мәңгілік өзгермейтін, өнегеліліктің негізін құрайтын сөзсіз болатын моральдық жарлық..

Иррационализм (лат. — ақылға қонымсыз санадан тыс) — табиғат, мәдениет құбылыстарын, адамгершілік бастауларын байқататын методологиялық принцип, әдістанушылық қағида.

Панлогизм «грек тілінде: пан — бәрі, барлық; логос — ақыл, ой, сөз). Философияда ақиқатты — идеяның логикалық айтылуы, спекулятивтік ұғымдардың өзін-өзі ашуы, өзін ойлайтын субстанция, «өзінен-өзін танитын ақыл», деп санайтын принцип. (Г.Гегель)

Философиялық антропология — оны жақтаушылар адасудың бастауын адамның өзінің табиғатында, эмоционалдық, иррационалдық қасиеттерінде және адам болмысының тұйықтығында, шектеулігінде деп білді. Сондықтан бұл адасуларды жоюдың негізгі құралдары — ағартушылық, ғылымды дамыту, адам болмысының көкжиегін кеңейту және таным процесін, сонымен жалған идеяларды әшкерелеу болып табылады.

Ежелгі Үнді философиясы

Үнді философиясы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді.
Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:

Варналар — топтар Варналардың өкілдері
Брахмандар Абыздық варна
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары
Вайшьялар Егінші-варналар
Шудралар Төменгі варна

Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді.
Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды.
«Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бір-ақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.
Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:

Бөлімнің атауы Негізгі мазмұны
Ригведа
Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды.
Брахмандар Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.

Араньяктар
_________________ Орман тақуаларының кітаптары.

Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы — «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау — брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім — эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы — рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.

Упанишадтар негізінде Үндістанда пайда болған барлық немесе барлық дерлік бұдан кейін пайда болған философиялық ағымдар үшін негіз болып табылады, өйткені онда ұзақ уақыт бойына Үндістанның философиялық ойын «қоректендірген» идеялар қойылып, өңделді.
Ежелгі үнді философиялық мектептерін екі бағытқа бөліп қарастырамыз: а) Астика – Ортодоксалды (Веданы мойындайтын) философиялық мектептер.
Вайшешика – атомистикалық ілімге негізделген мектеп. Мектептің атауы «вишеша» — «ерекшелік» деген мағынаны білдіреді. Вайшешик мектебі б. з.д.VI-Vғ.ғ. п.б. Вайшешик философиясы бүкіл дүниенің пайда болуы мен ыдырауын атом ілімі арқылы түсіндіруге көңіл бөледі. Атомның төрт түрлері – жердің, ауаның оттың және судың атомдар байланысы дүниенің тұтастығын құрайды. Осындай тұжырымы үшін вайшешиктерді атомистер деп атайды. Вайшешиктер күрделі объектілердің пайда болуы мен жойылу тәртібін, олардың мәңгі еместігін түсіндіруге көңіл бөледі. Атомдардың байланысын сезінуге болмайды, логикалық тоқтаммен ғана түсіндіруге лайықты. Дүние – физикалық денелер мен тірі заттар қарым-қатынасының жүйесі. Дүниедегі тәртіпті мораль, адамгершілік тәртібі дерлік. Өйткені өмір мен әрбір индивидтің тағдыры кеңістік пен уақыттың физикалық заңдарына ғана тәуелді емес, олар карманың жалпылама моральдық заңына да бағынышты.
Ньяя — гносеологиялық мектеп. Ол б.з.д. III ғ. пайда болған. Ньяя философиясының негізі Готаманың (немесе Гаутаманың) «Ньяя- сутр» шығармасында қаланған. Ньяя философиясын көбінесе ойлану туралы және сыни талдау туралы ілім деп жатады. Осындай ұйғарымға жетелеген себеп те бар. Готама дұрыс танымның жағдайына және шындықты танудың тәсілдеріне айрықша мән берген. Ньяя философиясы логикалық проблемалармен көп шұғылданған. Десекте, ньяя философиясының басты, түп мақсаты — бұл мәселе ғана емес, адам өмірін мәңгі азап-қайғыдан құтқару жолы. Осы тұрғыдан алғанда ньяя философиясының-шындықты тануға, логикасының – дұрыс танымның тәсілімен жағдайларын анықтауға тигізер ықпалы мол.
Йога – адам психологиясы, түрлену дөңгеленген азат болу ілімі. Йога б.з.д. II ғ. пайда болған. «Йога» сөзі «шоғырлану» деген мағына береді, оның негізін қалаушы болып кемеңгер Патанджали есептелінеді. Йога жүйесі ведалық дәстүрді іс жүзіне асыруға, күнделікті тіршілікте үйретуге ерекше мән берді. Йога жүйесі рухты дене арқылы, дененің сыртқы қызметін барлық шектеулерден босатпақ, тіпті босататын теориялық нұсқауымен және практикалық негізімен тартымды.
Йога жүйесіндегі басты мәселе — жаттығу тәсілдері мен практикасы арқылы жеке адамды өзін-өзі ұстауға, өзінің сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін баулуға үйрету.
Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру.
Миманса – таным мәселесімен айналысты. Ол б.з.д. III ғ. пайда болды. Мимансаның негізі Джайминидің «Сутрасында» қаланған.
«Миманса» сөзі «кейбір проблеманы ойлану және сыни талдау арқылы шешу» деген мағынаны білдіреді. Мимансаның пәні — карма немесе рәсім-салт мәселелері. Мимансаның бастапқы мақсаты — ведалық салт-рәсімді сақтау және қорғау.
Сонымен қатар, Миманса философиясында таным теориясы, метафизика, этика теолоиямен қатар қарастырылады.
Санкхья – қос реализмді, пуруша мен пракританы қабылдаған философиялық жүйе. Оның негізін қалаған Капила. Санкхья терминінің мағынасы туралы көп болжамдар таралған. Санкхья дегеніміз — сан, танымның объектілерін санау арқылы тану.
Веданта философиялық толғаныс пен талдауға толы бағдар. Веданта идеясы мынандай қағидаға сүйенеді: тұтас және елестеулі дүниенің, күллі нәрсенің түп негізі – Абсолютті шындық, Брахман. Ол — бөлінбес тұтас біреу. Әр адамның рухани «Мені», оның Атманы осы түп негізбен бара-бар.

ә) Настика — Ортодоксалды емес (Веданы мойындамайтын) философиялық мектептер.
Буддизм – Үндістанда б.з.д. VII – Vғ.ғ. шамасында пайда болған. Буддизмнің негізін қалаған Сидхарта Гаутама. «Будда» термині «жарқырау», «сергу» деген мағынаны білдіреді. Буддизм ілімінде төрт түрлі ақиқат ілім негізделген.
1.Азаптану.
2.Азаптанудың себебі.
3.Азаптанудан босану.
4.Азаптанудан босануға апаратын жол.
Будда кейіннен нағыз шындыққа жетудің және нирванаға жақындаудың сегіз сатылы жолын атап өтеді:
1.Шынайы сенім. Дүние қайғы-қасіретке толы, оны тоқтату үшін ой мен бойдағы құмарлықты басу керек деген Будда сөзіне сену;
2.Тура, әділ ұмтылу. Өз құмарлығың мен қызбалықты шектейтін қасқа жолды біржолта айқындау;
3.Шыншыл сөз. Айтпақ сөзіңді мұқият қадағала, ол зұлымдыққа итермейтін, қайта дұрыс, рақымды болсын;
4.Дұрыс істер.Теріс ниетті, қас қимыл-әрекеттен сақтану, игі іске икемді болу;
5.Дұрыс өмір. Тіріге зиян келтірмейтін, құрметтеуге тұрарлық өмір сүру;
6.Дұрыс ой. Ойыңның бағытын саралай отырып, одан, күдікті, күмәнді нәрсені қудалап, жағымдыны жалғастыру;
7.Ақ ниеттер. Зұлымдықты ойыңа алма;
8.Тура, дұрыс пайымдау. Ойыңды үнемі және төзімділікпен жаттықтыру, шындыққа жетпек талпынысты өзіңе шоғырландыру, оның тереңдету қабілетін шыңдау.
Жайнизм –б.д.д.. V ғ. діни ағым ретінде қалыптасады. Негізін қалаушы – Махавира. Жайнизм мына идеяларға сүйенді: Адамның жаны, рухы оның тәнінен, дене терісінен нәзік, биік, құдіретті. Оның басты мақсаты – қасірет деп түсінген, өмірден азат болу. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз қылықтарының теріс салдарын осы өмірде жеңуге болады.

Ерте Үнді философиясы

Жалпы адамзат баласының тарихында қола дәуірінен темір дәуіріне өту өндіргіш күштердің ширақ дамуна ғана әкелген жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдіреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғышқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялы ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды.

Ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысады. Бірақ, мұндай көзқарас әліде болса философиялық деңгейге жете қойған жоқ еді. Себебі, Ежелгі Шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалыптасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктерімен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.

Көне Үнді философиясы алғашқы қауымдық қатынастар ыдырап, оның ронына құлдық қоғам орныққан кезде дүниеге келді. Сол кездегі философиялық ойларының негізін діни мифологиялық жүйеленр құрды. Ой –пікірлерімен қоғамдағы күнделікті шарттарының себептері де бар. Себебі, Үнді қоғамы төрт варнадан ( «варна»- жамылғы, қабық, түрі- түсі мағынасын білдіреді.) тұрды:

1) брахмандар: әулиелер

2) кшатрий: әскербасылар

3) вайшьи: ( купцы)

4) шудра: қызметкерлер мен шаруалар

Әр «варна»- адамдардың қауымдастық салт –санасын, жоралғысын мұқият орындайтын, соғаг орай қоғамдағы орыны анықталған, сол талаптармен шектелген топ. Әр варнаның мүшелерінің өзіндік атқаратын дәстүрлі қызметі болды.

«Брахман» – ертедегі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, ақ түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши»- «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу» мағынасын білдіреді. Кшатрийлер қызыл түсті ұнатқан. «Вайшья» –«тиістілік, тәуелділік» мағынасында, сары түсті қабылдаған. «Шудра»- шаруалар- қара түстілер.

Үнді философиясының тарихы мына кезеңдерге бөлінеді.

• Ведалық кезең (б.д.д. ХY ғ- YII ) — өркениетті қалыптасу дәуірі

• Эпикалық кезең (б.д.д. YI-б.д. Iiғ) – ұлағатты поэмалар «Рамаяна» мен «Махабхаратаның» дүниеге келген аралықтары. Бұл кезеңдегі философиялық ойлар үш түрлі сатыдан өтті деседе болады.

1) веда беделін терістегендер. Б.д.д. УІғ мектептер Жайнизм, Буддизм, Чарвака- лакаята

Махабхарата кітабының алтыншы бөлімі – Бхагавадгитаның теориялық құрылымын қалыптастыру кезеңі (б.д.д. У-ІУғ)

2) Веда беделін қабылдаған, оның мәндерінде сүйенген санкхья, йога, миманса, веданта, ньяя секілді мектептер.

• Сутралар және олардың түсіндіру кезеңдері ( б.д.д. ІІІғ бастап)

Ерте Үнді философиясының қаклыптасуы мен дамуы әртүрлі мектептер, ағымдар, ілімдермен байланысты. Филиософиялық көзқарастар б.д.д. УІІ-УІ ғ.ғ. қалыптасты. Олар екі топқа бөлінеді:

1) Астика (ортодоксолды) бағыты- ведалардың беделін қабылдаған,

мойындаған мектептер жүйесі. Бұл ағымға Веданта, миманса, санкхья, ньяя,

йога және вайшешика мектептері жатады.

2) Настика (ортодоксальды емес)–веда беделін мойындамай, қабылдамаған Жайнизм, Буддищм,чарвака- лакаята ілімдері

Көне үнді мәденитінің қайнар көзі – вежалар. Ведалар (білім жүргізу мағынасын білдіреді) – ерте үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынсатарын қамтитын діни және философиялық көзқарастарға толы, табынудың, жалбарынудың құрбандық шалу салты туралы гимндердің жиынтығы.

Ведалар (білу)–ертедегі үнділердің: Ригведаның, Атхарваведаның, Самаведаның, Яджурведаның қасиеттті кітаптарының жиынтығы. Аталған кітаптарға қатысты брахмандарда үнді ғұрпының мистикалық мағынасын түсіндіріп, ведалардың символикасы ашып көрсететін араньяктарда (орман кітабы), кейіннен жазылған упанишадтарда (ведаға табыну, мифолого- философиялық тұрғыда негізделетін құдай, адам , табиғат туралы жлпы пайымдау) «веда» сөзімен белгіленеді. «Веда» сөзі «қасиетті кітап, асқан даналық» мағынасымен де қолданылады.

Ведента («Ведтердің аяқталуы»)- үнді философиясындағы Веда беделін қабылдаған жүйелердің бірі.Негізін салған Бадараяна- индивидті жанды сансарадан құтқару.

Бұл әлемнен басқа да әлем кеңістігінде еркінжағдайда және материалдық атомдармен байланысы бар сансыз көп жан өмір сүреді.

Ишнара құдайы ең жоғарғы жаратушы емес, бірақ атомдар үйлесімін жасап, жанды атомен байланыстырып, ажырата алады.

Иога – негізін салған Патанджали. Сана мен тінді біріктіре отырып, сыртқы әсерлерден алшақтау. Веданы қабылдағандар бұл процесті мокшаға жету, яғни азаптан құтылу деп түсінген.

Вайшешика (ерекшелік) – алғаш рет Канада жүйелі түрде түсндіріп берген. Дүние тоғыз субстанциядан: жер, су, жарық, ауа, эфир, уақыт, кеңістік, жан, ақылдан тұрады. Материалдық объектілердің бәрі алғашқы төрт субстанциялық атомдардан құралады. Атомдар мәңгі, көзге көрінбейді, бөлінбейді. Сол атомдардың бірігуін дүниежүзілік жан басқарады.

Ведалар адамдардың қалай өмір сүу керектігі туралы түсінік беретін заңдылықты – дхарма дейді. Әркімнің дхармасы құдай, жанұя, көршілер алдындағы парыздары, әрекеттері болып табылады. Әрине әркімнің дхармасы варнасына байланысты қалыптаспақ. Дхарманы орындаған адам қайта өмірге келуден құтылады.

Буддизм – талап–тілектен бас тарту жолы арқылы қасіреттен, азаптан арылып, Нирванаға («мәңгілік рахат») жетуді көздейтін іни ілім әрі философия. Үндістанда б. д. д. 6-5 ғ. ғ. дүниеге келді. Қазіргі кезде Цейлонда, Жапонияда, Қытайда, Непалда, Бирмада, Тибетте және т. б. елдерде ресми дін ретінде таралған. Негізін салушы «Будда» («нұрланған») деп аталған Сидхарта Гаутама. Ол қайғы–қасіреттен айырылу үшін имандылық, игі қасиеттерін жетілдіру жолдарын іздейді. өмірден баз кешіп, түлі рахаттардан бас тарту Нирванаға жеткізеді деп санады. Бірақ ол үшін «карма», яғни адам баласының қылығы дұрыстану керек. Сол бойынша адам қайта туудан («сансарадан») арылмақ. Будданың ілімінше адам баласы дүниедегі төрт ақиқатты түсінбей, сегіз игі жолды игермей сансарадан құтыла аомайды.

Сансара – өмірге қайта келу, қайта туу айналымы.

Карма – іс–әрекетіне байланысыты адамның болашағы анықталатын заңдылық. Буддизмнің енгізгі идеасы – «орташа жол»: «рахаттану жолы» мен «аскеттік жолдың» ортасы.

Буддизмнің төрт игі ақиқаты:

1. өмір – азапқа толы;

2. азаптың себептері бар;

3. азапты тоқтатуға болады;

4. азапты тоқтататын жолдар бар.

Ол азаптан құтылу үшін сегіз сатыдан тұратын жолдары:

1. дұрыс қабылдау (видение);

2. дұрыс ойлау;

3. дұрыс әрекет;

4. дұрыс өмір сүру салты;

5. дұрыс күш жұмсау;

6. ақылды дұрыс қолдану;

7. дұрыс ой шоғырландыру.

Аталған сегіз жолды дұрыс игерген адам «архат» деп аталады, яғни қайта туу тоталады.

Буддизмгің негізгі екі бағыты бар:

1. Хинаяна

2. Махаяна.

Махаяна – адамды азаптан құтқарудың кең және еркін жолдарын уағыздады. Басты қағидасы – әр адам Нирванаға жете алады, яғни өзін құтқара алады.

Хинаяна – Нирванаға тек әдіс пен данагөй әрекет қана жеткізеді. Ақиқаттың жоғарғы жолы әдіс пен даналық шеңберінде, бағытында.

Махаяна Үнді жерінің солтүстігінде, хинаяна оңтүстік және оңтүстің–шығысында басымырақ таралған.

Жайнизм – үнді философиясындағы ортодоксалды емес жүйелердің бірі. Б. д. д. 6 ғ. шамасында пайда болған. Негізін салушы – Вардхамана (Махавида–кейінгі атауы «ұлы тұлға»). Кейде Джина деп те аталады («карманы жеңген»).

Вардхамана ( шамамен б. д. д. 599-527 ж. ж.) кшатрия ортасынан шыққан, 28 жасынан ел кезген аскетке айналып, 12 жылғы үнемі діни жаттығулардан кейін «жоғары шындыққа» жетеді. Өмірінің басым көпшілігін өз монахтарының қауымдастығы қалыптастырған кзқарастады уағыздаумен өтеді.

Ол жаңа діни философияны 24 тирханкалармен («жолды ашушылармен») бірге жасайды.

Жайнизм ілімі үшін адам өмірінің негізгі мақсаты – «босатылу».Жайнистер дүниедегі заттадың барлығы жанды деп есептейді.

Құмырсқыны өлтірудің өзі күнаға жатады. Ал егер өлтіріп алса, кармасын төмендетіп алуы мүмкін. Ал жанның «босатылуы» тікелей карма заңына байланысты.

Жайнизмнің негізінде «таттвалар» – «мән» туралы ілім жатыр. Ола дүниені құрайтын негізгі материалдар, сонымен қатар білім құраушы ақиқат. Ең басыт екі татва – негізгі қасиеті, ерекшелігі таным болып табылатын джива (жан) және аджива (материалдық заттар). Материя – аңғаруға болатын түс, иіс, дыбыс және дәм сынды қасиеттері бар адживаның бір түрі. Ол атомдардан тұрады, сезім мүшелеріне әсер етеді, өзгерістерге ұшырайды, бастау мен соңы болмайды және оны құдай да жаратпаған. Бірегей немесе жалғыз жан, яғни құдай жоқ: тірі мәнге айналдырылған немесе айналдырылмаған орасан көп және өзгермейтін мөлшерде жан бар. Материя сияқты жанды да ешкім жаратпаған, әуелден бар және арқашан бола бермек. Жан бәрін білуі, біріне енуі, бәрінен құдіретті болуы керек, бірақ оның мүмкіндігі өзі өмір сүретін денемен ғана шектелген. Жайнизм этикасы бар тішілік иесіне зұлымдық жасамау туралы ілімге сүйенеді.

Локаята – Веда ілімдеріін жоққа шығарады. Чарвака негізін салған лкояттардың пікірінше, брлық денелер махабхут деп аталатын төрт түпнегізден тұрады: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Ола өзіне тән күштің, белсенділіктің арқасында зара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайы келгенде, бұрын өздерінде жоқ қасие – санаға ие болады. Ал денелер өлгенде, олар қайта бөлшектеніп, махабхуттармен бірге сана да жойылады.

Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыт – ләззат деп түсінген. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып білуде ақылдан сырт, сырт күш туралы ілімдерден, белсенділіктен еш пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ғана ала аламыз. Кейіннен келе локаяттар суйшикши (нәзік) және дхурта (дөрекі) деп аталатын екі салаға бөлініп кетеді.

Миманса- Прабхакара және Кумарила. Веда беделіне оралуға шақырады. Олардың ойынша Ведалар- жоғары сезімдік субстанция, танымның көзі.

Санкхья — негізін салған Ишваракришна. Дүние- материалды бастама (пракрити) мен абсолютті рух (пурушни) байланысынан әлем пайда блды деген көзқарасты ұстанушылар.

Ньяя — негізін салушы Акшапада Готама. Ньяя ілімінде логика мен гнесология өте үлкен роль атқарады. Ньяя ілімінің тұжырымдауынша атомдардан тұратын, олардың үйлесімі барлық нәрселерді құрайтын материалдық әлем бар.