Қозғалмалы фосфорды анықтау туралы қазақша реферат
Жұмысшы шкаласын құру немесе бірінші үлгілі ерітіндіні дайындау. Ол үшін КН2РО4 аналитикалық таразыда 0,192 гр тартып аламыз. Оны бір литрлік өлшеу колбасына салып 0,5 молярлы сірке қышқылына ерітеміз, кейін колбаның белгісіне дейін қышқылға толтырамыз. Кейінгі үлгі шкаласын осы ерітіндімен құраймыз. Ол үшін 500 см3 өлшеу колбасына төменгі таблицада көрсетілген мөлшерде аламыз. Олардың сірке қышқылы белгісіне дейін толтырамыз және калориметрде тексереміз.
Кесте 1 Қозғалмалы фосфор анықтау шкаласы.
Үлгі саны | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
Көрсеткіштер:
1.Бастауыш ерітіндідегі фосфаттың 1 см3 мөлшері. |
0 | 4 | 10 | 15 | 20 | 30 | 40 | 50 | 60 |
2.Колба ішіндегі Р2О5 – 100 см 2/мг. | 0 | 0,008 | 0,02 | 0,03 | 0,04 | 0,06 | 0,08 | 0,10 | 0,12 |
3.Р2О5-тың топырақтағы мөлшері мг/кг. | 0 | 20 | 50 | 75 | 100 | 150 | 200 | 250 | 300 |
Нәтежелерді есептеу. Топырақтағы фосфордың мөлшерін белгілеген график бойынша фотоколориметрде көрсетілген салыстырмалы шкала бойынша есептелінеді. Бұл төмендегі формула бойынша есептелінеді. Бұл төмендегі формула: V·1000
Р2О5 = ————-
V1 ·m
Мұндағы: С = Р2О5 — концентрациясы (100см3) салыстырмалы шкала бойынша.
V = анализге алынған сүзгіден сүзілген ерітінді мөлшері 1000 – 1 кг топыраққа өту коэфициенті.
m = топырақтың салмағы.
V1 = колометрлеуге алынған колбадағы ерітінді мөлшері.
Анализ екі- үш рет қайталанып отырылды. Олардың арасындағы ерекшелік 50 мг/кг, Р2О5 болғанда 20 пайыз, одан жоғары болса 15 пайыздан аспау керек.
Ерітінді дайындау: бірінші 0,5 моляр сірке қышқылын дайындау үшін мұзды сірке қышқылын 30 см3 алып, 1000 см3 дистилденген суда ерітеміз. Оның сілтілігін фенолфталинде анықтаймыз.