Қылмыстық құқық нормаларының құрылысы бойынша саралау туралы қазақша реферат
Жалпы алғанда, қылмыстық құқық нормалардың құрылысын зерттеу үшін, ең алдымен қылмыстық құқық нормасының жалпы ережесіне, құрылымына, маңызына, қолдануына тоқталуымыз қажет. Қылмыстық құқықтық нормадан бұрын қылмыстық норманың түсінігіне қысқаша тоқталсақ, Ғ. Сапарғалиевтің пікірі бойынша, «құқықтық норма заңда ресмилендірген нормативтік нұсқау ол- жалпыға міндетті, мемлеекттің атынан баянды етілген, қоғамдық қатынастарды реттейтін билік». Оған мына белгілер тән. құқықтық норма ең маңызды қоғам, тұлға үшін өте қажет қоғамдық қатынастарды бейнелейді. Құқықтық нормада қоғам, тұлға үшін пайдалы қажетті қатынастар мен қатар, зиянды әрекеттер, қатынастар да бейнеленеді. Құқықтық норма осындай іс-әрекеттерді де қамтиды. Құқықтық норманың екінші белгісі ол реттелетін қоғамдық қатынастардың үлгісі болып саналады. Үлгі оң және теріс мінез-құлықтың бейнесі болуы мүмкін. Тұлға өзіне жүктелген міндетті қалтызсыз орындаса, ол оң үлгіге жатады. Егер адам заң бұзса, ол теріс үлгіге жатады. Қылмыстық нормада нақтылы, жеке субъектілер көрсетілмейді,ол реттейтін қоғамдық қатынастарға қатынастардың барлығы құқықтық норманың талабына бағынуы қажет [24,79б]. Қылмыстық және құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу қызметі болып табылады. Екіншіден, қылмыстық құқық нормасы арқылы жазамен қорқытып, тыйы салынған іс-әрекеттерді істеуге байланысты қоғамдық қатынастар реттеледі. Үшіншіден, қылмыстық құқық қылмыстық құқық нормасы арқылы азаматтарға қылмыстық жолмен қиянат келтіргенде олардың одан қорғауға байланысты қатынастарын ретке келтіреді. Яғни, бұл мәселелердің барлығы тек қылмыстық құқықтық норма арқылы реттеледі. Қылмыстық құқықтық нормалар қылмыстық құқық ғылымында зерттеледі. Профессор Н.Д. Дурманов, қылмыстық құқықтық нормалар қылмыстық заңмен қамтамасыз етіледі. Заң күшіндегі актілер қажетті жағдайда қылмыстық құқытық нормалардың мазмұныны айқындайды. Қылмыстық құқықтық нормалар мәндік ерекшеліктер мен айрықшаланады. Бұл мәндік ерекшеліктерге қылмыстық құқық теориясында қарама-қарсы талас пікір тудыратын көзқарастар жеткілікті. Мәселен, неміс ғалымдары К. Биндинг, Р. Хиппель, Р. Маурах, орыс ғалымдары С.П. Мокринский, С.В. Познышев, Н.Д. Сергиевский, П.Е. Недбайло, С.П. Томашевский, А.Н. Трайнин, И. Ребане, Я.М. Брайнин, В.Г. Смирнов, О.Э. Лейст т.б. ғалымдар.
XIX ғасырдың екінші жартысында неміс криминалисті К. Биндингтің пікіріне сүйенсек, қылмыстық құқық нормасы туынды және дербес сипатпен айқындалады, қылмыстық заңда норма болмайды, норма қылмыстық заңның басқа құқықтың басқа саласының заңдаыранда орын алады, қысқа түрде, норма қарама-қайшылықтан пайда болады, ал звң қылмыстық іс-әрекеттен туындайды,- деді [40,94-96б.]. К. Биндинг: «қылмыстық құқықтық нормалар сақтандыру функциясы арқылы санкция көрсетілген жазаны кінәліге тағайындау әрекетін атқарады»- дейді. [43,99б.] Н.А. Стручковтың пікіріне сүйенсек, қылмыстық құқықтық нормалар материалдық құрамнын тұрады. Қылмыстық құқық нормалар қоғамдық қатынастарды реттеу,жолға салу және қорғау үшін жасалады. Қоғамдық қатынастарды реттеу үшін оған қатысушыларға ерік берудің өзі-ақ жеткілікті. Кейде қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, оларды зиянды іс-әрекеттерден қорғау керек. Мысалы, адамның өмірін, меншігін қол сұғудан қорғамаса, жеке адамға да, қоғамға да зиян келтіреді. Ал қайсыбір жағдайда қоғамдық қатынастарды реттеу үшін тұлғаларға міндеттер жүктеуге тура келеді. Мысалы, ішкі істер органдарының міндеті қоғамдық тәртіпті сақтау, қорғау. Бұл нормалар белгілі көтермелеу мақсатында көздейді. Мысалы, заң нормалары қоғам үшін адал еңбек еткендерге құрметті атақтар беріледі. Б.А. Куринов: жалпы құқықтық теорияда, құқықтық норманы үшке бөліп көрсетеді. Олар: гипотеза, диспозиция, санкция [9,44б]. Бірқатар авторлар жоғарыда көрсетілген құрамды бөлшектерден трпатына келіседі. (Мәселен, Н.Д. Дурманов, М.И. Блум т.б.) Біздің ойымызша да, әрбір құқықтық норманың ішкі құрылысы бар. Олар: гипотеза (болжам,диспозиция, мінез-құлық ережесі) және санкция (жаза, шара). Құқықтық норманың мұндай құрылысын логикалық құрылым деп атаймыз. Құқықтық норманың гипотезасы құқықтық норманы қолдану (немесе қолданбау) үшін қажетті өмірдегі мән жайлардың бар екенін көрсететін құқықтық норманың бөлшегі. Гипотезаның көмегімен мен мінез-құлықты қиялдағы варианты нақтылы өмірдегі жағдайлармен белгілі адаммен, мерзіммен және орынмен байланыстырады. Демек, гипотеза құқықтық норманы тірілтеді. Мысалы, бұзақылық үшін жауапқа тартылатын адам қоғамдық тәртіпті бұзу керек. Егер осындай іс-әрекеттер жасаса, заңды бұзушы тиісті жауапқа тартылады. Егер гипотезада бір ғана мән-жай көрсетіліп, сол жағдайда құқықтық норма қолданылатын болса, онда жай гипотеза деп атаймыз [24,81б]. Мысалы, егер бала туғанда ата-анасы ҚР азаматтары болса, бала да ҚР азаматы болып саналады. Егер құқықтық норманы қолдану үшін екі, одан да көп мән-жай қажет болса, ондай гипотезаны күрделі дейді. Егер құқықтық норманың қолданылуы бірнеше мән-жайдың біреуіне байланысты болса, оны балама гипотеза деп атаймыз. Құқықтық норманың диспозициясы құқықтық қатынастарға қатысушылардың мінез-құлқы қандай болу керек екенін анықтайтын құқықтық норманың бөлшегі. Диспозиция құқықтық норманың ұйтқысы, мазмұны, өзегі. Бірақ құқықтық норма тек қана диспозициядан тұрмайды. Гипотеза және санкциямен бір байланыста болғанда ғана диспозиция өзінің реттеушісі қызмет атқра алады. Диспозиция мінез-құлықтың үлгісі. Диспозиция үш түрлі болады: а) жай диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны ашылмаса; ә) бейнеленген диспозиция, егер мінез-құлықтың мазмұны барлық мәнді белгілері анықталса; б) сілтеме диспозиция- егер құқықтық норма димпозициясы анықталған басқа құқықтық нормаға сілтесе. Үшінші бөлігі туралы бір топ ғалымдар былай дейді. «Құқықтық норма құрылысының үшінші элементі-санкция ғана Қылмыстық заңның Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмыс үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай жаза тағайындайды»[36.59,31б]. Ал, кейбір авторлар қылмыстық құқықтық нормада диспозициямен санкция болуы қажет, гипотеза бұл жерде артық деген пікірін ұсынды. Мәселен: Я.М. Брайнин, В.Г. Смирнов, В.П. Малков. Мәселен, Қылмыстық кодекс заңды бірнеше баптар,тармақтардан тұрады. Ал заңның бабаы бір немесе бірнеше құқықтық нормадаын тұруы мүмкін. Егер заңның бабында бір норма болса,бап пен норма сәйкес келеді бапта екі норма болуы мүмкін,онда, әрине баптың мазмұны норманың мазмұнынан кең болады. Мысалы, ҚР Конституциясының 34-бабы екі құқықтық нормадан тұрады. 1) Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бастандықтарын, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті. 2) Әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті. Кейде бір құқықтық норма бірнеше баптан тұруы мүмкін. Заңның бабы біріншіден, құқықтық норма ме
н заң бабының үйлесуі, екіншіден, заңның бір бабында бірнеше құқықтық нормалардың болуы, үшіншіден, бір құқықтық норманың бірнеше баптан тұруы. Құқықтық нормамен құқықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Ал қылмыстық құқықтық норманы қолдану сатыларына келсек, С.С. Алексеевтің үшке бөлген топтастыруынан көруімізге болады олар: фактілік мән-жайын дәлелдеу; құқықтық нормаларды талдау; құқықтық актіні қолданып істі шешуде көрсеті; қылмыстық сот өндірісінде осы топтастыруда модификациялауды талқылап қылмыстық құқықтың талдауын үш саытға бөлеміз: істің нақты фактілі мән-жайына зерттеу, дәлелдеу жүргізу; қылмыстық құқықтық норманы бекіту; қылмыстық құқықтық норманы жүзеге асыру. В.Н. Кудрявцевтің пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау қылмыстық құқықтық норманы қолдануда негізгі кезеңнен тұрады. Ал құқықтық норманы, істелген қылмыстың қылмыстық құқықтық нормасын екі бағытта айқындаймыз. Олар: мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар заңмен қызмет істеуі; азаматтар, олардың бірлестіктері және ұйымдастықтары өз іс-әрекеттерімен құқықты жүзеге асыруы. Құқықты жүзеге асырудың ерекше тәсілдері бар. Олар:
а) Құқықты сақтау. Тыйым салатын нормалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсілдің мәні тыйым салынған әрекетті жасаудан бой тарту болып табылады;
б) Құқықты орындау. Құқықты орындаудың мәні жүктелген міндетті жүзеге асыру үшін белсенді әрекеттер жасау;
в) Құқықты пайдалану. Белгілі тұлға өзіне берілген құқықтар мен бостандықтарды пайдалана ма, жоқ па өз еркі, егер оларды пайдаланғысы келсе, белсенді немесе енжар әрекет жасау арқылы құқықтық норманы жүзеге асырады;
г) Құқықты қолдану. Бұл билік қызметін жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: сот, прокуратура, тергеу органдары қолданады [5,18б.]. Қолданудың өзі екі түрлі жолмен жүзеге асырылады: бірінші түрі- билік жүргізетін қызмет арқылы, екінші түрі- нақтылы істі шешу арқылы. Құқықты қолдану бірнеше сатыдан тұрады: істің нақтылығы мән-жайларын анықтау; сітің заңи негізін анықтау; құқықтық норманы қолдану арқылы шешім қабылдау: шешімді жүзеге асыру. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар. Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы- қылмысты саралауда маңызы ерекше зор. Яғни істелген іс- әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы көрініс табады, осы арқылы азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасын; жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындау тәрбиелеумен бірге оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норманы қодану процесінде қылмыстық сараудың орны ерекше. Ол тек қоғамдық қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді. Қылмыстық құқықтық нормалар өзінің реттелушілік ықпалы мен, кез-келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырылады. Заңға диспозиция қылмыстық құқықтық норманың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтайды. Тектік және түрлік заңды саралаудың нақты шешімі белгілі іс-әрекет қылмыстың белгілерінен құрамды және қылмыс жасағалы тұрған адам екінші кезекке сөзсіз өтеді. Мысалы, қылмысты саралау сатысы, қылмыстың заң нормасының белгілі іс-әрекетінің қамтылуын өндіреді. Ең соңғы кезеңі, қылмысты саралау процесі белгілі міндетті іске қорытынды шығарады, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің белгілі бабына сілтеме жасайды, кейбір жағдайларда Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабына сілтеме жасайды. Заңгердің күнделікті тәжірибеде қолданып келген іс-әрекеті бойынша қылмысты саралау жоғарыдағы екі түрге бөлінеді, атап айтсақ, бірінші кезең заңды логикалық саралау, екінші кезең саралау процесі. Қылмыстық құқықтық нормаларды, қолдануға прокурор, сот, тергеуші, жауап алу қызметінің әрекеті құқыққа сәйкес бастау сәті болады. Бұл кезең дайындалу сипаттамасын жүзеге асырмаса да өте маңызды рөл атқарады. Заңды негізде қылмыстық құқық нормасының бекітілуі, қолданылуы құқыққа сәйкес процестің басшы орталығын атқарады. Бұл кезеңнің құқықтық нормасы формальды ғана емес, норманың тексеру қызметін, яғни кеңестіктегі, уақыттағы іс-әрекеті оның түсіндірілуін қамтамасыз етеді. В.Н. Кудрявцев, қылмысты саралау қылмыстық құқықтың нормаларымен тығыз байланысты және ең соңғы кезеңі құқық нормасын қолдану- шешімін шығару, акт шығары, осы шешімде бекітіледі. Құқықтық норманы қолдану кезеңі қылмыстық процестің кезеңі мен сәйкес келмейді, өйткені белгілі субъектінің ресми мән-жайға құқыққа назар аударуы болып табылады. Логикалық құқық қолдану әрекеті (әрекетсіздігі) анықталған кезеңнен және сатыдан құралады. Логикалық құқық қолдану сатысы мен құқық процесс сатысының бір-бірінен ерекшелігі мен өзгешеленеді [5,18б.]. Қылмыстық құқық нормасын қолдану қылмыстық құқықтың Ерекше бөлім нормасымен шектелмейді, сонымен қатар міндетті түрде жалпы бөлімнің нормаларын қамтамасыз етеді. Б.А. Куриновтың пікіріне сүйенсек: Қылмысты саралау қылмыстық құқықтың нормасымен бірге жүретін «ұқсастық»- деп көрсетті. Қылмысты саралауда дұрыс саралаудың атқаратын рөлі ерекше. Мысалы: ҚР ҚК 96-бап адам өлтіру. 101-бап абайсызда адам өлтірумен ауыстырып қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда құқық нормасы бұзылады, жаза тағайындалғанда көптеген кемшіліктерге жол бермеу адамның (қылмыскердің) өміріне үлкен келеңсіз жайдайлар туғызады. Егер, қылмысты бірнеше адам орындайтын болып олар бірнеше адам алдын-ала жобалап және өзара атқаратын міндетін бөлісіп, әрқайсысы басқа адамды қатыстырмай бір адамнан ғана өлтірсе олардың әрқайсысының әрекеті ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «а» тармағы бойынша саралануға жатады. Егер, екі немесе одан да көп адамды өлтіру әр уақытта болып, бұл әрекеттер айыпкердіңбір жақты ойы мен жүзеге асырылмаса, онда бұл қылмыстар ҚК 96-бабы 2-бөлігінің «н» тармағы бойынша бірнеше рет адам өлтіру ретінде сараланады. Бір уақытта бір адамды өлтірген және екінші адамд
ы абайламай өлтірген айыптының әрекетінде бұл қарастырып отырылған қылмыстың құрамы жоқ, ол екі қылмыстың жиынтығы; адам өлтіру және абайсызда кісі өлтіру қылмыстары ретінде сараланады [60,179б]. Құқықты қолданудың бірінші сатысындағы заңи айғақтар және заңи құрам анықталуы керек. Олар басты айғақ немесе басты айғақты анықтайтындар. Осы айғақтар заңи істер тиісті түрде, заңи жолмен шешуге жеткілікті болуы қажет. Кейде анықталатын мән-жайлардың көлемі заңда белгіленеді. Мысалы, қылмыстық іс жүргізу заңы бойынша сотта қылмыстық істі қарағанада мына жағдайлар дәлелденуі қажет: қылмыс оқиғасы, уақыты, орны, жасалу әдістері, айыпкердің кінәсі, қылмыстың себебі, айыпкердің жауапкершілігіне әсер ететін мән-жайлар қылмыс арқылы келтірілген зиянның сипаты мен мөлшері, қылмысты жасауға түрткі болған мән-жайлар. Екінші сатыда істің заңи негізі анықталуы керек, қолдануға қажетті құқықтық норманы табу. Оның мәтінің дұрыстығын тексеру, норманың түп нұсқасы екендігін анықтау, оның кеңестіктегі, мерзімдегі (уақыттағы) күшін және субъектілерге қатыстығын анықтау, норманың мазмұнын айқындау. Осы айтылған әрекеттердің барлығы заңдылықты құқықтық тәртіпті нығайту үшін қызмет істеді. Кейде заңи мәні бар әрекет жасалса да, оны шешуге арналған құқықтық норма болмауы мүмкін. Мұны заңдағы олқылық деп атайды. Үшінші сатысы- қаралған іс бойынша құқық қолдану актісін қабылдау. Мұндай акт істің тағдырын шешеді. Сондықтан бұл жұмысқа жауаптылықпен қарау керек. Осы актілер заңға негізделіп, заң бойынша жасалуы қажет. Бұл акт құқық нормалары бойынша соның негізінде қабылданады, заңдық күшіне ие болады және құқықтық қатынастарды туындатады, өзгертеді, тоқтатады. Құқық қолдану актісінде ұқнның нормасы болмайды.
Біздің ойымызша, қылмыстық құқықтық нормалардың маңызы қылмыстық заңда ерекше орын алады. Мәселен, Қазақстан Республикасында қылмыс пен күрес жүргізу Қылмыстық атқару кодексімен реттеледі, кейбір реттерде жекеленген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы заңдылық актімен де белгіленуі мүмкін, ал зиянды әрекеттердің мәселелерін саралау қылмыстық құқықтық теорияда да,сот тәжірибесінде де алатын орны ерекше