Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші туралы қазақша реферат
Қылмыстық заңның күші белгілі бір аумақ бойынша шектелген. Осыған байланысты оның күші тарайтын белгілі бір кеңістіктің анықталуы қатаң мақсатты сипатқа ие. Бұның мәні біріншіден, Қылмыстық кодекстің қылмыстан қорғау және сактандыру сияқты негізгі міндеттерінің орындалуымен байланысты; екіншіден, қылмыстық заңның кеңістіктегі күші мәселесінің заңдылық, азаматтардын, заң мен сот алдындағы теңдігі немесе қылмыстық жауаптылықпен жазадан құтылмайтындық сияқты қылмыстық құқық қағидаттарынын іске асырылу міндеттерімен анықталатындығында; үшіншіден, бұл мәселелерді шешуге әсер ететін халықаралық құқық нормаларының және тиісті конвенциялардың болғандығында. Мұнда мемлекеттік шекара, сол сияқты азаматтықтың түсінігін беретін конституциялық құқықтың нормалары да елеулі роль атқарады. Қылмыстық заңның кеңістіктегі күші жөніндегі нормаларда жүйелі түрде мынадай екі қағидат: аумақтық және азаматтық қағидаттар жүзеге асырылады.
ҚК-тің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылуға тиіс.
Казақстан Республикасының 1993 жылғы 13 каңтардағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» заңының 1-бабына сәйкес, Республика аумағының шегін құрғақ құрлық, су, жер қойнауы және әуе кеңістігі шегін айқындайтын сызық және осы сызық бойынша өтетін беткі қабат құрайды. Мемлекеттік шекара Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Мемлекеттік шекара былай белгіленеді:
құғақ аумаққа — жер бедерінін сипатты нүктелері және сызықтары жатады;
су аумағына — Қазақстан Республикасының ішкі суларынан басқа, аумақтық теңіз жағалауындағы теңіз суларының кеністігі жатады;
әуе кеңістігі аумағына — Қазақстан Республикасының құрлық және/немесе су аумағы үстіндегі аспан кеңістіктері жатады.
Каспий теңізіндегі ішкі су аумақтарына жататын акватория Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады.
Қылмыстық заң Республикамыздың құрлықтық шельфінде және ерекше экономикалық аймағында жасалған қылмыстарға да қолданылады (ҚК-тің 6-бабының екінші бөлігі)
Шельф — аумаққа тиесілі судың астыңғы (200 м және одан да терең) және үстіңгі кеңістігі болып табылады.
Қойнау (жер қойнауы) — шаруашылық және басқа да қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланылатын құрлық және су аумағындағы кеңістік — табиғи ортаның бір бөлігі (жер қойнауының астыңғы және үстінгі қабатындағы пайдалы қазбалар, өнімдер).
ҚК-тің 6-бабының үшінші бөлігінесәйкес Қазақстан Республикасының портына тіркелген, Қазақстан Республикасының шегінен тыс ашық су немесе әуе кеңістігінде жүрген кемеде қылмыс жасаған адам, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе КР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Қазақстан Республикасының әскери кораблінде немесе әскери әуе кемесінде қылмыс жасаған адам да оның қай жерде болуына қарамастан ҚР ҚК бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Дипломатиялық өкілдермен және иммунитетті пайдаланатын өзге де азаматтармен қатынасқа түскен сәттен бастап қылмыстық заң, аумақтық қағидаттарға сүйеніп және соған сәйкес іске асырыла бастайды.
ҚК-тің 6-бабының төртінші бөлігінде шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдерінің және иммуниттеті пайдаланатын өзге де азаматтардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе осы адамдар Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған жағдайда халықаралық құқық нормаларына сәйкес шешіледі делінген.
Шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдері мен қызметкерлеріне берілген құқықтар мен артықшылықтардың жиынтығы — дипломатиялық иммунитет деп аталады.
Дипломатиялық иммунитет мәселелерін реттейтін халықаралық құқықтың нормалары 1961 жылғы дипломатиялық қатынастар туралы Вена Конвенциясында кодификацияланып, бекітілген.
Шет мемлекет өкілдерінің иммунитеті — дипломатиялық өкілдердің тұрғын-жайларына қол сұғылмаушылықты белгілейді. Дипломатиялық өкілдердің келісімінсіз олардың тұрғын-жайларына мемлекет тарапынан кіруге болмайды. Шет мемлекеттін Қазақстан Республикасы аумағында дипломатиялық иммунитетке ие болған дипломатиялық өкілдері жене басына қол сұғылмаушылықты қолдана алады, яғни өкілдіктің басшысын қамауға немесе ұстауға, оны сот тәртібімен қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
Дипломатиялық және консулдар өкілдіктері туралы ережеге сәйкес жеке басына қол сұғылмайтындығы иммунитегін елші, өкіл, сенімді өкіл және дипломатиялық өкілдіктің/басқа да мүшелері: кеңесшілер, сауда өкілі және оның орынбасары, әскери, әскери-теңіз, әскери-әуе атташелері және олардың көмекшілері; бірінші, екінші және үшінші хатшылар, архивариус-хатшылар пайдаланады. Жеке басына қол сұғылмаушылық және қылмыстық жауаптылық иммунитеті құқығын олардың өздерімен бірге тұратын Қазақстан Республикасының азаматы болып танылмайтын отбасы мүшелері де пайдаланады.
Осы негіздерге сәйкес, сондай-ақ еліміздің азаматы болып танылмайтын әкімшілік-техникалық қызметшілер және олармен бірге тұратын, отбасы мүшелері болып табылатын адамдар да осындай иммунитетті пайдалана алады. Бірақ мұндай құқықты тек қызмет барысындағы міндетті атқару кезінде қылмыс жасаған реттерде ғана пайдалана алады. Әрине, мұндай құқық, дипломатиялық өкілдіктердің қызметтерінде өз иммунитеттері пайдаланып, заңсыз әрекеттер жасасын дегенді білдірмейді. Заң осы аталған адамдардың қылмыстық жауаптылығы дипломатиялық жолмен шешілетіндігін белгілейді.
ҚР Президентінің 1995 ж. 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасындағы шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы» з. к. б. Жарлығының 28-бабына сәйкес мұндай адамдар белгілі бір уақыт ішінде Қазақстан Республикасы аумағынан кетіріледі.
ҚК-тің 6-бабының екіншібөлігінесәйкес, Қазақстан Республикасының аумағында басталған немесе жалғастырылған не аяқталған әрекет Қазақстан Республикасының аумағында жасалған қылмыс деп танылады. Мысалы, шпионаждық әрекеттің жасалған орны ҚК-тің 166-бабында қарастырылған әрекеттердің біреуі болса да жасалған орын болып есептеледі; мемлекеттік құпияны құрайтын мәлімет Қазақстан аумағында ұрланып, басқа мемлекетке берілген болса да, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа Қазакстан Республикасынын Қылмыстық кодексі бойынша тартылады.
Егер қылмыс істеуге даярланғандық немесе қылмыс істеуге оқталғандық шекарадан тысқары жерде жүзеге асырылып, біздін елімізде аякталса, қылмыс Қазақстан Республикасының аумағында жасалған деп танылады. Осы секілді қылмысқа қатысу, қылмысты ұйымдастыру немесе қылмыс жасауға азғырушылық әрекеттері үшін де жауаптылық дәл осындай тәртіппен белгіленеді.
Қылмыстық занның кеңістіктегі күші аумақтық қағидаттармен ғана шектеліп қоймайды. Ол Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған ҚР азаматтарына колданылатын азаматтық қағидаттармен де толықтырылады.
Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңы төмендегілерді орнықтырды:
осы Заң күшіне енгізілген күнге дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын:
осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады». Осы заңның 6-бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы территориясындағы және оның азаматтары емес адамдар барлық құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленген барлық міндеттерді атқарады, бұған олардың Қазақстан Республикасының шарттары мен мемлекетаралық шарттарында белгіленіп алып тасталғандары қосылмайды».
Қылмыстық Заңның Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған адамдарға қатысты қолданылуы ҚК-тің 7-бабымен анықталуы: «Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар жасаған әрекет ол аумағында жасалған мемлекетте қылмыс деп танылса, егер бұл адамдар басқа мемлекетте сотталмаған болса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Аталған адамдарды соттау кезінде жазаны аумағында қылмыс жасаған мемлекеттін заңында көзделген санкцияның жоғары шегінен асыруға болмайды. Азаматтығы жоқ адамдар да осындай негіздерде жауапты болады.
Басқа мемлекеттің аумағында қылмыс жасаған адамның соттылығының және өзге де қылмыстық-құқықтық зардаптарының, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе немесе басқа мемлекеттің аумағында жасалған қылмыс Қазақстан Республикасының мүдделеріне қатысты болмаса, бұл адамның Қазақстан Республикасы аумағында жасаған қылмысы үшін қылмыстық жауаптылығы туралы мәселені шешу үшін қылмыстық-құқықтық мәні болмайды.
Қазақстан Республикасының одан тыс жерлерде орналасқан әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері шет мемлекеттің аумағында жасаған қылмысы үшін, егер Казақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.
Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде қылмыс жасаған шетелдіктер қылмысы Қазакстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталған жағдайларда және Қазақстан Республикасының халықаралық шартында көзделген жағдайларда, егер олар басқа мемлекетте сотталмаған болса және Қазақстан Республикасының аумағында қылмыстық жауапқа тартылса, осы Кодекс бойынша қылмыстық жауапқа тартылуға тиіс