Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар

Кейінге қалдырылған табыс салығы және сонымен байланысты есеп айырысулар туралы қазақша реферат. Кейінге қалдырылған салықтың есебі үшін 4310 «Кейінге калдырылған табыс салығы» шоты арналған. Бұл шотта бухгалтерлік және салык есебінің талаптарындағы айырманын нәтижесінде пайда болған  уақытша сомалары көрсетіледі.

Бухгалтерлік есепте табыс пен зиян есеп саясатында каралған және есеп стандарттармен қарастырылған кағидасы бойынша қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі анықталады. Салықтық емепте табыс пен зиянның сомасы бухгалтерлік есепте көрсетілген сомамен салыстырылып, солардың арасындағы айырмасына тиісті түзетулердің көмегімен аныкталады.

Бүл арада мынаны ескерген жөн: салық (жедел) есебінде жиынтық жылдық табыстан (негізгі құрал-жабдықтарды амортизациялау, негізгіқұүрал-жабдықтарды жөндеу, проценттер және тағы басқалары бойынша) ұстап қалулар (жеңілдіктер) туралы, сондай-ақ табыстар туралы (үйлерді, ғимараттарды) сату кезіндегі күнның, сондай-ақ акша құнсыздануына түзетулерді есепке ала отырып амортизациялауға жатпайтын алашақтардың өсуі; кәсіпкерлік кызметті шектеуге келіскені және кәсіпорынды жапқаны үшін тағы басқалары жөнінде хабарлама қалыптасады; бұл хабарламада салық салынатын табыс сомалары және бюджетке төленуге тиісті заңды тұлғалардан алынатын табыс салығының сомалары туралы бухгалтерлік әрі салық есебі деректері арасындағы алшақтыққа әкеп соғады.

Бухгалтерлік  және салық есебі арасындағы мәліметтердің тендігін сақтау оңай шара емес, өйткені олардың арасында тұрақты және уақытша сипаттағы айырмашылықтары болады.

Осының нәтижесінде уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ак уақытша айырмашылықтардан салықтык тиімділік туындайды.

Тұрақты айырмашылықтар — бұл ағымдағы есепті кезеңде туындайтын және бұдан кейінгі есепті кезеңдерде жойылмайтын (бухгалтерлік есеп деректері мен занды тұлғалардан алынатын табыс салығы жөніндегі мағлұмдамада көрініс табатын деректер арасындағы айырмашылыктар) салық салынатын және бухгалтерлік табыстар арасындағы айырмашылықтар.

Тұракты айырма ретінде келесі мысалды келтіруге болады:

— жылдық жиынтық табыспен де, шаруашылык жүргізуші субъектінің кәсіпкерлік қызметімен де байланысты емес шығыстар (демалыс үйлеріне жолдама алу, бассейінге абономенттерді алу, спорт құрал-жабдықтарын алу және т.б.), бұл аталған шығыстар бухгалтерлік есепте шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде олар шегерім ретінде танылмайды;

—         бюджетке төленетін айыппұл санкциялары бухгалтерлік есепте жылдық табыстан шегеріледі, ал салық есебінде ол шегерілмейді;

—         нормадан жоғары белгіленген іс-сапар мен өкілділік шығындары бухгалтерлік есепте кезең, шығыстарына жатқызылады, ал салық есебінде ол шегерім құрамына енгізілмейді.

—         коршаған ортаны ластаудан тазартуға кеткен шығындар бухгалтерлік есепте кезен, шығыстарына жатқызылады, ал салық  есебінде ол жылдық жиынтык, табыстан шегеруге жатпайды;

—         марапаттау бойынша шығыстар толық көлемде бухгалтерлік есепте шығыска жатқызылады, ал салық есебінде — белгіленген шектеулер шегінде ғана ескеріледі;

—         несие бойынша, соның ішінде қаржылык лизингі бойынша да, депозит бойынша да, сондай-ақ сенімді басқаруға алынған мүліктер бойынша да Қазакстан Республикасының Ұлттық банкісінің белгілеген қайта каржыландыру коэффициентінің 1,5 есе еселенген ресми мөлшерлемесінің шегіндегі сомасымен есептейді, ал егер де ол шетелдік валютада орналастырылса, онда Лондондық банк аралық нарықтың 2 есе еселенген мөлшерлемесінің негізінде есептелінеді.

—         сақтандыру пайдасы бухгалтерлік есепте ешқандай шектеусіз шығысқа жатқызылады, ал салық есебінде — ол шегеруге жатпайды, егер ол шегеруге жатқызылған жағдайда класы бойынша өкілетті органдардың белгілеген шегінде ғана жүзеге асуы мүмкін;

—         кәсіпкерлік қызметіңде пайдаланбайтын объектілердің пайдалануы мен күтіп-ұстау шығыстары бухгалтерлік есепте толық көлемінде шығыс ретінде есептелінеді, ал ол салық есебінде шегерімге жатпайды.

—         және баска да шығыстары;

Уақытша айырма бухгалтерлік табысты есептеген кезде кейбір табыс пен шығыс баптарының бір бөлігі бір есептік кезеңде, ал салық салынатын табысты есептеген кезде баска есептік кезенде есептелінеді. Сондықтан біріңде болған айырма, екіншіде жойылады. Мысалға:

—         материалдык емес активтер мен негізгі кұралдар бойынша жасалатын амортнзациялық аударымдар.

Бухгалтерлік есепте амортизациялық аударымдар үшін әртүрлі тәсілдер мен нормалар пайдаланылады және ондағы есептелген сома шығын ретінде қабылданады. Салық есебіндетек калдығын азайту тәсілі пайдаланылады. Сондай-ак екі есептің пайдаланатын нормасы да әрқилы болуы мүмкін, нәтижесінде салық есебі бойынша объекті толық амортизациялануы мүмкін, ал бухгалтерлік есепте ол жалғасуы мүмкін.

—         бухгалтерлік есепте негізгі кұралды жөндеу шығындарын толық көлемде алады, ал салық есебінде оның құндық балансының 15% тең сомасын ғана алады;

—         15% асқан сомасы нсгізгі құралдың құндық балансына косылып, одан амортизация сомасы есептелінеді, яғни салық салынады. Бухгалтерлік есепте тап бұндай операциялар көрініс таппайды.

—         бағалы қағаздарды сатудан жабылмаған зиян оларды сату кезінде пайда болады, сол пайда болған кезінде бухгалтерлік есепте есептеу әдісі бойынша көрініс табады. Салык есебінде аталған зиянды құнның есімінің есебінен жабады (компенсацияланады), ал егер де ол жабылмаса, онда оның жабу мерзімін үш жылға дейін созады;

—         салық бойынша шығыстар (корпоративтік салығын, табыс салығын коспағанда) бухгалтерлік есепте есептеу тәсілі бойынша көрініс табады, ал салық есебінде — шегерімге тек төленген салық кана алынады;

—         теріс бағамдық айырма бухгалтерлік есепте толық көлемінде алынады, салық есебінде шегерімге жатқызу үшін шектеулер қойылады.

Айырма сомасы негізінен шектеудің салдарынан пайда болады, ал ол келесі салықтық кезендердің іздестіру барсында компенсацияланады. Құрылыс салуға алған несие (қарыз) бойынша бағамның теріс айырмасы оны жүргізудің кезеңдік төлеміне байланысты пайда болады және салық есебінде оның объективтік құны ескерілсе, бухгалтерлік есепте ол шығыс ретінде танылады;

Тұрақты және уақытша айырма шаруашылық жүргізуші субъектінің есеп саясатына бухгалтерлік есептің де, салық есебінің де енгізген өзгерістерінің (түзетулерінің) салдарынан болуы мүмкін. Бұл арада тұрақты айырманы келесі есептік кезеңде жоюга болмайды, ал уақытша айырма жойылады. Тұрақты айырманы да, уақытша айырманы да өте жеңіл түрде табуға болады, егер де тиесілі бухгалтерлік регистрлеріне салықтық есеп қағидасының зерттеулерін жүргізсе. Уакытша айырма сомасынан салықтық эффектіні бухгалтерлік есепте көрсету және анықтау жолымен оның уақытша айырмасын табады. Салық эффектісі төлеуге жататын немесе кейінге қалдырылатын төлем болып саналады.

Халықаралық практикада жалпы қабылданған пікір бойынша табыстан алынатын салықты сол табысты табу үшін жасалатын шығыс деп санайды, ал ол шығыс есептеу қағидасына сөйкес, өз кезеңіне қарап, тиесілі пайда болған табыстармен бірге танылады.

Есептік кезеңде уақытша айырманың салдарынан пайда болған салық эффектісі 4310 «Кейінге қалдырылған табыс салығы» шотында көрініс табады.

Салықтық төлем міндеттемесінің әдісіне сәйкес, олар кезең барысыңда, өзіне мынаны енгізеді:

—     салық салынатын табыстан төлеуге жататын табыс салығын, ал ол әрекет етіп тұрған заңға сәйкес есептелінеді, оның деңгейі былайша аныкталады:

Бухгалтерлік           тұрақты            уақытша                                       

Табыс                       айырмасы        айырмасы 

—    уақытша айырманың салықтык эффектісі сол есептік кезеңде не төленеді, не жойылады, оның мөлшерін ағымдағы кезеңнің салықтық мөлшерлемесі бойынша жалпы уақытша айырманың сомасынан аныктайды. Егер де келесі жылға корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі өзгеретін болса, онда ол сол өзгерген мөлшерлемесі бойынша алынады.

— кейінге қалдырылған салықтарды осы есептік кезеңге сәйкес келетіндей етіп түзетеді. Түзету сомасы 4310 шотта көрініс табады.

Мысалы. Кәсіпорын 2002 жылғы нәтижесі бойынша келесі нәтижені алды делік:

Бухгалтерлік есеп мәліметі

Жылдық жиынтық табыс туралы деклорацияның мәліметі және жасалған шегерімдер

Көрсеткіштер атауы

Сомасы, мың теңге

Көрсеткіштер атауы

Сомасы, мың теңге

1

2

3

4

1. өнімді (жұмысты, қызметті) сатқаннан түскен табыс

10200

  1. жылдық табыс, оның ішінде:

— өнімді (жұмысты қызметті) сатқаннан түскен табыс

10400

10200

200

  1. сатылған өнімнің (жұмыстың, қызметі) өзіндік құны, соның ішінде

—               негізгі құралдардың амортизациясы

—               жөндеуге кеткен шығыстары

7015

217

94

2. тауарды (қызметті, жұмысты) сатымен байланысты шығыстары  7620 теңге (7015-217-94+916)

7620

  1. кезең шығыстары

      жалпы және әкімшілік шығыстары, оған кіретіндер:

—               басқару және шаруашылық шығыстары

—               бюджетке төленетін, айыппұл санкциялары

—               нормадан жоғары жасалған іс-сапарының шығыстары

—               кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес шығыстары (мүшелді тойларына сыйлық тарту, бассейн абономенттерін өтеу т.б)

—               салықты есептеу

3.2. пайызды төлеуге байланысты шығыстар (шетел валютасында резидент еместерден 03.01.02 ж. 10000 доллар немесе 1506000 теңге 2 жылға несие алған, 9% жылдық пайызда үстеме төлейтін болып, яғни 135540 теңге (1506000х9%))

1915, 54

1780

916

68

44

52

700

135,54

3. марапаттау (Лондон банкаралық мөлшерлемесі бойынша, несиені алған күні оның деңгейі 2,455 құраған):

— бірінші шектеу кезіндегі марапаттау сомасы (Лондон банкаралық нарығының 2-еселенген мөлшерлемесі пайдаланған: 73945 теңге (150600х(2,455х2)%)

— қосымша шектеуді ескеріп, есептелген марапаттау сомасы: 0+135540х15/30=67770 теңге

67,77

4. бағамның теріс айырмасы (200-бағамының оң айырмасы; 900,23-салық салынатын табыс, оң да, теріс те бағамы ескерілмей есептелген; енді осы соңғының 50% аламыз ((200+50%х900,23)>400 т. Бұл толық колемде шегерімге жатады, өйткені ол бағамның теріс айырмасына қойылған шектеуден аспаған)

400

5. салықтар (оның 500 мың теңгесі осы кезеңде, 50 мың теңгесі – откен кезеңде төленген)

550