Тақырыбы: Қыстап қалатын құстар.
Мақсаты: Балалардың құстар туралы түсініктерін кеңейтуге, табиғат байлығын қорғау сезімдерін дамыту.
Амандасу рәсімі:
«Қуаныш шеңберінде» тұрып, жіпті лақтырып, тілек айту. «Мен өз сүйіспеншілігімді саған білдіремін. Бүкіл әлемдегі барлық балаларға жақсылық тілеймін». Жіпті бір-біріне лақтырып, шетін әр бала алып, тор пайда болады, ең соңында қайшымен қию керек. Әр баланың қолында жіп қалады.
Кіріспе бөлім:
Қыс туралы әңгімелеу.
— Балалр, қазір жылдың қай мезгілі?
— Қыс екенін қайдан білдіңдер?
Қар жауды, адамдар жылы киінді, күн суытты. Адамдар, аңдар, құстар барлығы да қысқа дайындалады.
Кейбір құстар жылы жаққа ұшып кетті, ал кейбіреулері қыстап қалады.
— Балалар, енді мен сендерге Т.Тайбазарұлының «Қайтпай қалған қарлығаш» әңгімесін айтып берейін.
Әңгімені талдау.
— Балалар , әңгіме не туралы?
— «Қайтпай қалған қарлығаш» деп неге аталған?
Әңгіме қарлығаш туралы екен. Оның қанаты жарақаттанып, жылы жаққа ұша алмай қалыпты.
(Осы кезде есік қағылады)
— Балалар, біреу есік қағып тұр, тыңдаңдаршы. Көрейік, кім келді екен? Балалар, бізге Ақшақар қонаққа келіпті.
Ақшақар:
— Мен орманнан келдім. Қыс апаларың сендерге құстарым орманнан ұшып кетті, соларды ұстауға көмектесіңдер деп сәлем айтып жіберді.
— Балалар, біз Қыс апамызға көмектесейік. Апамыздың орманында қандай құстар қыстап қалатынын біліп алайық.
— Ол үшін ойын ойнайық.
Ал, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық.
Қандай жұмбақ болса да,
Шешпей оны қоймайық.
Жұмбақтар
Қонып алып жарға,
Қарқылдайды (қарға)
Өзі сақ, өзі ұзын,
Шықылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі бұтақтан бұтаққа ауысқан,
Бұл қандай құс (сауысқан)
Енді, келесі құстар туралы білу үшін тақпақтар айтамыз (Торғай, үкі, тоқылдақ туралы)
Айтылған құстар суреттерін «жемсауыт» артына жапсырылған магнитті тақтаға қондыру.
Сергіту сәті.
Қарға біздің қар, қар,
Сауысқаныс саңқ, саңқ.
Торғайларым шиқ, шиқ,
Жапалағым ух, ух.
Көкек көкек, көкек деп,
Ұшады екен желпілдеп.
— Балалар, қалай ойлайсыңдар, құстар орманнан біздерге неге ұшып келді?
— Олар жем іздеп келді.
— Олай болса, балалар, біз құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға жем берейік. Ол үшін мына кітаптағы суреттерге қарап, қыстап қалатын құстың атын қай бала дұрыс айтса, сол бала құстарға келіп жем шашады.
Табиғат тілашарынан
«Қыс ұясын қарайла, бұзылмасын абайла» тіркесін жаттайық.
— Балалар, біреу есік қағып тұр ғой. Мүмкін ол біздің құстарға келген Қыс апамыз шығар.
Есік ашылып, Қыс кіреді.
— Сәлеметсіздер ме, балалар! Мен сонау орманнан келдім, құстарымды іздеп келдім.
— Біз сіздің құстарыңызға қамқорлық жасадық.
— Жақсы, балалар, сендер құстар туралы өте жақсы біледі екенсіңдер. Менің сендерге орманнан алып келген сыйлығым бар.
(Қарағайдың жаңғақтарын алып балаларға таратады)