Құқықтық мирасқорлықтың түсінігі мен мәні туралы қазақша реферат
Зерттеу барысында байқағанымыздай , тірі кезінде барлық құқықтық қатынастарға қатысушылар оның қайтыс болуымен байланысты тоқтатылады. Азамат қайтыс болғаннан кейін басқа субъектіге (құқықтық мирасқорға) мұра қалдырушының құқығы мен міндетінің ауысу қажеттілігі пайда болады. Мұндай құқықтық мирасқорлық кезінде «құқық берушінің» құқығы мен міндеті құқық қабылдаушы мирасқорға ауысуының заңдық орны бар екенін айта кету керек. Субъективтік құқықтың ауысуы (құқық пен міндет) «құқықты қабылдаушы тәртібімен бір тұлғадан екінші тұлғаға ауысады».
Құқықтық қатынастың субъективтік құрамының өзгеруі кезінде құқықтық мирасқорлық өрбиді, бұл кезде бұрынғы және жаңа құқықтық қатынастардың өзара байланысының орны байқалады.
Мұрагерлік құқықтық қатынастардың құқықтық реттелуінің негізгі мақсаты мұра қалдырушының мүлкінің мұрагерлеріне заңды негіздерге сәйкес ауысуы болып табылады. Мұрагерлік құқықтық мирасқорлықтың мағынасы меншік иесі қайтыс болған кезде оған тиесілі мүліктің мұрагерлеріне ауысуы болып табылады. Азаматтың әмбебап құқық мирасқорлығы мұрагерлік кезінде орын алады және бұл құқықтық мирасқорлық мұрагерлік институттың негізі болып табылады.
Әмбебап құқық мирасқорлықтың тағы бір ерекшелігі, мұрагер мұрагерлік құқық бойынша ауысатын мүліктің белгілі бір бөлігін қабылдап не мүліктің бір бөлігінен бас тарту емес, ол бүтіндей дерлік бірыңғай тұтас нәрсе ретінде мұрагерлік мүліктің бірақ мезгілде мұрагерлеріне ауысуы.
Әмбебап құқық мирасқорлыққа қарама-қарсы сингулярлы құқықтық мирасқорлық «тауар ауыстыру» (сауда-саттық) қажеттілігі салдарынан пайда болған. Сингулярлы құқықтық мирасқорлықтың әмбебап құқықтық мирасқорлықтан айырмашылығы барлық құқықтары мен міндеттерінің жиынтығына ие болмайды, ол тек бір немесе бірнеше қандайда бір жеке құқыққа ие болады не құқық берушіге тиесілі болған құқық пен міндеттің жиынтығынан жеке бір құқық пен міндеттің ауысуы қарастырылады. Бұл жағдай, егер мұра қалдырушының мұрагерге үшінші жақтың пайдасына нақты міндеттемені жүктеуге қатысты айтылады.
Кейбір авторлар, мұрагерліктің тек әмбебап нысаны болу керек дейді, яғни өсиеттік бас тарту кезінде қайтыс болған азаматтың жеке құқығы мұрагерлік болмайды, деп көрсетеді. Бұл сингулярлы құқық талаптарына сәйкес жүзеге асырылады және ол тек өсиет бойынша мұрагерлік құқықтық қатынасқа байланысты. Бұған мысал, өсиет қалдырушы өз өсиетінде мүлікті бір (бірнеше) мұрагеріне өсиет құра отырып, үшінші жақтың пайдасына қандайда бір мүлікке құқық қалдыра алады.
Сонымен мұрагерлік, әмбебап құқық мирасқорлық мұрагерлік құқық институтының негізі болып табылады. Кейбір жағдайда әмбебап құқық мирасқорлық талаптардан басқа, сингулярлы құқықтық мирасқорлық (өсиеттік бас тарту) талаптарымен жүзеге асады.