Кластерлік жүйе курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Экономикалық жүйелердегі кластерлерді құрудың теориялық және қаржылық негіздері

1.1 Кластерлерді құрудың негіздері және теориялық мәселелері

1.2  Қазақстан Республикасындағы кластерлік құрылымның құрылуы және талдауы

1.3 Кластерлік құрылымдарды құрумен қаржыландырудың шетелдік тәжірибесі

2 Қазақстан республикасындағы кластерлік құрылымдарды құрудың жағдайын талдауы

2.1 Сүт кластерін құрудың қаржыландыру тенденцияларын талдау

2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау

2.3 Қазақстан Республикасындағы кластерлік дамудың жағдайы мен проблемелары

3 Қазіргі замандағы сүт өндірісі кластерін құру мен жетілдіру жолдары

3.1 Қазақстандағы сүт өндірісі саласындағы кластерлерді құрудың ұйымдық және қаржылық аспектілері

3.2 Кластерлік тәсілмен нарықтағы тиімділікті арттырудың іргелі моделі

3.3 Сүт өндірісі саласындағы кластерлік дамудың болашағын болжаудың математикалық әдістері

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта барлық елдерде кластерлік бастама индустриалдық, аймақтық, инновациялық саясаттың маңызды бөлігі. Бұл құбылыс экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, экономикасы өтпелі және дамушы елдерге де тән.  Кластерлік бастама аймақ бойынша  кластерлердің бәсекелестігін арттыру үшін ұйымдасқан талаптар. Ол процеске кластерге кіретін кәсіпорындар, үкімет және ғылыми аймақтар кіреді.

«Кластер» ұғымына көптеген анықтама беруге болады. Ең негізгі анықтаманы XX ғасырдағы стратегиялық жоспарлау саласындағы ең мықты эксперттердің бірі профессор Майкл Портер берген.  Қазіргі уақытта кластерлік концепция индустриалды кластермен (Competitive advantages of the nations, 1990 және аймақтық кластерлермен (Competition, 1998) тығыз байланысты. Кәсіпорындардың бәсекелестігі және өндіріс салаларымен кластерлік одақ арасында тығыз байланыс бар.

Профессор Портердің тұжырымдары ең белгілі әрі мойындалған болып отыр. Мысалы, ерекше танылғаны «Портердің бес күші», «жинақталған құн тізбегі», «кластерлік теория». Аталғандар бәсекелестіктің өсудің жаңа фазасын жүзеге асыру мақсатында, ұлттық экономиканың мықты макроэкономикалық негізін құру үшін кластерлік саясат жүргізіп отырған дамушы және дамыған елдер негіз болып танылды.

Кластерлердің дамуына себебін тигізетін басқа факторлар, уақыт өте келе экономикалық қызметтің жаңа түрлерін, сондай-ақ аймақтан шалғайда орналасқан, кәсіпорындарға инвестиция тартуға мүмкіндік беретін, яғни институттардың, компаниялармен университеттердің бар болуы.

Портердің айтуы бойынша, кластерлер – бұл «…бір-бірімен байланысты кәсіпорындардың, компаниялардың географиялық  топталуы, белгілі бір өнім типін жеткізумен айналысатын, ұйымдарға, компанияларға қызмет ететін, көршілес салаларда және олармен байланысты институттарда жұмыс істейтін, өндірістің нақты саласында  одақтас,сондай-ақ бәсекелес ұйымдар».

Бір-біріне жақындығына қарамастан экономикалық қызмет обьектілерінің орналасу маңыздылығын көп жылдар бұрын географтар айтып өткен, бірақ аналитикалық және нормативті әдебиеттерде соңғы төрт онжылдық қана көрсетілген. Негізгі орынды жеке сектор қамтыса да, маңызды күштер масштабтар мен кластерлеудің салдары кеңінен таралуда. Шешім қабылдауға жауапты тұлғалар тәжірибеде қолдануға қолдануға тырысты, бұл қадамдардың нәтижесі әр-түрлі болды. Кластерлеу концепциясына байланысты мемлекеттік және ұлттық деңгейде көптеген шаралар қолдануда.  Осы саясатты іске асыру жауапкершілігі дәстүрлі түрде әр-түрлі министрліктерге жүктелген: өндірісті қолдау, бәсекелестік саясат, ғылым және технология саласы, еңбек нарығы және білім саласы, әлеуметтік саясат.

Кластерлеу нақты салада қызметтес, тығыз байланыс орнатқан, ортақ бәсекелестікті арттыруға бағытталған, бір географиялық аумақта қызмет ететін тұлғалармен кәсіпорындардың концентрация процесі ретінде анықталады.

Тәжірибеде кластерлік қатынас жаңа басқару формаларын дамытып және кеңейтуге пайдалы болды, тікелей араласудың орнына қосымша формалар қолданылды. Берілген көзқарас кластерлер құрылуы нарығында қажеттіліктер үшін және қолданыстағы кластерлердің белсенділігін қалпына келтіру үшін ынталандырулар тудыратын желілер мен институттар жүйесін құруға негізделген.

Кластерлердің маңызы зор, өйткені кәсіпорындардың жалғыз жұмыс атқаруына қарағанда, өнімді және белсенді инновацияны қолдануына мүмкіндік береді.  Кластерге деген қызығушылық көптеген елдерде артып отыр, өйткені экономикалық жағдайды сипаттап қана қоймай, нақты мақсаттарға жетуге көмектеседі.

Қазірде әлемнің экономикалық картасында келесідей кластерлер бар: бір орында өзара байланысты өндірістермен институттар салаларының салмағы — белгілі бір қызмет саласында үлкен жетістіктерге жеткен, жеткізушілерден бастап университеттер мен мемлекеттік органдарға дейін.

Мұндай типтегі ең танымал кластерлер Силикон жазығымен Голливудта бар, ал әлем бойынша кластерлер өте көп. Портердің айтуынша, кластерлер бәсекелестікке үш негізгі тәсілмен әсер етеді: біріншіден кәсіпорын орналасқан аумақта еңбек өнімділігін арттырады, екіншіден,  инновацияны енгізудің  жылдамдығымен бағытын анықтайды, үшіншіден, кластер аясында жаңа коммерциялық қызметтің пайда болуына ықпал етеді.

курстық жұмыс / 60 бет