Коммерциялық банктердiң қаржы делдалы ретінде экономикадағы рөлі мен негізгі операциялары туралы қазақша реферат
Қазақстан Республикасының коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызында «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі» және 1995 жылы 31 тамыз айында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын басшылыққа алады. Бұл заңдарда Қазақстан Республикасының банктерді құрудың, қайта ұйымдастырудың және таратудың барлық ерекшеліктері көрініс тапқан.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
2-кесте. Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердің құрылымы
екінші деңгейдегі банктердің құрылымы |
1.01.10 |
1.10.10 |
Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде: |
38 |
38 |
Жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер1 |
1 |
1 |
Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының саны |
374 |
356 |
Екінші деңгейдегі банктердің қосымша үй-жайларының саны |
1925 |
1875 |
Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны |
17 |
18 |
Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны |
32 |
29 |
Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны |
36 |
34 |
Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны |
11 |
10 |
Дерек көзі: www.afn.kz [21]
Бүгінгі коммерциялық банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді операциялар коммерциялық банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайда өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.
Бір операциялардан болған зиян, екінші бір опеациялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің коммерциялық банктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша – несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Соңғы кездері екінші деңгейлі банктер мен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсекелестік банктердің жаңа операциялар түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынылатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды меңгеріп, елдің жалпы экономикадағы ролін арттыруда.
Қазіргі коммерциялық банктер активті және пассивті операцияларын орындайды. Бұл екі түрлі операция бір бірліктің екі қарама-қарсы жақтары секілді көрінеді, себебі, пассивтік операциясыз активті операцияның болуы мүмкін емес, ал активті операциясыз пассивтік операцияның мәні де жоқ. Алайда, жүзеге асырылатын банктік операцияларының барлығы, күмәнсіз, бір мақсатты көздейді – табыстың өсуі және шығынның кемуі.
Қазақстан Республикасының 31.08.1995ж. № 2444 «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңының 30 бабы бойынша қызмет көрсету – бұл «банктік операцияларды жүзеге асыру, сондай-ақ бап бойынша көрсетілген басқа да банктік операциялар». Бұл заңда, сонымен қатар, банктік операцияларды жекелеген түрлерін ұйымдастырудың ерекшеліктері көрініс тапқан.
Аталған заңға сәйкес коммерциялық банктер келесі операцияларды орындауға құқылы:
- заңды және жеке тұлғалардың ақылы негізде депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
- банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
- заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
- кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау, ұстау, сорттау, қаптау және сақтау;
- банкнота мен монеталарды және бағалы қағаздарды инкассациялау және жөнелту;
- аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударымен байланысты тапсырмаларын орындау;
- есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
- қарыздық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
- заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операциялары операцияларын жүргізу;
- клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
- ломбардтық операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
- коммерциялық мәмілелерді қаржыландыру, форфейтинг;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және өзге де міндеттемелерді);
- төлем карточкаларын шығару;
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- ақшалай нысанда орындауды қарастыратын үшінші тұлғалар үшін кепілдеме және өзге де міндетемелерді беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе оларды иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;[2, 30 бап]
Сонымен қатар бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Олар: брокерлік, дилерлік, кастодиандық. Бұл банктік операциялар бойынша қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша олардың агенттері ретінде әрекет ету.
Осыған орай, банктік заңдарына сәйкес, банк – уақытша бос ақша қаражаттарын жинақтауға, клиенттердің тапсырысы бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізуге құқылы несие ұйымы.
Екінші деңгейлі банктер заңнаманың барлық құқықтық жағынан қамтылған кең көлемде операциялар түрлерін ұсынады.
Коммерциялық банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар:
- уақытша бос қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар)
- экономиканы және халықты несиелендіру (активті операциялар)
- ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру
- инвестициялық қызметі
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердiң алғашқы дәстүрлi- базалы қызметi. Ақшалай қаражаттарды жинақтау пассивті операциялар есебінен жүреді. Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің жүргізетін негізгі пассивтік операцияларының формаларын келесідей топтауға болады:
- Коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
- Банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
- Басқа да заңды тұлғалардан несие алу;
- Депозиттік салымдар.
Осы аталған пассивтік опеациялар формасының алғашқы екі нұсқасы арқылы банктің меншікті ресурстары құрылады. Ал келесі екі формасы негізінде заемдық немесе тартылған ресурстар қалыптасады.
Банктің меншікті қаражаты банктің үнемі тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы жоғары. Себебі, меншікті қаражатсыз банк қызметін бастау мүмкін емес. Осы қаражаттар негізінен банкте қажетті резервтер құрылады. Банктің меншікті қаражатына жататындар:
- Банктің жарғылық капиталы;
- Банктің резервтік капиталы;
- Пайда есебінен құрылған капиталдар;
- Сақтандыру резервтері;
- Бөлінбеген пайдасы.
Банктің тартылған қаражаттары активтік операциялар, оның ішінде несиелік операциялардың 90%-ға деген ресурстар қажеттігін қанағаттандырады. Банктер заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының қосымша айналым қаражаттарына деген сұранысымен қатар халықтың тұтыну қажеттілігін қанағаттандырады.
Банктердің тартылған қаражаттары депозиттер және депозиттік емес тартылған қаражататр болып бөлінеді. Депозиттер банк үшін бірден-бір арзан ресурс көзі болып табылады.
Депозит – бұл клиенттердің (жеке және заңды тұлғалардың) банктегі белгілі бір шотқа салған және өздері пайдалана алатын қаражаттары. Шетелдік банктік тәжірибеде алып тастау тұрғысынан қарағанда депозиттер:
- Талап еткенге дейінгі депозиттер
- Мерзімді салымдар
- Жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алынуы, немесе басқа шотқа аударылуымүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді немесе мүлдем сыйақы төленбейді. Талап еткенге дейінгі депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін арналған.
Мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудын мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді. Мерзімді салымдар меншікті мерзімді салымдап және кері алу туралы ескертуі бар мерзімді салымдар болып бөлінеді.
Жинақ салымдарының кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты немесе жинақ кітапшасы бар шот деп аталатын жианқ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу, одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсынуы керек.
Коммерциялық банктердің активті операциялары келесідей түрлерге бөлінеді:
- Несиелік операциялар;
- Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
- Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
- Кассалық операциялар
- Делдалдық-комиссиондық операциялар.
Коммерциялық банктердiң екiншi басты қызметi – экономиканы және халықты несиелендiру. Бұл қызмет банктiк қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банктiң активті операцияларына жатады. Банктің несиелік операциялары негізінде несиелік портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды.
Несиелік операциялар- бұл несие беруші мен қарыз алушы арасындағы біріншісінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік, қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсыну бойынша қатынастар. Коммерциялық банктiң несиелiк операциялары мерзiмiне байланысты жiктеледi: қысқа мерзiмдi (1 жылға дейiн), орта мерзiмдi (1-5 жылдар аралығында), және ұзақ мерзiмдi (5 жылдан жоғары). Несиенің 2 түрі бар: банктік және коммерциялық несие.
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз түрiнде табыс алу.
Коммерциялық несиелендіруде несие беруші де, қарыз алушы да шаруашылық субъектілері болады, яғни бір кәсіпорын басқа кәсіпорынға тауар нысанында несие береді, бұл мәміле вексельмен рәсімделеді.
Бұл қызметтiң елiмiз экономикасы үшiн, оның тұрақты өсуiне тигiзетiн пайдасы көп. Олар елдегi жүргiзiлiп отырған реформаларға байланысты басты секторларға несиенi жеңiлдiкпен беру арқылы экономиканы ынталандыру шараларын iске асырады. Мысалы, елiмiзде жекешелендiру саясатына байланысты кәсiпкерлерге несие берудiң пайыздық қойылымын азайту арқылы оларды дамыту саясаты iске асып , ол өз нәтижесiн беруде.
Сонғы жылдары екiншi деңгейдегi банктердiң несиелеу үлесi артуда, оған әсер етiп отырған негiзгi себеп- Ұлттық банктiң пайыздық қойылымының түсуi.
4-кесте
Банктердің несиелері
|
Экономикаға берілген кредиттер, кезеңнің соңына, млн.теңге | |||||||||||||||
оның ішінде валюта түрлері бойынша |
оның ішінде мерзімдері бойынша |
|||||||||||||||
|
Барлығы |
ұлттық валютада |
шетел валютасында |
қысқа мерзімді |
ұзақ мерзімді |
|||||||||||
12.09 |
7 644 036 |
3 944 283 |
3 699 754 |
1 213 473 |
6 430 563 |
|||||||||||
01.10 |
7 609 178 |
3 956 379 |
3 652 799 |
1 218 940 |
6 390 238 |
|||||||||||
02.10 |
7 656 977 |
3 964 381 |
3 692 596 |
1 214 131 |
6 442 845 |
|||||||||||
03.10 |
7 600 585 |
3 964 367 |
3 636 218 |
1 217 478 |
6 383 106 |
|||||||||||
04.10 |
7 577 936 |
3 984 155 |
3 593 780 |
1 194 849 |
6 383 087 |
|||||||||||
05.10 |
7 563 739 |
4 047 572 |
3 516 168 |
1 205 126 |
6 358 613 |
|||||||||||
06.10 |
7 476 425 |
4 034 320 |
3 442 106 |
1 205 493 |
6 270 932 |
|||||||||||
07.10 |
7 453 071 |
4 033 498 |
3 419 572 |
1 189 180 |
6 263 891 |
|||||||||||
08.10 |
7 451 444 |
4 075 328 |
3 376 116 |
1 189 565 |
6 261 879 |
|||||||||||
09.10 |
7 493 312 |
4 151 423 |
3 341 888 |
1 169 392 |
6 323 920 |
|||||||||||
01.01.2010ж. — қорытынды айналымдар есепке алынды Дерек көзі: www.nationalbank.kz [18] | ||||||||||||||||
Банктің инвестициялық операциялары – несиелік опеарциялардан кейінгі орында тұрады. Бұл операциялар негізінен бағалы қағаздар портфелі арқылы қалыптасады. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастырудың мақсаттарына банкке табыс әкелу және өтімді активтер қатарын толықтыру.
Банктің инвестициялық операция жүргізетін бағалы қағаздары екі топқа бөлінеді:
- Мемлекеттік бағалы қағаздар;
- Корпоративтік бағалы қағаздар.
Бүгінде ҚР-ның екінші деңгейлі банктері инвестициялық операцияларға бағытталған активтерінің басым бөлігін мемлекеттік бағалы қағаздарға жұмсап отыр. Себебі, мемлекеттік бағалы қағаздарға салынған активтер, біріншіден, өтімді, яғни коммерциялық банктер бағалы қағаз түріндегі активтерін тез арада қолма-қол ақшаға айналдыра алады. Екіншіден, олардан алатын табыс төмен болғанымен оның тәуекел деңгейі төмен немесе жоқ деп те атасақ болады.
Сонымен қатар бүгінде коммерциялық банктердің активтерінің бір бөлігін өтімді корпоративтік бағалы қағаздарға да орналастыруы дамы пкеле жатыр. Жалпы корпоративтік бағалы қағаздарға келесілер жатады:
- Акциялар;
- Облигациялар;
- Депозиттік және жинақ сертификаттары;
- Ипотекалық куәліктер;
- Депозитарлық қолхаттар.
Осылардың ішінде бүгінгі таңда инвестициялық операциялардың негізгі бөлігі акция мен облигация негізінде дамып отырғаны белгілі.
Банктің қаржылық операциялары несиелік операциялар типтес, яғни банкке табыс әкелетін активтік операцияларды сипаттайды. Оларға: лизинг, факторинг және форфейтинг операциялары жатады.
Лизинг – бұл лизинг берушiнiң өзiне тиесiлi құрал-жабдықтарды, машиналарды, ұйымдастыру техникаларды, өндiрiске және сауда саттыққа арналған құрылғыларды, машина және ұшақтарды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтiк төлем төлеу шартымен, белгiленген мерзiмге пайдалануға беруiн қарастыратын жалға беру шарты.
Лизингтiң несиеден айырмашылығы келiсiмшартта көрсетiлген төлемдер төленiп, мерзiмi аяқталғаннан кейiн де лизинг объектiсiнiң лизинг берушiнiң банктiк меншiк объектiсi ретiнде қарыз алушының берген кепiлдiгi қалады.
Лизингтiк қатынастардың дамуы инвестициялық процестiң кең көлемде көрiнiс табуына жол ашады және қолайлы инвестициялық климат қалыптастырады.
Лизингтiң қарапайым несиеден келесідей артықшылықтары бар:
- Лизинг көмегiмен кепiлге беретiн мүлкi жоқ ұсақ кәсiпорындарды несиелеуге болады;
- Лизинг 100%-ға дейiн несиелеудi ұсынады, яғни кәсiпорынға қысқа мерзiм iшiнде өзiнiң меншiктi капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып, өнеркәсiптiк өнiм шығаруға және пайда табуға мүмкiндiк бередi;
- Кәсiпорынға мүлiктi несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебi, бұл жерде ол мүлiк кепiл ретiнде болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушiнiң меншiгiне болатындығына байланысты, өнiмнiң құнына лизингтiк төлемдер ғана қосылып, мүлiкке салынатын салықты жалға берушiнiң өзi төлейдi. Сөйтiп, лизинг алушы салықтық жеңiлдiктер алады.
Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастардың дамуы 2000 жылдан бастап қарқынды түрде дами бастады. Басты лизингтік қызметтердің үлесі «Казагрофинанс» лизингтік компаниясының үлесіне тиді. Ол компания ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында құрылған 100%-дық мемлекеттік компания болып табылады. Еліміздің коммерциялық банктері лизингтік операцияларды жекелеген лизинг компаниялары арқылы іске асырып отыр. Қазіргі уақытта Қазақстанда 20-дан астам лизингтік компаниялар бар, ал олардың 8-і жергілікті банктердің еншілес компаниялары болып табылады. Олардың осы нарықтағы үлесі 50%-дан артып отыр.
Коммерциялық банктердің келесі операциясына кассалық операциялар жатады.
Кассалық операция – бұл құндылықтарды қабылдау, қайта санау, майдалау, айырбастау, беру, сортау, орау және сақтаумен байланысты операцияны бiлдiредi.
Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай түрлерге бөлiнедi:
- банктiк шоттар ашу;
- ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;
- алдағы уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;
- төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;
- валюталық операцияларға бақылау жасау;
- шоттың архивiн беру;
- шоттан қолма-қол ақша берк;
- ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;
- банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
- құндылықтарды жеткiзiп беру.
Коммерциялық банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст. “Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны.
Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы ретiнде оның мүлкiн басқаруға және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң операциялары.
Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:
- Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.
- Трастыны иемденушi – траст келiсiмшартындағы көрсетiлген жағдайға сәйкес, мүлiктi басұару құқығын өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.
- Бенефициар – траст келiсiмшартын өзiнiң пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.
Сонымен, банктiң траст операциясы – бұл банктiң өз клиенттерiне көрсететiн әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын бiлдiредi.
Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi басқару; екiншiден, инвестициялық портфельдi қалыптастыру және оны басқару; үшiншiден, құндылықтарды сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа ұшыраған фирмаларға қатысты несие берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу; бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады.
Коммерциялық банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын қызметi үлкен үш топқа бөлiнедi:
- Клиенттердiң мұраға қалған мүлкiн иемдену;
- Сенiмхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
- Агенттiк қызметтер.
Траст операциясын жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен ұйымның арасында жасалатын келiсiмшарт болуы қажет. Осы келiсiмшарт негiзiнде мынандай қызметтердi атқарады:
- Бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;
- Пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;
- Мүлiктi кепiлдiктен босату;
- Сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;
- Акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.
Банктiң траст қызметiн көрсетудiң басты шеңберiн жеке тұлғалар, үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк қызметтi атқару құрайды. Банк көрсеткен траст қызметi үшiн комиссионды сыйақы алады.
Бөлімді қорытындылай келе, қазіргі тұрақтандырылған экономиканың жетілдіруі үшін коммерциялық банктер халыққа көптеген операцияларды жүзеге асырады. Еліміздің екінші деңгейлі банктері ақша айналымы мен несие қатынастарын ұйымдастыруымен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар, халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу-сату, қаржылық операциялардың барлық түрлері, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операцияларын жүргізеді.