2007 жылғы және ағымдағы жылдың бірінші тоқсанындағы экономика дамуының қорытындылары бойынша елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы-нын негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінің болжамы нақтыланды.
Тұтастай алғанда, 2006 жылға арналған ЖІӨ-нің жалпы көлемі 6 725 млрд. теңге мөлшерінде немесе 8,3%-ға нақты өсуі болжанып отыр. Орташа жылдық инфляция 5,7 %-дан 7,6%-ға дейінгі межеде көзделген. Мұнайға (Вгепі маркалы) әлемдік бағаның түзетілген болжамы бір баррель үшін 55 АҚШ доллары
2006 жылғы республикалық бюджетті нақтылау осы жылғы екінші жарты жылдықтан бастап Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзімге арналған тұжырымдамасының қолданысқа енгізілуіне бағытталған, бұған сөйкес елдің барлық мұнай кірістері қорға аударылады./13/
Бюджеттің кіріс бөлігі мұнай емес сектордың есебінен ғана қалыптасатын болады. Егер мұнай емес сектордан түсетін кірістер қалыптасқан республикалық бюджет шығыстарының денгейін жаппайтын болған жағдайда, онда осы айырмашылықты жабуға кепілдік берілген трансферт түрінде Ұлттық кордан қаражат жіберіледі. Бұл ретте, кепілдік берілген трансферт бюджеттік даму бағдарламалары ғана қаржыландырылады.
Мұнай және мұнай емес кірістерді есепке алудың жаңа тетігін қолданысқа енгізу кезінде және барлық мұнай кірістерін Қорға есепке алудың салдарынан 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамы 39,6 млрд. тенгеге азаяды.
Бекітілген бюджетте жоспарланған даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыру үшін және бюджетті нақтылау кезінде қабылданған қосымша шығындар үшін 2006 жылдың екінші жартысында ұлттық қордан республикалық бюджетке 124,6 млрд. теңге келілдік берілген трансферт жіберілетін болады.
Макрокөрсеткіштерді нақтылауды және Ұлттық қор қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тетігін іске асыруды ескере отырып, 2006 жылға арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің жалпы көлемі 1 576,9 млрд. теңге (ЖІӨ-ге 18,1%) мөлшерінде немесе бекітілген бюджетпен салыстырғанда 85 млрд. теңгеге өсумен қалыптасты, шығыстардың көлемі 1 703,1 млрд. теңгені (ЖІӨ-ге 19,5 %) немесе 97,5 млрд. теңгеге өсумен тапшылық 126,3 млрд. теңгені құрайды.
ЖІӨ-нің нақтыланған көлеміне пайыздық қатынаста тапшылық өзгеріссіз 1,4%-да қалды, ал абсолютті мәнде 2005 жылғы республикалық бюджетті атқару қорытындылары бойынша пайдаданылмаған бюджет қаражатының еркін қалдықтарын тарту мақсатында 12,5 млрд. теңгеге ұлғайды.
Бюджеттің шығыс бөлігінің өзгерістері тұтастай Мемлекет басшысының Жолдауында айқындаған басымдықтардан туындайтын іс-шараларды іске асыруға бағытталған.
2005-2010 жылдарға арналған ҚР білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберін делингафондық және мультимедиалық кабинеттерді жасауға — 1,1 млрд. тенге, физика, химия және биология кабинеттерін оқу жабдықтарымен қамтамасыз етуге 2,5 млрд. теңге қалыптасқан үнемдеудің есебінен қосымша қаражат бөлу көзделген.
2005-2007 жылдарға арналған К,Р «электрондық үкімет» құрудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Бірізділік нөмірлердің ұлттық тізбесін жасауға 3 млрд. теңге көзделіп отыр.
Әлеуетті құрылымдардың зейнеткерлеріне сараланған зейнетақы төлемдерін арттыруға 2,6 млрд. теңге, азаматтардың жекелеген санаттарына арнаулы мемлекеттік жәрдемақының мөлшерін ұлғайтуға 777,9 млрд. теңге бөлінеді.
Қорғаныс министрлігіне қосымша 20 млрд. теңге шығыстар қарастырынды. Осылайша, Қорғаныс министрлігінің 2006 жылға арналған бюджеті 101 млрд. теңгені немесе нақтыланған ЖІӨ-нің (8 725 млрд. теңге) 1.2%-ын құрайтын болады.
Қазақстанның көлік стратегиясын іске асыру мақсатында автомобиль жолдарын салуға қосымша 5 млрд. теңге бөлінеді.
2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында ғарыш қызметін дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 5 млрд. теңге көзделіп отыр.
Астана қаласын дамытуға 38 млрд. теңге сомасында, онын ішінде қала бюджетіне нысаналы трансферттер түрінде 17,4 млрд. теңге сомасында қосымша қаражат бөлінеді. Алматы қаласын дамытуға 5,5 млрд. теңге (тұрғын үй құрылысын қоса есептегенде — 8,5 млрд. теңге) бөлінетін болды.
2005 жылдан бастап Ұлттық банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша – кредит саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.
Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке мынадай міндеттер жүктелген:
- мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
- қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.
Ұлттық банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.
Инфляциялық таргеттеу принциптерін пайдаланатын көптеген елдер инфляция жөнінде қойылған мақсаттарға қол жеткізу жауапкершілігін күшейту жағдайларында инфляция бойынша бағдарлар ретіндегі тұтыну бағаларының индексіне сүйенбейтін болады.Оның орнына инфляциялық үрдістердің негізгі бағыттарын көрсететін баға индекстерін қарастырады және монетарлық емес тұрғыдағы («базалық инфляция» индекстері) түрлі дәрежедегі жылдан бастап «базалық инфляция» индексіне қарай бағдарлар белгілейтін болады.,
1 кесте Инфляция деңгейі
Азық — түлік | 2005 ж.
% бойынша бағалары |
Азық-түлік емес тауарлар | 2005 ж. маусы —
мынан 2005 жылдың мамырына дейін |
жарма | 17,1 | ерлер аяқ киімі
|
14 |
сүт өнімдері | 2,8 | балалар киімі
|
1,1 |
балық және теңіз өнімдері | 1,3 | балалар аяқ киімі
|
1 |
жеміс және көкөніс | 1,3 | әйелдер аяқ киімі
|
0,6 |
сәбіз | 9,0 | ||
картоп | 5,5 | ||
басты пияз | 14,5 | ||
жас қызанақ | 3,5 | ||
жас қияр
|
9,2 |
Атырау облысы
2005 жылғы маусымда тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,7%-ға, мамырға 0,1%-ға өсті, соның ішінде азық-түлік тауарлары 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 1,6 %-ға өсіп, осы жылғы мамырға 0,1 %-ға азайды; азық-түлік емес тауарлары -1,9%-ға, 0,3%-ға өсті; ақылы қызмет тиісінше 1,8 %-ға, 0,1 %-ға асты. 2005 жылғы маусымда негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі мөлшерімен есептелген орташа жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс шамасы 2002 жылғы желтоқсаннан 5,1%-ға артты, ал 2003 жылғы мамырмен салыстырғанда 1,6%-ға кеміп, 6463 теңге болды. Өнөркәсіп өнімдерін өндіруші кәсіпорындардың бағалары 2005 жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 4,2 %-ға азайды.
2 кесте. Тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері
Аттары | 2004 ж | 2005 ж |
тұтыну тауарлары мен ақылы қызмет көрсетудің бағалары мен тарифтері | 0,1 % | 1,7 % |
азық-түлік тауарлары | 0,1 % | 1,6 % |
азық-түлік емес тауарлары | 0,3 % | 1,9 % |
ақылы қызмет тиісінше | 0,1 % | 1,8 % |
Қостанай облысы
Инфляцияның жалпы деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 2005 жылғы маусымда 2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 101,1% құрды. Бағалар серпінін сыртқы және ішкі базарларда қалыптасқан конъюнктура анықтады.
Жыл басынан бергі кезеңде азық-түлік тауарларына бағалар 0,9%-ға өсті, бұл ақылы қызметтерге қарағанда 0,8 пайыздық пунктке және азық-түліктік емес тауарларға қарағанда 0,1 пайыздық пунктке аз.
Азық-түліктік емес тауарларға бағалар жыл басынан бергі кезеңде 1,0%-ға артты, бұл өткен жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 0,3 пайыздық пунктке аз.
Халыққа ақылы қызметтер көрсетудегі бағалар мөн тарифтер жыл басынан бергі кезеңде (2005 жылдың қаңтар-маусымы) 1,7%-ға өсті, бұл тауарларға қарағанда 0,8 пайыздық пунктке көп. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары тарифтерінің артуы ақылы қызметтер бағаларының деңгейіне айтарлықтай ықпал етті.
Қызылорда облысы
2005 жылдың қаңтар-маусымында облыстың тұтыну базарындағы тауарлар мен қызметтер бағасы 2004 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 3,1%-ға, 2004 жылдың тиісті кезеңінде 4,2% өскен. 2005 жылдың маусым айында тұтыну бағаларының индексі 100,0% құрады, өткен жылдың маусымында 0,4%-ға көтерілген еді.
2003 жылдың маусымында негізгі тағамдық азық-түлік тұтынудың ең аз нормасымен есептегенде орташа жан басына шаққанда күнкөрістің ең аз шамасы өткен жылдың желтоқсанына қарағанда 5,6%-ға өсті, ал ағымдағы жылдың мамыр айында — 1,6%-ға төмендеп, 4660 теңгені {тағамдық азық-түліктер — 3262 теңге, азық-түлік емес тауарлар мен ақылы қызметтер — 1398 теңгені) құрады. Үстіміздегі жылдың маусым айында оның құрылымындағы ет пен балықты сатып алу шығындарының үлесі 24,4%-ды, сүт пен майлы өнімдер және жұмыртқа 17,1%-ды, жеміс-көкөністер 12,6%-ды, нан мен нан өнімдері 11,2%-ды, қант, шәй және дәмдеуіштер 4,7%-ды иеленді.