Ғылыми әдебиеттерде КСРО-да туризмнің дамуының бірнеше кезеңдері бөліп көрсетіледі. Бірінші (1917-1936) кезең әлеуметтік-экономикалық жағдайлардың құрылуымен, экскурсиялық және туристік қозғалыстың пайда болуы және ұйымдастырушылық қалыптасуымен сипатталады. Халық шаруашылығын қайта құру мен қалпына келтіру жағдайында еңбекшілердің жаппай демалысын белсендіруге, мәдени құндылықтар мен отан табиғатын зерттеудегі олардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған пролетарлық туризмнің алғашқы мекемелері құрылады. Халықаралық туризм шеңберінде мынадай міндеттер қойылады, яғни КСРО серіктері мен шетелдегі прогрессивті қозғалыс өкілдеріне КСРО-дағы социалистік құрылыс желісімен танысуға мүмкіндік беру, және де кеңестік еңбекшілердің шетелге саяхаттары көлемін кеңейту болды.
1918 ж. 12 сәуірінде В.И. Ленин «Патшалар мен олардың қызметтері құрметіне қойылған ескерткіштерді алу және Ресей социалистік революциясының ескерткіштері жобасын әзірлеу туралы» декретке қол қойды. Кремльде атақты ойшылдар мен революционерлердің аттары мәңгілікке жазылған мемориал құрылады. Мәскеуде, Петроградта және басқа қалаларда халық билігі үшін күрескен күрескерлердің құрметіне ескерткіштердің, мемориальді тақталардың құрылысы басталды. Бұл пролетарлық символиканың алғашқы объектісі жаңа революциялық, көрмелік экскурсиялар мен туристік іс-шаралардың да объектісі болды.
Бірмезетте туризм мен экскурсиялардың жаңа ұйымдастырушылық формасын іздестіру басталды. Кейбір мекемелерде қала сыртына туристік жорықтар мен экскурсияларды өткізу міндеті болып табылатын бөлімшелер де құрылды.
Бұл жұмысты алғашқылардың бірі болып 1917 ж. қараша айында ағарту халық комиссариатының мектептен тыс бөлімі (Наркомпрос) жүргізді. Оны Н.К. Крупская басқарды. Бұндай бөлімшелер Наркомпростың губерндік желісінде ұйымдастырылды. 1918 ж. ел бойынша экскурсиялық станциялар құрылады, Наркомпростың тәжірибелік-көрсетімді экскурсиялық базасы құрылады.
1919 ж. наурыз айында В.И. Ленин емдік туризмнің дамуына және емдік көздерге экскурсияларды ұйымдастыруға қолғабыс еткен «жалпы мемлекеттік маңыздағы емдік жерлер туралы» декретке қол қойды.
1920 ж. Наркомпроста Біріккен дәрістік-экскурсиялық бюро — қазіргі кездегі туристік-экскурсиялық мекемелердің үлгісі құрылады. Оның мақсаты – пролетарлық туризм мен экскурсияларды кең түрде насихаттау еді.
1920 ж. бастап экскурсияларды бірнеше ведомствалар мен мекемелер өткізе бастады. Жұмысшылар мен қызметкерлер үшін олардың ұйымдастырушылары кәсіподақтар болды. Оқушылар мен әскери қызметкерлер саяхатқа Наркомпрос пен РКСМмен бағытталып отырған.
Бұл жұмысты негізінен штаттан тыс негіздегі энтузиастар жүргізді. Олар туристік бағдарламалар мен маршруттар әзірледі.
Халықтың туризм мен экскурсияға қызығушылығының өсуімен оларды мәдени жұмыстарда қолдану қажеттілігі айқын бола түсті. Халықтар арасында осы мақсатпен және туризм мен экскурсия саласында барлық іс-шаралардың идеялық мазмұнын жоғарылату үшін туристік-экскурсиялық тәжірибенің әдістемелік жетекшілігі 1920 ж. Наркомпростың бас саяси-ағартушылық комитетіне (Главполитпросвет) міндеттеледі. Қоғамдық кадрлар дайындау туралы мәселелер қарастырыла бастады; құрылған экскурсиялық станциялар штаттан тыс активтерді – топ экскурсия жүргізушілерін және туризм ұйымдастырушыларын дайындай бастады.
Главполитпросвет туризм мен экскурсияның бастапқы формаларының қаншалықты тиімді және олар қоғамның маңызды міндеттеріне жауап бере ме деген сұрақтарды зерттеуді қолға алады. Халықтық білім берудің Мәскеулік бөлімінің губерндік политпросветіне (Главполитпросвет МОНО) туризм саласында Мәскеу еңбекшілерінің сұраныстары мен тілектерін оқып зерттеу жүргізу жүктелді.
20 ж. басында туризм мен экскурсияға қызығушылық арта түсті. Экскурсияларға, сапарларға және саяхаттарға мыңдаған еңбекшілер тартылды. Мысалы, Губполитпросвет МОНО-ның бір экскурсиялық секциясы 1921 ж. ай сайын 400-ден аса топтық экскурсияларды жүргізіп отырды.
Кәсіподақтардың, Главполитпросвет және Петроградтық экскурсиялық институттардың қатысуымен болған 1921 ж. Петроградта өткен экскурсиялық конференцияда экскурсиялық жұмыстың қорытындылары айтылды және оларды мектеп тәжірибелерінде қолданысын кеңейту ұсынылды.
Туризм мен экскурсия желісінің құрылымдық кеңеюі басталды. Наркомпростың жанынан жақын және алыс экскурсиялардың бөлімдері құрылды. Онымен Крупская Н.К. айналысты. 1923 ж. Наркомпростың алыс экскурсиялар бөлімі Мәскеулік мұражайлық-экскурсиялық институтының құрамына, кейіннен – «Советский турист» акционерлік қоғамының құрамына кірді.
Туризм мен экскурсия ұйымдастырумен әртүрлі мекемелер айналысты. Алғаш 1914 ж. кейін Қырымға сапарларды мектептен тыс жұмыс әдістері Институты, Свердлов Я.М. атындағы Коммунистік университет, Шығыстың еңбекшілерінің коммунистік университеті ұйымдастырды; кейбір жоғары оқу орындары мен рабфактар туризмді студенттер мен тыңдармандар арасында насихаттады. Жас натуралистер станциясы табиғаттанымдық экскурсияларды ұсынды. Кейбір мұражайлар қалалық емес туристеріне арналған «сквозные мұражайлық экскурсияларды» тәжірибеге енгізді.
Туризм мен экскурсияның ұйымдастырушылық принциптері мен әдістерін кеңейту және оқып-зерттеумен алғашында мектептен тыс жұмыс әдістерінің Мәскеулік Институты, Петроградтың ғылыми-педагогикалық күштері, МГУ экскурсиялық іс кафедрасы, Главполитпросвет экскурсиялық секциясы айналысты.
Біраздан кейін Наркомпрос жанындағы ғылыми және ғылыми-көркем мекемелердің бас басқармасы елдің көптеген қалаларында өлкетану ұйымдарының жұмыстарының әдістемелік негіздерін әзірледі. Олар сол жерде топтық өлкетану жорықтарының, саяхаттарының, экскурсиялардың бірінші тәжірибелік моделін құрды.
ОПТЭ құрылуы және қызметі. Кәсіподақтар жетекшілігіндегі туризм
1927 ж. Мәскеуде революцияға дейінгі шамамен 500 адамды біріктірген туристердің Ресейлік қоғамы (РОТ) өзінің қызметін жаңартты. Әлеуметтік құрамы бойынша қоғам негізінен интеллегенция мен бұрынғы бай қалалықтардан тұрды, тек бір адам ғана жұмысшылар қатарынан болды. РОТ-тағы МК ВЛКСМ-нің туризм бюросының кеңесі бойынша кезектен тыс конференцияның шақырылуына талап етілген 1500 жас туристер жіберілді. Бұл конференцияда ескі басқарудың қызметін қанағаттанарлықсыз деп мойындады және жаңасын таңдады. Оның құрамына Крыленко Н.В. (төрағасы), Антонов-Саратовский В., Бархаш Л., Никитин В. және басқалар кірді. Қоғамға пролетарлық туризмнің қоғамы (ОПТ) деген атау берді.
Осылай, 1928 ж. шілдесінде ОПТ ең алдыменен, еңбекшілердің қалау-тілектеріне қарай тәжірибелік туристік-экскурсиялық жұмысқа кірісті. Тек қызметінің бірінші жылы қоғам 300 мың адамға қызмет көрсетті. 1929 ж. ОПТ қаулысы бекітілді.
Басқа ведомствалық туризмнің ұйымдарымен салыстырғанда ОПТ еңбекшілер арасында белгілілігі және жұмысының көлемі бойынша бірінші орынға шықты. Ол елде туристік-экскурсиялық жұмыстың 90%-ін орындады.