Қышқылдық жаңбыр туралы қазақша реферат
Адамның көңіл-күйі мен өмір тіршілігі қоршаған ортаның жағдайымен өте тығыз байланысты. Адамдардың табиғатқа, оның ресурстарына ойсыз араласуы жер шарының климатының өзгеруіне, Дүниежүзілік мұхиттардың ластануына, шөлді-шөлейтті жерлердің кеңеюіне, ормандардың азаюына, қышқылды жаңбырлармен келетін күкірт және азот оксидінің мыңдаған тонналарының жер бетіне түсуіне әкеліп отыр, ал олардан жан-жануарлар мен өсімдіктер, су жүйесін жойып жатқандағы белгілі.
Қалалардағы атмосфера ауасының шаңмен, түтінмен, күлмен сол сияқты көміртегінің оксидімен, күкіртті газбен, азоттың оксидімен ластануы өте жоғары болып тұр.
Мысалы, Атырау өңiрiнiң экологиялық жағдайы нашар. Климат тым континенттi, қысы суық, желi қатты, жазы ыстық, жауын-шашыны аз, құрғақшылық басым. Төбеден шақырайған күн радиациясы жаз бойы апталап соғатын желмен қосылып, ауаны жылытып жiбередi. Оның үстiне ұзақ жылдар бойы елiмiзге мұнай мен газ берiп келген өңiрдiң экологиялық жай-күйiне көңiл айтарлықтай бөлінген жоқ. Облыс жерi бұрынғы теңiздiң орны. Соңғы жылдары Каспий теңiзi көтерiлiп келедi. Орман, жасыл желеңдi алатын болсақ бұл жайт облыста өте қиын. Осыдан 6 жыл бұрын әр қала тұрғынына жасыл желең 5,3 ш/метрден болса, қазiр бұл көрсеткiш 2 шаршы метрге дейін төмендеген. Ал норма ойынша 12 шаршы метр болуы керек.
Адамдардың жұтқаны қорғасын, топырағы пестицид, жегенi желiм өңiрде бұрын соңды кездеспеген аурулар көбейiп барады. Адамдар ракпен, жүрек талмасынан, анемиядан ауыруда. Осындай экологиялық ауыр жағдай Семей, Қызылорда, Павлодар, Ақтау мен Арал өңірінде де қалыптаксқан.