Қосымша құны жоғары болатын экспортқа бейімделген өнімдер шығару туралы қазақша реферат
Өнеркәсіптік өндіріске бәсекеге қабілетті отандық дәрілік өнімдерді енгізудің мысалы ретінде Елбасының тапсырмасы бойынша Қарағанды қаласында өсімдік шикізатының негізінде жасалатын фито дәрі – дәрмектері, соның ішінде өндірістік қуаты жылына 2 млн. ампуланы құрайтын қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» дәрісін шығаратын фармацевтикалық кешенді келтіруге болады. Қазіргі таңда дайын ампула қалыптарын шығаратын цехтан және казіргі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталған сапаны бақылау зертханасынан тұратын фармацевтикалық кешеннің бірінші кезегі жұмыс істей бастады. Дайын өнімді шығару көлемі 2006 жылы 100 мың ампулаға жетті.
2007 жылы «Amarantos Golden Kazakhstan» ЖШС ТМД елдері аумағында аналогы жоқ амарант майын шығару бойынша «Таврия – Сары-Арки» жобасын (дәнінен әрі қарай қайта өңдеп амарант майын алу үшін бір жылдық Амарант өсімдігін өсіру) жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Өнім ТМД, Еуропа елдеріне және АҚШ-қа жеткізілетін болады. Аталған жобаның жобалық қуаты жылына 150 тонна амарант майы. Жобаның құны 500 млн. теңге.