Компрессормен қабатқа қысымды төмендету

Компрессормен қабатқа қысымды төмендету туралы қазақша реферат

Егер ерітіндіні сумен орнын баса тұру нәтиже әкелмесе, онда кейінгі тығыздықты азайтуға көшеді: оқпанға компрессормен сығылған ауа жібереді. Бұл кезде сұйық бағанасын сорапты-компрессорлы құбырдың башмагына дейін ысыруға мүмкін болады, осылай қабатқа қарсықысым мәнді өлшемге шейін азаяды.

Кейбір жағдайларда дәйекті ауа үлестерін құрай тұрып компрессормен ауаны және сорапты агрегатпен сұйықты периодты беру тәсілі эффективті болып таблады. Газдардың осындай порциялар саны бірнеше болуы мүмкін, және олар кеңейіп, оқпаннан сұйықты лақтырады.

СКҚ колоннасының ұзындығы бойымен ысырудың эффективтілігін көтеру мақсатында іске қосқыш клапан тесіктер орнатылады, олар арқылы сығылған ауа скважинаға кірген бойда СКҚ ішіне енеді және «жұмыс істей» бастайды, яғни сұйықты құбырсырты кеңістікте және СКҚ-ға көтереді.