Қиял түрлері мен сипаттамасы курстық жұмыс

Жоспар

1. Кіріспе……………1-3
2.Негізгі бөлім……..3-13
2.1. Қиял түрлері мен сипаттамасы………
2.2. Шығармашыл қиял……….
2.3. Оқушылар қиялы- арман
Ертегілер арманмен толған………
3.Тәжірибелік бөлім……….13-21
3.1. «Ертегілер еліне» саяхат (сабақ жоспары)…………
3.2.Ертегілер арқылы қиялды дамыту жолдары………
4. Қорытынды………….21-23
Қиялмен өмір сүргендер,
Болашаққа күліп кіргендер.
Арманға мойынсұнғандар,
Мақсатқа жеткен ұландар!
5. Әдебиеттер тізімі….24

КІРІСПЕ

Қоғамдағы саяси-экономикалық, мәдени өзгерістерге байла-нысты оқыту жүйесіне де өзгертулер енгізілді. Қоғам өмірі ең алды-мен адамның (баланың) өздігінен дамуы мен жетілуін іске асыратын, психологиялық теория мен практикаға ерекше мән бере бастады.
Оқушының дербестігін, шығармашылық ынтасын арттыруға бағытталған педагогикалық жүйе қазіргі білім берудің барабар талабы болып табылады.
Жеке бала – бұл күрделі бүтін жүйе және оның дамуын ашатын жүйеқұрағыш бөлігін табу өте маңызды. Сол бөлік ретінде ғалымдар өздігінен танымдылықты бөледі, ол жеке адамның дамуындағы бүтін интегралдық көрсеткіші, адамға жаңа жағдайда жеңіл жөн табуға, өзге жағдайда білім мен дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан адамның өзіндік танымдылығын дамыту маңызды және мәнді мәселе.
Жеке баланың өздігінен танымдылығын дамыту үшін көптеген факторлар әсер етеді: стихиялық (апаттық) және арнайы ұйымшылдық, табиғи және әлеуметтік факторлар. Басқа факторлармен қатар ғалымдар мен педагог-практиканттар қоршаған ортаның әсерін көрсетеді. Ол ортада бала жеке адам ретінде дамиды, оған әсер етудің арқасында өзінің өздігін көрсетеді.
Ғалымдар білім ортасының құрылымдық бөлігі пәндік қоршауы деп көрсетеді. Пәндік қоршауды пәндік орта ретінде анықтап, қазіргі зерттеушілер оны іс-әрекеттің ұйымдасқан көзқарасында қарап (ұйымдасқан және ұйымдаспаған орта), оны белгілі бір ортада (ойын, оқу, еңбек) қарастырады.
Барлық теориялық және практикалық маңызды зерттеулерге қарамастан ойын – пән ортасында әлі де жеткіліксіз өңделмеген құру аспектілері кездеседі. «Ойын – пән ортасы» деген ұғымның мағынасы, оның құрылымы оқу – пән ортасында оқушылардың өзіндік танымдылығын дамытуды іске асыру механизмі.
I. Зерттеу жұмысының өзектілігі: келесі факторлармен көрсетуге болады:
— әлеуметке өздігінен танымды және өзін дамытуға жағдайы бар еркін адамның қажеттілігі;
— төменгі сынып оқушыларының өздігінен танымдылығын дамытуды зерттейтін, оның ғылыми негізін талдайтын оқу орындарының қажеттілігі;
-сабақ барысында оқу мен танымдық процестерді жетілдіру үшін тиімді әдістер, жаңа технологиялар пайдаланатын оқытушылардың аздығы.
II. Зерттеудің мақсаты:
5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамыту жолдарын ұсыну;
-оқушыларға қиял және оның түрлері жөнінде түсінік беру;
-оқу процесінде қиялды дамыту жолдарын жоспарлау;
-ертегілер оқу арқылы қиялдың ерекше түрі — арман қалыптастыру;
-қиял-ғажайып ертегілер арқылы оқушының бойында қиял түрлерін жетілдіру.
ІІІ.Зерттеудің міндеттері:
• Зерттеу проблемасының теориялық негізін терең оқу;
• Проблеманы шешудің тиімді жолдарын іздестіру;
• 5-сынып оқушыларының қиялын ертегілер арқылы дамытуда
жаңа, тиімді әдіс-тәсілдер пайдалану.
IV. Зерттеудің әдісі:
Бала әрекетінің өнімін талдау, педагогикалық эксперимент, анкета, сұхбаттасу, бақылау; математикалық және статисталық материалдарды зерттеу әдістері.
V. Зерттеудің жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы:
Ойын – пән ортасында субъекттің әрекетін ұйымдастыру технологиясы жоспарланды және қабылданды, ол келесі кезеңдермен беріледі: дайындық, репродуктивті іздеу, шығармашылық ізденіс, талдау. Пән қоршауы ретіндегі оқу – пән ортасы, ол баланы ойын әрекетіне әкеледі және оның жеке потенциалын дамытады.
VІ. Зерттеудің негізі:
— жеке әрекет жасауы жеке адамның өздігінен танылуына жағдай жасайды;
— жүйелі жағдай жасау, бұл педагогикалық құбылысты бір – бірімен байланысты және бір – бірімен келіскен бүтін жүйені құрастыратын диалектикалы жинақты қарастырады;
— әлеуметтік қатынастағы теорияны қарастырады.

 Курстық жұмыс / 20 бет