Қылмыскердің тұлғасы: түсінігі, қылмыскерлер тұлғасының жалпы сипаттамасы

    Қылмыскер тұлғасы,оның түсінігі,құрлымы, қылмыс жасаған адамның әлеуметтік мәнін білдіретін қазіргі криминология мәселелерінің бірі ретінде жетекші құқықтанушылардың басым көпшілігімен негізделген түрде қарастырылуда.

Қылмыскер тұлғасы туралы мәселе криминологиядағы біршама күрделі және түрлі талас тудыратын мәселелердің бірі болып табылады.Бұл мәселенің маңыздылығы ең алдымен қылмыс адам қылығының әрекеті және әрі нақты адамның еркін білдіруі ретінде, оның өзіндік сипатының және ерекшелігінің мәндік жағынан шығады.

Сонымен қатар, қылмыс жасаған адамның тұлғасы қылмыстық саладағы көптеген ғылымдардың мұқият зерттеу обьектісі болып табылады.Криминологиялық зерттеу обьектісі болып: қылмыс жасаған жекелеген адамдар; қылмыскерлердің әртүрлі контингенттері (кәмелеттік толмағандар,рецедивистер); қылмыскерлердің әртүрлі криминологиялық типтері табылды. Ал,міндеті – қылмыстылыққа және қылмысқа жақын себептік байланыстарды анықтауға мүмкіндік беретін, себептік кешендерді,тізбектердің сипаттамалар шеңберін жіктеу болып табылады.Қылмыскер тұлғасының ерекшекліктерін зерттеу, “криминология” ғылымы қалыптасқан тұтастай ғылыми бағытты тудырды.Сондықтан да, бірде бір криминолог қандай да бір мектептің өкілі болмасын, қандай да бір бағыт ұстанбасын, ол қылмыс жасаған адаммен байланысты мәселеге көз жұмып өтіп кете алмайды.Ол адамды қысқаша “қылмыскер” деп атайық. Бұл түсінік формальды түрде қолданылады және ол адамның ешқандай ерекше қылмыстық бейнесін көрсетпейді және оның қылмыс жасау фактісін білдірмейді.Бұл ұғымды туа біткен қылмыскер идеясының жақтастары қолданатын “ қылмыстық адам “ұғымынан ажыратып қарау керек.

Қылмыскер тұлғасы.Бұл ұғымының әр түрлі анықтамалары бар, криминологиялық  ілім тұлғаны біртұтас адамның әлеуметтік сапасын білдіретін құрылым ретінде қарастырудан бастау алады.Тұлға қоғамдық қатынастар процесінде қалыптасады, яғни ол адамның әлеуметтенудің жемісі. Оның үстіне, адам әлеуметтік және биологиялық бастаулар бірге болады.Әлеуметтік пен биологиялық бастаулар бірге болады. Әлеуметтік пен биологиялықтың арақатынасында биологиялық әлеуметтілікке бағыныштылық қатынаста болады және ол “адам бейнесі “ түрінде көрініс тапады. Биологиялық өзінің бойында адамның генетикалық және әлеуметтік байланысын шоғырландырса,әлеуметтік тек маңызды әлеуметтік белгілерді қамтиды.Жеке тұлға ішкі жан дүние (сана) мен сыртқы (қызметінің) жиынтығы болып табылады. Жеке тұлғаның мәнін бұлай анықтау философияда бұрынан қалыптасқан. Адамның тұлғасы оның әлеуметтік ортамен оның өмірлік қызметі байланысының арақатынасы арқылы көрініс тапқан әлеуметтік – психологиялық қасиеттер мен сапалық белгілер жүйесін білдіреді.

“Адам” ұғымында оның мәнінің ажырамас әлеуметтік және биологиялық жақтарының бір тұтастығы бекітілген. Тұлға – бұл “адамның әлеуметтік бет бейнесі”, қоғамдағы әлеуметтік даму,қалыптасып және өмір сүру процесіндегі оның болмысы. Олай болса біз, “қылмыскердің тұлғасы” деген ұғымды қолданған кезде қылмыс жасаған адамның тек “ әлеуметтік бейнесі” деп түсінуіміз қажет.

Тұлға дегеніміз кім ?  Бұған байланысты келесі парадигмалар бар: Тұлға — әлеуметтік қатынастар субьектісі ретіндегі индивид ; индивид тұлға болады. Қылмыскер тұлғасы – индивидтің қылмыс жасау сипатында көрінетін психикалық ерекшеліктер жиынтығы.

Тұлға – бұл индивидуалдық, қайталанбастық. «Адам» және «персона (тұлға)» түсініктері ажыратылады.Адам ұғымы кең деп саналады, себебі кез келген адам тұлға емес, керісінше кез келген тұлға адам.

Қылмысты  жасау   фактісі  тұлғаны ( антиобщественный )  қоғамға қайшы сияқты  сипаттайды.  Бірақ ол  бүкіл оның   мазмұнын  аша алмайды және  түсіндірмейді.  Қылмысты  жасаған тұлғаны қарағанда К.Маркстың  айтуынша  тек қана  құқықбұзушы ретінде қарастырмай,  оны одан да тереңірек  ойлар  қарастыруымыз  керек.  Яғни,  « құқықбұзушыны  мемлекет  адам  ретінде  көруі   тиіс…, жүрегі  бар,  мемлекеттің  тірі  бөлшегі  ретінде;  Отанды  қорғайтын әскер   ретінде;  Сот  тындайтын  қандай  да   бір  куә  ретінде;  қоғамдық  функцияны  атқаратын қоғам мүшесі  ретінде;  жанұя басы  ретінде,  және  ең  өзектісі  болып — мемлекеттің азаматы ретінде көруі тиіс » — дейді.

Криминологияда қылмыскер  тұлғасы ретінде  қоғамға қауіпті  әрекет жасаған  кінәлі адам тұлғасын түсінеді.А.А.Герцензон: «Қылмыскер – индивид, нақты өмірлік жағдайға байланысты ондағы қоғамға қарсы аморальдық көзқарастарының барына байланысты қоғамға қауіпті әрекет жасаған» деп анықтама береді.Профессор Н.С.Лейкина өз алдына: «Қылмыскер тұлғасы – бұл осы адамға тән қоғам мүдделеріне жағымсыз көзқарастарының және оны шешу үшін қоғамға қауіпті жол таңдау немесе оның нәтижелерін тойтаруға деген белсенділік танытпау нәтижесінде қылмыс жасаған адам тұлғасы».

И.И.Карпец және  В.Б.Сахаров сынды профессорлар: «Қылмыскер тұлғасы ретінде қылмыстық заңды бұзған кінәлі адамды сипаттайтын әлеуметтік және әлеуметтік маңызды қасиеттер, белгілер, қатынастар жиынтығы және оның қоғамға ғауіпті мінез – құлқына әсер ететін басқа да мән жайлар мен шарттардың ұштасуын түсінеді».

Қылмыскер тұлғасын  қалған басқа адамдар көпшілігінен ажыратып көрсету құқықтық және әлеуметтік (әлеуметтік – психологиялық ) критерийлер негізінде жүзеге асырылады.Қылмыскер тұлғасын тек құқықтық критерий тұрғысынан анықтау, оны қылмыс жасаған ретінде қарастырады. Бірақ, мұндай тұрғыдан қарау тавтология элеметтерін көрсетеді. Қылмыскер тұлғасының мұндай түсінігі «формальді сипатқа ие».

Сондықтан, құқықтық  критерий қажеттілік жағдайында әлеуметтік критериймен (әлеуметтік – психологиялық ) толықтырылуы керек, оған сәйкес қылмыскер тұлғасына қандай да болмасын қоғамға қарсы бағыт (бағдар) немесе жекелеген қоғамға қарсы сипаттар белгілі бір дәрежеге тән.

Бұл жағдай тек кәсіптенген қылмыскерге ғана емес, сондай – ақ абайсызда немесе аффект жағдайында қылмыс жасаған адамға да қатысты.Аталғанға қылмыстық заңды бұзбаған,бірақ өздерінің қоғамға қарсы әдеттерін көрсеткен, мысалы, әкімшілік құқықбұзушылық жасаған, қылмыстық жолға түсуі мүмкін адамдарды да зерттеу кіреді.Яғни, жоғарыда аталған мағынадағы қарастырылып жатқан ғылым саласының ескерту шараларына құқықбұзушы тұлғасымен қатар,басқа да адамдар категориясы кіреді. Жалпы алғанда тұлғалық қасиеттер туралы барлық және жеке қылмыс субьектілеріне қатысты олардың қылмыс себептеріне қатысты маңызды мәліметтерді құрайды, ал өз алдына жаңа қылмыстарды ескерту шараларын тандауда қолданылуы мүмкін.

Тіліміздегі «тұлға, жеке тұлға» ұғыидары  «адам, … қандай да  бір қасиеттердің  иесі … немесе «бір  адамға тән, оның  жеке тұлғалығын  білдіретін қасиеттер  жиынтығы…» , «қоғамда жеке адам индивидуум…» деп анықталады. «Жеке тұлға» дегеніміз адамның мінез – құлқындағы, іс әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. «Қылмыскер» сөзімен «қылмыс жасаған адамды»  (жеке мағынада) немесе «қылмыс жасаған немесе жасап жатқан адамға тән оның даралығын құрайтын қасиеттер жиынтығы»4 деп көрсетуге болады.

Криминологтар бұл  қасиеттер жиынтығын  қылмыстық істерді  тергеу мен қарау  үшін пайдаланады,  сондай – ақ  индивидуалды ескерту  әдістемесі мен  негізін жасау  кезінде зерттейді. Нақты бір қылмыскерге ғана тән қасиеттер мен сипаттарын зерттеп,оған байланысты оның қылмыстық әрекетінің себебін айтуға болады, алайда бұл тұрғыдан қылмыстың жалпы себептерін анықтау мүмкін емес. Сондықтан, қылмыскердің тұлғасын топ деңгейінде және «қылмыс субьектісінің» жиынтығы ретінде бір тұтастай, яғни типологияны пайдалана отырып зерттеу қажет.Мұндай зерттеуде жасаған қылмысының ұқсастығына және қылмыстық әрекет субьектісінің жеке қасиеттерінің мазмұнына байланысты қылмыскерлердің категориялары мен типтері зерттеледі. Осылайша, қылмыскердің тұлғасы – бұл адамды және оның қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтары мен көріністеріндегі әлеуметтік маңызды және индивидуалды белгілердің, қасиетердің сапалық белгілердің және басқа да көрсеткіштердің белгілі бір жиынтығы немесе олардың жүйесі болып табылады.

Қылмыскер тұлғасын  зерттеу ең алдымен  ол қылмыс субьектісі  бола алады ма, қылмыс құрамын  бекіту үшін және  қылмысты дәл саралау  үшін  маңызды  роль атқарады  ма; және қылмыс  құрамының белгілерін  мәнді белгілерін  анықтауға көмектеседі.Қылмыскер тұлғасын зерттеудің басты бағыттары болып келесілер табылады:

кінәлінің әрекетінде қылмыс құрамын анықтау;

жауаптылық сипаты мен дәрежесін белгілеу;

жазаны индивидуализациялау;

сотталғандардың түзелу және қайта тәрбиелену дәрежесін анықтау;

құқық бұзушылықпен күресте қоғамның қызметі;

кінәлімен қылмыс жасауға түрткі болғаны себептер мен шарттарды анықтау және жою;

соттық және тергеу материалдарын жалпылау;