Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы туралы қазақша реферат
Әділсоттылықты, заңдылықты жүзеге асыруда қылмыстық құқықтың Ерекше бөлімінің маңызы үлкен рөл атқарады. Қылмыстық заңның 19- бабының 3-тармағында көрсетілгендей қасақана немесе абайсызда әрекет жасаған адам ғана қылмысқа кінәлі деп танылады. Қылмыстық заңның осы нормасының өзі адамды қылмыстық жауапқа тарту үшін немесе оны қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін оның жасағн іс-әрекетінде белгілі бір қылмыс құрамының белгілері болуы керек екендігін қылмыстық заңда көрсетілген қылмыс құрамының барлық белгілері бар іс-әрекетті істеу қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі болып табылатынын айқандайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабында көрсетілген. Осыған ұқсас нормалар Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексінің көптеген нормаларында да бірнеше рет көрсетілген. Іс-әрекетінде қылмыстың белгілері жоқ адамдар жауапқа және жазаға тартылмайды. Адамды қылмыстық жауапқа тарту оның іс-әрекетінде белгілі, нақты немесе бірнеше қылмыс құрамының белгілері бар болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Мысалы, кісі өлтіру, бұзақылық, әйелді зорлау т.б. қылмыстар. Қылмысты дұрыс саралауға арналған анықтамалар осы уақытқа дейін қылмыстық құқықтық теорияда жеткілікті анықталған. Ғылыми еңбектерде бір автордың өзінің қылмысты дұрыс саралау түсінігі туралы қарама-қайшы пікірлер айтқан жағдайлары да кездеседі. Қылмысты дұрыс саралауға қатысты көптеген авторлар өз пікірін ұсынды. Қылмысты дұрыс саралау — мемлекеттің жаза мәселесін қолдану саласындағы қызметінің дұрыс жүзеге асырылуының алғашқы шарты болып табылады. қылмысты дұрыс саралау қылмыстың жағдайын, деңгейін,құрылысын,қозғалысын дұрыс анықтауға мүмкіндік береді. Ал, қылмысты дұрыс сараламау нәтижесінде қылмысты іс-әрекетті жасаған кінәлі адамға жөнсіз жеңіл немесе ауыр жаза қолданылуы мүмкін, қылмысты дұрыс сараламаудың өзі қылмыстық құқықтың алға қойған басты мақсаттарының бірі жасалған іс-әрекеттерге дұрыс, әділ жаза тағайындау қағидасына қайшы келеді. Жасалған қылмыстың статистикалық есебін нақты белгілемейінше, ол құбылыспен тиімді күрес жүргізу мүмкін емес. Сол себепті де қылмыспен тиімді күрес жүргізу үшін оның жағдайын, сандық,сапалық көрсеткіштерін жасаған қылмыстардың мәнін, қылмыскердің тұлғасын толық ашу керек. Бұл мәселелерді анықтамай тұрып, қылмыспен күрес жүргізу өзінің оңды нәтижелерін бермейді. Мәселен, бұл арада мысал келтіретін болсақ, Жоғарғы Соттың қадағалау алқасынан, жәбірленушінің өлімі абайсыздықта болғандықтан қылмыстық әрекет ҚК 96-бабы 1-бөлігінен 103-баптың 3-бөлігіне ауыстырылып қылмыс дұрыс сараланды. О. 2000 жылы шілде айының 13 күні мас күйінде ерегес үстінде өзінің мектепте оқып жүрген кезінде 3-4 жыл айналысқан күрес тәсілдерін білетінін пайдаланып жәбірленуші Ә. Мойын тұсынан қапсыра құшақтап жамбасқа салып екі рет лақтырып, жерге құлатқан. Сонымен оның мойын омыртқасын сындырып қасақана өлтіргені үшін кінәлі деп танылған. Бірақ, бұл арада О. жәбірленушіні өлтіру ниеті болды деген сот тұжырымымен келісуге болмайды, өйткені екеуінің арасында келіспеушілік, қастандық болмаған. О. жәбірленушінің өліп кететінін болжамаған, ғяни О. күрес тәсілдерін қолданып, оны екі рет жерге жыққан кезде , өзінің әрекеттерінің жәбірленуші үшін қауіпті екенін біле тұра және оның ауыр дене жарақатын алатындығын болжай тұра, бұл зардаптың болуына саналы түрде жол берген [26,3б]. сондықтан, қылмысты дұрыс саралау сот төрелігін әділ жүзеге асырудың кепілі және заңдылық, әділеттілік қағидаларының іске асырылуының басты шарты болып табылады. құқық қорғау органдары беделінің мәртебесінің биік болуы да істелген іс-әрекетке дұрыс, заңды баға беруне де тікелей байланыста. Заңға негізделген әділ үкім сот органдарының беделін нығайтады. Қылмысты дұрыс саралау жеке адамдардың Қазақстан Республикасы Конституциясында, басқа да заңдарда көрсетілген құқықтарын қорғаудың кепілі болып табылады. қылмысты дұрыс сараламаудың сотталған адамға тигізетін зардабы да өте зор. Яғни, кінәлінің әрекетін дұрыс сараламау, оның заң қорғайтын мүддесіне келтірілген зор кесел болып табылады.Іс-әрекетті дұрыс сараламау салдарынан адамға заңға негізделмеген жаза тағайындалып қанақоймайды, ол оның тағдырына байланысты көптеген зардаптарға әкеліп соғады. Мысалы, қылмысты дұрыс сараламаған жағдайда, оған көп немесе аз жаза тағайындалуы мүмкін. Қылмысты дұрыс сараламау оған белгіленген түзеу колониясының түріне де, сондай-ақ кінәләні мерзімінен бұрын шартты жазамен босату немесе босатпауғ