Қылмысқа қатысу туралы қазақша реферат
Қылмысқа қатысуда іс-әрекет пен қылмыстың зардабының өзра байланысының жеке адамның істеген қылмысына қарағанда өз ерекшелігі бар.Қылмысқа қатысуда қылмыстың зардабы мен орындаушылардың немесе бірге орындаушылардың іс-әрекеттері ғана байланысты болады.Айдап салушы, көмектесуші, кейде ұйымдастырушы тікелей зиян келтірмейді. Олар тек қана қылмыстың зардабының тууына себепші болады.Мұндай себепші болу қылмысты тікелей орындаушыға оның қылмыс істеуге деген шешімін қоздыру арқылы жүзеге асырылады.Субьективтік жағынан алғанда қылмысқа қатысу барлық қатысушылардың қылмысты қасақана істегенін білдіреді.
Қылмысқа қатысу – барлық қатысушылардың бірыңғай қылмысты нәтижеге жетуі үшін бағытталған, ортақ қылмыстық ниетінің болуын білдіреді.Қатысушылардың мінез-құлқының, ниеті мен мақсатының бір-біріне сай келуі де, келмеуі де мүмкін.Мысалы: кісі өлтіруге қатысушылардың біреуі қызғаныштан, екіншісі кек алушылықпен, ал басқа біреуі пайдакүнемдік ниетпен әрекет жасауы мүмкін.
Қылмысқа қатысудағы басты шарт – барлық қатысушылар қылмысты орындаушының істейтін қылмысының мәнін сезе отырып, әр түрлі ниетпен соның болуын тілеп, қылмысты жүзеге асыруы үшін өздерінің қылмысты әрекеттерін білдіреді.
Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластық арқылы істелетін қылмыстың зияны да, қауіптілігі де орасан зор. Ұйымдасқан топқа қарағанда қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) айырмашылығы бар. Қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) құрылу мақсаты – ауыр немесе ерекше ауыр қылмысты істеу қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылдану және оны күн көріс көзіне айналдыру.Ұйымдасқан топ қылмысты әрекеттермен үнемі шұғылданбайды, үнемі шұғылданса ондай топ қылмыстық сыбайластыққа айналып кетеді.Сол сияқты қылмыстық сыбайластыққа бір топ адам, бірнеше ұйым қылмысты әрекеттермен шұғылдану үшін тұрақты құрылымға бірігеді, ұйымдасқан топпен қылмыс істеуде мұндай белгі болмайды.
Қылмысқа айдап салушыдан қылмысқа көмектесушінің айырмашылығы мынада: қылмысқа айдап салушы, орындаушыны қылмыс істеуге көндіретін болса, ал көмектесуші қылмыс істеуге өздігінен бел байлаған адамға ақыл-кеңес, нұсқаулар беру арқылы оның қылмыс істеуге, істелген қылмысты жасыруға деген сенімін нығайтады. Бұл жерде қылмысқа көмектесуші субьективтік жағынан орындаушының істейтін қылмысының мәні жөнінде толық хабардар болса, одан туындайтын зардапты күні бұрын болжаумен бірге қылмысты орындаушының істейтін іс-әрекетіне өзінің себепті байланысының болғандығын толық сезеді және соны тілейді.Заң бойынша күні бұрын қылмыс істегенге дейін немесе қылмысты істеу барысында уәде беріп қылмысты жасырушылық қылмысқа көмектесудің бір түрі болып табылады. Егер қылмыс аяқталғаннан кейін оған көрсетілген көмек қылмысқа көмектесушілік емес, бұл іс-әрекет қылмыстық заңда көрсетілген жағдайда, қылмысты жасырушылық ретінде сараланады.
Қылмысты ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) арқылы бірнеше қылмыс істегендерге жаза әр қылмысы үшін бөлек тағайындалады, жазаларды түгелдей немесе ішінара қосу жолымен заңның ауырлау жаза белгіленген бабындағы шектен асырмай, жазаны қорытып бірақ тағайындайды. Бұл осындай ауыр қылмыс түрін істегендерге лайықты жаза тағайындаудың кепілі болып табылады. Яғни, осыған орай жаза тағайындағанда қылмысқа бірге қатысушының әрқайсысының атқарған рөлін, кінәсінің деңгейін, істеген қылмысының мәні мен сипатын, қылмыскердің тұлғасының ерекшелігін қатысушылардың жазасын жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жай толық есепке алынуы керек.
Қылмысты жасырушылық, қылмысты хабарламау және қылмысқа жол берушілік қылмыстық құқық теориясында қылмысқа жанасушылық деген ұғымды құрайды. Бұл ұғымның қылмысқа қатысудан өзгешеліктері де ерекше. Қылмыстық заңда қылмыстық жанасушылыққа өзіндік ұғым берілуі және оған кінәлі адамдарға жауаптылық белгіленуі бұл тұрғыдағы қылмыстарды қылмысқа бірге қатысудан дәлме-дәл ажыратуға, сондай-ақ заңдылықты нығайтуға толық мүмкіндік береді.
Қылмысқа жанасушылық қылмыстық құқық теориясында қылмыс істеуге өздері қатыспаған адамдардың сол істелген қылмысты жасыру, істелгелі жатқан немесе істелгені, анық қылмысты хабарламау туралы қасақана іс-әрекеттері немесе заң бойынша қылмысқа қарсы күрес жүргізуге міндетті адамдардың қылмысты әрекет туралы тиісті орындауға хабарламауы, я болмаса, сол әрекеттерге кедергі келтірмейтін әрекетсіздіктері деп белгіленеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Апенов С.М. Қылмысқа қатысушылық. Əдiстемелiк құрал. Алматы.: ҚазМЗА, 2000 ж.
2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 1999 ж.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. Алматы, 2008 ж.
Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма-Ата, 1968
4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылғы 23 сәуірдегі «Әйел зорлағаны үшін жауапкершілікті белгілейтін заңдарды соттардың қолдану тәжірибесі туралы» Қаулысы
5.Е.Т.Әблезов, С.М.Рахметов, Е.О.Алауханов. ҚР Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Оқулық. Алматы. Жеті Жарғы. 2001 ж.
6. «Заң» журналы.
7. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық құқық. Оқулық. Алматы 2006 ж.
8. Джекебаев У.С., Вайсберг Л.М., Судакова Р.Н. Соучастие в преступлении: криминологические и уголовно-правовые проблемы. Алма-Ата, 1982
9. Буланова А.Г. Уголовное право. Общая часть: Конспект лекций. Учебное пособие, 2005.
10. Баймурзин Г.И. Ответственность за прикосновенность к преступлению. Алма-Ата, 1968.