Қоғамдағы жастар арасындағы стратификация мәселесіе талдау

Қоғамдағы жастар арасындағы стратификация мәселесіе талдау туралы қазақша реферат

         Жастар — жасына қарай сипаттамалары жиынтығының, әлеуметтiк жағдайлар ерекшелiктерiнің негiзiнде бөлiнетiн және қоғамдық құрылыспен, мәдениетпен, әлеуметтендiру заңдылықтарымен, осы қоғамды тәрбиелеумен айқындалатын, сол немесе басқа да әлеуметтiк-психологиялық қасиеттермен ескерiлген әлеуметтiк-демографиялық топ; қазiргi заманғы жастардың жасына қарай 14-тен 25 жасқа дейiнгiлердi қоса алғанда Қазақстанда 14-29 жастағы жастар үлесi 2009 жылғы 1 қаңтарда халықтың құрылымында 29,2% құрады, бұл 4 358 925 адамды құрайды, оның iшiнде экономикалық жағынан белсендi халық 2406775 адам болып табылады.

Республикада жастар өсiмiнiң демографиялық үрдiсi сақталуда: халықтың табиғи өсiмi — 6,3%. Жастар — бұл қашанда үлкен ерекше жасына қарай кiшi топ ретiнде білінетiн объективтiк қоғамдық құбылыс.

Жастар — қоғамның бiр бөлiгi. Бұл ретте, жастар саясаты жас ұрпақты қоғамдық өмiрге әлеуметтік ықпалдастырудың бiрден-бiр мүмкiн болатын тетiгi болып табылады.

2008 жылы жүргiзген әлеуметтік сауалнама нәтижелерi бойынша жастар санасындағы оларды толғандыратын неғұрлым өзектi проблемалар: сыбайлас жемқорлық, билiк органдарындағы қызмет бабын терiс пайдаланушылық (44,3%), есiрткінің таралуы (31,6%), жастар арасында қылмыстың өсуi (29,8%) болып табылады .

Бұдан басқа, жастардың едәуiр бөлiгi үшін өмiрлiк маңыздысы сауал салынғандардың 45,6%-ында тұрғын үймен қамтамасыз етуге байланысты проблемалар болып табылады. Осы проблеманы жою үшiн жастар жеке меншiк тұрғын үй сатып алуға жеткілiктi табыс табу мүмкiндiктерiн берудi ұсынады, бұл ретте сауал салынғандардың 31,5%-ы жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар қабылдануы қажет екенiн атап өтедi. 15,9%-ы үшін тұрғын үймен қамтамасыз ету әдiстерінің бiрi ипотекалық кредит беру жүйесiн дамыту болып табылады.

Әдеттегi нормалар, мораль мен адамгершілік туралы ұғымдар елеулi өзгерiске ұшырап отырған қоғамның түрленуi кезінде құралдық құндылықтар немесе өмiр сүруде табысқа жету әдiстерi деп аталып жүргендер туралы қоғамның түсiнiктерiн бiлу маңызды.

Жастардың 48,3%-ының пiкiрi бойынша жақсы білімнің болуы өмiрде табысқа жетудiң қажетті алғы шарты болып табылады. Пайдалы байланыстар мен тамыр-таныстық өмiрде алға басуға ең жақсы түрде жәрдемдеседi — бұл табысқа жету әдiстерi рейтингiндегі екінші позиция (33,5 %).

Табысқа жету үшін үшінші бiр басым құрал деп корреспонденттердің 32,7%-ы ақшаның болуын атайды. 29,0%-ы қажырлы еңбек етудi атап өтедi, 17,0%-ы үшiн күшті ерiк жiгер, 10,5%-ы үшiн «жағдайлардың сәтті барысы» негiзгi құрал болып табылады.

Қазiргi Қазақстан қоғамы құрылымының түрленуiндегі қиыншылықтар қандай да бiр дәрежеде республика жастарының 5,1%-ында заң және адамгершiлiк туралы ұғымдардың өзгеруiне ықпал етiп отыр, олар өмiрде табысқа жетудегі мiндеттi жағдай деп қылмыс әлемiндегi байланыстардың болуын есептейдi.

Сонымен бiрге, жастардың үштен бiр бөлiгiнен астамы жақсы бiлiм мен мамандықтар ала алады, кейбiреулерi өздерiнiң саяси көзқарастары мен талаптарын еркiн және жария түрде бiлдiредi, кейбiреулерi білікті медициналық көмектер алады, кейбiреулерi өздерінiң шығармашылық қабiлеттерін iске асыра алады, кейбiрi өз қаласы мен кентінің өмiріне қатысты шешiмдер қабылдауға ықпал ете алады.

Жартысынан астамы (61,7%) өз халқының әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін еркiн сақтай алады.

Жастардың дамуындағы неғұрлым өзектi мәселе жастар арасындағы әлеуметтік-экономикалық шиеленiстi көңіл күйдi көрсететiн жұмыспен қамту мен еңбекке орналастыру проблемасы болып табылады. Ресми статистикалық деректер бойынша республикада 2004 жылғы жағдай бойынша 15-тен 29 жасқа дейінгi жұмыссыздар 300 мыңға жуық, яғни жалпы санның 12,2%-ы.

Еңбек рыногын кеңейтудің, жастарға арналған жаңа және қосымша жұмыс орындарын құрудың нақты жолдарының бiрi кәсiпкерлiк бастамаларды дамыту болып табылады. Жастар арасында, сауал салынғандардың 50, %-ы жастар кәсіпкерлiгiн дамытудағы елеулi проблемаларды көрсетедi, 25%-ы проблеманың болу мүмкiндiгiн ғана атап өтедi.
Көптеген жас адамдар (35%), егер мемлекет тарапынан жастардың кәсіпкерлігі үшін көтермелеу мен ынталандыру енгізілетiн жағдайда жеке меншiк бизнестерін ұйымдастырғылары келедi. Бұл ретте, барлық сауал салынғандардың iшiнен 35,5%-ы қазiргi жағдайларда жеке бизнестерiн ұйымдастыруға дайын екендiктерiн көрсетті және 9%-ы ғана «жоқ» деп жауап бердi.

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректерi бойынша 2004 жылдың төртiншi тоқсанында ғана 63370 жас адамдар жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшiн өтiнiш жасады, олардың iшiнде тек 37273 адам ғана жұмысқа орналасты. Қазiргi кезде жастардың экономикалық дамуын және оларды еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөнiнде мақсатты жұмыстар жүргiзілiп келедi. Тұтастай алғанда осы бағыттағы жұмыс кәсiпкерлiк негiздерiне оқыту, еңбекпен қамтуға жәрдемдесу, жастар ұсынған бизнес-жобаларды сараптау және бағалау жөнiндегi кешендi қызмет көрсетулердi қамтамасыз ететін жастардың әлеуметтiк қызметтерiн ұйымдастыруға шоғырландырылады.
Республикада жер-жерде жұмыспен қамту қызметтерінің жанынан кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыс орындары туралы деректер базасы үнемi жаңартылып отырады, еңбек рыногында сұранысқа ие болатын мамандықтар мен кәсiптер бойынша жас кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктiлігін арттыру жұмыстары жүзеге асырылуда.

Тұтастай алғанда, «Инноченти»/ЮНИСЕФ әлеуметтiк мониторингi деректерi бойынша Қазақстан Республикасында жалпы орта бiлiммен қамту коэффициентi 31,2%-ға жетедi; кәсіптiк-техникалық (орта арнаулы) біліммен қамту — 15-18 жастағы халықтың 23,3%-ы; жоғары бiлiммен қамту — 19-24 жастағы халықтың 33,4%-ы.

Қоғамдағы қалыптасқан діни наным мен дәстүр бойынша, жоғары каста мен төменгі каста адамдарының  араласуларына, қарым-қатынастар жасауларына қатаң тыйым салынған. Драхмалық діни наным бойынша, әр адам құдайдың берген тағдырына көніп, өмір бойы сонымен келісімде болуы керек.
Әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз тілінде – теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екендігін әлемдік даму тәжірибесі дәлелдеп отыр.