Қылмыстың сылтауы және мақсаты туралы қазақша реферат
Қылмыстың субъективтік жағы қылмыс жасаған адамның жазықтылығымен байланысты мәселелермен шектелмейді.
Қылмыс жасағанға дейін, жасау кезінде және одан кейін айыптының психикасында күрделі ішкі процесс жүреді, ол кінәнің формасына ғана байланысты емес.
Сондықтан да субъектінің өзі жасайтын қылмысқа және оның зардаптарына психикалық қатысының қалыптасу тегін, сондай-ақ ішкі мазмұнын айқындау үшін оның қылмыс жасаудағы сылтауының сипатын және мақсатын анықтау керек.
Адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық сипаттайтын екі негізгі- интеллектуалдық және еріктік кезеңдерден басқа адам қылмыс жасаған кезде оның қайсыбір қылмысты өандай сезімдік түрткінің «өшпенділік, қызғану, кек алу, сараңдық, қорқақтық және т.б.» әсерімен жасағандығын көрсететін эмоционалдық кезең болады. Сонымен, қылмыстың жасалуына себеп болатын эмоционалдық кезең адамның субъективтік қасиеттерімен және қылмыс жасаған кезде қалыптасатын мән-жайлармен байланысты.
Қылмыстың сылтауы дегеніміз- қылмыс жасаған кезде субъект басшылыққа алатын ішкі түрткі. Сылтау қасақаналық ниеттен бұрын келеді, ол бір немесе бірнеше сылтаудың әсерінен пайда болады және нығаяды. Оны анықтаудың маңыздылығы сонда, ол адамның қылмыс жасаған кездегі психикалық күйін бағалауға ғана емес, айыптыны сипаттауға да, оның жеке басына моральдық баға беруге де тудырады.
Қылмыстың сылтауы жасалған іс-әрекеттің зияндылық дәрежесін де сипаттайды. Егер қылмыс құрамының қажетті белгісі болып саналса, онда қылмыс сылтауының қылмысты саралауда да маңызы зор, оны сот жаза тағайындағанда жазаны ауырлататын немесе жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескереді.
Адам өлтіру қылмысы өмірге қарсы қылмыстардың ішіндеп ең ауыр түріне жатқызылғандықтан, оны ашу өте қиындыққа әкеліп соғады.
Қылмыскерлер әр түрлі айла-амалдарды, беттерін көрсетпеу, т.с.с.қылмысты жасыру үшін артына із қалдырмауларына тырысады, сол себептен қылмыстарды ашу өте қиын. Қылмыс жасаған кезде қылмыскер қылмысты ашық, айналадағылар көзінше, жабық, тығылып немесе жасырып, қылмыстық әрекеттер жасауы мүмкін(жасайды).
Адам өлтіру қылмысының (тергеу эрекеті)істі қозғау әрекеті өлік табылғаны хабарланғаны кезінде, куәлардың немесе жәбірленушілердің арызымен, тірі қалғандар мен жақын туыстарының арызы бойынша, жоғалып кетті деп жазылған арыздары келіп түскен кезден басталады.
Осы айтылып кеткендер бойынша (тек жоғалып кеткеннен басқа)істі қозғаудың сүрағын шешу оңайырақ, бірақта өлімнің қалай болған себебін білу керек, яғни адам қартайып, не ауырып, не сәтсіз оқиға жағдайынан қайтыс болды ма, әлде жоқ па?
Адамды іс-түссіз жоғалды деп тану үшін, яғни істі қозғау үшін тексерулер бастан аяқ жүргізіледі, содан кейін ғана адамды іздестіру шаралары жүргізіледі.
Егер де істі қозғау үшін жеткілікті материалдар болмаса, онда тергеуші тиісті тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Кісі өлтірудің криминалистикалық сипаттамасын мына элементтер қүрайды: қылмысты жасыру; қылмыскердің жеке түлғасы мен жэбірлденуші туралы мәліметтер.[2, С.201]
Қылмысты жасалу тәсіліне қарай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады:
• ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны
білетін адамдардың болуы. Егер көрген адам болмаған
жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші өзінің істеген ісін жэне кінәсін
жасырмаған жағдайда.
• жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмыстың ешкім көрмеген
жағдайда жасалуы, қылмыскердің өзі кінәсін белсенді түрде
жасыруға тырысуы, куәгерлер қатысқан жағдайдың өзінде
бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен қүлылып
мақсатын іске асыруы.
Қылмыстың бүл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зерттеумен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тэсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер көбінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды. Әр түрлі жағдайларға сэйкес олар: табиғи болған өлім, өзің-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда болған өлім жэне т.б.көріністер.
Қылмыскердің айлаларын анықтау барысында мына негізгі факторларға көңіл бөлінуі қажет: жәбірленушілерге өлтіру уақытында
жасалған зақымдардың сипаттамасы және өзін ақтайтын дәлелдердің шынайылығы. Кісі өлтірушілер мәйітті немесе оның бөліктерін жәбірленушінің кім екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады.Мәйіт басының кесіліп алынуы, бүлдірілуі(құлақ, мұрын, ерін, көз шығарылуы мүмкін), бас терісін сыпыруы, өртеуі, суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін.
Қылмыскер өлім болған жердегі өз-өзіне жэне киіміне түскен таңбаларын жоюға тырысады. Іздер мен басқа да заттар айғақтар сәйкес материалдары болуға, қылмыскердің іс-әрекеттері туралы айтуға мүмкіндік береді.
Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінің солақай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Қылмыс жасау тәсілдері туралы мәліметтерді пайдаланып, негізгі тұлғалардың арасынан қылмысты кім жасағанын анықтап, болжауға болады.
Қылмыстар деректі жағдайда жасалады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер мен жэбірленушінің эрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, оқиға тетігін,, өлтіру тэсілдерін анықтауға болады.[.2, С. 221]
^ Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің жанында жатқан қанды еске түсіретін, қызыл қышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылады. Оқиға бодған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқ киімі, қалтасында ақша болған. Осылардың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға экелді.
Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманың маңызды бөлігін қүрайды. Оларды зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды ашуға көмектеседі. Көптеген адамдар қылмыс жасағандарына дейін жүйелі түрде қоғамдық тәртіпті бүзып, күш көрсерумен айналысатындығын байқатқан.
Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан тыс ішіп, құқық бұзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру алдында жағдайлар болады, болашақ жәбірленушілер кей жағдайларда өздерін дұрыс ұстамайды. Көбінесе, әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасайды: мастықтан, қол жұмсаудан, қорлық көрсетуден.
Егер өлтіру себептеріне көңіл бөлінбесе, олар: бүзақылық пиғылдар, қызғанушылық, пайдақорлық, басқа қылмысты жасыруға тырысуы және т.б. онда қылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді.
Кісі өлтірушілік қылмыстық- қүқық классификациясы нормалар негізінің әр түрлі классификациясына жатады, олардың негізі болып субъективтік тараптың (кінә түрі, ниет пен мақсаттары) моменттері болып табылады.
«Қылмыс» ұғымы және оның белгілері.
Қылмыс – бұл құқық бұзушылықтың бір түрі. Қылмыс басқа құқық бұзушылықтардан, оның қылмыстық заңмен белгіленетіндігімен және оны жасағанда қылмыстық жауапкершіліктің болуымен ерекшеленеді. «Қылмыс» ұғымы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9 – бабында берілген: «Осы кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет – қылмыс деп танылады».
Қылмыстың төмендегідей белгілерін атап өтейік.
1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.
Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.
2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.
3. Қылмыс — әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.
4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.
5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды. Әрбір қылмыс үшін қылмыстық кодексте жаза қарастырылған.
Қылмыстың жіктелуі.
Қылмыстарды жіктеу – бұл қоғамға жасалған қауіпті әрекетті ауырлық дәрежесі мен сипатына байланысты топтарға бөлу болып табылады. Қылмыстық кодексте барлық қылмыстар төрт топқа бөлінген: онша ауыр емес қылмыстар, орташа ауыр қылмыстар, ауыр қылмыстар және ерекше ауыр қылмыстар.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза екі жыл бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсыза жасалған әрекет – онша ауыр емес қылмыс деп танылады.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай – ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза абайсыза жасалған әрекет – орташа ауыр қылмыс деп танылады.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана жасалған әрекет – ауыр қылмыс деп танылады.
Ø Жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза немесе өлім жазасы қасақана жасалған әрекет – аса ауыр қылмыс деп танылады.
Қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік.
Қылмыстық жауапкершілік құқықтық жауапкершіліктің інішдегі ең қатаң түрі болып есептеледі. Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасағаны үшін қылмыстық заңмен белгіленеді.
Қылмыстық жауапкершіліктің мағынасы кінәлі адамның өзінің құқыққа қайшы әрекеті үшін мемлекет атынан сотталатындығын білдіреді. Соған орай, мемлекет құқық бұзушының еркінен тыс мәжбүрлеу тәртібінде қылмыстық жауапкершілікті жүктейді.
Қылмыстық жауапкершілік – бұл адамның жасаған қылмысы үшін жазалануы немесе қылмыстық – құқықтық сипаттағы басқа да шаралармен жазаланатын қылмыстық заңмен бекітілген міндеті.
Қылмыстық жауапкершіліктің мынадай элементтері болады: жасаған қылмысы үшін адамның жауап беру міндеті;
• соттың адамның жасаған әрекетін теріс бағалаудан көрінетін соттау;
• кінәлі адамға қылмыстық – құқықтық сипаттағы шаралар қолдану;
• жаза тағайындаудың құқықтық салдары ретіндегі соттылық.
Қылмыстық жауапкершілік қылмыс жасаған сәтте пайда болады және адамға қылмыстық мәжбүрлеу шарасын қолданған сәттен бастап жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершілік соттылық мерзімі біткенде тоқтатылады.
Қылмыс құрамы турлы түсінік және оның түрлері.
Қандай қылмыс жасалғанын анықтау үшін «қылмыс құрамы» сияқты ерекше ұғым бар, мысалы, ұрлық немесе бұзақылық, кісі өлтіру немесе қарақшылық.
Қылмыс құрамы деп қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын объективті және субъективті белгілердің жиынтығын айтады.
Қылмыс құрамы элементтерден құралады. Егер осы элементтің біреуі болмаса қылмыс жасалды деп айта алмаймыз. Қылмыс құрамының элементтері бұл – объект және объективті жағы, субъект және субъективті жағы.
§ Қылмыс субъектісі жай, белгілі бір жаса толған және есі дұрыс боғандықтан өз әрекетін (немесе әрекетсіздігін) бағалай алатын қабіеті бар адам болуы керек.
§ Қылмыс объектісі – бұл қылмыстық іс – қимылға бағытталған және зиян келтіруі мүмкін қоғамдық қатынастардың жиынтығы, мысалы, өмір, жеке меншік, ар – ұят, абырой.
§ Қылмыстың объективтік жағы — әрекет деген жалпы ұғымды беретін адамның әрекет немесе әрекетсіздік нысанындағы сыртқы көрінісі.
§ Қылмыстың субъективтік жағы – бұл адамның өз іс – қимылына психикалық көзқарасы. Ол қасақаналық және абайсыз нысанында көрініс табады.
Қылмыстың субъективтік жағы.
Қылмыстың субъективті жағы – бұл қылмыс жасаумен тікелей байланысты адамның психикалық әрекеті. Қылмыстың субъективті жағының мазмұны кінә, ниет және мақсат сияқты белгілердің көмегімен ашып көрсетіледі.
Кінә — бұл адамның қылмыстық заңмен қарастырылған қоғамға қауіпті іс – қимылды жасауға деген психикалық көзқарасы. Кінә мынадай элементтерден тұрады: сана (интеллектуалдық элементі) және ерік (ерік элементі).
Қылмыстың ниеті – қылмыс жсаған адамның жетекшілікке алатын саналы ниеті, яғни пайдакүнемдік, қызғаныш, көре алмаушылық, қорқақтық және т.б. болуы мүмкін.
Қылмыстың мақсаты – тілейтін нәтиже туралы ой, оған кінәлі қол жеткізуге тырысады. Мысалы, оңай олжа табу мақсаты, трансплантациялау үшін органдарды немесе тканьдарды пайдалану мақсаты, сату мақсаты, халықты қорқыту мақсаты және т.б.
Қылмыс субъектісі.
Кез келген адам қылмыс субъектісі бола алмайды, тек қылмыстық заңға сәйкес белгілі бір белгілерге ие адамдар ғана субъект болады. Олардың қатарында қылмыстық заңмен бекітілген жас мөлшері мен есі дұрыстық жатады.
Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершілік он төрт жастан бастап туындайтын жеке қылмыстардың түрлері келтірілген. Ол тізім мынадай құрамнан тұрады:
а) жеке адамға қарсы ауыр қылмыстар: қасақана адам өлтіру, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру не денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, зорлау және нәпсіқұмарлық сипаттағы күш қолдану, адамды ұрау;
ә) мүліктік қылмыстардың кейбір түрлері: ұрлық, тонау, қарақшыық, қорқытып алушылық, автокөлік немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру жазаны ауырлататын мән – жайлар;
б) қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың кейбірі: терроризм, адамды кепілге алу, терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау, қаруды, оқ – дәріні, жарылғыш заттар мен жару құрылғыларын ұрлау не қорқытып алу, ауырлататын мән – жайлардағы бұзақылық, тағылық, өлгендердің мәйіттерін жіне олар жерленген жерді қорлау, көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыздыққа келтіру және т.б.
Қылмыс жасаған кезде 16 жасқа толған адам қылмыстық жауапқа тартылады. Ал 14 жасқа дейінгі жас балалар қ қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыс жасаған кезде өз әрекетінің (не әрекетсіздігінің) қоғамға қауіптілігі мен нақты сипатын сезінген және әрекеттеріне басшылық етпеген адам есі дұрыс деп танылады.
Қылмыс жасаған кезде есі дұрыс емес күйде болған, яғни созылмалы жүйке ауруы, жүйкесінің уақытша бұзылуы, ақылының кемдігі немесе өзге жүйке дертіне ұшырауы салдарынан өзінің іс — әрекетінің (не әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін ұғына алмаған немесе оған ие бола алмаған адам есі дұрыс емес деп танылады. Есі дұрыс емес адам қылмыс субъектісі бола алмайды, сондықтан қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Көптеген ғасырлар бойы ақы – есі дұрыс емес қылмыскерді қылмыстық жауапкершіліктен босатпайтын. Ақыл – есі дұрыс емес адамға қатысты өлім жазасын қоданбаудағы алғашқы жағдай Дэниел Мак – Нагтеннің жағдайы деуге болады, ол 1843 жылы Ұлыбритания премьер – министірінің хатшысын атып өлтірген. «Мак – нагтен заңы» дұрыс емес қылмыскерді сотқа емес, психиатриялық ауруханаға жіберу туралы қаулы етті.
Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері.
Қылмысты көбіне бір адам емес бірнеше адам жасайды, өйткені біріккен қылмыстық әрекет арқылы қылмыс жасау жеңілдейді. Сондықтан да заңда бірге жасалған қылмыс үшін жауапкершілікке тартылатын адамдар шеңберін және олардың жауапкершілік негіздері мен шектерін айқындаудың маңызы зор.
Екі немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысу барысында қымыс жасауға бірнеше адамның қатысуы міндетті. Мұндай жағдайда бұл адамдар қылмыс субъектісінің белгілеріне ие болуы керек. Есі дұрыс емес немесе заңда белгіленген жасқа жетпеген адам ешқандай жағдайда да қылмысқа қатысушы деп танылмайды және қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бірігу қылмысқа қатысудың объективтік белгісі ретінде бірнеше адамдардың өз күштерімен бірлесіп әрекет жасауын білдіреді, оладың барлығы өз күштерін біртұтас қылмыстық нәтижеге қол жеткізуге бағыттайды. Қымыстық нәтижеге қол жеткізу үшін күштерін біріктіргенде, қатысушылардың бірі қылмыстың объективтік жағын орындайды, ал басқалары қылмысты ойдығыдай жасауға көмектеседі. Біріккен әрекеттер арқылы қол жеткізілген нәтиже барлық қатысушылар үшін біртұтас, орта, бөлінбейді.
Тек қасақан жасалған қылмыстардың ғана қылмысқа қатысы болуы мүмкін, ал қылмысқа қатысушы барлық адамдар қасақана түрде әрекет етеді.
Абайсыз қылмыстарда қылмысқа қатысу бомайды. Егер бірнеше адам абайсызда қоғамға қауіпті жағдай туғызса, оның әрқайсысы жасаған әрекеті үшін жауап беруге тиіс.
Қылмысқа қатысушылардың түрлері.
Қылмысқа қатысушылардың рөліне байланысты, оларды орындаушы, айдап саушы және көмектесуші деп бөледі.
Орындаушы – бұл нақты қылмыс құрамының объективтік жағына кіретін әрекеттерді толықтай немесе ішінара орындайтын адам. Қарақшылықта орындаушы ретінде затты тартып алған ғана емес, сонымен бірге жәбірленушінің қарсыласуын жеңу үшін күш қолданатын адам да қылмыстық орындаушы болып табылады. Қылмыстың орындаушысы заңға сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылмайтын, басқа адамдарды пайдалану арқылы қылмыс жасаған адам да қылмыстың орындаушысы болып есептеледі. Қылмыстық құқықта мұндай жағдайлар тікелей орындаушы деп аталады. Қылмыскер қылмыс жасау үшін жасөспірімді немесе ақыл – есі кем адамды пайдаланатын жағдай сияқты.
Ұйымдастырушы – қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындауына басшылық еткен адам.
Ұйымдастырушы ретінде көбіне нақты қылмыстарды тікелей жасаудан қашатын ең тәжірибелі, қауіпті қылмыскерлер болады. Көпшілік жағдайда ұйымдастырушы – бас бастамашы, негізгі басқарушы және қылмыс жоспарының авторы болады.
Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады.
Жспарлы орындаушының субъективтік қасиеттерін ескере отырып, айдап салушы бопсалауды және мадақтауды, оның пайдакүгемдік ниетін пайдаланады, ал кейде сөз арасында айтылған емеуріннің өзі де жетіп жатады.
Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпараттар жинауымен қымысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қылмысты жасаудағы кедергілерді жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам көмектесуші деп танылады. Сондай – ақ көмектесуші ретінде қылмыскерді, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге де құралдарын, қылмыстың ізін және қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткізуге күні бұрын уде береді.
Қылмыс жасау сатылары.
Қылмыс жасау сатылары қасақана қылмыстың дамуының белгілі бір сатылары. Заңда үш саты белгіленген: қылмысқа дайындалу; қылмыс жасауға оқталу; аяталған қылмыс.
Қылмысқа дайындалу – бұл адамның қылмыс жасау құралдары мен қаруларын іздеу, дайындау немесе ыңғайлауы, бірге қылмыс жасаушыларды іздеуі, қылмыс жасауға сөз байласу немесе қылмыс жасауға қасақана басқа да қолайлы жағдайлар жасауы, егер қылмыс мұндай жағдайда адамның еркінен тыс мән – жайларға байланысты аяғына дейін жеткізілмесе.