Қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан, азаматтық және тәртіптік қылықтардан айырмашылықтары туралы қазақша реферат
Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі болып табылады. Осыған байланысты қылмысты әкімшілік, азаматтық құқық бұзушылықтан және тәртіптік қылықтардан бөлектеп қарауға тура келеді.
Кеңестік құқық теориясында қоғамдық қауіптілік құқық бұзушылықтың қасиеті ме немесе тек қана қылмыстың ғана қасиеті ме деген сұраққа жауап ретіндегі бірыңғай нақты пікірлер жоқ деуге болады. Кейбір ғалымдар, қоғамдық қауіптілік — бұл кез келген құқық бұзушылыққа тән қасиет десе/60/, енді біреулері оны тек қана қылмыстың қасиеті/61/ деп қарайды.
Ескеру қажет, қылық пен қылмыстың қоғамдық кауіптілігі бір мағынаны білдірмейтініне сөз жоқ. Олардың арасындағы жалпы байланыс — істелетін әрекеттер қоғам үшін жағымсыз, қоғамдық қатынастарға белгілі бір дәрежеде зиян келтіретін әрекеттер, қоғаммен кінә тағылатын әрекеттер турасында сөз болуында. Оларды арасындағы айырмашылық — қылмыс пен қылықтың екеуі де қоғамға түрлі дәрежеде зиян келтіру мүмкіндігіне ие болғандыктан, екеуі де түрлі дәрежеде қоғам үшін қауіпті. Қылмыс істеуші мен қылық керсетуші адамдар қауіптілігінің дәрежесі де әртүрлі. Қылмыс істеген адамның қоғамдық қауіптілігі қылық істеген адамға қарағанда әлдеқайда артық болады /62/.
ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 28-бабына сәйкес, әкімшілік құқық бұзушылық (қылық) деп заңмен әкімшілік жауапкершілік карастырылған кінәлі ерекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) танылады.
«ҚР Қылмыстық құқығы» оқулығының авторлары қоғамдық қауіптілік кылмысқа ғана тән — қасиет, деп пайымдайды. Әкімшілік құқық бұзушылық, мысалы, сондай-ақ жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіруге бейім. Бірақ, оның қоғамдық қауіптілігі (зияндылығы) әлдеқайда төмен. Қылмысты басқа кұқық бұзушылықтан шектей отырып, заңшығарушы әдетге ҚК Ерекше бөліміндегі баптардың диспозицияларында қылмыстық әрекет зардаптарьш сипатгайтын белгілерді көрсетіп отырады. Мәселен, ҚР ҚК 277-бабы бойынша шаруашылық және өзге де қызметке қойылатын экологиялық талаптарды бұзғанда қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін ең алдымен қоршаған ортаның едәуір ластануына, адамның денсаулығына зиян келтіруге, жануарлар немесе өсімдіктер дүниесінің жаппай құрып кетуіне және өзге де ауыр зардаптардың болуы қажег, ал ҚР ҚК 296-бабының 1-бөлігі бойынша көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол козғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірілген болуы керек. Осы аталған зардаптар болмаған немесе одан жеңілірек зардаптар болған жағдайда_(мысалы, көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуда адамның денсаулығына жеңіл зиян келтіруі) тиісті жағдайда аталған әрекет үшін жауапкершілік әкімшілік тәртіппен қолданылады /63/ .
Сөйтіп, ҚР Жоғары соты Пленумының 1998 жылғы 14-мамырдағы (30.04.1999 ж., 22.12.2000 ж. және 11.07.2003 ж. өзгертулерімен және толықтыруларымен) «Есірткілік заттар, жүйкеге әсер ететін және улы заттардың заңсыз айналымына қатысты істер бойынша заңнамаларды колдану туралы» қаулысының 1 -1-тармағына сәйкес, есірткілік немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сатып алуда, сақтауда, тасымалдауда кылмыстық-жазаланушы әрекет белгілері жоқ. Сондықтан осы әрекетті істеген кінәлілер ҚР әкімшілік кұқық бүзушылық туралы кодекстің 320-бабы бойынша тек қана әкімшілік жауапкершілікке тартылады /64/.
Тәртіптік қылық деп нормативтік актілермен және құзырлы лауазымдағы адамдардың өкімімен тәртіптік жазалау қатерімен тыйым салынатын мемлекеттік және қызметтік тәртіпті бұзу танылады.
Азаматгық құқық бұзушылық (деликт) арнаулы әдебиеттерде ең бастысы айыппұл салу және шығынның орнын толтырту қатерімен тыйым салынған мүліктік қатынастарды бұзу деп анықталады.
Қылмыс басқа құқық бұзушылықтар мен қылықтардан келесідей белгілері бойьшша шектеледі: 1) объектісі бойьшша; 2) қоғамдық қауіптілік дәрежесі бойынша; 3) заңға қайшылық түрі бойынша; 4) жазалауға жататындығы бойынша.
«Жалпы қылмыс объектісі» ұғымы «басқа құқық бұзушылық объектісі» ұғымына қарағанда кеңірек. Жекелеген қылмыстар әкімшілік, тәртіптік және азаматтық құқық бұзушылық қол сұға алмайтын қоғамдық қатынастарға қол сұғады (мысалы, адамның өміріне, мемлекеттің қауіпсіздік негізіне).
Іс жүзінде қылмыстар мен басқа құқық бұзушылық бөліп қарау мәселесі бір объектіге қол сұққан құқық бұзушылықты анықтау кезінде туындайды. Мәселен, көлік құралын жүргізуші адамның жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы, абайсызда адамның денсаулығына ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірсе (ҚР ҚК 296-6. 1-бөл.), кісі өліміне әкеп соқса (ҚР ҚК 296-6. 2-бөл.), екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқса (ҚР ҚК 296-6. 3-бөл.) қылмыстық жауаптылық қарастырылады, ал осы зардаптар болмаған жағдайда жол қозғаласы ережелерін бұзу ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 123, 124, 127, 127-1-баптарымен әкімшілік жауапкершілік колданылады. Бұл жағдайдағы қылмыстың әкімшілік құқық бұзушылықтан айырмашылығын өлшемдік негізі қоғамдық қауіптілік дережесі болып табылады. Осыдан келіп, қылмыс басқа құқық бүзушылықтарға қарағанда жоғары қоғамдық қауіптілік дәрежеге ие болады деген тұжырым істеуге болады. Бұл ереже даусыз болып қалып отырған жоқ. Заң әдебиеттерінде қоғамдық қауіптілік тек қана қылмысқа тән, ал басқа құқық бұзушылыққа ол тән емес деген пікірлер айтылады /65/.
Істелген қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесін сипаттайтын көрсеткіштер кінәнің нысаны, қылмыстың жасалу себебі, әдісі, уақыты, орны, жағдайы және сатысы, сондай-ақ зардаптың түсірген ауырлығы болып табылады.
Жәбірленушінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтіру ҚР ҚК 105-бабында карастырылған. Абайсызда екі немесе одан да көп адамның денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру ҚР ҚК 111-бабының 4-бөлігімен карастылғандықтан, абайсыздықта денсаулыққа жеңіл және орташа ауырлықтағы зиян келтіру әкімшілік құқық бұзушылық деп саналады. Пайдакүнемдік мақсатта немесе езге де жеке бастың мүддесінде ресми құжаттарды, мөртаңбаларды, немесе мөрлерді ұрлау, жою, бүлдіру немесе жасыру (ҚР ҚК 324-6. 2-бөл.), егер осы әрекеттер аталған мақсатсыз істелген болса, онда жауаптылық басқа баппен не бөтеннің мүлкін ұрлау (ҚР ҚК 175-6.), не оны жою немесе бүлдіру (ҚР ҚК 187 және 188-6.) қарастырылады. Бейбіт уақытта бөлімді өз бетімен тастап кету ҚР Қарулы Күштерінің Тәртіптік Жарғысына сәйкес қылық деп саналса, соғыс кезінде ол ҚР ҚК 372-бабының 5-бөлігімен қарастырылатын қылмысқа жатады.
Көбінесе қылмыс пен басқа құқық бұзушылықтың айырмалық көрсеткіші ретінде келтірілген зиянның мөлшері алынады. Мысалы, меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық істеу, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен істелген ұсақ-түйек ұрлау үшін тек қана әкімшілік жауапкершілік қарастырылады. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 5-мамырдағы «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстылықпен күрес мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар өткізу туралы» Заңының негізінде ҚР ҚК 175-бабының («Ұрлық») ескертуі келесідей мазмұндағы 5-тармақшамен толықтырылды: Меншік құқығында ұйымға тиесілі немесе оның қарамағындағы бөтен біреудің мүлкін ұрлау, алаяқтық істеу, иемденіп алу немесе ысырап ету жолымен істелген ұсақ-түйек ұрлау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпайды. Оны істеуге кінәлі адам занға сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Егер ұрланған мүліктің құны әрекет істелген кезде Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын болса, ұрлық ұсақ-түйек ұрлау деп танылады /66/.
Қылмысты басқа құқық бұзушылықтан айырудың негізгі белгісі заңға қайшылық түрі болып саналады. Қылмысқа әрқашанда қылмыстық заңмен тыйым салынады. Ал қалған құқық бұзушылықтар мен қылықтар өкімшілік, азаматгық, отбасылык, еңбек құқықтарының нормаларын бұзады, сонымен бірге тек заңдарды ғана емес заңи нормативтік актілерді де бұзады.
Ең соңында, айырма санкция сипатымен көрінеді. Қылмыстық-құқықтық санкциялар мейлінше қатаң жазалау мазмұнына, соның ішінде бас бостандығынан айыру мен өлім жазасын қолдануға дейін ие болады. Қылмыстық жазаның құқықтық зардабы соттылық болып табылады. Басқа құқық бұзушылық пен қылықтар әсер ету шараларын, мысалы, соттылық сияқты, туғызбайды.