Қонақ үй типтес орналастыру құралдарын жүйелеу және қонақ үй типологиясы туралы қазақша реферат
Қонақ үй – қызмет көрсетуге және өндіріске арналған (қонақ үй өнімін), аса ауыр шаруашылықтық және мүліктік коплекс (ғимарат немесе ғиматар бөлігі, құрал – жабдық және өзге мүлік).
Қонақ үйді қонақ үй индустриясының кәсіпорны ретінде келесі белгілердің көмегімен сипаттауға болады:
- § нөмірлердің санымен (минималды санының болуы немесе болмауы);
- § көрсетілетін қонақ үйлік қызметтердің түрлері;
- § елде қабылданған стандарттарға сәйкес көрсетілетін қызметтердің түріне байланысты класқа және категорияға бөлу.
Қонақ үйлер сыйымдылығына, бөлме саны және орынның санына байланысты ажыратылады.
Қонақ үйлердің екі басты топқа бөлінеді: үнемі тұруға және уақытша тұруға арналған. Жоғарыда айтып кеткендей бұлардың өзін өз кезегінде бірнеше топқа бөліп қарастыруға болады. Орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.
Ұжымдық орналастыру құралдары. Ұжымдық орналастыру құралдары түсінігінің астында саны оннан кем емес, клиенттерге тұру және орналасу бойынша үнемі қызмет көрсетіп отыратын, бір билікке бағынатын кез – келген кәсіпорынды айтамыз.
Ұжымдық орнластыру құралы орналасқан ғимарат, қажетінше таза және талапқа сай жабдықталған болуы тиіс. Ғимарат жанындағы территория жабдықталған, жарықтандырылған, тазалығы сақталынған, автомобильдерді қысқа уақытқа қоюға арналған тұрақ алаңы болуы керек, сондай – ақ қонақ үйге кіре берісі жамылғымен жабылған және қонақ иүй атауы бар маңдайша болуы тиіс. Барлық қызмет көрсету ұйымдары әкімшілікпен немесе басқарушының қадағалауында болуы керек. Ұжымдық орналастыру құралының ғимараттары қызметтер атауы мен жұмыс уақыты көрсетілген визуалды ақпарат құралдарымен жабдықталуы тиіс.
Персонал, өз кезегінде қонақтарды қабылдауда немесе қызмет көрсетуде үлкен рөль атқаратын тұлға.Оған қойылатын негізгі талаптар шет тілін меңгерген, профессионалдылығы жағынан дайын, сыпайы, қызмет этикеті ережелерін сақтауы, сырт келбеті сүйкімді және жеке бас тазалығын сақтауы керек, үнемі медициналық тексеруден өтіп тұруы керек.
Нөмір немесе орынға келген турист виза және құжаттарын көрсете отырып немесе алдын ала брондалғандығы жөнінде құжаттарын көрсете отырып ие болады.
Ұжымдық орналастыру құралдарының жұмыс уақыты – тәулік бойы.
Бос орындар болған жағдайда келушінің тілек талабы бойынша екі немесе үлкен бөлме беруге болады, әрине нөмірдің толық құнын өтегенде.
Ұжымдық орналастыру орнында тұру құны жергілікті жердің сағаты бойынша есептелініп өткен тәуліктің 12 сағатына төленеді.Төлем құны турист кешігіп келуіне байланысты өзгермейді. Егер туристің ұшағы кешігіп жатса онда талабы бойынша сағат бойынша есептелініп алынады. 7 жасқа дейінгі балалардан төлем ақы алынбайды, егер ата – анасымен бір бөлмеде тұрса. Егер қосымша орын алатын болса 50% төленеді.
Ұжымдық орналастыру орнында тұрақтаған туристерге жеке заттарының сақталуы кепілді түрде, тұрғындардың ережелерді сақтағанына байланысты. Сонымен қатар туристер бөлмені босатқаннан кейін де жүк қойатын орынның бар болуы.
Тұрғындардың сақтауға бермеген құнды заттар мен ақшасы үшін қонақ үй әкімшілігі жауапкершілік тұтпайды. Егер бөлмеден жоғалған заттар болса, жедел тұрде қонақ үй әкімшілігін хабардар ету керек.
Барлық ұмытылып кеткен заттар, қонақ үй әкімшілігіне акт бойынша беріліп, сақтау камерасына қойылады және егесіне жеткізудің барлық амалын жасауы керек.Егер егесі табылмаса, онда 6 ай ішінде (шет ел туристері үшін 1 жыл) ережеге сай таратылады.
Сондай- ақ тіркеу орнында және ресторанда тілек – талаптар және арыз кітабы болуы керек.
Қонақ үйдегі барлық тұрғындар, бірдей талптарға ие және келесідей міндеттерді сақтаулары тиіс:
- Қонақ үйде бекітілген тұру ережелерін;
- санитарлық және өрт қауіпсіздігін қатаң түрде сақтау;
- нөмірді босатқанда есікті жауып, кілтті өткізу;
- басқа тұрғындардың мазасын алмау және шуламау;
- заңарға сәйкес қонақ үй мүлкіне зақым келтіргенде құнын төлеу.
Ұжымдық орналастыру орнында кез – келген демалушы бүкіл қызметті кезектен тыс ала алады. Ал кейбір қызметтер әкімшілік бекіткен бағалар бойынша ақылы түрде көрсетіледі.
Ұжымдық орналастыру орнындағы қоғамдық орындағы және бөлмедегі тазалықты қонақ үй әкімшілігі қатаң түрде бақылап отырады.
Қонақ үй кәсіпорындарын орналасуына, көрсетілетін қызметтің деңгейіне және қызметтердің ауқымына қарай жүйеленеді. Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның жүйесіне сәйкес:
орналастырған орнына қарай қонақ үйдің келесідей түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады:
қала орталығында орналасқан қонақ үйлер;
жол бойындағы, ережеге сай ашық автотұрақтарымен бірге аз қабатты қонақ үйлер;
қала шетінде және әуежайларда орналасқан қонақ үйлер.
Жүзбелі отельдер – бұл қонақ үй етіп жасалынған, теңіз, өзен немесе көл жағалауында орналасқан туристердің демалысы және орналастыруға арналған жүзбе құралдар.
«Люкс» қонақ үйлері – фешенебельді декормен көркемделген, жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған, жақсы жабдықталған қоғамдық бөлмелер және нөмір санына сәйкес персоналдың үлкен санына ие болуы тиіс.
Бүкіл Әлемдік Туристік ұйымның қазіргі заманғы қонақ үй нарығында қонақ үй қызметін тұтынушыдан тәуелсіз қонақ үйлердің келесідей типтерін ерекшелеп көрсетуге болады:
100 – 400 нөмірлік «люкс» қонақ үйлер қала орталығында орналасқан өте жоғары бағаға, жоғарғы деңгейдегі тұрғындарға элитарлы қызмет түрлерін ұсынуға бағытталған.
Жоғарғы класты қонақа үйлер 400 – ден 2000 – ға дейінгі нөмірлерге ие, қала шетінде орналасқан және оқытылған персоналмен көрсетілетін қызметтің кең ауқымын бизнесмендерге, конференция қатысушыларына, жеке туристерге ұсынады; ол қымбат жиһазбен және құрал – жабдықтармен жабдықталған. Тұру құны – орташадан жоғары.
Орта деңгейлі қонақ үйлер тұтушылардың кең ауқымына бағытталған, нөмірлердің сан алуан түріне ие. Бағаның орташа деңгейін ұстана отырып, эксплуатациялық шығыстарды төмендете отырып, заманауи технологияны қолдануға талпынады.
Апарт – отель, әдетте 100 – 400 – ге дейінгі жағдайы жасалған, жиһазбен жабдықталған нөмірлері болады. Бағасы маусымға және орналастыру шарттарына сәйкес өзгеріп отырады. Ұзақ мерзімге қалатын туристер мен бизнесмендерге бағытталған.
Мотель – авто көлікпен саяхаттап жүрген туристерге арналған нөмірлер саны 150 –ден 400 –ге дейін болуы мүмкін, автотрассаға жақын жерде орналасады, персоналдың кішігірім штатына ие және заманауи жақсы жабдықталған нөмірлері үшін қымбат емес, қолайлы бағаны ұсынады. Тамақтану қызметі болмайды.
Бунгало – туристерді орналастыруға арналған, жеңіл материалдан тұрғызылған кішігірім құрылыс. Өзінің кең таралуын халықаралық жастар туристік орталықтарында алған.
Акватель – стационарлы кеме.
Курортты қонақ үйлер 100 – ден 500 – ге дейін нөмір санымен, қаладан оқшау орналасқан және су қоймаларының жанында, табиғи жерлерде орналасады, қызметтің толық жиынын ұсынады, көптеген спорттық құрылыстар, балаларға арналған алаңшалар бар; бағалары — орташадан жоғары, туристердің түрлі категориясына бағытталған.
Таймшер – 50 – ден 250-ге дейін нөмір санына ие, тіпті бөлек ғимараттары болуы мүмкін. Пәтер типтес нөмірге және курортты қонақ үй типтес жағдайға ие. Таймшердің бағасы маусымға тікелей байланысты. Көп сұранысқа ие маусымнан, тартымды уақыттарда тұру құны арзанырақ.
Таймшерді сату ауқымы Еуропада 1991 жылы 3,74 млрд АҚШ долларын құрады.
2002 жылы сату ауқымы 30 млрд долларға тең болған. Таймшердің егелері 157 елдің азаматтары болып табылады. Таймшерлік курорттар 75 елде бар.
Транзиттік қонақ үйлер – қысқа уақытқа тұрақтау жағдайымен кез – келген контингентке қызмет көрсетеді. Ережеге сай, олар ірі транспорттық түйіндерде, темір жол вокзалдарында, әуежайда, теңіз және өзен вокзалдарында, автовокзалдарда орналасады. Қызмет көрсету және қызметтер ассортиманті минималды, тамақтану әдетте ұсынылмайды.
Іскерлік мақсаттағы қонақ үйлер іс – сапарларда немесе жұмыс бабымен жүрген адамдар үшін арналған. Іскерлік мақсаттағы қонақ үйлерге қойылатын негізгі талаптар:
- Көгалдандырылған территориясыз қаладағы әкімшілік, қоғамдық және басқа да орталықтарға жақын жерлерге орналасуы тиіс.
- Нөмірлік қорында бір орындық нөмірдің болуы.
- Нөмірде міндетті түрде жұмыс орнын жадбықтаулы болуы қажет. Яғни жұмыс үстелінің, жарықтандыру, жұмысорындығы, жазу құралдары және оргтехниканың болуы қажет.
- Нөмірлерді сыртқы шудан оқшаулау.
- Келіссөздер, жиналыстар және семинарлар, т.б. өткізетін орындардың болуы тиіс.
- Бизнес – орталық.
- Қаржылық қамтамасыз ету қызметі болуы керек.
Демалуға арналған қонақ үйлерге қойылатын талаптар:
- Қаланың шетінде, көгалдындаралған массивтерде орналасуы тиіс.
- Міндетті түрде көгалданған территориясы, спортпен шұғылданатын және демалыс үшін алаңдардың болуы керек.
- Нөмірлік қорда екі орынды нөмірлердің боуы керек.
- Ойын – сауық және көңіл көтеру үшін алаңдар, балалар алаңының болуы міндетті.
Сонымен қатар әр бір қонақ үй өзіндік ерекшеліктергше ие болады.
Курортты қонақ үйлер емдік-медициналық, сауықтыруға арналған жабдықтар мен бөлмелері, кейде тіпті диеталық тамақтану да қарастырылуы керек.
Стационарлы қонақ үйлер көбіне отбасымен демалуға арналады, сондықтан олардың балалар үшін ойнайтын бөлмелері, спортты-сауықтыру дәрістері үшін бөлмелері болуы керек.
Туристтік-экскурсилық қонақ үйлер өздеріндеэкскурсоводы, топты басқаратын, спорт нұсқаушылары, ал спорт туризмі үшін арналған қонақ үйлерде туристтік-спортты қызмет үшін бөлмелері болуы тиіс. Мұндай қонақ үйлер әдетте жабдықталған туристтік трассға жақын маңында орналасады.
Арнайы қонақ үйлердің ішінде ерекше орынды мына қонақ үй типтері алады:
кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)
ротель – екі — немесе бір орынды нөмір ұсынатын, қозғалмалы қонақ үй. Күндізгі уақытта туристер қалалармен және олардың құндылықтарымен таныса алады, ал түнде поезда түней алады.
ботель – судағы кішігірім қонақ үй.
флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес – турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда.
Флотелдер 1990 жылдары жойқын даму алды, круиздік демалыс үшін пайдаланылған. Әлемде теңіздік туристердің саны өсуде, 1996 жылы саны 6,5 млн адамға жеткен. Ерекше назарды туризмнің арнайы түріне аударуға болады – ауылдық туризм. Сонғы жылдары ауылдық туризм аса кірісті және ауқымды туризм түрі болып табылады. Дегенменде круиздік саяхатпен салыстыруға келмейді, бірақ маңызы жағынан туристік бизнестің зерттеуді және назар аудартуды қажет ететін, маңызды бағыты болып табылады.
Қазақстанда мұндай туризм түрін дамытуға көптеген жағдайлар мен орындар жетерлік.
Бүгінгі таңда мұндай туризмнің түрін таңдаудың бірнеше әдістері бар:
- қымбат теңіз курорттарында демалу мүмкіндігінің жоқтығы;
- ауылдық жердегі адамдардың қаражат көзінің жоқтығы;
- табиғатқа жақындық, таза ауада, орманда және көлдердің жағалауында көп уақыт өткізу қажеттілігі.
- экологиялық таза және табиғи өнімдерді пайдалану мүмкіндігі;
- жергілікті жердің мәдениетімен, дәстүрімен және салтымен танысуға мүмкіндіктің көптігі;
Финляндияда, Солтүстік Карелияда, көлдер көп жерде екі және сегіз адамдық кішігірім котедждер отбасылар үшін, көп таралған. Үйшіктер барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған, бағасы да соған сай болады. Әдетте олар бірнеше жатын және қонақ бөлмеден тұрады.
Коттеджде су және ыстық су, кішігірім асхана, онда электрлі пеш, тоңазытқыш, микротолқынды пеш, кофе қайнатқыш бар. Коттедждердің көпшілігі каминмен, саунамен жабдықталған. Туристерге жалға қайықтар, балық аулау құралдары, шаңғы жабдықтары беріледі. Осы жағдайдың барлығы таза ауада, өзен бойында, оңаша демалыс өткізуге жеткілікті жағдай жасайды.
Туризмнің бұл бағыты жақсы ұйымдастырылған индустрияны қажет етеді.