Қылмысқа қатысушылықтың нысандары жөнінде кейбір бағыттар курстық жұмыс

Мазмұны

Кіріспе…….3
Негізгі бөлім
1. Қылмысқа қатысу туралы түсінік және оның белгілері……..6
2. Қылмысқа қатысудың түрлері және нысандары…..9
3. Қылмысқа ортақ қатысу……..14
4. Қатысушылардың түрлері……….17
5.Қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру……24
Қорытынды….30
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……32

Кіріспе

Қылмысқа қатысушылықтың формалары қылмыстық құқықта кеш айтылып, ал Қазақстан Республикасының қылмыстық заңында арнайы қарастыру 1995 ж. 17-ші наурыздағы Қазақстан Республикасы Пре­зидентінің «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мне толықтырулар енгізу туралы «Жарлығы арқылы мүмкін болады. Яғни, сол кездегі қылмыстық кодекске 17-1-ші бабы қосымша түрде енгізіліп, ол бап қылмысқа қатысудьң формаларына арналды.

Қылмысқа қатысушылық мәселесі қылмыстық құқықтың жеке институты ретінде, ерте ғасырлардан бастау алып, соған қарамай қылмысқа қатысушылық мәселесін арнайы зерттеген заңгерлердің арасында дау тудырып, осы күнге дейін жалғасуда. Осы теорияны бекітуде және дамытуда заңгер ғалымдардың көптеген ойларымен шешендіктері көрінуде. Вербовая О.В. «жеке адаммен қылмыс жасау әлдеқашан топ болып қылмыс жасауға айналды, ал топ күйінде қылмыс жасау тез ұйымдаскан сипатқа айналуда» дейді . Қылмысқа қатысушылық тақырыбындағы жете зерттелмеген, әлі де өз шешімін толық таппаған жеке мәселелердің бірі қылмысқа қатысушылық формаларының түсінігі болып табылады. Жұмыста негізінен қылмыысқа қатысушылық формаларын топтастыру мәселесі қаралатындықтан қылмысқа қатысушылық формасы ретінде нені ұғатынымызды білу — жұмыстың өзектілігінің бірі болып саналады. Осы тақы-рыпты зерттеген ғалым-криминалистердің еңбектерінде қылмысқа  катысушылық формаларына жалпы, ортақ түсінік берген адамдар кемде-кем. Солардың ішінде осы мәселеге берген түсінігінде П .Ф.Тельнов: «Қылмысқа қатысушылық формасы — бұл екі және одан көп адамдардың қасақана әрекеттері қандай жолдармен біртұтас қылмысқа қосылатынын көрсететін, кінәлілердің өзара әрекеттері әдістерінің  сырткы жағы», — дейді. Ал Н.Г. Иванов қылмыстық заңда қылмысқа қатысушылық формасының түсінігін бекіту қажеттігін айта келіп: «Қылмысқа қатысушылық формасы алдын-ала келісіммен және алдын-ала келісімсіз құрылған топ, банда, ұйым ретінде көрінетін топ болып табылады», — дейді. Қазіргі Ресейден шыққан оқулық әдебиеттерден мынадай да анықтама кездестіруге болады. Қылмысқа қатысу формасы- бұл өзара әрекеттерінің тәсілдері және келісім дәрежесі бойынша ажыратылатын бірнеше адамдардың қылмыс жасау кезіндегі бірлескен әрекеттерінің түрлері . Осы үш анықтама дұрыс па немесе басқаша берілуі керек пе? Көрсетіліп отырған анықтамалар мағынасы жағынан бір-бірінен алшақ жатыр. Н.Г.Ивановтың берген анықтамасы әділетті сынға келеді, себебі мұнда қылмысқа қатысушылық формасының түсінігі жоқ. Ол қылмысқа қатысушылық формалары мен қылмысқа катысудың қылмыстары түрлерін (аталған еңбектің басқада бөліктерінде) топ ретінде көрсетіп, форма осылай көріне береді дегенге келтіреді. Осы мәселені шешуде дұрыс бағыт болар еді, егер Н.Г.Иванов осы қылмысқа қатысушылық түрлерін көрсетпей, белгілер қолдану арқылы анықтама берген болса және бұл анықтаманың тағы бір күмәнді жері оның барлық қылмысқа қатысушылық формаларын топқа айналдыруы. Егер қылмысқа қатысудың формалары мен түрлері бүгінгі біз білетін түрлерден де көп болған болса, соның бәрін қылмысқа қатысушылық формасының түсінігін беру үшін тізіп көрсете беру керек пе еді? Сондықтан біз бұл анықтамамен келісе алмаймыз. А.А. Герцензон қылмысқа жанасушылыктың анықтамасын беру жайында былай дейді — «Біздің пікірімізше қылмысқа жанасушылықтың түсінігінің анықтамасын бергенде оның түрлерін түгелдеуге апаруға болмайды». Анықтама беру жайында Ғ.Ы.Баймурзин көңілге қонымды мынадай пікір келтірген. «Әрине, оның түрлерін көрсете отырып, біз қандай да бір деңгейде зерттеп отырған түсініктің мазмұнын ашамыз, бірақ түсініктің анықтамасы әрі қарай жалғасып, оған барынша елеулі жақтарымен, құрамдарын, түрлері мен формаларына ортақ барлық белгілерін, оларды біртұтас етіп біріктіретін барлық ішкі байланыстарын қосу керек», — дейді. Қылмыстық Кодекстің 27-нші бабына сәйкес, қылмысқа қатысушылық дегеніміз екі немесе одан көп адамдардың қасақана бірлесіп қасақана жасалатын қылмыстарға қатысуы болып табылады. Осы анықтамаға сай келетін, бірақ бір-бірінен субъективтік және объективті белгілеріне қарай ерекшеліктері бар әртүрлі қылмысқа қатысушылықтар, жекелеген формаларды құрайды. Қылмысқа қатысушылық формаларының бір ерекшелігі, бірнеше адамдардың бірлесіп жасаған қылмысты іс-әрекеттерін саралауда және оларға жауапкершілік белгілеуде атқаратын маңызы зор. Себебі қылмысқа қатысушылықтың формаларына қарай осы атқарылуға тиісті мәселелер, әр форма бойынша жеке-жеке ереже ретінде шешіліп отырады.

Соньмен, формалар ішкі және сыртқы мағынаға немесе мазмұнға ие дедік. Ішкі мазмұнды жоғарыда объектінің сапалық белгілерімен байланысты дегенмен, кылмысқа қатысушылық формаларының ішкі мазмұны субъективтік белгілердің жиынтығымен анықталады. Формалардың екінші мағынасы ретінде, оның басқа өзіне ұқсас құбылыстардан айырмашылығын көрсететін шекара, яғни сыртқы мазмұн ретінде қылмысқа қатысушылыктың объективтік белгілерінің жиынтығы ескеріледі. Қылмысқа қатысушьшық формалары бір-бірінен субъективтік белгілерге қарай емес, негізінен объективтік белгілерге  қарай ажыратылады. Себебі қасақана жасалатын қылмыстарды қасақана жасау, келісімнің көпшілік жағдайларда болуы, қылмысқа қатысушылықтың формаларына тән белгі екендігін білдіреді. Қылмысқа қатысушылық формалары бір-бірінен негізінде объективтік белгілер бойынша ажыратылады. Мысалы, қылмысқа қатысушылардың арасында рольдердің болуы, тұрақтылық, құрылымдық бірлестіктің болуы тәрізді белгілер.

Қылмысқа қатысушылық формаларының бір-бірінен субъективтік және объективтік белгілер көлеміне байланысты да айырмашылығы бар. Мысалы қылмыстық ұйымдасқан топтың кылмысты топ болып орындаушылықтан көлемінің үлкендігі, мұнда тұрақтылық белгісінің қосылуы болып табылады. Яғни қылмысқа қатысушылық формаларының белгілеріне қарай көлемі де әртүрлі болып келеді. Бұл да қылмысқа қатысушылық формаларының негізінен сыртқы мағынаға ие екендігін дәлелдей түседі. Форманың сыртқы көрінісі ретінде,

біріншіден шекара, яғни қылмысқа қатысушылықтарды бір-бірінен ажырататын объективтік белгілер, екіншіден көлем, яғни формаларды біp-бірінен объективтік және субъективтік белгілерінің көптігіне қарай ажыратылуын алып отырмыз. Қылмысқа қатысушылық формаларының  белгілеріне қарай көлемнің де әртүрлі болуы, бізде қылмысқа қатысушылық түрі бар ма, әлде қылмысқа қатысушылықтың формалары бар ма деген сұраққа қолданатын бірден-бір жауап болып табылады.Бұл мәселені осы жұмыстың тиісті бөлігінде қарастырамыз.

Сонымен қылмысқа қатысушылықтың формалары оның мазмұнының  сыртқы жағымен немесе көрінісімен анықталады. Осы жерде М.И. Ковалевтің «Барлық құбылыстарда ішкі жақ мазмүнды, құбылыстың мағынасын, ал сыртқы жақ оның формасын анықтайды» сөзіне өз ойымызды салыстыра кетейік. Біз қылмысқа қаты-сушылық формаларын негізінен объективтік белгілерге қарай ажы-ратуды ұсынып отырмыз. Субъективтік белгілер бұл мәселеде тек  келісімнің болуы немесе болмауы бойынша қылмысқа қатысушылықтарды бөлуде ғана қолданылады. Ал, объективтік белгілерге қарай әр форманың мағынасы анықталары сөзсіз. М.И. Ковалев «мағынасы мазмұн ішкі жақты анықтайды»,- дейді. Сонда мазмұн мен мағына ішкі жақты анықтағанда, форманың сыртқы жағын анықтайтын не бар, не қалды? Ол жағын айтпаған. Біздің жасап отырған зерттеуімізше ішкі мазмұн немесе субъективтік белгілер қылмысқа қатысушылықтың көпшілік формаларында бірдей. Мысалы, қылмысты бірге   орындаушылық яғни топ болып қылмысқа қатысу келісімсіз де болуы мүмкін, ал калған формаларға келісім тән болып келеді. Сондыктан субъективтік белгілермен, яғни ішкі жағымен кылмыска катысушылық формалары толық бір-бірінен ажыратыла алмайды. Формалар 27-ші баптағы объективтік белгілер (екі немесе көп адамның катысуы, бірлестіктің болуы) бойынша емес, 31 -ші баптағы әр фор­маны анықтайтын белгілер бойынша ажыратылады. 31-ші баптағы объективтік белгілер бойынша ғана қылмыска қатысушылық формаларының не екендігін елестетуге болады.

Курстық жұмыстың мақсаты – қылмысқа қатысудың маңызын, оның белгілерін және түрлерімен танысу.Қылмысқа қатысу тақырыбы мынандай мақсаттарды көрсетеді:

1.қылмысқа қатысудың түсінігі, оның мазмұны, белгілері

2.қылмысқа қатысудың түрлері, нысандары

3.қылмысқа ортақ қатысу

4.қылмысқа қатысушылардың түрлері.

5.қылмысқа қатысушылық формаларын топтастыру.

Жұмысты жазған кезде келесі тәсілдерді пайдаландым: тарихи әдіс – қылмыстық құқық теориясындағы қылмысқа қатысушылықтың формаларының пайда болуына тарихи шолу жасау анализі, әлеуметтік – заңгерлік, яғни нормативтік актілер.

Курстық жұмыстың нормативтік базасы:Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі, нормативтік актілер, монографиялар, авторефераттар.

 Курстық жұмыс / 32 бет