Қонақ үй қызметі саласындағы басты түсініктер мен анықтамалар туралы қазақша реферат
Қонақ үй индустриясы экономикалық қызмет түрі секілді өзіне қонақ үйде, мотельде, кемпингте, пансионаттарда және сыйақыға басқада орналастыру орындарында қысқа уақытта тұруды ұйымдастыруды және қызмет көрсетуді қосады.
Орналастыру түсінігінің астында адамдардың уақытша тұруға арналған кез – келген объектті жатқызуға болады.
ГОСТ КР 50645 – 94 «Туристік экскурсиялық қызмет көрсету. Қонақ үйлер класификациясы» жарлығына сәйкес қонақ үй дегеніміз уақытша тұруға арналған кәсіп орын. Қонақ үйде рұхсат етілетін минималды бөлмелер саны 10 болуы тиіс.
Басқа да нормативті құжаттарда – «ҚР – дағы қонақ үй қызметін көрсету ережелері» ҚР – ның қаулысында бекітілген қонақ үйге келесідей анықтамалар береді: «қызмет көрсетуге арналған мүліктің комплекс (ғимарат, ғимарат бөлігі, басқа да мүлік немесе құрал — жабдық)».
Қонақ үйлер келесідей белгілермен сипатталады:
— берілген нақты саннан асатын номірлерден тұрады, біртұтас басшылыққа ие;
— түрлі қонақ үй қызметтерін ұсынады;
— елдің стандарттарына ие, көрсетілетін қызмет түріне байланысты класқа және категорияларға топтастырылған.
Қонақ үй кәсіп орындарын сыйымдылығына, тұру орнының санына және номірлердің санына байланысты ажыратады.
Нөмір – қонақ үй категориясына сәйкес, талаптарға сай, бір немесе бірнеше орыннан тұратын бөлме.
Жатын орын – бір адам тұтынуға арналған, жатақ орналасқан алаң.
Халықаралық іс-тәжірибеде Бүкіл Әлемдік Туристік ұйым эксперттерімен талқыланған, орналастыру құралдарының стандартты классификациясы қабылданған.
Осыған сәйкес барлық орналастыру құралдары ұжымдық және жеке болып бөлінеді.
Ұжымдық орналастыру құралдары қонақ үй типтес және мамандандырылған болып екіге бөлінеді.
ГОСТ ҚР 51185 – 98 «Туристік қызметтер. Орналастыру құралдары. Жалпы талаптар.» жарлығына сәйкес қонақ үй типінің ұжымдық орналастыру құралдарына келесілер жатады:
- қонақ үйлер;
- мотельдер;
- тұруға арналған клубтар;
- пансионаттар;
- жиһаздалған бөлмелер;
- жатақханалар.
Мамандандырылған орналастыру құралдарына – орналастыру қызметін ғана емес, сонымен қатар арнайы бір мақсаттағы қызметті орындауға арналған объекттер жатады. Мұндай орналастыру құралдарына келесілер жатады:
- санаториялар;
- профилакториялар;
- демалыс үйлері;
- туристік тұрақтар;
- туристік, спорттық базалар, демалыс базалары;
- аңшылар үйі;
- конгресс — орталықтар;
- кемпингтер;
- ботельдер;
- флотелдер;
- ротельдер;
Жеке орналастыру құралдарына келесілер жатады: пәтерлерден бөлмелер; үйлер; котедждер; жалға берілетін үйлер.
Сонымен орналастыру құралдарының кейбір атауларына анықтамалар бере кетсек:
Мотель – автотуристерге қызмет көрсетуге арналған қонақ үй түрі.
Ботель – судағы кішігірім қонақ үй.
Флотель – «судағы курорт» деп аталатын ірі қонақ үй. Туристерге жоғары комфартабельді нөмірлер ұсынылады. Сонғы уақытта мұндай қонақ үйлер бизнес – турлар, конгресс – круиздер үшін жиі қолданылуда.
Ротель – қозғалмалы вагон – қонақ үй.
Кемпинг – демалыс немесе қала сыртында орналасқан, автотуристерге арналған қонақ үй типі.(жаздық үйлер, палаткалар.т.б.)
Санаторий – табиғи ландшафтты аймақта орналасқан, емдік – сауықтыру орталығы.
Флайтель – Аэроқонақ үй немесе «ұшатын қонақ үй». Әдетте өте қымбат және қонақ үйдің мұндай түрі көп кездесе бермейді. Қону алаңымен және метео қызметтермен байланыста тұрады.
Пансионат – қарапайым стандартарға және шектеулі қызмет спекторына жауап беретін кәсіпорын. Кәдімгі қонақ үйлерден айырмашылығы, мұнда таңғы ас, кешкі және түскі ас ұсынылады (яғни – «full board»). Дегенмен бұл қызмет тек тұрғындарға ғана көрсетіледі.
Отель – гарни – клиенттерге тек қана шектеулі қызмет: орналастыру және таңғы ас ұсынатын кәсіпорын.
Сонымен қатар қонақ үйде қолданылатын қонақ үй нөмірлеріне байланысты қосымша түсініктерді атап көрсетуге болады:
double twin – бұл екі жатағы бар нөмір.
king size – жанұялық жұптарға арналған үлкен жатағы бар бөлме.
extra bed – екі орынды нөмірде қосымша жатақ.
triple – екі жатағы және диваны бар бөлме.
single – бір орындық нөмір. Кейде жалғыз келген туристерді екі орынды бөлмеге орналастырады. Бұл нұсқа «double for single use» деп аталады.
junior suite – екі орынды жақсартылып жасалынған нөмір.
de luxe – дәл осындай бөлме, бірақ аса қымбат жасақталған.
suite – жоғары сапалы жиһазбен жабдықталған жатын және қонақ бөлмесі бар нөмір.
business – жұмысқа арналған факспен және компьтермен жабдықталған үлкен нөмір.
family studio – үлкен жанұяға арналған екі бөлмелі нөмір.
president – қонақ үйдегі ең қымбат нөмірлердің бірі, бірнеше жатын бөлме, кабинет, екі – үш әжетхана орналасады.
penthouse – онақ үйдегі ең жоғарғы қабатта орналасқан нөмір, әдетте жоғары ыңғайлылығымен ерекшеленеді.
фронтдеск – туристер тіркеуден өтетін орын.
all inclusive – орналастыру және тамақтануға берілетін тариф.