Құқықтық мемлкеттің пайда болуы және дамуы туралы идеялар туралы қазақша реферат
Мемлекеттік өз жұмысын заң негізінде іске асыратын ұйым ретіндегі ойлар адам баласының өркениетті дамуындағы алғашқы кезеңдерінде пайда бола бастаған. Жетілген және қоғам өмірінің адал нысандарын іздеу құқықтық мемлекет идеяларымен жалғанған. Ертедегі ғалымдар (Сократ, Демокрит, Платон, Аристотель, Полибий, Цицерон) құқық пен мемлекеттік билік арасындағы қарым-қатынасты көрсетуге талаптанғандағы мақсаттары – сол дәуірдегі қоғамды қамтамасыз ететін қатынастарды болжау болатын.
Қазіргі құқықтық мемлекеттің ерекше теориялық тұжырымдама және тиісті практика ретінде – ұзақ және сабақ болардың тарихы бар.
«Құқықтық мемлекет» терминінің өзі XIX ғ. басында неміс заң әдебиетінде (К.Т. Велькер, Р. фон Моль және басқалардың еңбектерінде) пайда болып бекілді, ал кейіннен кеңінен таралды[1].
Мазмұнды мағынада құқықтық мемлекеттіліктің бірқатар идеяларды ежелгі дүниеде және ортағасырлық Еуропада пайда болды. Ал құқықтық мемлекеттің теориялық тұрғыдан дамыған тұжырымдамалары феодализмнен капитализмге өту және жаңа әлеуметтік – саяси құрылымның пайда болу жағдайында қалыптасты. Тарихи жағынан бұл буржуазиялық саяси және құқықтық ойдың прогрессивтік бағыттарынның пайда болуының және жаңа (феодалдыққа қарсы, зайырлы, антитеологиялық, антиклерикалды) заңдық дүниетанымның қалыптасуы мен дамуының, феодалдың әлімжеттік пен заңсыздықты, абсолютистік және полиция режимдерін сынаудың, адамгершілік (гуманизм) идеяларын, барлық адамдардың бостандығы мен теңдігінің принциптерін, адамның айырылмас құқықтарын бекітудің, сан түрлі мемлекекеттік – құқықтық құралдарды, құрылымдар мен нысандарды (мемлекеттік биліктің бөлінуі, конституционализм, заң үстемдігі және т.б.) іздеудің жалпы ағымында жүзеге асты.
Құқықтық мемлекеттің теориялық тұжырымдамалары (Дж. Локк, Ш.Л. Монтескье, Д. Адамс, Д. Мэдисон, Т. Джефферсон, И. Кант, Г. Гегель және басқалардың еңбектерінде әзірленген) жаңашыл болғанмен, бұрыңғы тәжірибеге, алдыңғы әлеуметтік, саяси құқықтық теория мен практиканың жетістіктеріне тарихи қалыптасқан және сыналған жалпы адамзаттың құндылықтар мен гуманистік дәстүрлерге сүйенді.
Ежелгі дәуірдің кейінгі құқықтық мемлекет теориясына ықпалының түрлі аспектілері саяси қатынастарды құқықтық ресімдеу тақырыбы айналасында топтасады. Бұл тақырып ең алдымен ежелгі мемлекет-қала (полис) құрылымының, оның өкіметі мен заңдарының әділдігі, мемлекеттік түрлі органдарының арасында өкілеттіліктерді әділ бөлу, басқарудың дұрыс және дұрыс емес нысандарын айыру, полистік өмірде мемлекет пен азаматтық өзара қарым-қатынастарын анықтауда заңның айқындаушы ролі, түрлі басқару нысандарының жіктелу және сипатталу критерилері ретінде заңның мәні сияқты аспектілерді қамтиды.
Көне дәуірдің өзінде-ақ билік әрекетінің әділдік талаптарына сәйкес болу қажеттілігі идеясы пайда болды. Кейіннен құқық пен мемлекет туралы ойдын тереңдеу процесінде тым ерте әділ (яғни құқыққа сәйкес келетін) мемлекеттік билік туралы-көпшілік биліктің мойындауы мен қолдауы арқасында құқық жалпыға міндетті заңға, ал құқықты мойындайтын, реттелген, тиісінше құқықпен әрі шектелген, әрі ақталған көпшілік – билік күші (онын күш көрсету және т.б. мүмкіндіктерімен) әділ мемлекеттік билікке айналатын адамзаттың қоғамдық өмірінің саяси нысанының ақылдығы мен әділдігі туралы идея қалыптасты.
Көптеген ежелгі грек мифтарында адамдардың полистік өмірінің әділ құрылымы идеясы анық көрінеді. Гомер өз поэмаларында әділдікті адамзаттың қатынастаға күш мен күштерге қарсы қояды. Гесиод Эвномияны (игі заң) дәриптейді. Эвномия аңыз бойынша Дикенің қарындасы және ең басты құдай Зевс пен құдай ана Фемиданың (мәңгі табиғи-құдай тәртіптің кейіптік көрнісі) қызы, Эвномия өзінің кейпімен қоғамдық құрылымның заңдылығының бастамасы, заңдылық пен полистік тәртіптің ішкі байланысының белгісі. Кейіннен «Эвномия» сөзі жақсы әділ заңдарға негізделген полистік басқаруды сипаттау үшін шешуші түсініктердің біріне айналды.
«Құқық (әділдік) – күштеу (зорлық)» антитезасы тұрғысында Гесиодтың келешек «темір ғасырды» қатты сынауын келтіруге болады. Оның айтуынша: «Шындықты жұдырық алмастырады… Күш қайда болса, құқықта сонда болады» (Гесиод. Труды и дни, 174-193).
Полистік істердегі заңдар үстемдігінің негіз құраушы мәнін Ежелгі Грецияның «жеті данасының» көбі ерекше атады. Олардың кейбіреулері басқарушы немесе заң шығарушы бола отырып, өздерінің саяси – құқықтық идеяларын іс жүзінде жүзеге асыруға біршама күш жұмсаған. Биант, Хилон, Питтак, Солон және басқа да ежелгі грек даналарының көзқарастарына сай, заңдарды орындау – жайластырылған полистің елеулі де ерекше белгісі. Мысалы Биант қай жерде азаматтар заңнан құдда қатыгез билеушіден қорыққандай қорқатын болса, сол жердің мемлекеттік құрылымы ең жақсы деп есептеді.
«Заңға бағын», — деп шаққырды спартандық Хилон, «Өзіңді өзің таны» деген әйгілі афоризмнің авторы. Бұл афоризм Дельфадағы Апполон храмында жазылған және ежелгі грек ойында елеулі роль атқарған болатын Хилон азаматтары шешендер мен демагогтардан гөрі заңдарын сақтайтын полисті ең үздік деп санаған. «Жеті дананың» бірі – Солон (шамамен б.ғ.б. 638-559 ж.ж.) — әйгілі афинаның реформатор, мемлекеттік қайраткер және заң шығарушы. Аристотельдің бағалауынша, Солонның заң шығаруы реформаларынан Афиныда «демократия басталды»[2].
Солонның өзіндік болмысы жағынан конституциясы заңдары күресуші тараптардың байлар мен қарапайым халықтың құқықтық мүдделері компромисінің идеясына негізделді. Солон жүргізген күресуші күштер арасындағы компромисті заң арқылы бекіту идеясы және осының арқасында азаматтық келісімге қол жеткізу идеясы, Жаңа дәуірдің жетілген конституционализміне құқықтық мемлекеттілік фундаменті ретінде үлгі болды.
Римдегі үш биліктің арасындағы мемлекеттік өкілетіктердің бөлінуін сипаттай келе, Полибий қайсыбір биліктерідің қажетіне қарай біріне-бірі кесел келтіретіндей немесе керісінше өзара қолдау көрсететіндей тұрақталған саяси процедуралар мен тәсілдерді қарастырады. Бұл ретте бір биліктің өзіне қатысты сәйкессіздің туралы наразылығы тиісті түрде басқа биліктердің қарсылығын тудырады, ал жалпы алғанда Рим мемлекеті өзінің тұрақтылығы мен беріктігін сақтайды.
Аралас басқарудың ежелгі тұжырымдамасы мен одан кейінгі билікті бөлу теориясы арасындағы барлық тарихи және әлеуметтік – саяси айырмашылықтарға қарамастан, оларда айтарлықтай маңызды ортақ тұстар бар екенін оңай байқауға болады. Басқарудың аралас нысанында (әсіресе Полибий ілімінде анағұрлым анық) басқарудың түрлі нысандары өкілдерінің өкілеттіктері (билікті бөлу теориясындағы түрлі биліктің өкілеттіктері секілді) біртұтас бастамаға бірікпейді және өзіндік ерекшеліктерін жоғалтпайды, бөлінген күйде, біршама дербес болып, қала береді, өзара әрекет етеді, үйлеседі және қатар өмір сүреді, тұрақты бүтіндік – мемлекеттік құрылым шектерінде өздерін-өзі тежейді. Екі жағдайда да бір мақсат – басқару тетіктері бір орталықта шоғырланбайтын, керісінше өзді-өздерін тежейтін, бір-біріне қарсылық көрсететін жалпы мемлекеттік биліктің құрамдас бөліктері арасында әділ бөлінетін мемлекеттік билік құрылымын қалыптастыру.
Мемлекетке деген құқықтық көзқарас (мемлекетті құқықтық түсіну және талдау).
Рим авторларының шығармашылығында елеулі түрде дамытылды және тереңдетілді.
Бұл тұрғыда мемлекетті адамдардың келісімді құқықтық араласуы және «жалпы құқықтық тәртіп» ретінде түсіндіретін Цицеронның табиғи құқықтық ілімі үлкен жетістік болды (Мемлекет туралы, I, XXXII, 49).
Цицероның тұжырымдамасынан мемлекет заңдарының табиғи құқық талаптарына сәйкес болу қажеттілігі туындайды. Тек осындай заңдар ғана әділ болады. Әділетсіз заңдарға келетін болсаң, олар «заң атауынан гөрі ортақ келісім бойынша қараушылар қабылдаған шешімдерге тең» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІ, 13). Ол маңызды мемлекеттік-құқықтық жағына жасайды: «Бәрі де заң күшінің ықпалында болуы керек» (Цицерон. Заңдар туралы, ІІІ, 17) .
Кеңес мемлекетінің құқықтық ғылымы тоталитаризм кезеңінде құқықтық мемлекет идеясын қабылдамай, оны буржуазиялық, мемлекеттің таптық тұжырымдамасына қарсы теория деп есептеді.
Құқықтық мемлекеттің көп ғасырлық тәжіребесін, теориясы мен практикасын өктемдікпен жоққа шығару және ғылыми тұрғыда қабылдамау инерциясы қоғам өмірінде әлеуметтік-экономикалық, мәдени, рухани жеке ұлттық қақтығыстарды туғызады. Кейінгі жылдары реформалық процестердің тек біздің елімізде ғана емес, бұрынғы Одаққа кірген мемлекеттерде жүріп жатқанына байланысты мемлекет пен құқыққа ғылыми көзқарастар пайда болды. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің рөлін бағалаудағы жаңа қатынастан байқауға болады. Бұрынғы және қазіргі ғылыми арсеналды, қазіргі өркениетті елдердегі құқықтық мемлекеттіліктің қалыптаусы мен қызмет етуінің іс жүзіндегі тәжирибесін пайдалана отырып, отандық құқытану философияның, экономикалық және саяси ойлар негізінде шын мәніндегі болашақ құқықтық мемлекеттің үлгісін белгіледі.