Құқықтық мемлекет шығу тегі, мазмұны және мемлекет қызметінің орындалу әдістері туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасы заң-құқық ұлттық жүйесінің жылдам қалыптасуы, Қазақстан қоғамының қалыпты қозғалысы мен үнемі жаңарып отыруы шеңберінде болып жатқан оң өзгерістерді басқаша көзқарастар тұрғысынан зерделеп, бағамдап алу міндетін алдыға тартады.
Құқықтық мемлекет пайда болуы қоғамдық ұйымдық құрылымды объективті түрде қажет ететін ішкі эволюциясымен байланысты. Құқықытық мемлекеттің пайда болуының бірнеше түсіндірмелері бар. Ең алдымен – Теологиялық теория, ол мемлекеттің пайда болуын құдайдың құдыретімен байланыстырады. Бұл теорияның негізгі идеологтары Августин (354-430) және Фома Аквинский (1225-1274) болып табылады.
Сонымен, мемлекет – қоғамның ұйымдық құрылымды объективті қажет ететін ұйым ретінде жұмыс жүргізеді.
Құқықтық мемлекет – мемлекет билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілетіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілетіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу құралының, құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Құқықтық мемлекет билік органдарын ұйымдастырудың негізгі бір қағидаты – «тежемелік және тепе-теңдік жүйесінің» болуы. Оның мәні биліктің барлық үш тармағын, олардың ешқайсысы да бүкіл мемлекеттік билікті тұтас иемденіп кете алматындай етіп, өзара өкілеттіктермен бөлуден тұрады. Мұнымен қоса, мемлекеттік билік ұйымдастырудың қағидаттарының бірі біртұтастық болып табылады. Біртұтастық қағидаты мемлекеттік биліктің жоғары органдарының бір жүйесінің болуын көрсетеді. Мемлекеттік биліктің жергілікті органдары мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүесіне енеді, мемлекеттік биліктің жоғары органдарына бағынады.
Қазақстан Республикасының құқықтық мемлекет қызметіне тоқталу, мемлекеттік функцияларын жіктеу.
Бірыңғай мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы және соттық тармақтарға бөлу қағидаты Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік биліктің конституциялық негізі болып табылады (3,4-бап). Биліктерді бөлу қағидаты биліктің осы үш тармағына жататын органдар арасындағы құзыреттерді шектеуден көрініс табады. Мәселен, заң шығарушылық қызмет, заңдар қабылдау заң шығару функциясын жүзеге асырушы өкілді орган – Қазақстан Республикасы Парламентінің жұмысы болып табылады. Заңдарды орындау, жалпы алғанда атқарушы-өкімдік қызмет атқарушы қызмет атқарушы органдарға жүктеледі. Қазақстан Республикасындағы сот билігін тәуелсіз сот органдары жүзеге асырады.
Заң шығарушы уәзіпін жүзеге асырушы жоғары өкілді орган Қазақстан Республикасының Парламенті болып табылады. Қазақстан республикасының Парламенті екі палаталық құрылымнан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Президент Қазақстан Республикасы органдары жүйесінде айрықша орынға ие. Ұйымдық ретте ол дербес, биліктің үш тармағына бірдей енбейді. Президент ең алдымен мемлекеттің басшысы болып табылады. Мемлекеттік басшысы ретінде ол ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік етеді.
Құқықтық мемлекеттік қызмет — азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
а). Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, заңды орындау, заңды қорғау органдары).
б). Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
в). Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік — билік өкілеттігі бар қызметкерлер және өкілеттігі жоқ қызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория «а» Президент, Премьер-Министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, т.б. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория «б» бірінші топтағы лауазымды түлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория «в» екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер қызметінде мекемеге шығын келтірсе, оны төлейді, қылмыс жасаса, қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде — мақсаты — адамның әлеуметтік, моральдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым — қатынастарды дұрыс реттеп, басқарады.
Сонымен, мемлекеттің фуикциясы — қоғамды әлеуметгік баска-рудағы мемлекеттің атқаратын жүмыстарының неғізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде ұғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде — мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз — функцияның өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде — мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше, бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.
Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік — тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән ерекше белгілері мен қажетіне, сондай — ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық және жеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады. Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда, ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың күрделілігі мен көп аспектілігіне карай оның біржақты болуы мүмкін емес және бірнеше «қабатты» қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл — адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасын реттеп, бағыттау, олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі және биліктің ұйымдастырушылық құралдары бар;
в) тапсырмасының орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекеттік билік толып жатқан субъектілердің сан алуан нақты қызметтері арқылы іске асып, орындалып жатады. Осы мемлекеттің сан алуан қызметтерін мемлекеттік биліктің орындалуының құқықтық нысаны дейді.
Бұл мемлекеттік биліктің нақты орындалуының құқықтық нысаны екі түрге бөлінеді:
1). Нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны;
2). Жалпылама нормативтік актілер арқылы орындалу нысаны.
Нақты нысанның өзі үшке бөлінеді:
1). Құқық шығармашылық;
2), Құқықты орындаушылық;
3). Құқықты қорғаушылық.
Мемлекеттік билікті орындаудың ерекше нақты түрі — әкімшілік шарт арқылы іске асу. Шарттың түрлері толып жатыр. Оның бір жағының немесе екі жағының субъектісі мемлекеттік орган болады.
Мемлекет билігі жалпылама нормативтік актілерінің орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық т.б.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
— жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
— мемлекеттік органдарға көмек көрсету, бақылау, тексеру жүргізу;
— материалдық-техникалық операциялар жүргізу, баяндамалар, іс-қағаздарын дайындау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару т.б. қүжаттардың өмірге келуін қамтамасыз ету;
— әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
— мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап, қорытынды
жасау;
— мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдар- ының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап, қорытынды жасау;
— мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру
— шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару т.б. қызмет істері.