2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясаты
2008-2010 жылдарға арналғанӨскемен қаласының жергілікті атқарушы органының орта мерзімді фискалдық саясаты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 677 қаулысымен бекітілген Орта мерзімді фискалдық саясатты әзірлеу ережесіне, 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізінде, мемлекеттік және салалық (секторлық) бағдарламаларына, 2006 жылы экономика дамуының талдауына, 2007 жылы қаланың әлеуметтік-экономикалық жағдайын бағалауға сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Жолдауын ескере отырып, нық өсу экономикасын басқаруды, өндірістің шикізат емес секторын, инновацияларды, экономиканың диверсификациясын дамытуды, атаулы әлеуметтік қолдауды, рыногтық көзқарастарда әлеуметтік саланы дамытуды қамтамасыз ететін басымдылықтарынан шығады. Орта мерзімді фискалдық саясат қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі басымды бағыттарын жүзеге асырудың негізгі механизімдерін (тәсілдерін) – кірістер мен шығыстар саясатын, бюджеттік несиелендіруді, бюджетаралық қатынастарды қамтиды.
Орта мерзімді фискалдық саясаты келесі мақсаттарға жету үшін әзірленді:
алдағы үш жылдың кезеңге қолда бар ресурстардың көлемдерін анықтау;
қаланың жергілікті атқарушы органның фискалдық стратегиясын белгілеу, ағымдағы және болашақтағы мақсаттарға жету бойынша оның жоспарлары;
стратегиялық басымдылықтарды жүзеге асыруға шектеулі бюджеттік ресурстарды бөлу бойынша шешімді қабылдауға нақтылау;
бюджеттік процестегі тиімділік пен айқындылықты арттыру;
фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету.
Осы құжатта 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының жергілікті атқарушы органының фискалдық саясатының негізгі мақсаттары, міндеттері мен бағыттары анықталды.
Орта мерзім фискалдық саясаты қала бюджетін қалыптастырудың негізі және мемлекеттік басқарудың барлық деңгейінде салықтық және бюджеттік саясатты жүзеге асыру кезінде үйлестіруші құжат болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері және Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жасау
Соңғы жылдары облыс орталығының экономикасы интенсивті дамуда. Өнеркәсіп және аграрлық секторда бірқатар жетістіктерге жетті.
Экономикадағы позитивті қозғалыстар нәтижесінде әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдағы проблемаларды шешуге мүмкіндік берді (Қосымша А. Кесте 1).
Орта мерзімді фискалдық саясатты жүзеге асыруда негізгі бағыттар мен міндеттерді анықтау кезінде 2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары негізге алынды (Қосымша Ә. Кесте 2).
Облыс тұрғындары, атап айтқанда өндірістік сектордың қызметкерлері модернизациясыз және технологиялық процестерді техникалық қайта жабдықтаусыз шығарылатын өнімдердің бәсекеге қабілеттілігіне жеткізуді қамтамасыз ету мүмкін еместігін, ол уақыт әмірі екенін сезінеді.
Осыған байланысты, қаланың көптеген кәсіпорындары техника мен технологияны жетілдіруге, халықаралық сапа стандарттарын енгізуге кірісті.
Азық-түлік және өңдеу өнеркәсібінде, металлургияда, машина жасауда және көлікте локальдық аймақтық кластерлерді ұйымдастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.
2007 жылдың басынан Бизнесті дамыту зонасын құру жүргізілуде, оған жалпы көлемі 313 га төрт жер телімі анықталды: Тас карьер ауданы (143 га), Самар шоссесі ауданы (35 га), «ҮМЗ» АҚ (шығыс алаңшасы) ауданы (38 га), Овечий ключ кенті (97 га). Бүгінгі күні ауылшаруашылық өнімдерінің рыногын және сүт өндірісінің кластерін құру, құрылыс материалдарын шығару бойынша 7,7 млрд. теңге сомасына 15 инвестициялық жобаларды орналастыру басталды.
Мемлекеттің басымды міндеттерінің бірі кедейшіліктің деңгейін төмендету болып табылады, Кедейшілікті төмендету бойынша өңірлік бағдарлама жүзеге асырылатын болады.
Келер жылдардағы болжамға сай экономиканың өсу беталысы сақталады.
Келер үш жылдық кезеңде фискалдық саясаттың негізгі мақсаттары: жүргізіліп жатқан әлеуметтік реформаларды қаржылық қамтамасыз ету, білім беруді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын, инженерлік-коммуни-кациялық желілерді, сумен қамтамасыз ету және суөткізгіш жүйесін, өнеркәсіпті, ауылшаруашылығын және қоғамдық инфрақұрылымды дамыту; бюджеттік жоспарлаудың перспективалық рөлін арттыру; көлеңкелі экономика үлесін төмендету; келер үш жылдық кезеңге қолда бар ресурстардың көлемін анықтау, бюджетаралық қатынастардың айқындылығымен тұрақтылығын қамтамасыз ету, фискалдық тәртіпті арттыру мен бюджеттік процестегі сабақтастықты қамтамасыз ету болып табылады (Қосымша Б. Кесте 3).
2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының бюджетінің кірістер саясатының жобасы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексімен, Қазақстан Республикасының Салық кодексімен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008-2010 жылдарға арналған орта мерзімді фискалдық саясатымен, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары жобасының маңызды макроэкономикалық көрсеткіштерімен және 2008-2010 жылдарға арналған қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының параметрлерімен анықталды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы ескерілді.
Нақты салық салу негізінде және салық салуда жүргізіліп жатқан өзгерістерді ескеріп 2008-2010 жылдарға арналған қала бюджетінің кіріс бөлігін қалыптастыру жүргізілді.
2008 жылдан әлеуметтік салық 30 % кемиді, ол жұмыс берушілерді қызметкерлердің еңбеақысын арттыруға ынталандыру қажет, азаматтардың демалысына сауықтыру бойынша бір еңбекақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу қарастырылды. 2009 жылдан бастап бюджеттік сала қызметкерлеріне еңбекақы төлеу 25,0 %, ал 2010 жылдан тағы 25,0 % ұлғайтылады, 2009 жылы әлеуметтік есептеулердің ставкасы 4,0 % дейін, ал 2010 жылы – 5,0 % дейін (2007 жылы ставка 3,0 % деңгейінде қабылданды) өседі.
2007 жылдың 1 қаңтарынан шағын бизнес субъектілері үшін салық салудың кемітілген бірыңғай ставкасы енгізілді. Жеңілдетілген процедуралар нәтижесінде кәсіпкерлік белсенділікте, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өндірісін кеңейту мен дамытуда жандану жүргізілуде. Бұған Бизнесті дамыту зонасында жобаларды орналастыру негіз болуда.
Президент Жолдауы бойынша әзірленген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Бағдарламасына сай мемлекеттік бюджетке ақпараттық технологияларды кең тарапта пайдалану және салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің түсуі үшін электрондық бақылау, «электрондық үкімет» нормалары мен әдістерін ендіру арқылы салық ставкаларын арттырусыз түсімдерді барынша мол арттыратын болады.
2008-2010 жылдарға арналған контингенттегі жергілікті бюджет кірістерінің болжамы кестеде келтірілген (Қосымша В. Кесте 4).
2008 жылы контингентте салықтық түсімдердің көлемі былтырғы жылдың қатынасы бойынша 0,3 % (әлеуметтік салық ставкасының орташа 30 % кемуіне байланысты) төмендеді, 2009 жылы – 15,1 %, 2010 жылы – 14,9 % өседі.
Салықтық түсімдердің болжамында ескерілді:
Өскемен қаласында Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудан ипотекалық және коммуналдық тұрғын үйлерді енгізу есебінен қосымша салықтық түсімдер;
мемлекеттік басқару және мемлекеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақыны 2009 жылы 25 %, 2010 жылы тағы 25 % көбейтуге байланысты әлеуметтік салық және төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығы бойынша қосымша түсімдер.
2009 жылы 4 % дейін, 2010 жылы 5 % дейін әлеуметтік есептеулерді ескеріп, анықталған әлеуметтік салық ставкасының өзгеруіне салықтық түсімдер түзетілді.
Салықтық түсімдер құрамындағы аса көп көлемдер әлеуметтік салық және төлем көзінен ұсталатын табыстан жеке табыс салығының еншісіне келеді, салық салудың базасы еңбекақы төлеу қоры болып табылады.
2008-2010 жылдарға арналған Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарының негізінде еңбекақы төлеу қорының көлемі анықталды. Еңбекақы төлеудің өсу қарқыны өткен жылдың қатынасы бойынша 2008 жылы 126,6 %, 2009 жылы – 130,9 %, 2010 жылы – 132,9 % деңгейіне жоспарлануда.
Өнеркәсіп өнімдері 2008 жылы 17,9 %, 2009 жылы – 23,9 %, 2010 жылы – 24,4 % көлемдерінің болжамдық өсуі есептеулерде ескерілді.
Жеке меншікке салықтар 2007 жылдың бағасына 2008 жылы өсумен 13,1 %, 2009 жылы – 15,1 %, 2010 жылы – 16,7 % болжануда. Жыл сайын мүлік салығы бойынша тіркелген көлік қаражаттарының саны ең аз есептік көрсеткіштердің өсуі – 6,0 %, 2008 жылы аумағы 132,2 мың ш. метр, 2009 жылы 135,0 мың ш. метр және 2010 жылы 138,8 мың ш. метр жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға ендіру есептеулерде ескерілді.
Алкогольді өнімдер бойынша акциздер түсімі «Әділ» АҚ мен «Тамила плюс» ЖШС қолданыстағы ставкалардың есебімен ұсынылған есептердің негізінде жоспарланды.
ӨӨБ салықтық емес түсімдердің үлесі 2007-2009 жылдары бір деңгейде – 0,01 % болжануда. Коммуналдық меншікті жалға беруден түсетін түсімдер, әкімшілік айыппұлдар мен өсімдер, басқа да салықтық түсімдер шығындарда қарастырылды.
Капиталмен операциялардан кірістер ӨӨБ-ға 2008 жылы 0,4 %-дан ӨӨБ-ға 2009 жылы 0,08 % төмендеуі 2007-2008 жылдары негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер Тұрғын үй құрылысын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй құрылысын қамтамасыз ету үшін атап айтқанда 2007 жылы 1706,9 млн. теңге, 2008 жылы – 834,0 млн. теңге бұрын республикалық бюджеттен қайтару негізінде бөлінген қаражаттарды құрайды.
2008-2010 жылдары бюджеттік саясатты жедел әлеуметтік-экономикалық дамыту мақсаттары мен міндеттерін кешенді шешуге және ағымдағы міндеттемелерді бір мезгілде орындауға негізделетін болды.
Орта мерзімді кезеңдегі бюджеттік саясаттың жалпы бағдары сақталады және келесі басымды бюджеттік шығындары анықталды: білім беруді дамыту; әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдету; көлік желісі мен инженерлік инфрақұрылымды дамыту; Меновной ауылдық округін дамыту; тұрғындарды сапалы ауыз суымен қамтамасыз ету; жаңа тұрғын үй саясатын жүзеге асыру; ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Орта мерзімді кезеңде бюджет шығындары ӨӨБ-ға 2,0 % деңгейінде болжануда (Қосымша Д. Кесте 5).
Келер орта мерзімді кезеңде шығындар саясаты даму бағдарламасы аясында мемлекеттік инвестицияларды тиімді пайдалануды арттыруға, бюджет заңнамасының ережесін қатаң сақтауға, әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы және жергілікті бюджеттен бөлінетін қаражаттарды тиімді қолдануға негізделді.
2008-2010 жылдарға арналған қалалық бюджеттің шығындары салааралық ерекшеліктерімен және функционалдық бағыттары бойынша біріктірілді.
2008-2010 жылдары «Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,071 % деңгейінде шама-ланды.
Келер болашақтың аса өзекті мәселесі мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру сұрағын шешу болып табылады – ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасын халықаралық стандарттарға көшіру, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы мемлекеттік басқарудың тұтас аппаратын қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігін айтарлықтай арттыру және оларды дайындау мен қайта даярлаудың тиімді жүйесін құру.
«Электрондық әкімдікті» құру бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде тұрғындарға электрондық қызметтердің дамуын қамтамасыз ету үшін базалық ақпараттық құрылымды құру жүргізілуде, қаланың жергілікті атқарушы органдарында бірыңғай құжатайналым жүйесі ендірілуде, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің уақыты қысқаруда. Жергілікті органдармен ұсынылатын алғашқы кезектегі базалық электрондық қызметтер жүзеге асырылатын болады. Бағдарламаны жүзеге асыру үшін 2008 жылы 8,4 млн. теңге бағытталады.
«Қорғаныс» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.
Шығындар жалпы әскери міндеттерді орындау аясында іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
«Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқық, сот, қылмыстық атқару қызметі» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,008 % деңгейінде шамаланды. Шығындар қалада жол қозғалысын реттеу бойынша құралдарды ұстау мен пайдалануға қарастырылды.
Құқық бұзудың алдын алуға және тәртіпті күшейтуге, нашақорлық пен алкоголизмді қысқартуға, жол қозғалысы линиясындағы құқық бұзудың алдын алуға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған орта мерзімді кезеңде жалғасын табады.
«Білім беру» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,894 % деңгейінде шамаланды.
Білім беру саласындағы бюджеттік саясат білімге негізделген қоғам мен тұлғаның сұранымдарын қанағаттандыру және әлемдік білім кеңістігінде шоғырландыру үшін Қазақстан Республикасын 2010 жылға дейін дамытудың Стратегиялық жоспарының негізгі басымдылығы көпсалалы үздіксіз білім беру үлгісін модернизациялауға бағытталатын болады.
Осы мақсаттарға жету үшін 2010 жылға дейін Білім берудің мемлекеттік бағдарламасы және 2005-2010 жылдарға арналған Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы әзірленді, шағын-орталықтардың жұмыстарын ұйымдастыру, бұрынғы балабақша-лардың бос тұрған ғимараттарында балалардың мектеп алды мекемелерін құру, білім берудің 12-жылдығына көшу бойынша жұмыстары, жоғары буын оқушыларын жеке сала бойынша оқыту қарастырылуда.
Крылов көшесі, 86а және Ғарышкер көшесі, 6/2 екі балабақшаны жандандыру және Пролетар көшесі, 99/2 бойынша балабақшаны қайта жаңарту есебінен 2008 жылы балалардың мектеп алды мекемелерінің санын 28 ден 31 бірлікке арттыру көзделуде. 2009-2010 жылдары балабақшалардың санын тағы 4 бірлікке арттыру жоспарлануда және 2010 жылға 35 бірлікті құрайды.
ЖМК ықшам ауданында мемлекеттік тілде оқытатын орта мектептің салынуына байланысты 2009 жылы желіде 1 бірлікке арту пайда болады.
2007 жылмен салыстыру бойынша 2010 жылға оқушылардың саны 150 адамға қысқарады және 35,6 мың адамды құрайды. Демографиялық жағдайдың тұрақтану есебнен 2007 жылмен салыстыру бойынша 2010 жылы 1-сыныпқа қабылданатындардың саны 480 адамға артады.
Ауылдық жерлерде білім берудің талап етілетін жағдайын қамтамасыз ету үшін 2008 жылы Ново-Троицк ауылындағы мектепке 108 орынды қосымша жайдың құрылыс аяқталады, оған 72,0 млн. теңге бөлу жоспарлануда.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,07 % деңгейінде шамаланды.
2008-2010 жылдары әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы бюджеттік саясаттың негізгі мақсаттары кедейшілікті төмендету, әлеуметтік қамтамасыз етудің қаржылық тұрақты, әлеуметтік әділ жүйесін құру, әлеуметтік көмек алуды жетелдету болып табылады.
Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың орташа жылдық саны болжам бойынша 2008 жылы 6,1 % төмендейді. Күтілетін бюджет сомасының шығыны 8,0 млн. теңгені, орташа айлық төлеу сомасы 1445 теңгені құрайды. 2009 жылға шығын сомасы 7,9 млн. теңгеге дейін төмендейді.
2007 жылдан бастап тұрғын үй көмегінің орташа айлық мөлшері 100 теңге шеңберінде өседі. Осы көмек түрін төлеу үшін бюджет шығындары 2008 жылы 14,5 млн. теңгені, 2009 жылы – 14,3 млн. теңгені, 2010 жылы – 14,2 млн. теңгені құрайды.
«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,498 % деңгейінде шамаланды.
Қаражаттарды шығындаудың негізгі бағыттары:
1) Тұрғын үй құрылысы бағдарламасын жүзеге асыру аясында тұрғын үй құрылысы;
2) сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту;
3) мемлекеттік тұрғын үй қорын ұйымдастыру;
4) қаланы көріктендіру және санитарлық ұстауды қамтамасыз ету.
Жаңа тұрғын аудандардағы инженерлік-коммуникациялардың құрылы-сына 2008 жылы 420,0 млн. теңге қарастырылды. мемлекеттік апаттық тұрғын үй қорынан азаматтарды көшіру үшін 9 қабатты 143 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына 2009 жылы 530,8 млн. теңге жоспарланды.
Жоспарланған кезеңге сумен қамтамасыз ету жүйесін дамыту бойынша Меновной ауылдық округінің, қаланың шалғай аудандарының (Аблакетка, Әуежай, Жыланды, Красин, Северный және Ескі Согра кентерінде,) сумен қамтамасыз ету және канализациялар желісін қайта жаңарту, КСС-17-ден Ертіс өзені арқылы өтетін дюкерлік өткелдің қысымдық канализациялық коллекторын қайта жаңарту енгізілді.
Өскемен қаласының аумағын көріктендіру мен ұстау шығындары көшелерді жарықтандыру, жолдарды орташа және шұңқырлы жөндеу, туысы жоқтардың жерлеу орындарын ұстау, қаланың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету және көгалдандыру бойынша жұмыстарды қарастырды.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,074 % деңгейінде шамаланды.
«Мәдениет» функционалдық тобы бойынша шығындар саясатының негізгі мақсаттары:
— қала аумағында мәдениет пен өнерді дамытудың бірыңғай мемлекеттік саясатын жүзеге асыру, адамгершілік және эстетикалық тәрбие беруде мәдениет мекемелері мен мәдени-бос уақыт ұйымдарының рөлін арттыруды қамтамасыз ету; театр, музыка, кітапхана, мұражай және өнердің басқа да түрлерін, халық шығармашылығын, өнер қызметін дамыту; ақпаратқа қол жетімділікті қамтамасыз ету, мәдениет мекемелерінің желісін кеңейту;
— қаланың барлық санаттағы азаматтары үшін мәдениет қызметтерінің қазіргі заманғы сапасына тең мүмкіндігін қамтамасыз ету және мәдениет саласы мекемелерінің қызметін модернизациялау;
— мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту;
— қазақстандық патриотизмді, халықтар достығын дамытатын, салауат-ты өмір салтын насихаттайтын мәдениет мекемелерінің мәдени-бос уақыт іс-шараларының мазмұнын тереңдету;
— мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін мәдениет мекемелерінде демалыс-тың қажетті жағдайларын құру;
— мәдениет мекемелерінің әр түрлі бағытындағы қызметінде мемлекеттік тілді дамыту мен қолдау көрсету.
Мәдениет мекемелерімен және оның мамандарының рөлін қоғамда гармониялы дамуын оңалту.
Мәдениет саласы мекемелерінің мүмкіндігін белсенді жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау, сапалы тұрмысты қалыптастыруда олардың қатысуы.
Мәдени-бос уақыт мекемелерінің желісін кеңейту үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен 1000 орынды қазақ музыкалық-драматургиялық театрын салу жоспарлануда.
Спорт және туризм саласындағы шығындар келесі мақсаттарға бағытталады:
— қалада дене шынықтыру және спортты одан әрі дамыту;
— спорттың бұқаралық және ұлттық түрлерін дамыту үшін жағдайлар жасау;
— облыстық және республикалық спорт жарыстарына облыстың құрама команда мүшелерін дайындау және қатыстыру;
— спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту.
Тұрғындарды спорт имараттарымен, сапалы инвентарь және жабдықтармен қамтамасыз ету деңгейі айтарлықтай артты. 2008 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен жасанды мұздан жабық хоккей модулінің құрылысы, ал 2010 жылы ЖМК ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы жоспарланды.
2009-2010 жылдарға жергілікті бюджет қаражаты есебінен қала мектептерінің жанынан хоккей қораптарының құрылысы жоспарлануда.
«Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,006 % деңгейінде шамаланды.
«Өндіріс, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі» функционал-дық тобы бойынша шығындар аясында 2008-2010 жылдарға сәулет және қала құрылысы бөлімін және құрылыс бөлімін ұстауға ӨӨБ-ға 0,007 % деңгейінде қарастырылды.
«Көлік және байланыс» функционалдық тобы бойынша шығындар ӨӨБ-ға 0,344 % деңгейінде шамаланды.