Қылмыстық заң- қылмыстық саралаудың негізі туралы қазақша реферат
Қылмыстық құқық нормалардың бәсекелестігінде саралау, яғни нормаларды дұрыс саралау келесі қағидаларды ұстанғанда ғана жүзеге асырылады;
— іс әрекетті тезара зерттеу мен белгілерін анықтау;
— ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімді қолдана білу;
— іс-әрекет етуші заңды түгелдей, толық түсіну.
Жалпы және арнайы норма.Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада-бір бапта көрсетілуі мүмкін. Мысалы: [314-бап] қызмет жөніндегі жалғандық. Басқа жағдайларда ҚК бір бабында қылмыс құрамының бір немесе бірнеше түрі қарастырылады. Мысалы, ҚК 308-бабында қылмыстың қауіптілік дәрежесіне қарай билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдаланудың үш құрамы көрсетілген баптың бірінші бөлімінде осы қылмыстың жай түрі ал екінші, үшінші бөлігінде осы қылмыстың ауыр немесе өте ауыр түрлері көрсетілген. Тарихи тұрпатына сүйенсек, арнайы норма лауазымды тұлғаларды көрінеді. ҚК он үшінші тарауы Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстар арнайы норма болып табылады. ҚР ҚК Ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс құрамдары көрсетілген. Қылмыстық құқықтық қылмыстық осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан. 1960 жылға дейін қолданылған ҚК ұқсастығы бойынша, яғни, қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілген іс-әрекеттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Бұның өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеп соғады. ҚР 1995 жылғы жаңа Конституциясында, осыған орай жаңа ҚК қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген. Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Құқыққа қайшылықта нормабәсекелестігі,яғни жалпы және арнайы норма түрінде қолданылады. А.Н. Трайниннің пікіріне жүгінсек : «Арнайы құрам былайша айтқанда, қылмыстың түрлік белгісінен алынады». А.Н. Ағыбаевтың пікіріне сүйенсек, қылмыстың түрлік белгілері дегеніміз- барлық қылмыстарға ортақ, олардың қоғамға қауіптілігін және құқыққа қайшылығын білдіретін жиынтығының көрінісі болады. Түрлік белгіге жатпайтын тек қана жекеленген қылмысқа тән белгілер қылмыс құрамына қосылмайды. Сондықтан да олар қылмыс құрамынан тысқары болады да, осыған байланысты оның қылмысты саралау үшін маңызы болмайды. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлағанда (ақша, зат, құжат т.б.) немесе ол ұрлықтың қашан болғаны қылмысты саралауға әсер етпейді. Түрлік белгі сол немесе басқа қылмыстың міндетті белгілері болып табылады. Осы түрлік белгілердің біреуі жоқ болса, онда қылмыс құрамы болмайды. Мысалы, басқа біреудің мүлкін ұрлаудың түрлік белгісі- оны жасырын ұрлау. Егер басқа біреудің мүлкін алу жасырын түрде емес, ашық түрде жүзеге асырылса, онда ұрлық емес, басқа қылмыс құрамы- тонау болады. Қылмыс құрамы бір ғана қылмыстық құқықтық нормада көрсетіледі. Бұл жерде норма бәсекелестігі болмайды. Толық және бөлшек нормалардың бәсекелестігі қылмыс элементтерінде қаралады. Олар объектісі, объективтік жағы, субъектісі, субъективтік жағы. Қылмыстың объектісі бойынша, мысалы абайсызда адам өлтіру [101 бап] 1997 жылғы ҚР ҚК бойынша абайсыздықта адам өлтіріп алу адам өлтірудің түсінігіне жатпайды, ол өз алдына жеке қылмыс болып табылады. Мұның адам өлтіруден негізгі айырмашылығыөлімнің болуына қатысты кінә нысанының өзгешелігінде. Екінші, еңбекті қорғау ережелерін бұзу [152-бап] осы баптың 2-бөлігі абайсызда адам өлтіруге әкеп соққан әрекет болса, яғни екінші норма арнайы болып табылады, осы ретте бәсекелестік кезінде көрсетілген баптарды 152-бабы қолданады. Қылмыстың объективтік жағы бойынша көптеген нормалар бәсекелеседі. Мәселен, қарақшылықтың [179-бап] объективтік жағы- адамның өмірі мен денсаулығына қауіп күш көрсетумен немесе тікелей осындай күш қолдану мен қорқытумен ұштасқан шабуыл жасау арқылы белгіленеді. Осыған орай қарақшылықтың объектвитік жағы негізінен екі әрекет арқылы: шабуыл жасау және күш көрсету арқылы жүзеге асырылады. Тонау [178-бап] объективтік жағынан белсенді әрекет күйінде бөтеннің мүлкін ашықтан- ашық талан-таражға салу арқылы жүзеге асырылады. Объективтік жақтың белсенділігін В.Н. Кудрявцев үшке бөліп қарастырады.
— іс-әрекетте тек ғана олардың біреуінен көрініс, яғни екі немесе оданда көп нормалардың бірлестігінен;
— қылмыстық зардап, белгілі бір нормадан көрініс тапса;
— белгілі бір норма,қарама-қайшылықты іс-әрекеттен көрінсе.
Ал субъектісі және субъектитвік жағы бойынша қылмыстың субъектісінің толық және бөлшек норма бәсекелестігі жалпы және арнайы норма бәсекелестігіне толық ұқсас болады. Мысалы, төмендегі норма бәсекелестігін ұсынамыз: пара алу және осы баптың 3-бөлігі жауапты мемлекеттік лауазымды атқарушы адам жасаған әрекеттер, әскери қылмыстар [366-бап] және [369-бап] бастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері. Осы келтірілген мысалдардың субъектісі арнайы субъект. Қылмыстың субъектісінің өзі жалпы және арнайы болып бөлінеді. Есі дұрыстық заңда белгіленген жасқа толу және жеке адам болуы сияқты белгілер барлық қылмыстарға тән, ортақ белгілер. Бұл белгілер жалпы субъектінің түсінігін береді. Жалпы субъектінің осы белгілері мен қатар жекеленген қылмыстың құрамының ерекшелігіне қарай қосымша, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады. Мысалы, мемлекеттің қызмет мүддесіне қарсы қылмыстың барлығы дерлік арнаулы мемлекеттік қызметшілер арқылы істеледі. Бұл жерде мемлекеттік қызметші арнаулы субъект болып табылады. Әскери қылмыстарды тек әскери қызметшілер істейді, сондықтан әскери қызметшілер де қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
Субъективтік жағының норма бәсекелестігі қылмыстық-құқықтық теорияда өте аз зерттелген. Қылмыстың субъективтік жағының негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. қылмыстың субъективтік жағының мазмұнын мынадай заңдылық белгілері: кінә, қылмыстық ниет, мақсат құрайды. Осы белгілердің жиынтығы қылмыс істеген, яғни қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның жан дүниесінде орын алған ішкі өзгерістер, оның санасымен еркінің өзара байланысы бейнелеп береді. Осы аталған белгілердің қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінде тигізетін маңызы өте зор. Сонымен норма бәсекелестігінде қылмысты саралауды қорыта келсек, біріншіден, норма бәсекелестігі- нақты бейне. Қылмысты дұрыс саралауда тигізетін пайдасы өте көп, сонымен қатар қылмыстық құқықтық норма бәсекелестігінде саралауда төмедегідей талаптар орындалуы тиіс: Бірінші талап – жасалған қылмыстардың белгілерін ресмилендірген жағдайда толық, терең зерттеу қажет. Екінші талап- қылмыстық заңның нормаларын дұрыс қолданып қолданыстағы қылмыстық құқықтық нормалардың жүйесін терең талдау қажет. Норма бәсекелестігінде көптеген қателіктер қылмыстық құқықтың жүйесін білуден жіберіледі. Іс-әрекеттің дұрыс саралау үшін норма бәсекелестігінің көлемі, мазмұны жағынан толық, норманы қолдануымыз қажет. Ал санкцияның балама рөлі қылмыс құрамымен салыстырғанда норма бәсекелестігінің жалпы және арнайы нормасынан айқындалады. Мәселен, [314-бап] қызметтік жалғандық жасау ең көп жауапкершілікке екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал [327-бап] өзінші билік ету үшін немесе бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады, ал ауырлататын жағдайда жеті жылға дейін мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Санкция норма бәсекелестігінің сұрағы шешілгеннен кейін беріледі. Іс-әрекетті дұрыс саралау үшн, қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрам нышандарын жақсы білуіміз қажет. Қылмыстық норма бәсекелестігі саралауда маңызы ерекше рөл атқарады. Қалай болған күнде де әрекетті неғұрлым толықтай әрі дәл сипаттай алатын норманың қолданылатыны заң.