Қылмыстық заңды түсіндіру

 Қылмыстық заңды түсіндіру туралы қазақша реферат

Қылмыстық заңды түсіндіру деп, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұнын заң шығарушының еркіне сәйкес ашып көрсетуді айтамыз.

Түсіндірудің қажеттілігі тек кейбір заң мәтіндерінің анық еместігіне және толық еместігіне байланысты олардың мазмұның ашып көрсетуден ғана емес, сонымен қатар оны пайдалануда басқа заңдардан ажыратып, жігін ашып, бөліп қарастырудан туындайды.

Заңды түсіндіру заңдарды, заңнаманы дұрыс түсінуге, заңдылықты нығайтуға үлкен септігін тигізеді.

Қылмыстық заңды түсіндіру әр түрлі негіздерге байланысты бірнеше түрлерге бәлінеді. Яғни ол:

а) субъектісіне байланысты, яғни кім түсіндіретіндігіне байланысты:

аутенпткалык, (түпнұсқалық);

легальды (заңды, ресми);

соттық;

дектриналдық, (ғылыми);

ә) көлеміне байланысты, яғни қылмыстық заңның күші тарайтын әрекеттер (қатынастар) шеңберіне байланысты:

дәлме-дәл;

— таралған (кең көлемдегі);

шектелген (тар көлемдегі);

б) әдістеріне байланысты, яғни қалай түсіндірілетіндігіне байланысты:

грамматикалык, (филологиялық);

— жүйелі;

тарихи болып бөлінеді.

Аутентикалық түсіндіру — бұл заң шығарушы органның өзінін занға түсініктеме беруі. Аутентикалық түсіндірудің заңдылық күші бар және ол жалпыға бірдей.

Легальды/ресми түсіндіру — заң бойынша арнайы өзіне жүктелген осы міндетті атқаруға құзыретті органның заңға түсініктеме беруі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 72-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Конституцияның нормаларына ресми түсініктеме береді.

Соттық түсіндірме деп — соттың нақты бір қылмыстық істі қараудағы беретін түсіндірмесін айтамыз. Сот түсіндірмесінің нормативтік күші бар. Ол үкімнің заңды күшіне енуінен кейін  сол іс бойынша міндетті болады.

Соттық түсіндірменің ерекше түрі болып Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулылары табылады. Сот талқылауын жүзеге асыру Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құзыретінде. Мұндай соттық түсіндірменің мысалы, Республика Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін зандарды соттардың колдану тәжірибесі туралы» Қаулысы бола алады1.

Доктриналдықғылыми түсіндіру — ғылыми мекемелердің, заңгер-ғалымдардың, құқық қолдану және құқық қорғау қызметкерлерінің оқулықтарда, монографияларда, ғылыми-тәжірибелік мақалаларда, баяндамаларда, дәрістерде -заңды күшіндегі қылмыстық заңдарға түсініктеме беруі.

Дәлме-дәл түсіндіру деп заңның өз мәтіні мен зан нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем құрамына тура келетін түсіндіруді айтамыз.

Таралған (кең көлемдегі) түсіндіру — заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына беретін және осы заң нормасын кең шеңберде қолдануға негіз болатын түсіндіру болып табылады.

Шектелген (тар көлемдегі) түсіндіру — заңға өз мәтініндегі дәлме-дәл көрсетілгенінен гөрі тар мағына беретін және заң нормасының тар шеңберде қолданылуын сипаттайтын түсіндіру. Мысалы, тар көлемдегі түсіндірме, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1994 жылғы 23 желтоқсандағы «Азаматтардың өмірі мен денсаулығына қарсы әрекеттер үшін жауапкершілікті Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының жаршысы, 1993. №2. 25 заңдарды соттардың қолдануы туралы» Қаулысында «кісі өлтіруге оқталу қасақана ниеттен болады» деп көрсетілген’.

Грамматикалық (филиологиялық) түсіндіру — заңның мазмұнына грамматикалық анализ жасаумен қатар этимологиялық және синтаксистік ережелердің кәмегі арқылы қылмыстық заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуден тұрады.

Заңда қолданылатын терминдердің, ұғымдардын түсінігі, қылмыстық заң нормаларының өзінде де берілуі мүмкін. Мысалы, «лауазымды тұлғалардың» түсінігі ҚК-тің 307-бабының ескертуінде ашылып көрсетілген.

Заңда қолданылатын сөздердің, ұғымдардың, терминдердің мағынасы мен түсініктері Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының нормативтік қаулыларында да беріліп тұрады. Сондықтан Жоғарғы Сот Пленумының тиісті Қаулыларына жүгініп тұру қажет.

Жүйелі түсіндіру — қылмыстық заңның мазмұнын, оның. қылмыстық заң жүйесіндегі алатын орнын басқа заңдармен және мазмұны жағынан ұқсас заңдармен салыстыра отырып, ажыратуды белгілейді. Яғни, жүйелі түсіндіру осы жолдармен заңның мағынасын аша түседі. Мысалы, КК-тің 109-бабында  көзделген қажетті қорғаныс шегінен шығып денсаулыққа ауыр зиян келтірудегі қылмыстық жауаптылықтың негіздерін түсіндіру үшін, осы аталған бапты ҚК-тің басқа баптарымен, яғни 66, 103-баптарымен міндетті түрде салыстыру қажет.

Тарихи түсіндіру — қылмыстық заңды қабылдауға негіз болған әлеуметтік-экономикалык, саяси жағдайларды ескере отырып, заңның мәнін, заң жобасының тарихын және заңның шығарылу себептерін анықтай отырып түсіндіруден тұрады. Қылмыстық заңды түсіндірудің барлық әдістері бір-бірімен тығыз байланысты.