Көліктің жеке алғанда ешкандай өнім өндірмейтіні мәлім, бірақ оның шаруашылықтағы маңызы зор, көлік болмайьнша кез келген аумақтың казіргі экономикасы, бейнелеп айтканда, бір күнде тіршілік ете алмайды, өйткені өндіруші өнеркәсіп пен өндеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы, өнім мен оның тұтынушылары арасындағы байланысты қамтамасыз ете алатын тек кана — көлік. Сонымен катар, көлік еңбек бөлінісін кеңінен дамытуға және осының негізінде жекелеген республикалар мен экономикалық аудандардағы шаруашылықгардың мамандануын тереңдете түсуге мүмкіндік береді. Демек, көлік — өндіргіш күштерді дамытудың куатты құралы. Көліктің барлық түрлері әдетте өзара тығыз байланысты болып, бірін-бірі толықтарады және қызмет көрсететін біртұтас кешен түзеді
Көліксіз шаруашылық салаларын дамыту мүмкін емес. Олар арқылы өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы арасында өндірістік байланыс орнайды. Олардың арасында, сондай-ақ облыс, аудан, қала мен ауыл арасында өнім алмасу жүреді, сыртқы саудаға жол ашылды. Көліктің міндеті — шаруашылық салаларының және халықтың жүк пен жолаушы тасымалдау жөніндегі қажетін толық қанағаттандырып, түрлі аймақтар арасындағы байланысты қамтамасыз ету. Көлік аумақтық еңбек бөлінісінің негізі болып табылады. Тек көліктің көмегімен ғана экономикалық аудандарды мамандырып, кешенді дамыту мүмкін болады. Көлік неғүрлым жетілдірсе, республикада географиялық еңбек бөлінісіне,экономикалық аудандардың мамандануы мен кешеңді дамуына соғұрылым көп мүмкіндік туады. Жер келемі ұланғайыр, табиғат байлықгары мен халқы әркелкі орналаскан Казақстан үшін көліктің маңызы аса зор. Республикада кұрғақ жолды (темір жол және автомобиль), әуе, су (теңіз және езен), кұбыр жене электрондық (электр жеткізу желілері) сияқгы көліктің барлық түрі дамыған. Олардың барлығы қосылып бірыңғай көлік жүйесін түзеді. Өзара көліктік тораптармен біріккен барлық көлік жиынтығы көлік кешенін кұрайды.