Көмекші өндіріс шығындарының калькуляциялық бірліктері

Көмекші өндіріс шығындарының калькуляциялық бірліктері туралы қазақша реферат

Калькуляциялау – өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің өзіндік құнын есептеу. Ол кәсіпорын жұмысына оперативті басшылық жасау үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақтылы ашуға және өнімнің өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабылеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған, нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсе­тілетін қызметке негізді баға белгілеуде қолданылады.Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге, сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірлік­терін (жүк тасу, жөндеу жұмыстарына және т.б.) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар жинақталып қорытылады.Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп белгілейді. Калькуляция барысында өнді­ріске кеткен шығындар мен шыққан өнім санымен салысты­рылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді. [9,152б.]

Калькуляциялаудың міндеті– шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің), бірлігіне қанша болатынын есептеу.

Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі – калькуляцияны ұсыну. Өнімнің, жұмыстың және көрсетілетін қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр түрлі түрін айқындайды.Жоспарлы калькуляция еңбек шығындарының озық (про­грессивті мөлшері) және одан әрі техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге арналып жасалады. Жоспарлы калькуляцияның бір түрі – сметалық калькуля­ция; оны бір рет шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу, баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.Шығындардың ағымдағы мөлшері кәсіпорынның осы кезең­дегі жұмысының өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең басында шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында – төмен. Сон­дықтан есепті жыл басында өнімнің нормативті өзіндік құны жоспарлыдан жоғары, ал есепті жыл соңында – төмен.

Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан кәсіпорынға байланысты (өндіріс бойынша жос­парды асыра орындау мен орындамау, шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты емес (материалдарға бағаның өзгеруі, амортизациялық ауда­рымдардың мөлшері, электр энергиясына, отынға, газға, суға және т.б. тарифтердің өзгеруі) себептер бойынша ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді. Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шы­ғындар есебінің және өнімнің өзіндік құнын калькуляция­лаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын кәсіпорындарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Кәсіпорын­дар жыл бойы ұйымдастырушы – техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге асыратынын ескере оты­рып, нормаға сай калькуляция жоспарлыға қарағанда, есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін өте дәл көрсетеді.

Жобалық калькуляция– келешектік кальку­ляцияның бір түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін анықтау үшін қолданылады. Шамаланған тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өндіру бойынша есептер негізінде жасалады. Бұл калькуля­циялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру қоры­тындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.

Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер қолданылады, олар калькуляциялау объектісінің өл­шеуіші болып саналады, әдетте, өнімнің сәйкес түріне арнал­ған техникалық шарттарда немесе стандарттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында қабылданған өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйым­дастыруды сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолда­нылатын калькуляциялық сан түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгі­лері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз. Заттай (натуралды) бірліктер бұл өнім жоспарланатын, есептелетін және тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктері­не (дана, тонна, килограмм, киловатт-сағат, погон метр, текше метр, шаршы метр, литр және т.б.) сәйкес келеді.Ірілендірілген заттай (натуралды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дербестенбеген сыраның гектолитрі, ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйымдардың текше метрлері және т.б.) өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер (натуралды) қолданылады.

Шартты-заттай бірліктер өнімді калькуляциялау үшін қолда­нылады, бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін (100%-тік спирт, құрамында пайдалы заттары бар минералды тыңайтқыштар). Құндық бірліктер – көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөл­шектер 1000 теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін қолданылады (1 нормасағат, 1 норма ауысым). Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляция­лық бірлік ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қыз­метін көрсетумен және т.б. шұғылданатын өндірісте қолданыла­ды (тасымалдық тоннакилометр, машинаауысым және т.б.). Техникалық-экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданылады. Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәй­кес тұтыну құнын көрсетуге, әр түрлі кәсіпорындармен салыс­тыруға болатындай, баға белгілеу бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік құнын калькуля­циялау үшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі. Калькуляциялауға ең алдымен қатысы бар өндірістік шы­ғындар есебі (өндірістік есеп), калькуляциялаудың алғышарты болып табылады. Өндірістік есеп жүйесінде белігілі бір үлгімен дайындалған ақпарат негізінде ғана өндірісті басқаруда объек­тивті қажетті процесс болып шығатын өнімнің өзіндік құны калькуляциялануы мүмкін. Бұрын болған калькуляциялық жүйелер бір мақсатты – өзі өндірген дайын өнім мен жартылай өнімдердің қорын бағалауды көздейтін, ол өндірісішілік мақсат пен ішкі есептілікті жасауға, сондай-ақ пайданы анықтау үшін қажет еді. Бұл мәселенің ма­ңыздылығына қарамастан калькуляциялаудың бұрынғы жүйеле­рі бойынша көптеген басқару міндеттерін шешу үшін жарамды ақпарат болмайтын. Калькуляциялаудың қазіргі заманғы жүйелері өзара байла­нысты көрсеткіштердің ара қатынасын біршама теңдестірген. Олардың мазмұнындағы ақпарат тек дәстүрлі міндеттерді ше­шуге жол ашып қана қоймай, мынадай жағдайлардың экономи­калық салдарларын болжауға мүмкіндік береді: [10,45б.]

  • · өнімді ары қарай шығарудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • · өнімнің ең ұтымды, қолайлы бағаларын белгілеу;
  • · шығарылатын өнімнің ассортиментін оңтайландыру;
  • · жұмыс істеп тұрған технология мен станок паркын жа­ңартудың мақсатқа сәйкестілігін;
  • · басқару жеке құрамының жұмыс сапасын бағалау.

Қазіргі заманғы калькуляциялау кәсіпорын немесе жауап­кершілік орталығы қабылдаған жоспарды бағалау негізіне сүйе­неді. Нақты калькуляциялау мәліметтері өзіндік құн жөніндегі жоспарлы тапсырмалардан ауытқу себептерін талдау және өзін­дік құнды кейінгі жоспарлау үшін, жаңа техника мен заманға лайық технологиялық процестерді және т.б. енгізудің экономи­калық тиімділігін негіздеу үшін қолданылады. Калькуляциялау трансферттік баға белгілеуге негіз болып қызмет етеді. Трансферттік (ішкі) баға бір кәсіпорынның бө­лімшелері арасындағы коммерциялық операцияларда пай­даланылады. Кәсіпорын бөлімшесі сыртқы сатып алушыларға өз бе­тінше шығуға құқық алған кезде, трансферттік бағаларды жасау көкейкесті маңызға ие болды. Бұл жағдайда ұйымның жалпы қаржылық жағдайы трансферттік бағыны дұрыс қалып­тастыруға байланысты болады. Егер бөлімшенің өнімі (көрсетілетін қызметі) кәсіпорынның ішінде толығымен тұтынылатын болса, трансфертті бағаның ша­масы таза есептік және тұтастай кәсіпорынның қаржылық жағ­дайына әсер етпейді. Сондықтан, өндірістік есеп пен калькуляциялау өнімнің өзіндік құнын ғана емес, тұтастай кәсіпорынның басқару жүйе­сінің негізгі элементтері болып табылады. Калькуляция өнімнің сапасы мен бәсекеге қабылеттілігін бақылауды жүзеге асыру үшін маңызды рөл атқарады. Кальку­ляцияны кәсіпорында белгіленген шығындар бабы номенкла­турасы (шығындар есебі өнім түрлері бойынша ғана емес, есептік басқа объектілері бойынша жүргізілуі мүмкін болса да) бойынша, өндірілген өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қыз­меттің түрлері бойынша құрастырады. Басқару есебінің маңызды міндеттерінің бірі өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау болып табылады. Өзіндік құнның калькуляциясы өндірістік шығындар есебі мәліметтері бойынша шығарылған өнімнің (жұмыстың, көрсе­тілген қызметтің) өзіндік құнын есептеу. Ол есепті ай соңында барлық нақты жасалған міндеттерді есепке алғаннан кейін есептеледі. Басқару есебінде ай сайын жалпы тауар шығарудың өзіндік құны мен өзіндік құнның егжей-тегжейлендірген көрсеткіштері, мысалы өнімнің жеке түрлерін тауарлық шығару өзіндік құны, бұйым бірлігінің өзіндік құны калькуляцияланады. Өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнын калькуляциялауда меншік түрінің барлық ұйымдары 7 “Тауарлық-материалдық қорлар есебі” бухгалтер есеп стандарт­тарын және оған әдістемілік ұсыныстарды басшылыққа алады. Өндірістік құнды каль­куляциялауда қолданылатын өндіріске босатылған материалдық-өндірістік қорларды бағалау тәсілдері, қосымша шығыстарды бөлу әдістері және ұйымның есеп ішінде өзгеріссіз қолданылуы керек. Кәсіпорын басшылығы нарыққа көшу қазіргі заманғы, құбылмалы жағдайында негізгі басқару шешімдерін қабылдау үшін кәсіпорынның қызметіне үнемі талдау жүргізіп тұруға тиіс, ол үшін көрсеткіштер қатарынан алынатын бастапқы ақ­парат қажет, олардың бірі-өзіндік құн.

Кәсіпорынды басқаруға шыққан шығыстар мемлекет тара­пынан нормалауға және шектеуге (лимиттеуге) түседі, олардың кейбіріне (іссапарға шығындар, өкілдік шығындар, қызметтік авто­транспортты ұстауға және т.б.) арнайы мөлшер, норматив пен шектеулер (лимиттер) заңнамалармен белгіленген. Бір ай ішіндегі жалпышаруашылық шығыстар тізімдемеге жазылады, бұл оларды баптар бойынша талдауға мүмкіндік береді және кәсіпорын толық өзіндік құнды калькуляциялайтын болғандықтан олар әр айдың соңыңда толықтай есептен шығады.

8410 “Үстеме шығыстар” мен 7210 “Жалпы және әкімшілік шығыстар” шоттарында пайда болған сәтінде бастапқы құжат­тар негізінде өнімнің нақты түрімен байланыстыру мүмкін емес жанама шығындар жиналады мысалы, есептеу-кассалық қызмет екені үшін банкіге төлеу, үйдің амортизациясы, кадрлердің бі­ліктілігін арттыруға шығындар және т.б. жанама шығындар кезең ішінде шыққан өнімнің барлық көлемінің өзіндік құнына ғана кіреді. [11,354б.]

Сондықтан жанама шығындар жөніндегі талдау құ­рылымдық бөлімшелер бойынша (жөндеу, транспорттық, энер­гетикалық цех және т.б.) дәстүрлі жүргізіледі.

Өнімнің өзіндік құнын жасау калькуляция объектілері тұр­ғысынан яғни шығарылатын өнім но­менклатурасы тұрғысында ұйымдастырылады:

  • қосалқы өндіріс шығындарын өнім түрлері бойынша бөлу;
  • жалпы өндірістік шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу – өңдірістік өзіндік кұн жасау;
  • жалпы шаруашылық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу – өнеркәсіптік-өндірістік өзіндік құнын (дайын өнімнің өзіндік құнын) жасау;
  • коммерциялық шығыстарды өнім түрлері бойынша бөлу – толық өзіндік құнды (өткізілген өнімнің өзіндік құнын) жасау.

Толық өзіндік құнды жасау өнімнің өткізу құнын анықтау­дың соңы болып табылады ол атқарылған соң және шот-фактура көшірлемелері 6010 “Өнімдерді сатудан және қызметтер көрсетуден алынатын кіріс”, шотына кредиттеледі, бұған 7110 “Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар”, 7210 “Әкімшілік шығыстар” және 7310 “Сыйақы бойынша шығыстар” және ішінде өткізілген өнімге қатысты шоттарда жинақталған. Шығындарды өнімнің (орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына толық енгізу тұрғысынан толық өзіндік кұн есебінің жүйесі шығындарды тиімді бас­қаруға қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етпейді. Сондық­тан халықаралық практикада “директ-костинг” шектеулі өзіндік кұн есебі жиірек қолданыла бастады. Бұл жүйені шығын объектілері бойынша толық емес, шек­теулі өзіндік құн жоспарланатын және ескерілетін калькуляция­лауға баламалы, дәстүрлі отандық әдістердің бірі деп қарауға болады. Бұл жағдайда өзіндік құн тек өзгермелі шығындар бөлігінде ғана ескеріледі және жоспарланады. Шығындардың қалған бөлігі (тұрақты шығындар) калькуляцияға енгізілмейді, оқтын-оқтын есепті кезең ішіндегі қаржылық қорытындыларға есептен шығарылады. Өзгермелі шығындар бойынша сондай-ақ қорлар, қоймадағы дайын өнім қалдықтары және бітпеген өндіріс бағаланады. Мұндай әдетті іс жүзінде қолданған алғашқы кезеңдерде өзіндік құнға тек тікелей шығыстар кіргізілетін, ал жанама шығыстардың барлық түрлері тікелей қаржылық қорытын­дыларға есептен шығарылатын. Сондықтан мұндай жүйе “ди­рект-костинг” (тікелей шығындар есебі жүйесі) деген атқа ие болды. Кейіннен “директ-костинг” өзіндік құн тікелей өзгер­мелі шығыстар бөлігінде ғана емес, өзгермелі жанама шығын­дар бөлігінде де есептелетін есептік жүйеге өзгеріп, айналды, ауысты. “Директ-костинг” жүйесінің негізіне салынған басты прин­цип – өзгермелі және тұрақты шығындарды жеке есептеу мен тұрақты шығындарды есепті кезеңнің зияны деп тану.

Бұл жүйе әрқилы елдерде әр түрлі аталады. Германия мен Австрияда “бірен-саран шығын есебі” немесе жабу сомасы; Ұлыбританияда – “маржиналды шығындар есебі”; Францияда – “маржиналды есеп”термині қолданылады.

“Өзгермелі”, “тұрақты”, “жартылай өзгермелі”, “жартылай тұрақты” терминдері өндірістік қызмет көлемін өзгертуде шығындар тәртібіне сипаттама беру қажет болған жағдайларда қолданылады. Тұрақты және өзгермелі шығындар арасындағы айырмашылықтарды айқындағанда қарастыралатын уақыт ке­зеңін ескеру қажет. Ұзақ уақыт мерзімі үшін (бірнеше жыл бар­лық) шығындар өзгермелі болады. Қысқа уақыт (бір жыл) үшін шығындар тұрақты немесе өндіріс өзгерістеріне қарай өзгермелі болады. Бұл жиынтық өзгермелі шығындардың өндіріс көлеміне желілік байланыстың барлығы туралы жорамал.

Өзгермелі шығындар – тұтастай алғанда өндіріс көлемі өзге­руіне тура сайма-сай өзгереді, бірақ өнім бірілігіне шаққанда (кесімді еңбекақы, материалдар, отын, технологиялық қажетті­ліктерге электр энергиясы) тұрақты болып табылады.

Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне қатысты өзгермейді, бірақ өнім бірлігіне есептегенде өзгереді.

Алайда шығындардың көпшілігі жартылай өзгермелілерге (араласқа), біреуі үлкен деңгейде, басқалары өз деңгейде өндіріс көлеміне байланысты қатысты болады.

Өзгермелі шығындардың түрлері: [12,40б.]

  • тікелей материалдық;
  • тікелей еңбек;
  • технологиялық мақсаттарға жұмсалатын.

Тұрақты шығындарға:

  • жалпышаруашылық мақсаттағы негізгі құрал-жабдық­тардың амортизациясы;
  • басқару қызметкерлерінің еңбекақысы;
  • жал төлемі;
  • басқару шығыстары басқа баптарының көпшілігі (бас­қару құрамына транспорттық қызмет ету, күзет, кеңсе тауарлары және т.б.).

Аралас, яғни жартылай өзгермелі, жартылай тұрақты шы­ғындарға:

  • материалдық-техникалық қызмет ету;
  • телефон шығындары;
  • жылытуға шығын шығару.

Басқарудың “директ-костинг” технологиясының мәні өнді­ріс шығындарын калькуляциялау мен өндіріс көлемін шығын және кірістермен байланыстыру арқылы пайданы есептеу тә­сілдемесіне негізделеді. Бұл үшін (жеткілікті дәрежеде шартты түрде) жинақталған шығындарды тікелеймен ұқсастырылатын өзгермелілерге және жанамамен ұқсастырылатын тұрақтыларға бөледі. Өндірістік шығыстарды саралау (дифференциялау) пайда, көлемінің өнімді өткізу көлеміне байланыстылығын анықтауға және осы негізде өзіндік құнды басқаруға мүмкіндік береді.

Тікелей шығындарды дайын бұйым түрлері бойынша жи­нақты қорытады, жанамаларды – жеке шотта жинайды және олар пайда болған есепті кезеңнің жалпы қаржылық нәтижеле­ріне есептен шығарады. Егер әрбір бұйым бойынша түсім сома­сынан өзгермелі шығындарды шығарып тастаса, онда осы бұйым бойынша маржиналды, табыс (брутто-пайда) аламыз.

Барлық бұйым бойынша брутто-пайда қосындысында тұрақты шығын­дардың жалпы шамасын жабуға арналған пайданың жалпы сомасын аламыз.

Өзіндік құнды “директ-костинг” жүйесі бойынша калькуля­циялау технологиясы өндірістің кез келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығыстардың өзгермейтін шамасын көздейді. Осыған орай, бұл жүйенің бір қатар жорамалдары бар: өзіндік құнды “директ-костинг” жүйесі бойынша калькуляция­лау тұрақты шығыстардың өндірістің кез келген көлемінде өзгермейтін шамасын алдын-ала қарастырады, сондықтан бас­қару есебінде негізгі назар тұрақты шығыстарға аударылады. Барлық деңгейдегі менеджерлер оларға бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.

“Директ-костинг” жүйесінің бірнеше айрықша ерекшелік­тері бар: [13,25б.]

  • өндірістік шығындар өзгермелі шығындарға (тікелей) және тұрақты шығындарға бөлінеді;
  • өнімнің өзіндік құнын шектеулі шығындар бойынша калькуляциялау;
  • кірістер туралы есепті жасаудың көп сатылығы.

Бұл жүйе өнімді өткізуге бейімделген. Өткізу көлемі үлкен болған сайын, кәсіпорын пайданы көп алады. Дайын өнім мен бітпеген өндірісті тек өзгермелі (тікелей) шығындар бойынша бағалайды, ол кәсіпорынды өткізу көлемінің ұлғайту мүмкін­діктерін іздестіруге түрткі болады.

“Директ-костинг” жүйесі жағдайында операцияларды бух­галтерлік шоттарда көрсету тәртібі мынадай. Тікелей шартты-өзгермелі шығыстар бухгалтерлік есепте 8310 “Көмекші өндіріс” шоттарында жиналады. Жанама шартты-өзгермелі шығыстар алдын-ала 8400 “Үстеме шығындар”, шотында жинақталады. Жалпы басқару мен шаруашылық шығындары бөлігіндегі шартты-тұрақты шығыстар 7210 “Әкімшілік шығыстар”, шотында, ал өткізу шығыстары бөлігінде 7110 “Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар” шоттарында көрсетіледі. Өнімнің, аяқталған өндірістің және қоймаға берілгендердің өзіндік құнының нақты сомасы 8310 “Көмекші өндіріс” шотынан 1320 “Дайын өнім” немесе 7010 “Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны” шоты дебеттеріне көшіріледі. 7110, 7210, 7310 шоттарында жиналған шартты-тұрақты шы­ғыстар әрбір есепті кезеңнің соңында толығымен 5500 “Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал)” шотынан жиынтық табысты азайту үшін есептен шығарылады. [14,25б.]

Кесте — 3

Пайданың қалыптасуы

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні,
тенге

1

Өнімді өткізуден түскен түсім (В)

В = 500

2

Өзгермелі шығындар (ПЗ)

ПЗ = 300

3

Маржиналды табыс (М)

М = В – ПЗ = 200

4

Тұрақты шығыстар (ПР)

ПР = 100

5

Пайда (П)

П = М – ПР = 100

Кірістер туралы есепті жасаудың көпсатылығы негізінде маржиналдық табыс туралы есеп жатыр.

Маржиналды табыс– өзгермелі шығыстар бойынша есеп­телген өнімді сатудан түскен түсім мен оның толық емес өзіндік құны арасындағы айырма. Маржиналды табыс құрамына кәсіп­орынның пайдасы мен тұрақты шығындары кіреді. Маржиналды табыстан тұрақты шығындарды шегергеннен соң операциялық пайда көрсеткіші жасалады.