ҚР-ның сауда саясаты курстық жұмыс

Жоспар:

Кіріспе
І Сауда саясатының теориялық негіздері
1.1. Сауда саясатының мәні, негізгі түрлері және оны жүзеге асыру құралдары…….5-9
1.2 Сыртқы және халықаралық сауда саясаты……9-14
1.3 Халықаралық сауда теориялары……14-19
ІІ. ҚР – ның сыртқы экономикалық заңдары мен нысандары
2.1. ҚР – ның сыртқы экономикалық қызметін белгілейтін факторлар…….20- 28
2.2. Сыртқы сауда операцияларының ұйымдық нысандары 29-34
2.3. Қазақстан республикасының сыртқы сауда айналымы…34-38

ІІІ. ҚР – ның сауда саясатындағы даму перспективасы және ерекшеліктері.
3.1. Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру проблемалары мен перспективалары… 39-42

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер.

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі:Қоғамда  өзекті  мәселелердің  бірі  ретінде  сауда  саясаты  ерекше  маңызға  ие. Себебі  жүйелі де   тиімді  сауда  саясаты  құқықтық  мемлекет пен   демократиялық   қоғамның  ажырамас  элементі  болып  табылады.Сондықтанда  сауда  саясаты  Қазақстан  үшін  зор  маңызды  экономикалық  сала.

Бүгінгі  әлем  шапшаң  қарқынмен  дамуда,  ғаламдану  мен  ақпараттық  технологиялар  дәуір  күн  өткен  сайын  күш  алып  барады. Қазақстан  өзінің  экономикалық  әлеуметін  нығайтып, халықаралық  нарықта  орнын  нақтылауда  және  Бүкіләлемдік  сауда  ұйымына  (БСҰ)  кіруді  жоспарлауда  президентіміз  Н.Ә. Назарбаев  айтқандай, «Бізге  ауқымды  міндет- бәсекеге  қабілетті  жағынан  әлем  елдері  ішіндегі  көшбастаушы  елу  елдің  санатына  ену міндетін  шешу  қажет.Бұл  мақсатқа  жете  алуымыз  көбіне  қаржыгерлерімізге  байланысты».

2006жылы 1  наурыздағы   Қ.Р. президентінің  халыққа  жолдауында Қазақстанның  алдағы  уақыттарда  әлемдегі  50  бәсекелес  елдің  қатарына  кіру  туралы  міндеті  жөнінде  «экономикалық  жоғары   табыстарға  қол   жеткізген  кез  келген  ел  жедел  экономикалық  өрлеудің  алдындағы  кезеңде  жоғары  экспортты  азайтып,  импортты  жоғарлату  жөнінде  барлық  шараларды  міндетті  түрде  қолдаған  және  кейін  макроэкономикалық  көрсеткіштерді  белгіленген  шекте ұстап  тұруды  қатаң  қадағалауды» тапсырды..

Мақсаты:Жаратылыстану  ғылымдарындағы  сияқты, экономикада  және  өзге де  қоғамдық  ғаламдарда  белгіленген  ақиқаттар  мүлдем  жоқ, теориалар  жасауға  болжам  жасауға  әрекеттер  ғана  бар, оларды  дәлелдеуге  болмайды, алайда  олар  қайсыбір  мезетте  эксперимент  арқылы  жоққа шығарылуы  мүмкін.

Қоғамдық  ғаламдарда да жаратылыстану ғаламдарында  да  дүниетанымға  білім  саны   («нормативтік  сараптық») ықпал  жасайды , бірақ  соңғысының   қалыптасуы   негізін  дүниетаным , яғни  «позитивті»  білім  қалайды.

Казіргі халыкаралык байланыстардың саяси, экономика­лык, әлеуметпк, технологиялык астарларынын бірыңғайлануы және жалпы жаһандану үрдісінің күшеюі әрбір мемлекеттің сырткы экономикалык қызметін ұдайы бақылап, тиімді басқарып отыруды талап етеді. Бұл талаптьң барған сайын қа­тая беретіндігін жанагыдай баскару объектісінің алдағы уакытта да кеңейе және күрделене беретіндігімен түсіндіріледі.

Міндеттері:Бұл курстық  жұмыста  сауда  саясатының  сырткы экономикалык кызмет саласына байланысты кажстті негізгі санаттар, түсініктер мен жіктеулер келтірілген. Әсіресе, сырткы экономикалык кызметтің баскарушылық астарына ерекше назар аударылады. Бұл  кызметтің неігзі  сырткы сауда байланыстары мен операциялары және олардың қарқыны мен құрылымының сипаттамасы болып табылатындықтан, оларға барынша көбірек көңіл бөлінеді. Сондықтан, экономика мамандықтары бойынша жоғары білім аламын деген адам мемлекеттің сыртқы экономиқалық саясатының қалыптасу заңдылықтарын, оны жүзеге асырудың әкімшілікк механизмдерін жақсы меңгеруге тиісті.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесшің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. Қазақстан Республикасының геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өңдірістік өнеркәспті кооперациялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгерді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүниежүзінде белгіленген сауда-құқықтық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассоциация ұйымның принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әр түрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылатн алғашқы қадамдар жасауда.

Теориялық методологиялық зерттелуі:Курстық  жұмыста  халықаралық байланыстардьң сатып алу-сату, жалдық және мердігерлік жұмыстарды ұйымдастыру мен басқару, сауда делдалдарының кызметің үйлестіру, мемлекетаральқ есеп айырысуды қадағалау және т.б.  қарастырылды.

Еліміздің  президенті   Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  өзінің  халыққа  жолдауында:Біз  2030  жылы  Азия  Барысына  айналуымыз  керек.Бірнеше  жылдан  кейін  Қазақстан  Дүниежүзлік  Сауда  Ұйымына  (ДСҰ)  мүшелікке  өтпек. Сөзсіз  бұдан  біздің  ұтарымыз  аз  емес . Шекара  ашылған  соң  кәсіпкерлеріміз  өз  тауарларын  ешбір  шектеусіз  шетелге  шығаруға  мүмкіндік  алады.

Сондықтан  қазіргі  уақытта  кәсіпкерлеріміздің  алдында  тұрған  ең  негізгі  міндеттердің бірі – сапалы  өнім  шығаруға  қол  жеткізу, өйткені  шетелдік  өнімдерге  бәсекелес  бола  алмаса,  отандық  бизнес  өкілдері  бонкротқа  ұшырайды.

Құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Негізгі бөлімнің өзі 3 бөлімнен тұрады. Олар: Сауда саясатының теориялық негіздері ,  ҚР-ның сыртқы экономикалық заңдары мен нысандары, ҚР-ның сауда саясатындағы даму преспективасы және ерекшеліктері.Әр бөлімше бірнеше тармақтардан құралған.

Алынған ақпараттар көзі: Негізгі мәліметтер Әубәкіровтың «Экономикалық теория», Райымқұлұлының  «Экономикалық теория негіздері», Мамыровтың «Макроэкономика», Ілиясовтың «Қаржы» кітаптарынан алынды.

 Курстық жұмыс / 46 бет