Қоғамда әлеуметтік стратификацияның жиынтығы туралы қазақша реферат
«Стратификация» термині латынның stratum — жік, қатпар және facio – істеймін деген сөздерінен шыққан.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғам мүшелерінің материалдық байлықты, табысты, артықшылықты, мәртебені, билікті, құқық пен міндеттерді иеленуінің бірдей болмауынан көптеген әлеуметтік топтарға, таптарға бөлінуі.
Әлеуметтік стратификация — әлеуметтанудың орталык, такырыбы. Ол қоғамның түрліше әлеуметтік жіктелісін түсіндіреді. Қоғамдық кұрылымды мәртебелердің жиынтығы арқылы, қоғамдық еңбек бөлінісі арқылы, және т.б. арқылы құрылады. Қарапайым қоғамда мәртебелер саны аз және енбек бөлінісі деңгейі төмен болады, ал казіргі замандағы қоғамда — мәртебелер көптеп саналады және еңбек бөлінісін ұйымдастыру деңгейі де әлдеқайда жоғары.
Әлеуметтік кұрам әлеуметтік стратификацияға айналады — вертикаль-ды тәртіппен орналаскан әлеуметтік жіктердін, жиынтығы, дәлірек айтканда кедейлердің, ауқаттылардың, байлардың жиынтығы.
Адамдар әрдайым қозғалыста болып, өздерінің мәртебесін өзгертіп отырады. Қаржы буржуазиясы жер аристократиясының орнына келіп, оны алмастырды, казіргі өндірісте біліктілігі шамалы мамандықтарды «ақ жағалылар» деп аталатындардың өкілдері — инженерлер, программистер, роботталған кешендердің операторлары ығыстырып шығарды. Соғыстар мен революциялар қоғамнын әлеуметтік қүрылымын кайта жасап, пирамиданың шынына кейбіреулерді көтерсе, баскаларын төмендетті. Олар казір де жүріп жатыр, партиялық элитаны бизнес-элита келіп алмастырды.
Өрлеу мен кұлдыраудың арасында белгілі бір асимметрия бар: бәрінің де көтерілгісі келеді және ешкімнің әлеуметтік сатыда төмендегісі келмейді.
Қоғам өз ішінде әр түрлі әлеуметтік топтарға, жіктерге және ұлттық қауымдастыктарға бөлінеді. Олардың бәрі өзара бір-біріне объективті түрде дәнекер болатын әлеуметтік-экономикалық, саяси, рухани байланыстар мен қатынастардан кұралады. Сонымен бірге, олар тек осы байланыстар мен қатынастар шегінде ғана өмір сүреді және қоғамда өздерін көрсете алады. Бұл болса қоғамның тұтастығына, оның біртұтас әлеуметтік организм ретінде өмір сүруіне себепші болады. Мүның мәнін өздерінін теорияларында О, Конт, Г. Спенсер, К. Маркс, М. Вебер, Т. Парсонс және т.б. әлеуметтанушылар ашып берген еді. Қоғамның әлеуметтік қүрылымы — адамдар қауымдастықтарының және әлеуметтік топтарының арасындағы экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани өмір жағдайларының байланыстары мен қатынастарының жиынтығы.
Қоғамның әлеуметтік құрылымынын даму негізіне: 1) қоғамның еңбек бөлінісі; 2) өндіріс құрал-жабдықтарына және оның өніміне меншік қа-тынастары жатады. Қоғамдық еңбек бөлінісі — әлеуметтік топтардың, тап-тардың, кәсіби топтардың, сонымен бірге қала мен ауыл адамдарынан, ой еңбегі мен дене еңбегі өкілдерінен тұратын үлкен топтардың пайда болып, одан әрі өмір сүрулеріне себепші болды.
Өндіріс құрал-жабдықтарына деген жеке меншіктік қатынастар қоғам-нын осы ішкі бөліністеріндегі оның экономикасын және ішінара қалыптаса бастаған құрылымды нығайтады. Қоғамдық еңбек бөлінісі де, меншік катынастары да қоғамның әлеуметтік құрылымы дамуының объективті әлеуметтік-экономикалык алғышарттары болып табылады.
Қоғам өмірінде әр түрлі қызмет түрлерінің пайда болуына, материалдық өндірістің және рухани мәдениеттің дамуларына еңбек бөлінісінің белгілі дәрежеде елеулі ықпал ететінін кезінде Огюст Конт, Эмиль Дюркгейм, Питрим Сорокин және т.б. дәлелдеген болатын. Тарихи процестегі қоғамдық еңбек бөлінісінін рөлі жөніндегі кең аукымды ілім, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының дамуы жөніндегі тұжырымдама ретінде марксизмнің әлеуметтік-экономикалык теорияларында да орын алған еді. Марксизм теориясы жеке меншіктің осы процестегі рөлін де ашып берді.
Коғамның әлеуметтік кұрылымының негізгі элементтеріне: қоғамдық еңбек бөлінісі, өндіріс құралдарына деген жеке меншіктік катынастар және қоғамдық өнімді бөлуде соған ортақтасатын әр түрлі таптар жатады. Оларды осылайша түсіндірудің қажеттілігін әр түрлі бағыттың әлеуметтанушылары мойындап отыр:
- кала мен ауыл адамдары;
- ой және дене еңбегінің өкілдері;
- сословие;
- әлеуметтік-демографиялык топтар (жастар, әйелдер мен еркектер, аға ұрпақ);
Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор. «Стратта» деген геология термині жердің құрылымындағы қабаттарды анықтауға байланысты қолданылады. Ал, қоғамға байланысты біздің ана тілімізде қабаттан гөрі «жік» деген ұғымды пайдаланғанымыз жөн. Біз тарихтан қоғамның әр даму сатысына тән түрлі стратталардың болғанын білеміз.
Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар мен топтардың вертикалды бағытта сатылы орналасуынан көрінеді. Яғни тік сызық бойында бір топтың екінші бір топтан жоғары немесе төмен орналасуы деген сөз.