Құқық функциялары – бұл құқықтың қоғамдық қатынастарды реттеудегі рөлін көрсететін құқықтық ықпадың негізгі бағыттары.
Құқық функцияларының түрлері: сыртқы (экономикалық, саяси, тәрбиелік) және ішкі (реттеуші және қорғаушы).
Құқық функциялары жүйесінде басты және айқындаушы орынды регулятивті функция алады. Құқық нормативті немесе құқық қолдану кесімдері нысанында айқындалса да, жалпы немесе нақты құқықтық қатынастарда жүзеге асса да, азаматтардың құқықтық статусын, құқық иеленуін белгілесе де, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың өкілетін анықтаса да – барлық осы нысандарда оның басты әлеуметтік міндеті – қоғамдық қатынастарды реттеу айқын көрінеді.
Бұл функцияның ерекшеліктері ең алдымен, тәртіптің позитивті ережелерін белгілеуден, қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудан, әлеуметтік өзара байланыстардың координациясынан тұрады.
Регулятивті функция аясында 2 функцияшаны ажыратады: регулятивті статикалық және регулятивті динамикалық.
Регулятивті статикалық функция қоғамдық қатынастарға ықпал ету арқылы қандай да бір құқықтық институттарда бекуде айқындалады [23;101 бет]. Құқықтық реттеудің міндеттерінің (мақсаттарының) бірі осында жатыр. Бірақ ең алдымен, қоғамның қалыпты, тұрақты тіршілік етуінің негізін білдіретін, айқын реттелген қоғамдық қатынастарды дәрежеге көтереді, заңды түрде бекітеді және билік басында тұрған күштер мен көпшіліктің қызығушылықтарына сәйкес келеді.
Статикалық функцияны жүргізу барысында шешуші рөл меншік құқығы институттарына тиесілі, ал олардың заңды мәні сол қоғамдық құрылғының экономикалық негіздерін бекіту[4;672бет]. Статикалық функция басқа да институттарда (соның ішінде, саяси құқықтар мен азаматтардың міндеттері институттарында, зияткерлік, шығармашылық және сайлау мәнерінде) айқын бейнеленген.
Регулятивті динамикалық функция қоғамдық қатынастарға, олардың қозғалысын (динамикасын) рәсімдеу жолымен ықпал ету болып табылады. Ол мысалы, экономикадағы және қоғамдық өмірдің басқа да салаларындағы үрдістерді орталайтын азаматтық, әкімшілік, еңбек құқықтары институттарында іске асырылған.
Құқықтың регулятивті функциясының сипаттамасы оны жүзеге асырудың аса маңызды жолдарын анықтауды білдіреді, өйткені, олардың кез келгені құқықтық жүйе іске асыратын түгел үрдісте елеулі рөл атқарады.
Құқық функциялары жүйесінде басты және айқындаушы орынды регулятивті функция алады. Құқық нормативті немесе құқық қолдану кесімдері нысанында айқындалса да, жалпы немесе нақты құқықтық қатынастарда жүзеге асса да, азаматтардың құқықтық статусын, құқық иеленуін белгілесе де, мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалардың өкілетін анықтаса да – барлық осы нысандарда оның басты әлеуметтік міндеті – қоғамдық қатынастарды реттеу айқын көрінеді.
Бұл функцияның ерекшеліктері ең алдымен, тәртіптің позитивті ережелерін белгілеуден, қоғамдық қатынастарды ұйымдастырудан, әлеуметтік өзара байланыстардың координациясынан тұрады.
Құқықтың регулятивті функциясын жүзеге асырудың өзіндік жолдары (элементтері) болып мыналар табылады:
- құқық нормалары арқылы азаматтардың құқық қабілеттілігі мен құқық иеленушілігін анықтау;
- азаматтардың құқықтық статусын өзгерту және бекіту;
- мемлекеттік органдардың құзыреттілігін, соның ішінде, лауазымды тұлғалардың да құзыреттілігін (өкілеттігін) анықтау;
- заңды тұлғалардың құқықтық статусын орнату;
- құқықтық қатынастардың пайда болуына, оларды өзгертуге және тоқтатуға бағытталған заң фактілерін анықтау (ескеру);
- құқық субъектілері арасында нақты құқықтық байланыс орнату (регулятивті құқықтық қатынастар);
- нақты қоғамдық қатынастарға қатысты құқықтық реттеудің ұтымды (рұқсат берілетін) түрін анықтау.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде құқықтың регулятивті функциясын оның әлеуметтік міндетіне негізделген құқық субъектілеріне заңдық міндеттерді жүктеу және субъективті құқықтарды табыс етуде, тәртіптің позитивті ережелерін орнатуда айқындалатын құқықтық ықпалдың бағыты ретінде санауға болады[5;760 бет].
Құқықтың басқа да меншіктік-заңи функциясы – қорғаушылық функциясының маңызын айта кеткен жөн.
Қоғамдық қатынастарды қорғау қажеттілігі болған және әрқашан болады. Құқық, біз білетініміздей, барлық уақытта болған жоқ, бірақ ол пайда болған мезеттен бастап қоғамдық қатынастарды қорғаудың аса маңызды құралына айналады. Құқықтық ықпалдың берілген көрінісі қорғаушы функция болып табылады.
Құқықтың қорғаушы функциясы – бұл жалпыға бірдей елеулі, аса маңызды экономикалық, саяси, ұлттық, жеке қатынастарды қорғауға, аталмыш қоғамға жат құбылыстарды ығыстыруға бағытталған құқықтың әлеуметтік міндетімен шартталған құқықтық ықпалдың бағыты.
Ұсынылған анықтама негізінде, қоғамның көпшілікпен қабылданған, тіреуші қатынастарын қорғауды да, нақты бір қоғамға жат қатынастарды ығыстыруды да құқық жүзеге асыратынын көріп отырмыз.
Қоғам өмірінен жағымсыз құбылыстарды түбірімен жою құқық әрекетінің екінші қайтара нәтижесі болып табылады, ал құқық қызметінің бастапқы нәтижесі – бұл мұндай қорғанысты қажет етпейтін қатынастарды қорғау құралы. Ал осы қатынастарды қорғай отырып, құқық қалыпты дамудың шарттарын бұзатын, қоғам, мемлекет пен азаматтардың қызығушылықтарына қарсы келетін әрекеттерге тыйым салады, тоқтатады, жазалайды және солайша оларды ығыстырады.
Қорғаушы функция тек құқықбұзушылық жасалған жағдайда ғана көрінеді деуге де болмайды.
Бұл функцияның басты міндеті қоғамдық қатынастарды превентивті қорғау және құқық нормаларын бұзуды алдын алу болып табылады.
Құқық нормаларының алғышарттарына бағынып, тыйымның талабын орындаған құқық субъектілері көп болған сайын қорғаушы функцияның нәтижелілігі арта береді. Тыйым салу немесе санкция белгілеудің өзі кейбір тұлғаларға өте байсалды әсер етеді, олардың жазаланатын әрекеттен өз еркімен бас тартуына әкеледі. Ол дегеніміз, құқықтық ықпал мақсаттарының бірі – нақты қоғамдық қатынасты қорғау жүзеге асады деген сөз.
Қорғаушы функцияны регулятивті функцияға қарсы қоюға болмайды, себебі, олардың біреуі негативті (жауапкершілік, санкциялар мен тыйым салулардан тұратынына байланысты), ал екіншісі позитивті, өйткені, ол құқық субъектілерінің жағымды қызметтерін координациялауға бағытталған. Осы екі функция, бірақ әрқайсысы өзінше қоғамдық қатынастарды дамыту мен күшейтуге жәрдемдесе отырып, жеке адам құқықтарын бекіту мен қорғау болып табылатын маңызды тапсырманы орындайды.
Қорғаушы функцияның спецификасы мынадан тұрады:
- Біріншіден, ол құқықты санкция қаупімен, тыйым салумен, құқықтық жауапкершілікті іске асырумен адамдардың ықтиярына әсер ету болып табылатын адамдардың өзін-өзі ұстауына ықпал етудің ерекше бір тәсілі ретінде сипаттайды.
- Екіншіден, ол қоғамдық қатынастар субъектілеріне құқықтық алғышарттар аясында қандай әлеуметтік құндылықтар қорғауға алыгғаны жайында ақпараттандырушы болып қызмет етеді.
- Үшіншіден, ол құқықта кездесетін гуманистік бастаулардың, қоғамның мәдени және саяси деңгейінің көрсеткіші болып табылады.
Қорғау тәсілі өте жиі қоғамның азаматтық дамуынан, оның саяси мазмұнынан тәуелді болады[6;312бет].
Егер құқықтың қорғаушы функциясын мемлекеттің құқық қорғау қызметімен салыстырса, онда оның өзіне тән қасиеттерін анықтау байқауға болады. Мемлекеттің құқық қорғау қызметінің жалпы міндеті – құқық субъектілерінің заң талаптарын бұлжытпай орындауын қамтамасыз ету, яғни, заңдылық тәртібін сақтауды қамтамасыз ету. Бұл құқықбұзушылықтарды анықтаумен, оларды тергеумен, айыптыларды жауапқа тартумен, азаматтардың құқықтарын қорғаумен жүзеге асырылады. Осылайша, егер құқықтың қорғаушы функциясы – бұл құқықтың өзінің әрекеті болса, онда мемлекеттің құқық қорғау қызметі біріншіден, құқық талаптарын орындаудың материалды кепілдігі болып табылады, өйткені, бұл құқық қорғау бойынша арнайы органдар мен мекемелердің (ІІМ, прокуратура, сот) әрекеттері; екіншіден, бұл құқықтың өзінің әрекеттері емес, ал, оған қатысты сыртқы фактор – мемлекеттің әрекеттері.
Құқық функцияларының жүзеге асырылу формаларын қарастырайық. Құқық белгілі бір өзін-өзі реттеу дәрежесіне жетсе де, ол өзінің барлық үрдістерін өз бетінше реттеп, қадағалауға дейінгі даралыққа жеткен жоқ және жете алмайды да. Осыдан барып ол өзінің (ішкі) жүзеге асырылу механизмімен қатар құқықтың барлық субъектілерінен (азаматтар, лауазымдық тұлғалар, қоғамдық бірлестіктер, мемлекеттік органдар және т.б.) тұратын сыртқы жүзеге асырылу механизміне ие де болып отыр.
Құқық функциялары қандай формаларда жүзеге асырылады? Жоғарыда айтылғандай, құқық функциясы – бұл ақпараттық, бағдарлық және құқықтық реттеу сияқты үш формадан тұратын құқықтық ықпал. Осы формаларға сәйкес құқық функцияларының жүзеге асырылуының үш формасын ерекшеленеді: ақпараттық, бағдарлық және құқықтық реттеу.
Құқық функциялары жүзеге асырылуының ақпараттық формасы алушыларға адамдардың мінез-құлқына қатысты мемлекет талаптарын хабарлаудан, басқаша айтқанда, жалпыға бірдей мақсаттарға қол жеткізуге арналған құралдар мен тәсілдердің, объектілердің, мүмкіндіктердің қоғамда барын және мемлекетпен мақұлданатынын, рұқсат етілетінін және керсінше, мемлекет, азаматтар мен қоғамның қызығушылықтарына қайшы келетіндерін жеткізуден тұрады.
Азаматтардың құқық нормаларының құрамы жайында ақпарат алудың қайнар көздері сан алуан болуы мүмкін: ресми қайнар көз, бұқаралық ақпарат құралдары, заң кеңесшілері, қорғаушылар, заң мамандығының басқа өкілдері, түрлі дәрежедегі басшылар да болуы мүмкін, достар, таныстар, туыстар, танымал заңи әдебиет және т.б. қайнар көздер.
Құқықтық ақпараттанудың маңызы зор, алайда, бүгінгі күні оның дәрежесі қоғамдық дамудың мұқтаждықтарын біршама қанағаттандыра алмай отыр және елеулі жоғарылатуды қажет етеді.
Құқықтың реттеу функциясы – нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру.
Құқықтың қорғау функциясы – нормативтік актілердің қоғамдағы қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу. Жоғарыда айтылғандай, құқық – жалпыға бірдей міндетті, мемлекет қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.Құқықтық норма – құқықтың бір клеткасы, қоғамдық қатынастардың жақсы дамуының үлгісі деуге болады. Ол адам істерінің, жұмысының, тәртібінің шеңберін анықтап, олардың бостандығын және қарым-қатынасын реттеп, басқарып отырады.
Үрдістер мен құыбылстарды зерттеуде жүйелік тәсілді қолдану қазіргі заманғы ғылымның, жаңа ғылыми ойлаудың қазіргі заманғы стилінің айрықша ерекшеліктерінің бірін тудырады.
Бірыңғай тұтас жүйе ретіндегі құқық функциясының талдауы жеке функцияларды зерттеген кезде білімді жай ғана топтастырып, тәртіпке келтірмейді. Мұндай талдау білімнің өсіп-өнуін береді, әр функцияның мазмұнын тереңірек, толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.Бәрімізге белгілі, егер де танудың мүмкіншіліктері жеке-даралықтықтың дәрежесімен шектелетін болса, егер де, дербес элементтер арасында олардың жүйесін анықтауға талпынбаса, онда танудың мүмкіншіліктерінің нәтижелілігі нашар болады. Сонымен қатар бұл құқық функциясының шын өмірде бір-бірінен оқшауланған түрде тіршілік етепейтініне байланысты, олар бір‑бірімен тығыз байланысты. Сол себепті олардың біреуі де олардың басқа функциялармен байланысын анықтаусыз, яғни, оны жүйеде зерттеусіз жеткілікті терең және толық зерттеліне алмайды. Құқық функциялары жүйесі күрделі көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Ең басынан бастап құқық функциясын тұтас және осы тұтастың функциясы ретінде ажырату керек. Құқық функциялары жүйесі ең тікелей жолмен құқық жүйесімен байланысты[7;215 бет].
Әлеуметтік-экономикалық қатынастардағы өзгерістер саяси және құқықтық жүйелердің түбегейлі реформаларымен бірге іске асып отырды. Осының өзі Қазақстанның берік құқықтық жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Уақыт өткен сайын қазақстандық саяси-құқықтық модель заңдардың орындалуы мен мемлекеттің беделін нығайтып, Конституцияның мызғымастығын қамтамасыз етті.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет құра бастағалы бері елдің құқықтық жүйесін кешенді реформалауға бағытталған үш бағдарламалыққұжат қабылданды. Қоғамдық қатынастардың әрбір даму кезеңі оны тиісінше құқықтық жолмен реттеуді, жаңаша ойлаудың жүйелерін құруды талап етті. Осылардың негізінде ұлттық құқық пен институттық білімді қоса алғандағы барлық сот-құқықтық институттар құрылды. Сөйтіп, экономикалық, саяси, әлеуметтік және басқа да салалардағы өзгерістер құқықтық «өмірді» жаңғыртумен қатар жүріп отырды.
Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформалар жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның алғашқы құжаты 1994 жылдың 12 ақпанында қабылданды. Бұл құжатты іске асырудың ең басты жетістігі – ұлттық заңнамаларды (конституциялық, азаматтық, банктік, салықтық, қаржылық, кедендік, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу) түбегейлі жаңғыртуға қол жеткізілді.
Сонымен бірге, сот жүйесі мен құқық қорғау органдары қала берді, Қазақстанның барлық заңнамалық инфрақұрылымы кезең-кезеңмен реформаланды.
Екінші құжат – 2002 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының тұжырымы деп аталды. Онда 2010 жылғы кезеңге арналған құқықтық жүйені дамытудың негізгі бағыттары айқындалды.
Мұнда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығын одан әрі қамтамасыз ету үшін құқық қорғау жүйесі мен әділсот шешімдерін шығарардағы соттардың тәуелсіздігін нығайту жолдары заңдық деңгейде шешімін тапты. Соның ішінде, әсіресе, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша құқықтық және материалдық кепілдіктер жасалды. Өлім жазасы тек адамдардың қаза болуына соқтырған террорлық қылмыстарға және соғыс уақытындағы аса ауыр қылмыстарға ғана қалдырылды, мұның өзі Қазақстан жағдайында оны атымен жоюға мүмкіндік берді. Соттың тұтқындауға санкция беру тәртібі енгізіліп, қылмыстық істі прокуратура мен соттың жүргізу мүмкіндігіне тыйым салған конституциялық норма өзгертілді. Қазақстан тәуелсіздігі жылдарында пайда болған омбудсмен мен жеке нотариат институттары дамытылуда. Азаматтар мен ұйымдардың құқын қамтамасыз етудің жаңа тетіктері: медиация және сот актілерін жекеменшік негізде орындаулар өмірге енгізілді.