Қылмыстық заңның құрылымы туралы қазақша реферат
Қылмыстық заң белгілі бір техникалық ережелерге негізделген заң шығарушының еркін білдіретін өзіндік нысаны бар құрылымға ие. Қылмыстық кодекстің Жалпы уәне Ерекше бөлімдері баптарға бөлінген. Әр бап тиісті санмен нөмірленген бір немесе бірнеше бөліктерден тұрады және бөліктер мазмұны мен сипатына және жазалау түріне қарай әр түрлі болып келеді. Сондықтан, іс жүргізу құжаттарында тек баптың өзін ғана емес, сонымен қатар оның бөліктерін де ескеру қажет.
Құқықтық норманың құрылымы мынадай үш түрлі элементтен тұрады: гипотеза, диспозиция және санкция.
Гипотеза қылмыстық заңда негізінен жалпы бөлі мге қатысты. Яғни, құқық нормалары қолданатын гипотезаны, қылмыстық заңда жалпы бөлім баптары іске асырады. Мысалы, белгілі бір адам занда көрсетілген жасқа толып, қылмысты қасақана немесе абайсыздықпен жасаса және қылмыс жасаған сәтінде жауаптылыққа қабілетті болып танылса, қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
Ерекше бөлім нормаларында баптар, диспозициядан және санкциядан тұрады. Осы құрылым ішінде басты орынды диспозиция алады. Диспозиция — нақты қылмыстық қол сұғушылықтың белгілеріне сипаттама береді. Диспозиция өзінін құрылым ерекшеліктеріне байланысты жай, сипаттамалы, бланкеттік және сілтемелі болып негізгі төрт түрге бөлінеді:
Жай диспозиция қылмыстық іс-әрекеттін атын ғана атап, оның нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Мысалы, ҚК-тің 125-бабындағы «Адамды ұрлау», 261-бабындағы «Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға кендіру «, 389-бабындағы «Әскери мүлікті жоғалту».
Сипаттамалы диспозиция деп қылмыстың барлық белгілерін заңның өзінде-ақ, нақты көрсететін диспозицияны айтамыз: ҚК-тің 175-бабындағы «Ұрлық», 120-бабындағы «Зорлау «, 237-бабындағы «Бандитизм».
Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген нақты қылмыс құрамын анықтау үшін басқа заңдарға немесе нормативтік актілерге, жарлықтар мен үкімет қаулыларына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгінеді. Бұлар қылмыстық құқықтың басқа салалармен тығыз байланысты екендігінің айқын дәлелі. Қылмыстық заңның талаптарын орындау басқа заңдармен не басқа актілермен де анықталады. Бланкеттік диспозицияның мысалы ретінде мынадай баптардың диспозициясын көрсетеміз: ҚК-тің 152-бабы «Еңбекті корғау ережелерін бұзу», ҚК-тің 284-бабы «Қазақстан Республикасының құрлықтық шельфі туралы және Қазакстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы туралы заңдардың бұзылуы».
Сілтемелі диспозиция қылмыстың белгілерін қамтымайды, керісіңше қылмыстық заңның басқа, тиісті бабына немесе оның белгілеу сілтеме жасайды. Мысалы, ҚК-тің 106-бабындағы «Ұрып соғу», 107-бабындағы «Азаптау», 297-бабындағы «Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу».
Санкция — ерекше бөлім баптарында белгіленген жазаның түрі мен мөлшерін анықтайды. Қылмыстық заңның баптарында санкцияның екі түрі қолданылады: салыстырмалы-айқындалған (относительно-определенные) және балама (альтернативные).
Салыстырмалы айқындалған санкция жазаның түрін және мөлшерін көрсетеді. Оны екі негізгі түрге бөлуге болады: жазаның жоғарғы және төменгішегін анықтайтын санкция. Алдыңғысының мысалы: ҚК-тің 101-бабының бірінші бөлігі«Абайсызда кісі өлтіру», 134-бабының бірінші бөлігі»Баланы ауыстыру», және т. б. баптар бола алады.
Тағайындалған жазаның ең төменгі мөлшері болып жазалаудың ен төменгі шегі айтылады. Жазаның төменгі шегінің мөлшері егер жаза түрі бас бостандығынан айыру болса — 6 ай, бас бостандығын шектеу болса — 1 жыл, қамауға — 1 ай, айыппұлға — Қазақстан Республикасы Зандарымен белгіленген жиырма бес айлық есептік көрсеткіш болып белгіленеді. Салыстырмалы-айқындалған санкцияның екінші түрінің мысалына ҚК-тің 162-бабы «Жалдамалылық», 181-бабының екінші бөлігі «Қорқытып алушылық», 241-бабы «Жаппай тәртіпсіздіктер» сияқты баптарының санкцияларын жатқызуға болады.
Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарындағы жазаның екі немесе одан да көп түрлерінің тек біреуін ғана қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру үшін балама жаза болып, бас бостандығын шектеу, қамау немесе бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін (ҚК-тің 98-бабы). Атыс қаруын ұқыпсыз сақтау (ҚК-тің 253-бабы) түзеу жұмыстарына немесе қамауға не бас бостандығынан айыруға жазаланады. Қылмыстық заңның ерекше бөлімінің баптарындағы диспозицияның бар болуы немесе санкция түрлерінің бекітілуі мұкият ойластырылған. Оларды қылмыспен күресуде дұрыс пайдалану, қылмыстық нормаларды қолданудың нәтижелі болуына мүмкіндік туғызады.