Киімнің үш стилі

Консервативті киім үлгісі әдетте банк кызметкерлері , мемлекеттік қызмет орнында істеушлерге, юристтерге жарасымды болады. Өйткені бұл олардың құрметтілігін көрсетіп, өзіндік ерекшелігін бейнелейді.
Қатаң тәртіппен тігілген классикалық костюм консервативті стильді бейнелеуге септігін тигізеді. Классикалық костюм мен жаксы әдептілік алғаш кездескеннен-ақ өте жоғары бағаланып, келешекке жақсы жағынан өз септігін қалдырады. Қосалқы әшекей бұйымдар біртұтас және костюммен үйлесімді болғаны жөн.
Әйелдерге алтын не күміс сағат, классикалық үлгідегі сырға. Жеңіл макияж, бірақ әрқашанда емес, әрине егерде бұл күні жиналыс немесе қызметтік кездесулер болмаса. Аласа қонышты аяқ киім, ұзындығыы тізеге дейін юбка.
Ерлерге тек жақсы сағат, жүзік жарасымды болады.
Бұл стиль өнімді қызмет үшін тіл табысу қызметінде жүрген фирма қызметкерлеріне тән. Сіздің киіміңізде өзіндік творчестволық потенциалы болса, сіздің фирмада кұрметті орында кызмет істейтіндігіңізді көрсетеді. Ол классикалык костюмнан радикалды өзгеше болмауы тиіс. Шалбар тек жарасымды костюм болса ғана рұқсат етіледі. Жеңіл макияж болуы міндетті және әшекей бұйымдар еш уақытта алғашқы болып көзге түспеуі керек.
Ерлерге өте жарқын түсті киімнің кажеті жок.
Мода, шоу-бизнес, жарнама және дизайн сияқты кызметтегілерге творчестволық потенциалын анык көрсету үшін творчестволық үлгіні ұстанғандары жөн. Сіз жақсы көзге түсү үшін модамен қатарлас киінгендігіңіз дұрыс. Киім түсі өзіңізді көрсетудің бір түрі, ашық түске қатты берілудің қажеті жоқ өз зиянын тигізуі мүмкін.
Сіз ерекше свитер немесе модалы жакет киюіңізге болады. Әйелдер бұл үлгіде киіне тұра сәл классикалық үлгіге жақындауларына болады, ерлер галстук тақпағаны абзал.

Творчестволық үлгідегі киімдер өз ерекшелігіне сай сізді көпшілік арасында ашық бейнелейді, сондай-ақ бұл киімді бизнесте киген орынсыз.
Консервативті үлгі құрметтілікті бейнелейді, бақылайды, бірақ арақашықтықты сақтамайды. Творчестволық үлгі бизнеске жарамсыз. Тағы бір айтар жайт —  кешке киер киім өзінде әсер ету түсінігімен қатар арақатынасты орнату деген сияқты түсінікті қатар алып жүреді.

Киім таңдарда келесі нұсқауларды ұстаныңыздар:
сіз киген киім арқылы, сіз жайлы көп затты ашып айтуға болады.
Сіздің сыртқы келбетіңіз бизнесте, қызметіңізде алар орныңызды анық бейнелеуі тиіс. Әр фирмада өзіндік киім үлгісі бар, соны сізден де талап етілуі сөзсіз. Егер сіз сырт келбетіңіздің қандай болуын талап еткенін білмесеңіз, сұрауға ұялмаңыз. Психологиялық зерттеулерге сенсек, киім сапасын жас жеткіншектер де таңдай алады, ол әркезде және әржерде танымал. Өзіңізге киім алғанда қаржы қимасаңыз, кейін сізге басқалары қаржы киғылары келмеуі сөзсіз. Киім таңдауда жарқындығы ерекшеленер киімнен алшақ болу керек. Алдымен келесі сұрақтарға ойлану қажет: «Мен жалғыз, жоқ әлде көпшлікпен қызмет істеймін бе?»  «Менің келбетімнің түрі қандай?» «Қандай киім менің қызметімнің дәстүріне сай?» Осы сұрақтарға жауап тапқан соң ғана киім сатып алуға барыңыздар.