Көмекші өндіріс шығындарын талдау синтетикалық есебін қарастыру курстық жұмыс

М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ……..3

1 КӨМЕКШІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫН ЖІКТЕУ
1.1 Көмекші өндіріс шығындарының мәні және маңыздылығы…4
1.2 Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу……7
1.3 Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу..11

2 КӨМЕКШІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРДЫҢ СИНТЕТИКАЛЫҚ ЕСЕБІ
2.1 Көмекші өндіріс шығындар есебін ұйымдастыру……14
2.2 Көмекші өндіріс шығындарының калькуляциялық бірліктері….19

ҚОРЫТЫНДЫ……26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….28

КІРІСПЕ 

Тақырыптың өзектілігі: Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі  бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Бухгалтерлік есеп  нарықтық қатынастар жағдайында ұйымдарда ерекше маңызды орынға ие. Есепке алу мәліметтері ұйымдардың  және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, сөйтіп, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерделеу және зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында ұйымдардың күрделі экономикалық тетігін нық және жақсы жолға қойылған есеп жүйесінсіз, сондай-ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтанда кез-келген ұйымдар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады. Оның ішінде шығындар есебінің де ұйымдастырылуы, олардың өз уақытылы іске асырылып отыруы  өз әсерін тигізбей қоймайды.  Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынасқа көшу барысында аймақты, қатал бақылау-тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі.

Ұйымның көмекші өндіріс шығындары айналым қорларының негізгі бөлігінің бірі болып табылады. Оның құрамына материалдар мен шикізаттар,  өндірістік жұмыскерлердің еңбекақысы, негізгі құралдардың амортизациясы және басқа да үстеме шығындар кіреді. Нарықтық экономика жағдайында айналым қорының айналымдылығын жоғарылату оның маңызды және нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың үлес салмағы өнеркәсіптерде 70% , ал тоқыма және химиялық өнеркәсіптерде 85%-ға  жетеді. Өндіріс процесіне еңбек заттары өндіріс қорлары ретінде қатысып, жаңа қалыптасқан өнімге өзінің құнын толық беріп отырады. Олар бұл процесте толық қолданыла отырып, жаңа өнімнің материалдық негізін құрайды.

Курстық жұмыстың мақсаты: көмекші өндіріс шығындары есебін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік ережесін анықтап, оның экономикалық категория ретінде мазмұнын, мақсатын және мүдделі міндеттерін ашу үшін әдебиет көздерін зерттеу және мәліметтер мен деректерді елеу негізінде, оның қызметінің теориялық сипатын беру және кәсіпорынында көмекші өндіріс шығындары есебін ұйымдастыруды жетілдіруге, тиімділігін арттырудың жолдарына әдістемелік және іс тәжірибелік ұсыныстарын жасау.

Курстық жұмыстың міндеті:

Көмекші өндіріс шығындарының түсінігі және олардың жіктелуін зерттеу

-Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу;

-Шығындарды шешім қабылдау мен жоспарлау үшін жіктеу

-Көмекші өндіріс шығындарының калькуляциялық бірліктерін талдау.

 Курстық жұмыс / 28 бет