Көмекші өндіріс шығындар есебін ұйымдастыру туралы қазақша реферат
Өндірістік шығындар есебін ұйымдастыру бухгалтерлік шоттар мен шығындарды топтастырудан тұрады. Оған мынадай факторлар ықпал етеді: кәсіпорынның қызмет түрі; кәсіпорын басқарудың ұйымдық құрылымын қабылдауы (цехтық, цехсыз); кәсіпорынның құқықтық түрі; шығарылатын өнім көлемі.
Өндірістік есепті ұйымдастыру шығын есебінің объектісі болып не саналатынына байланысты кәсіпорынның белгілі бір топтасуын қарастырады. Мұндайда: шығындарды түрі, пайда болған жерлері, жауапкершілік орталықтары мен шығынды көтерушілер бойынша есептеу болуы мүмкін. Түрлер бойынша шығын есебі. Бұл шығынды қорытынды бақылау үшін қажетті шарт, ол кәсіпорынға өндірістік өнімнің өзіндік кұн құрылымын – өзіндік құнның кейбір элементтерінің өндіріс шығындарының жалпы құнына проценттік ара қатынасын есептеуге, өзіндік құнды төмендету бойынша қолда бар резервтерді айқындауға мүмкіндік береді. Өнімнің өзіндік құнына кірген шығындардың түрлері 7 «Тауарлық-материалдық қорлар есебі» атты Бухгалтерлік есеп стандарттары және оған «Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) өзіндік құнына кіретін шығындардың құрамы мен жіктелуі» атты әдістемелік ұсыныстармен белгіленеді, бұлар – материалдық шығындар, еңбекті өтеуге шыққан шығыстар, әлеуметтік салық аударымдары, қосымша шығыстар. Шығындарды пайда болған жерлері бойынша есептеу. Шығындардың пайда болатын жері – кәсіпорынның құрылымдық бөлімшесі, жұмыс орындары, участкелері, бригадалар, цехтар кәсіпорын бөлімдері мен т.б. Мұндай әрбір учаскеге кәсіпорынның шығын пайда болған орын номенклатурасында белгіленетін өз тіркеу номері беріледі. Бұл есеп кәсіпорын басшылығына мыналарды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тұтастай кәсіпорынның да, оның құрылымдық бөлімшелерінің де жұмысы тиімділігін ықпалды және жан-жақты бақылау өнімнің өзіндік құнын калькуляцияда қажетті; өнімнің жекелеген түрлері арасындағы қосымша шығындарды бөлу. Жауапкершілік орталықтары жөніндегі есептің мақсаты – әрбір жауапкершілік орталықтары бойынша шығындар мен табыс туралы мәліметтерді сметадан ауытқуды жауапты адамға арту үшін жинақтау. Жауапкершілік орталықтары бойынша нақты мәліметтерді қысқа уақыт аралығында жасалатын смета орындау жоніндегі есепте бухгалтер-талдаушы көрсетеді. Олардан жауапкершілік орталықтарының басшылары шығыстың әр түрлі баптары бойынша сметадан ауытқушылықтар туралы ақпарат алады. Әкімшілік шығындарды қандай аспектіде жіктеу, шығын пайда болған жерлерді қаншалықты жан-жақты және оларды жауапкершілік орталықтарымен ұштастыру керектігін өзі шешеді. Көмекші өндірістік шығындар төрт элементтен тұрады: [8]
— материалдық шығындар;
— еңбекті өтеуге шығатын шығындар;
— аударымдар (әлеуметтік салық);
— қосымша (үстеме) шығындар.
Өндірістік қорлар кәсіпорын қоймасындағы материалдар, бітпеген өндіріс, дайын өнім (тауар) қорларында көрсетіледі. Олар түгенделуге тиісті, кәсіпорын активінде болады және алдағы есепті кезеңдерде пайда әкелуге тиісті. Материалдық шығындарға дайын өнімнің бөлігі болатын қосымша материалдар мен шикізат шығындары кіреді және олардың құнын белгілі бір бұйымға тікелей және үнемді, аса мол шығынсыз жатқызады. Материалдық шығындардың шамасын өнімнің нақты түрін өндіруге, материал бірлігі бағасына қолданылуға тиісті, материалдар сынына көбейтіп, санауға болмайды. Еңбекті өтеуге шығатын қосымша шығындар қатарына тура, бірден және үнемді түрде дайын бұйымның белгілі-бір түріне жатқызуға болатын, жұмыс күшін төлейтін барлық шығыстар: бұйым дайындаумен шұғылданатын жұмысшылардың еңбекақысы кіреді. Алайда қосымша жұмысшылар, менеджерлер мен мастерлер, қосалқы күрелі қызметкерлері де өндіріспен байланысты. Олардың еңбекақсысы өндірістік шығындар құрамына кіреді, бірақ бұл шығындарды дайын бұйымның белгілі бір түріне тікелей және үнемді түрде жатқызуға болмайды, оларды қосымша (жанама) еңбек шығындары деп атайды. Жанама қосымша материалдық шығындар сияқты мұндай шығыстар жалпы өндірістік шығындардың бөлігі ретінде қарастырылады.
Материалдық шығындар мен еңбекті өтеу шығындары өзгермелі болып табылады, олардың шамасы өндіріс көлеміне тура сайма-сай өзгереді.
Жалпы өндірістік (қосымша) шығыстарға барлық жанама шығындар кіреді. Бұл шығындар өндіріспен байланысты, бірақ тура, тікелей және үнемді дайын бұйымның нақты түрлеріне жатқызуға болмайды. Оларды сонымен қатар жанама өндірістік шығыстарды сайма-сай таңдалған база өнімдерінің түрлері бойынша бөледі. Бөлудің нақты тәсілдері төменде келтірілген.
Кейбір жалпы өндірістік шығыстар, электр энергиясына, құрал-аспаптарға, қосалқы материалдарға деген шығындар сияқты өндіріс көлеміне тура сайма-сай (пропорциональды) өзгереді және өзгермелі өндірістік шығындар болып табылады. Кейбір жалпы өндірістік шығыстар тұрақты, мысалы, сақтандыру жарнамалары, жал төлемі, жабдыққа амортизациялық аударымдар, немесе жартылай өзгермелілер, мәселен, телефон үшін төлем, коммуналдық қызмет.
Басқа шығындарды нақты өнімге тура, тікелей және үнемді жатқызуға болмайды. Бұлар тікелей емес немесе жанама шығыстар. Оларды таңдалған әдістемеге сай бұйым бойынша бөледі. Бөлу тәсілдері төменде қарастырылған.
Өндіріс бойынша шығындар өндірістік қосымша шығыстар ретінде жіктеледі, оларға шығынның үш түрі кіреді: материалдарға жанама шығындар, еңбекке жұмсалатын жанама шығындар, басқа өндірістік шығындар. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған шығындар жаңа өнімдер мен көрсетілетін қызметті жасау бойынша барлық; тәжірибелік үлгілерді жасау, жаңа бұйымдарды сынау, ғылыми зертхананы ұстау шығындарын біріктіреді.
Баламалы шығындар – пайдаланылмаған мүмкіндіктердің шығыны. Олар бір әрекетті таңдау екінші әрекетті пайда болдырмаған кезде қолдан шыққан пайданы білдіреді. Баламалы шығындар бизнесте шешім қабылдаған көп жағдайларда туындайды. Мысалы, спорттық сөмкелер өндіруші кәсіпорын чемодан дайындауға тапсырыс алды. Егер кәсіпорын бұл тапсырысты қабылдаса, спорт тауарларын сататын дүкендердің тұтас жүйесі үшін спорттық сөмкелердің әдеттегі санын өндіру мүмкіндігі (машиналық және жұмыс уақыты) болмайды. Бұл тапсырысты қабылдаудың баламалы шығындары – бұл жүзеге асырыла алмайтын, спорттық сөмкелер өндірісінің пайдалана алмаған пайдасы. Пайдаланыла алмаған пайда спорттық сөмкелерді сатудан түскен болуы ықтимал табыс минус оны өндіру бойынша шығындар болып есептелінуі мүмкін.
Қайтарымсыз шығындар – бұлар бұрын болған шығындар. Олар болашақ шығындарға ықпал ете алмайды және ешқандай осы шақтағы немесе болашақтағы іс-қимылдар оны өзгерте алмайды, мәселен, сатып алынған жабдықтың бастапқы құны (бағасы) мен материалдық қорларды жасау шығындары. Сондықтан бұл шығындар болашақта шешім қабылдау кезінде есепке алынбайды. Ғылыми-зерттеу зертханасы жабдық алды делік. Жыл өтті, жабдықтың кепілді жұмыс мерзімі өтті, ол сыр бере бастады. Жабдықтың бұзылу себебін талдау бұл түрге ылғалдылық деңгейі мен температура ауытқуына қатты әсер ететінін көрсетті. Зертхана жылытылуы нашар және кондиционерлері жоқ ескі үйде орналасқан. Нәтижесінде жабдық үзіліспен жұмыс жасайды, оны жөндеу үшін шоттар ұлғаюда, қызметкерлер ашулы. Зертхана қызметкерлері жабдықты алып тастауды талап етеді, бірақ зертхана басшысы бұлай етуден бас тартты, өйткені ол үшін 6 млн теңге төленген болатын.
Бұл – қайтарымсыз шығынның рөлін бағаламаудың типтік үлгісі. Жабдық жөніндегі ешқандай болашақ шешімдер бұл құнды қайтара алмайды. Болашақ шешімдер жөндеу үшін немесе бөлмені кондиционерлерімен және жылу жүйесімен жабдықтау үшін шоттар сияқты болашақ шығындарға қатысты болады. Диффенциальды шығындар – екі баламалы шешімдерді қараған кезде шығындарды ажырататын шама. Қалалық жаңа бассейнді салу үшін екі баламалы орын қаралды делік. Егер А ауданы таңдалса, бассейнде ұстау бойынша жыл сайынғы шығындар шамамен 65000 теңге болады. Егер В ауданы таңдалса, жыл сайынғы шығыстар 60 000 теңге сомасында күтіледі.
Бассейнді ұстау бойынша дифференциальды шығындар былайша есептеледі:
65 000 – 60 000 = 5000 тенге.
Дифференциальды шығындар да қосымша немесе өсетін шығындар деп аталды. Қалалық бассейн мысалында оны ұстау үшін жыл сайын өсетін шығын 5000 теңгені құрайды, егер қалалық басейн В ауданынан А ауданына көшсе. Дифференциальды (немесе өсетін) шығындар көптеген экономикалық шешімдерден табылады.
Туристік агенттіктің жаңа бөлімшені қала шетіне орналастыруға орай шығарған қосымша шығындары – жаңа кәсіпорында орналастырудың өсетін шығындары. Туристік фирма бөлімшені шет жаққа орналыстырып немесе орналыстырмай шегетін жалпы шығындардағы айырмашылық – егер жаңа бөлімше ұйымдастырылса, шешімнің өсетін шығындары. Авиажелілерде жаңа маршрут, заводтарда қосымша ауысым немесе ауруханада медбике штатын ұлғайту туралы шешімдер де дифференциальды шығындарға кіреді.
Маржиналдық шығындар – өнімнің барлық шығарылуына емес, бірлігіне шаққандағы қосымша шығындар.
Өндірістің маржиналдық шығындары – өнімнің тағы бір бірлігі жасалғанда шығатын қосымша шығындар. Бірлікке шаққандағы орташа шығындар – шыққан бірлік санына бөлінген өнімнің кез келген санын өндіру бойынша жалпы шығындар.
Аталған шығын түрлерінен басқа, инкрементті шығындар да бар. Олар өнімнің қосымша партиясын жасаған жағдайда пайда болады. Егер шешім қабылдау нәтижесінде тұрақты шығындар өзгерсе, онда олардың ұлғаюын өсетін, басқаша айтсақ, инкрементті шығындар деп қарастырады. Егер өнімнің қосымша партиясын шығару туралы шешім қабылау тұрақты шығындарды ұлғайтуға әкеліп соқтырса, инкременттік шығындар нөлге тең болады.
Көмекші өндіріс шығындарының есебі 8300 “Өндірістік есеп шоттарының” 8310 “Көмекші өндіріс шоттары” бөлімшелерінің шоттары қолданылады.
Кесте — 2
Көмекші өндірісіке шыққан шығындар есебі
№ |
Шаруашылық операцияларының мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сома |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
|||
Негізгі өндіріс шығындарының есебі |
|||||||
1. |
Көмекші өндіріске материалдар босатылуы | 8310 | 1310–1350 |
524 000 |
|||
2. |
Көмекші өндірістік жұмысшыларға еңбекақы есептелінді | 8310 | 4230 |
200 000 |
|||
3. |
Көмекші өндіріс жұмысшылардың еңбегін өтеу қорынан ақша аударылды | 8310 | 3150 |
17 189 |
|||
4. |
Негізгі өндіріс шығындарына қосымша шығыстар кіргізілді | 8310 | 8031 |
310 439 |
|||
5. |
Көмекші өндіріс шығындары жинақталып қорытылады | 8310 | 8031, 8032,
8033, 8034, 8035 |
524 000 200 000 17 189 310 439 |
|||
6. |
Ай басындағы бітпеген өндірістің шығындары көмекші өндірістің шығындарына кіргізіледі | 8310 | 1343 |
18 000 |
|||
7. |
Ай соңыңдағы бітпеген өндірістің шығындары көмекші өндіріс шығындарынан шығарылады | 1343 | 8310 |
21 000 |
|||
8. |
Дайын өнім өндірістен шығып, қоймаға тапсырылды (өндірістік өзіндік кұнмен) | 1320 | 8310 |
1 048 5 |
|||
Технологиялық мақсаттардағы көмекші өндіріс цехтарына қолданылатын электр энергиялары, газ, су, мұз және бу құндары |
|||||||
1. |
Кәмекші әрдірістің басқа цехтарынан алынған қызметтер |
8310 |
8310 |
50265 |
|||
2. |
Басқа ұйымдардан алынған қызметтер, жұмыстар |
8310 |
3310-3330, 3390 |
603205 |
|||
3. |
Көмекші өндіріс цехтарының жұмыскерлерінің кезекті демалысына есептелген резервтер |
8310 |
3430 |
5023608 |
|||
4. |
Көмекші өндіріс жататын үстеме шығындардың есептен шығарылуы |
8310 |
8040 |
256032 |
|||
5. |
Бекітілген норма бойынша жөнделмейтін ақаулардың өзіндік құнын есептен шығару |
8040 |
8310 |
286598 |
|||
6. |
Бекітілген нормадан жоғары болған жөнделмейтін ақаулардың өзіндік құнын есептен шығару |
7470 |
8030 |
32564 |
|||
7. |
Жұмыс және әнім малдарының жас төлдерін кірістеу |
2930 |
8310 |
235489 |
|||
8. |
Дайын өнімдерді кірістеу |
1320 |
8310 |
2368749 |
|||
9. |
Қосымша өндірістің өнімдерін негізгі өндірісте материалдар негізінде қабылдау |
1350, 1310 |
8310 |
256489 |
|||
10 |
Цехтардың транспорттық кызметтері |
7110 |
8310 |
265897 |
|||
Көмекші өндірістің негізгі құралдарды жөндеу шығындарын есептен шығару |
|||||||
1. |
Егер осы шығындарға резерв құрылмаса:
— әкімшілік — жабдықтау бөлімі — негізгі және көмекші өндіріс цехтары |
7210 7110 8040 |
8310 8310 8310 |
125463 |
|||
2. |
Осы мақсатқа резерв құрылса |
3440 |
8310 |
258965 |
|||
Транспорттық шығындардың есептен шығарылуы |
|||||||
1. |
— өкімшілік қызметтері
— негізгі және көмекші өндіріс цехтарының қызметтері — қоймаға материалдарды тасымалдауға байланысты
|
7210 8040 1310. 1350 |
8310 8310 8310 |
25620 23562 25621 |
|||
2. |
Көмекші өндірістің жарықтандыру, жылу беру, ыстық және суық сумен қамтамасыз ету бойынша шығындарды есептен шығару:
— көмекші өндіріс цехтары — жабдықтау бөлімі — әкімшілік |
8040 7110 7210 |
8310 8310 8310 |
25645 3215 2654 |
|||
3. |
Қосымша өндрістің көрсеткен қызметтерінің шығындарын есептен шығару:
— Құрылысқа шаруашылық әдіспен жүргізілген қызметтер — Негізгі құралдарды жоюға байланысты шығындар — Төтенше жағдайларға байланысты жою шығындары — Басқа да ұйымдардың қызметтері |
2930
7410 7470 7010 |
8310
8310 8310 8310 |
6546
2564 26589 2564 |
|||
4. |
Мүмкін бағалары бойынша қалдықтарды кірістеу |
1350 |
8310 |
45625 |
|||
5. |
Көмекші өндіріске аяқталмаған өндірістің есепті кезең соңындағы қалдықтарын есептеу |
1340 |
8310 |
26655 |