Қылмысты саралау процесінің кезеңдері

Қылмысты саралау процесінің кезеңдері туралы қазақша реферат

          Қылмысты саралау процесі іс-әрекеттің күрделі логикалық заңына бағынатын және қылмыстық іс қозғау процесінің барлық кезеңдерінде орын алатын саралау көрінісі. Қылмысты саралау теориясында ғалымдар саралаудың қылмыстық іс қозғаудың кезеңдеріне байланысты көптеген пікірлерін ұсынды. Мәселен, В.Н. кудрявцев: «Қылмысты саралау процесі қылмыстық іс қозғаудың сатыладында ең маңызды негізгі орынға ие», [5,209б]- десе. Б.А. Куринов, қылмысты саралау процесін үш топқа бөліп қарастырды, біріншіден, жасалған іс-әрекеттің қылмысқа және құқық бұзушылыққа қатысы бар ма, жоқ па соны анықтау қажет; екіншіден, қылмыстық іс-әрекеттің түрлік белгірерін анықтау керек, ал үшіншіден, қылмыстық іс-әрекеттің қосымша белгілерін сәйкестендіру қажет, — [9,55б] дейді. Қылмыстық құқықтық нормасын айқындамай қылмыстық іс-әрекетті қылмыс деп айта алмаймыз.

А.В. Наумов пен А.С. Новиченконың пікіріне жүгінсек, қылмысты саралау процесін қылмыстық іс қозғау сатыларына байланысты үш кезеңге бөліп көрсетеді. Біріншіден, белгілі іс-әрекеттің мән жайын фактіге негіздеп, қылмыстың құрамының объективтік және субъективтік, объектісін және субъектісін талдау қажет және осы айтылған қылмыс құрамының элменеттерін құрайтын белгілердің жиынтығын айқындау қажет. Екіншіден, қоғамға қауіпті жасалған іс-әрекеттің қылмыстық кодекстің нормаларына негізделуін анықтау қажет. Үшіншіден, құқыққа қайшы және қоғамға қауіпті іс-әрекеттің қауіптілігінің мөлшерін және қылмыс құрамының белгілерінің ұқсастығын анықтауымыз керек. Жоғарыда айтылған пікірлерге қарама-қайшылықты жағдайларда кездеседі. Қылмыстық құқық саласында осы уақытқа дейін қылмысты саралау процесінің мазмұны туралы дәлме-дәл анықтама орын алған жоқ [22,31-36б].

Біздің ойымызша, Б.А. Куриновтың тұжырымымен үзілді-кесілді келісу қиынға соғады, өйткені қылмысты саралау процесінің үш тобына бөлу түсінігі нақты бір көрініске немесе іс-әрекетке қарап заңсыз ұғым беру мәнсіз дегені дұрыс сияқты. Осыған орай, А.В. Наумов пен А.С. Новиченконың қылмысты саралау процесін кезеңдерге бөліп қарастырған тұрпаты дұрыс, бірақ-та ол ұғымдардың кейбір тұстары қылмыстық кодекстің немесе басқазаңдардың қатаң талаптарына сыйыспай жатады. Толық түсінік пен құқықтық нақтылық жоқ. Саралау процесі ғылым саласында және тәжірибе тұрғысында да бастапқы негізден қорытынды негізге ауысып отырады. Бастапқы негіз дегеніміз – ғылым саласынан көрініс табатын іс-әрекеттің белгілерінен қорытындылап талдау жасау арқылы қылмыстыққұқықтық нормамен дәлме-дәл сәйкестендіру болып табылады. қорытынды негіз дегеніміз – қылмысты саралаудың өзі, ең соңғы кезеңі,яғни қылмыскердің іс-әрекетті бағалап жаза мөлшерін тағайындап, үкім шығару. Бастапқы негіз бен қорытынды негіз логикалық аспектіде жүзеге асырылуы маңызды орынға ие. Қылмысты саралау процесі – қылмысты іс жүргізу кезеңінің барлық сатысында қолданылады. Қылмыстық іс жүргізудегі қылмысты саралау қылмыстық іс қозғаудан бастап соттың шешіміне дейін жүргізілетін әрекеттер болып табылады. қылмысты саралаудың маңызы логикалық  проецтің қорытындысымен жинақталатын әрекеттер. Қылмысты саралаудың ұқсастық, яғни құқық бұзушылықтардың (азаматтық,әкімшілік, тәртіптік) құқықтық қатынастар мен тығыз байланысты. Қылмысты саралаудың қылмысты іс жүргізудегі қорытынды негізгі қоғамға қауіпті іс әрекеттерді қылмыстық құқықтық Ерекше бөліміне кейбір жайдайларды Жалпы бөліміне сілтеме жасауы болып табылады. қарастырып отырған тақырыбымызға тікелей қатысы бар қылмыстық іс жүргізудің негізгі бөлімі болып саналатын қылмыстық іс қозғау сатысын ипаттауға тырысайық. Қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысы, қылмыстық іс қозғауды бастау үшін ең алдымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 177-бабында көрсетілген қылмыстық іс жүргізу себептерінің бірі болуы қажет. Яғни, қылмыстық іс қозғауға мыналар себеп болады:

1)    азаматтардың арыздары; [ҚІЖК 178-бап]

2)    кінәсін мойындап келу; [ҚІЖК 179-бап]

3)    мемлекеттік органның лауазымды адамының немесе ұйымда басқару қызметін атқарып отырған адамның хабарламасы; [ҚІЖК 180-бап]

4)    бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабар; [ҚІЖК 181-бап]

5)    лауазымды адамдардың және қылмыстық іс қозғауға құқық берілген

органдардың қылмыс туралы мәліметтерді тікелей анықтау. [ҚІЖК 182-бап] Қылмыстық іс қозғауға қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді болдырмайтын мән жайлар болмай, қылмыс белгілерін көрсететін жеткілікті деректердің болуы негіз болып табылады. Қылмыстық іс қозғаудың себептері ҚР ҚІЖК 183-185 баптарында берілген танымдық жағдайларды ескеретін қылмыстық іс жүргізудің бастапқы сатысының негізі болып табылады. Сөйтіп, қылмыстық і қозғау сбептерінің болуы, іс жүргізудің осы сатысын жүргізуге заңды негіз бар екенін де көрсетеді. Қылмыстық іс қозғау қылмыстық іс жүргізудің дербес сатысы болғандық, ол қылмыстық іс бойынша міндетті түрде болуы тиіс. Қылмыстық іс жүргізу  кезеңдегі қылмыстық іс қозғау тәртібі [ҚІЖК 186-бап], яғни жоғарыда көрсетілген себептер мен негіздер болған кезде анықтаушы,анықтау органы, тергеу бөлімінің бастығы, тергеуші, прокурор қылмыстық іс қозғау туралы қаулы шығарады. Қаулыда: оның шығарылған уақыты мен орны, оны кім жасағаны, іс қозғаудың себептері мен негіздері, ол кімге қатысты қозғалып отырғаны, белгілер бойынша іс қозғалып отырған қылмыстық заңның бабы, сондай-ақ істің бұрын былайғы бағыты көрсетіледі. Қылмыстық іс қозғау туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қабылданған шешім туралы арыз берушіге және өзіне қатысты іс қозғалып отырған адамға оғын қылмыстық ізге түсудің басталуына байланысты құқықтар мен міндеттерді түсіндіре отырып хабарланады. Егер қылмыс жасаудан шеккен адам белгілі болса, қылмыстық іс қозғаумен бір уақытта ол жәбірленуші деп танылады, ал егер қылмыс жасалғаны туралы хабармен бірге азаматтық талап қойылса, онда бұл адам сонымен қатар азаматтық талапкер деп танылады. Қылмыстық іс қозғауға негіздер болмаған кезде қылмыстық ізге түсу органы қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарады. Қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулының көшірмесі жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға және арыз берушіге жіберіледі. Бұл ретте арыз берушіге  құқықтары мен қаулыға шағымдан туралы түсіндірілуге тиіс [ҚІЖК 187-бабы].  Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық іс қозғалғаннын кейінгі іс әрекеті [ҚІЖК 189-бап] прокурор істі алдын ала тергеу мен анықтау жүргізу үшін тергеушіге немесе анықтау органына жібереді, тергеуші алдын ала тергеу жүргізуге кіріседі, алдын ала тергеу жүргізу міндетті болып табылатын істер бойынша анықтау органы шұғыл тергеу іс-әрекеттерін орындағаннан кейін істі алдын ала тергеу ісін жүргізуге жібереді. [ҚІЖК 285-бабында] аталған қылмыстар туралы істер бойынша анықтау жүргізеді. Прокурор қылмыстық іс қозғаудың заңды болуын қадағалай отырып: біріншіден, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық істі қозғаудан бас тартуға; екіншіден, анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық істі қозғауға; үшіншіден, анықтаушының, анықтау органының немесе тергеушінің қылмыстық іс қозғау туралы қаулысының күшін жоюға және қылмыстық іс бойынша тергеу іс-әрекеттері жасалған болса, оны тоқтатуға құқылы. [ҚІЖК 190-бап] Қылмыстық істер жөніндегі алқадан мысал келтіретін болсақ, іске қатысты нақты мән-жайлар объективті түрде зерттелмей сотталушыға ҚР ҚК 96-бабы, 2-бөлігінің «и» тармағымен ақтау үкімі асығыс шығарылған. Сот үкімі бойынша Б. 2001 жылы 31 желтоқсанда Жаңатас қаласында топтасқан төбелеске араласып, бұзақылық жасап, өзіне таныс емес Н. Себепсіз ұрып, оған жеңіл дәрежедегі дене жарақатын түсірген. Аппеляциялық наразылықта сотталғанның кінәсі тергеудегі айыбын мойындаған жауаптарымен, басқа дәлелдермен толық негізделген деп көрсете келе, үкімді өзгертіп, оның әрекеттерін ҚК 103- бабының 3-бөлігімен дәрежелеп, түпкілікті жазаны ҚР ҚК 58- бабының 3-бөлігімен тағайындауды сұраған. Аппеляциялық шағымында жәбірленушінің қорғаушысы сот істі бір жақты қарап, сотталғанның тергеуде шешесі мен адвокаттың берген жауаптарына сотта өткізілген сараптамаға дұрыс баға бермей, Б. ҚР ҚК 96- бабымен негізсіз ақталған деп үкімді бұзып, істі қайтадан сот қарауына жіберуді сұраған. Сонымен Жоғарғы Соттың Қылмыстық істер жөніндегі алқасы сот үкімі төмендегі жағдайға байланысты бұзылуға жатады деп шешті. ҚР ҚІЖК 24-бабының 4- бөлігінің талабы бойынша айыпталушының әшкерелейтін де, ақтайтын да сондай-ақ  оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар іс бойынша анықталуға жатады. Іс бойынша көптеген деректер тексерілмей,  анықталмаған мәселер болғандықта
н, Б. ҚР ҚК 96-бабы 2- бөлігінің «и» тармағы мен ақтау үкімі асығыс шығарылған [32,7-8б].

Қазіргі қылмыстық іс жүргізу туралы заң әдебиеттерінде қылмыстық іс қозғау сатысының қылмыстық іс жүргізудің дербес және бастапқы сатысы екендігіне ешкім дау айтпайды. Алайда оның аралық шегі әлі де болса нақты анықталған жоқ, тіпті жалпы қылмыстық іс жүргізу қызметінде оның бастапқы кезеңі төңірегінде кереғарлықтар байқалады. Мұндай ұйғарымдарда сөз жоқ, егер ҚР ҚІЖК 184- бабының негізінде жүзеге асырылатын жұмыс қылмыстық іс жүргізудің шеңберінен шығып кететін жағдайда қылмыстық іс қозғау сатысында қандай процесуалдық емес әрекет жасалады деген сұрақ туындайды.

Сотқа келіп түскен қылмыстық іс бойынша соттың төрағасы немесе оның тапсыруы бойынша басқа судья істі сотта іс жүргізуге қабылдау туралы мәселен шешеді. Судья келіп түскен іс бойынша: басты сот талқылауын тағайындау туралы, істі қосымша тергеуге қайтару туралы, іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру туралы, істі сотталуы бойынша жіберу туралы, істі тоқтату туралы, қылмыстық істерді біріктіру туралы шешімдердің бірін қабылдайды. Шешім іс сотқа келіп түскен сәттен бастап, бес тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. [ҚІЖК 299-бап] ҚІЖК 368- бабына сәйкес,  Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасы атынан үкім шығарады. ҚІЖК 369- бабына сәйкес, шығарылған үкім заңды және негізді болуға тиіс, егер үкім заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негізінде шығарылса, ол заңды болып танылады. Егер үкім сот отырысында сотқа ұсынылған дәлеледемелерді жан-жақты және объективті зерттеу негізінде шығарылса, ол негізді деп танылады. Қылмысты дұрыс саралаудың  ең маңызды орны қылмысты іс жүргізу сатысының ең соңғы кезеңі сот үкімінде айқын көрінеді. Өйткені жаза мөлшерін кінәліге тағайындауда  қылмысты саралауда атқартын рөлі ерекше. Сот үкім шығару кезінде төмендегідей мәселелерді шешеді: жасалуына сотталшы айыпталып отырған әрекеттің орын алғаны дәлелденді ме, бұл әрекет қылмыс болып таныла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда көзделген (бабы, бөлігі, тармағы),соталушының бұл әрекетті жасағаны дәлелденді ме; сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кінәл ме; оның жауаптылығы мен айыбын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар бар ма; сотталушы жасаған қылмысы үшін жазаға тартылуға тиіс пе; сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиіс; жаза тағайындамай үкім шығару үшіннемесе жазадан босатуға не қылмыстық жазаны өтеуді Қазақстан Республикасының Қымыстық кодексі 72- бабында және 74- бабының 2-бөлігінде көзделген жағдайларда кейінге қалдыру туралы негіздер бар ма; бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру мекемесінің  қандай түрі мен режимдегсінде жазасын өтуге тиіс; азаматтық талап арыз қанағаттандыруға жата ма, кімнің пайдасына және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берілмесе, мүліктік зиян өтелуге жата ма; азаматтық талап арызды немесе ықтимал тәркілеуді қамтамасыз ету үшін тыйым салынған мүлікті не істеу керек; заттай дәлелдемелерді не істеу керек, т.б. мәселелер көзделген [ҚІЖК 371-бап]. Сонымен қатар ҚІЖК 434,446,459,476 т.б. баптары қылмысты саралауда ерекше көрініс табады. Қылмысты саралауда қылмысты іс жүргізу заңын дұрыс қолданбау қылмыскерге қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және қоғамда қауіпті құқыққа қайшы іс-әрекеттің сипатын белгілеуде, жаза мөлшерін анықтауда кері әсер етеді. Қылмыстық заңды дұрыс қолданбау [ҚІЖК 436- бабында көрсетілген] Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Жалпы бөлімінің талаптарын бұзса; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі Ерекше бөлімінің қолдануға тиіс болған бабынан басқасын немесе бөлігін (тармағын) қолданса; Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабының санкциясы мен көзделген жаза мен салыстырғанда неғұрлым қатаң жаза тағайындау қылмыстық заңды дұрыс қолданбау жолсыздықтары болып табылады. Істі қарау нәтижесінде жасалған әрекетке заң тұрғысынан баға дұрыс берілмеген деп танып, аппеляциялық сатыдағы сот қылмыстық сыныбын неғұрлым жеңіл қылмыстық жауаптылықта қарастыратын қылмыстық заңның бабына өзгертуге құқылы. Аппеляциялық сатыдағысот бұл негіздер бойынша айыптаушы және жеке айыптаушы, жәбірленуші, олардың өкілдері шағым (наразылық) берген жағдайда, бірақ тағылған айып шегінде ғана қаралған істің нәтиежелі бойынша неғұрлым ауыр қылмыс туралы заңды қолдануға немесе неғұрлым қатаң жаза тағайындауға құқылы. ҚР Жоғарғы Соттың қадағалау алқасынан үзінді келтіретін болсақ, сотталушының әрекеті ҚР ҚК 52- бабында көрсетілген талаптарға сай келмейтіндіктен тағайындалған жаза мөлшері азайтылды. Сот үкімі бойынша Ж. (бірнеше рет сотталған) ҚР ҚК 24-бабы 3- бөлігі арқылы 120-баптың 3- бөлігінің «в» тармағымен 10 жылға бас бостандығынан айыруға, жазаны түзеу коллониясының ерекше режимінде өтеуге сотталған. Үкім бойынша Ж. 1997 жылы 16 шілдеде сағат 15-тер шамасында мас күйінде 11-жасар жас өспірім қызды зорлауға оқталғаны үшін кінәлі деп танылған. Сотта сұралған жәбірленуші Ж. Үйге кіріп келіп, бірден мойнынан қылқындырып, айқайлаған кезде аузын басып, футболкасын көтеріп іш киімін шеше бастаған. Екеуі алысып жатқанда шешесі кіріп келіп, қызын құтқарған. Сотталған Ж. Қылмыстық әрекеттері, яғни
өте жас қызды зорлауға оқталғаны сот барысында толықанықталып, өз дәлелін тапқан. Бұл тұрғыда оның қылмысы материалдық заңмен дұрыс дәрежеленген. Жәбірленуші жас қыз бен оның шешесі жала жауып тұр дейтін іс бойынша деректер жоқ, керісінше олардың жауаптары біркелкі, іс материалына басқа да деректерге қайшы келмейді. Сонымен қатар, қадағалау алқасы сотталған Ж. жаза тағайындағанда шамадан тыс қатал, ҚК 52-бабында көрсетілгенталаптарға сай емес деген пікірге келеді. Себебі, қылмыс ақырына дейін жеткізілмей, ауыр зардапқа соқтырылмаған. Бұл арада біз, қылмысты саралаудың қылмыс процесінің барлық сатысында көрініс табатынын білеміз [34,4-5б].

Қылмыстық құқық теориясында қылмысты саралаудың кезеңдері үш топқа бөлінеді. Бірінші кезең – қылмыс құрамының жалпы белгілерін көрсете отырып міндеттейді. Екінші кезең – қылмыс құрамының топтық белгілерін белгілеу. Үшінші кезең – қылмыс құрамының түрлік белгілерін айқандау болып табылады. сонымен қорыта келе, қылмысты саралаудың қылмыстық іс жүргізу сатысында атқаратын рөлі маңызды.