Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басыда бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінді:
Жабайы адам дәуірі— 40-12 мыңжылдықтар арасы. Адамдар табиғаттың дайын заттарымен қоректенген, қарулары дайын : тас, сүйек, ағаш. Жабайы аңшылық, балықшылық қалыптасқан қоғамның негізгі сипаты табиғаттың, қоршаған ортаның адамдардың күн көрісіне қолайлы жақтарын падалана отырып, экономикалық жағдайды жақсарту. Қысқаша айтқанда – дайынды игерушілік дәуірі. Бұл кезеңде ашаршылық , қиыншылық жиі болып отырды.
Экономиканың қолдан жасау дәуірі — 12-4 мыңжылдықтар арасы. Бұл кезде адамдардың тәжірибесі, пайдаланатын қаруы дамыды. Рухани сана-сезімі, білімі жоғарлады. Экономиканы қолдан жасауға мүмкіншілік қалыптасты. Металлургия, керамика өмірге келді. Малшылық – егіншілік арқылы сертификациялық қоғам, рулық, тайпалық бірлестіктер, әлеуметтік нормалар өмірге келді.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырыды. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс — б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысын кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объектівтік заңдары:
— қосымша өнім пайда болуы ;
— жеке меншіктің қалыптасуы ;
— қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Құқықтың дамуы– адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар) қоғамның даму процесіне бірте-бірте құқық нормаларға айналуы. Сондықтан құқықтық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуын бері қарай құқықтық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдік-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, Мұсылман елдерінде Құран: екіншісі — жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп – басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық- үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы – үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүдесін қорғаумен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп- басқарып отырды.
Құқықтық таптың мәні, қоғамдағы ролі , мазмұны мен нысыны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлуметтіе сипатына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс «Гот программасына сын» еңбегінде: «Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмайды» деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени және т.б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдасы әсер мол болмақ.
Сонымен құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік дамуы— мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болу нәтеже сінде алғшқы қауымдық құрлыс тапқа бөолінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтежесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі саларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатын сүйенетін басқару жүйесі .
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдері ) мемлекеттің қалыптасуы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырауы кезінде күрделі құрлыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүиелер қалыптаптыру, құрғақшылықпен күрес Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: ченовниктер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король‑императорлар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлееттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында – абсолюттік манарх болды, одан төменгі – екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік – чиновниктерде болды. Осы биліктер – бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар, жеке меншік те дамыды.
Европалық елдерде мемлекеттің жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде‑мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртәп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
- Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.
- Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде‑мақсатын орындау үшін қалыптасты.
- Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болуы, даму себептерінің ерекшеліктеріне;
- Қоғамды бсқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
- Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс‑әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
- Қоғамдағы, экономиканың дамуы үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппараттың нығайту керек болды;
- Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтті. Тарихи ауқымын алғанда бұл – уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттің дамудың сапалы жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын.
Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж.) мемлекетіміздің беріктігін нығайта түсті, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық кешені қалыптасты. Экономикалық құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр. Қазақстан халықаралық рынокқа жан‑жақты араласуда.
Қазақстан егемендігі алынды, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі болып келеді. Еліміз БҰҰ‑ның мүшесі болды. Қазіргі кезде ҚР әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105‑мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800‑ден астам Шарттар мен Келісімдер жасалды.
Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды ретттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттілік билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл‑күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды. Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.
Алдағы уақытта саяси реформаны іске асыратын бес басым бағаттары анықталды:
- Мемлекеттік басқару жүйесін жаңалап жетілдіру. Мұндағы басым міндеттер – мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттіліктің ара‑жігін айқын ажырату, бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру.
- Сайлау жүйесін одан әрі жетілдіре беру, оның жүргізу процесі бұрынғыдан да айқын әрі ашық болуы тиіс. Сайлаудың нәтижесін анықтау процесіне автоматты ақпараттық жүйені енгізу.
- Саяси жүйені демократияландыру үшін азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайта беру. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау. Бұл туралы жаңа заң қабылдануға тиіс.
- Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын көрсету Үкімет БАҚ рыногындағы бәсекелестік барысын айқын қадағалап отыруға, оның монополияға айналуына жол бермей, тежелеп отыруға тиіс.
- Құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру мемлекеттік органдардың басты мәселелерінң бірі болуға тиіс. Алқа билер институтын кезеңдерде де, сондай‑ақ сот сатыларында да оңайтылған және жеделдетілген рәсімдерін енгізу көрсетілген.
Қорыта айтқанда мемлекет пен құқық мыңдаған жылдар бойы бір‑біріне біршама ұқсас заңдылықтармен дамыды деп айтуға болады. Сонымен қатар, құқық – қоғамның экономикалық үстіндегі қондырма. Яғни, құқық мемлекет пен қоғамның көптеген салаларында реттеуші механизм функциясына ие болады. Құқық нормалардың бүкіл қоғаммен орындалуын қамтамасыз ететін мемлекет болып табылады. Құқық мемлекеттік аппарат күшімен өз функцияларын атқарады.
Мемлекет алғашқы қауымда әлеуметтік шиеленістерді шешіп, қоғамды бір ретке келтіру үшін пайда болды. Мемлекет – қоғамды басқару органдар жүйесі арқылы көрініс тауып, ежелгі заманнан дами берді. Әдетте мемлекеттің дамуы құқықтың дамуымен сәйкес болады, өйткені халықтың өмірін реттегенде, тәртпті орнатқанда құқық маңызды рөл атқарады. Осылай мемлекет пен құқықтың дамуы бір‑бірімен ұштасып, қазіргі заманға дейін жетті.
Мемлекет пен құқықтың маңызы зор. Қоғамның тұрақтылығы осы екі құбылыстың арқасында сақталып тұр. Адамдардың арасында келеңсіз жағдайлар мемлекет пен құқықтың араласуымен шешуге болады. Сондықтан, мемлекет пен құқық қоғамдағы көптеген мәселелерді шешіп, адамдарды біріктіру үшін пайда болды деп айтуға болады. Сәтті сауатты да, салауатты пайдалану – зиялылардың төл парызы мен борышы мемлекеттілікті дамыту екені хақ. Адамдардың рухани қажеттілікері, қоғамдағы тура қатынастар мен шиеленістер, белгілі қауымдық ережелерді уақыт өте құқықтық нормаларға айналдырды. Қоғамдағы сан қырлы тұлғалардың әрекетін реттеуде маңызды орынға ие болып, құқық нормалары әлі де мінсіз емес. Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста, онымен бірге дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез‑құлқына, іс‑әрекетіне, тәртібіне, сана‑сезіміне жан‑жақты әсер етеді, мақсаттар мен мүдделердің іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды.
Республикамыздың тәуелсіздігінің 20 жылдығы халқымыздың тарихи жаңаша, жан‑жақты қарауға ұйтқы, бүгінгі шебі мен шегін өркениет өлшемімен бағалауға дәнекер мен болашақ мұратына деген бағдарды халықаралық деңгеймен салыстырып, жетілдіруге себепкер. Олай болса, қазақтану тағдыры мен болашағы бір ұрпақтың дүниетанымы, мәдениеті және қоғамдық тәжірибесі ретінде үйлестіретін ізденістер мен шараларды ойланыстарын да, ойларды іске асыратын сәт келді.